Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті



Дата16.06.2016
өлшемі121.21 Kb.
#138586


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары

(1.31.7-нысандары)
 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің (бұдан әрі – салық төлеушілер) салық есептілігін жасау және табыс ету тәртібін көздейді.



2. Салық төлеушілер мониторингі нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың
қаржылық-шаруашылық қызметiн талдау жолымен жүзеге асырылады.

3. Мониторинг салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын қамтамасыз ететін уәкілетті органның (бұдан әрі


– уәкілетті орган) орталық серверінің дерекқорына деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы салық төлеушілерден негізгі
қаржылық-экономикалық және салықтық көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады.

Мониторингті уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылған түрде тапсырылады.

4. Мониторинг бойынша дерекқор осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бағдарламалық қамтамасыз етудің электрондық пішімінде (файлдарында) салық төлеуші табыс ететін, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын, осы Қағидаларға «Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі» деген 2-тарауға сәйкес нысандар бойынша жасалатын салық есептілігінің негізінде қалыптасады.

5. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандарын толтыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету салық төлеушілердің барлық есептерін (салық есептілігінің толтырылған нысандарын) бірыңғай стандартта жазылған бір үлгідегі файлдарға келтіру функциясын орындайды.

6. Деректерді берудің электрондық жүйесі салық есептілігінің толтырылған нысандарын белгіленген стандарттағы файлдар түрінде дерекқорға дейін жеткізу тәсілін білдіреді.

7. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары және оларды толтыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

8. Мониторинг бойынша салық есептілігінің толтырылған нысанын салық төлеушілер уәкілетті органға деректерді беру жүйесі арқылы табыс етеді.

9. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысанының түрі.

Аталған торкөздер Салық кодексінің 63-бабына сәйкес белгіленеді. Салық есептілігінің түріне байланысты тиісті торкөз белгіленеді.

10. Мониторинг бойынша салық есептілігінің әрбір нысанын толтыру кезінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс;

2) құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің атауы;

3) мониторинг бойынша салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі;

4) салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша салық органының коды.

Есепті кезеңде қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері болмаған кезде мониторинг бойынша салық есептілігі қажетті бағандар толтырылмай табыс етіледі.

11. Қажет болған кезде уәкілетті орган табыс етілген мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары бойынша таратып жазуды сұратуға құқылы.

 


2. Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі
12. «Бухгалтерлік теңгерім» 1.3-нысаны өспелі қорытындымен толтырылады. Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

13. «Қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп»


1.4-нысаны сәйкес өспелі қорытындымен толтырылады. Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

14. «Өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің қозғалысы туралы есеп»


1.5-нысанында салық кезеңі үшін өндірілген және сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) саны көрсетіледі. Егер салық төлеуші тауарлардың әр түрін шығарса, шығарылған барлық тауарлардың түрлері бойынша көрсетіледі. Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

«Р/с №» 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

«СЭҚ ТН коды» 2-бағанда көрсетілген тауардың (жұмыстар, қызметтердің) СЭҚ ТН тиісті коды көрсетіледі.

«Тауардың (жұмыстар, қызметтердің) атауы» деген 3-бағанда өндірілген және сатып алынған (жұмыстар, қызметтердің) тауарлардың атауы көрсетіледі.

«Өлшем бірлігі» деген 4-бағанда кәсіпорында пайдаланылатын өндірілген және сатып алынған тауарлардың өлшем бірліктері (дана, килограмм, тонна, метр, шаршы метр, литр, кВт және Қазақстан Республикасында қолданылатын өзге де өлшем бірліктері) жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша (теңгемен) көрсетіледі.

«Салық кезеңінің басындағы қалдық, саны» 5-бағанда салық кезеңінің басында қалған тауардың саны көрсетіледі.

«Салық кезеңінің басындағы қалдық, сомасы» 6-бағанда салық кезеңінің басындағы қалдық тауардың өзіндік құны (баланстық құны) көрсетіледі.

«Өндірілген тауардың саны» деген 7-бағанда салық кезеңінде өндірілген және сатып алынған тауардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) саны көрсетіледі.

«Өндірілген тауардың өзіндік құны» деген 8-бағанда салық кезеңінде өндірілген тауардың өзіндік құны немесе сатып алынған тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны көрсетіледі.

«Тауардың өзге де түсімі, саны» деген 9-бағанда салық кезеңі ішінде өндірумен және оны сатып алумен байланысты емес келіп түскен тауар саны көрсетіледі.

«Тауардың өзге де түсімі, сомасы» деген 10-бағанда өндірумен және оны сатып алумен байланысты емес келіп түскен тауардың өзіндік құны көрсетіледі.

«Өткізілген тауардың саны» деген 11-бағанда салық кезеңінде тиеп-жөнелтілген тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) саны көрсетіледі.

«Өткізілген тауардың өзіндік құны» деген 12-бағанда салық кезеңінде тиеп-жөнелтілген тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны көрсетіледі.

«Тауардың өзге де шығуы, саны» деген 13-бағанда салық кезеңінде өткізумен байланысты емес істен шыққан тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) саны көрсетіледі.

«Тауардың өзге де шығуы, сомасы» деген 14-бағанда салық кезеңі ішінде өткізумен байланысты емес шығарылған тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны көрсетіледі.

«Салық кезеңінің соңында қалдық, саны» деген 15-бағанда салық кезеңінің соңында қалған қалдық тауардың саны көрсетіледі.

«Салық кезеңінің соңында қалдық, сомасы» деген 16-бағанда салық кезеңінің соңында қалдықтағы тауардың өзіндік құны көрсетіледі.

15. «Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» 1.6-нысанында есепті кезең ішінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге салық төлеуші шеккен шығыстары көрсетіледі. Т1, Т2, Т3, Т4, Т5 – ең көп (негізгі түрлерінің) үлестік мәнінен тұратын, салық төлеушінің өзі айқындайтын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауын білдіреді.

Нысан өспелі қорытындымен толтырылады, өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

«Материалдар» 1-жолында мыналардың құны көрсетіледі:

1) өндірілетін өнімнің негізін құрай отырып оның құрамына кіретін немесе өнімді шығару (жұмыстар орындау, қызмет көрсету) кезінде қажетті құрамдауышы болып табылатын көліктік-әзірлеу шығыстары есепке алғандағы сатып алынатын шикізаттар, негізгі материалдар;

2) өнім өндірісі барысында қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету және өнімді орау үшін немесе басқа да өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге (сынақтар өткізуге, бақылау жүргізуге, негізгі қорларға кірмейтін жабдықтар мен өзге де еңбек құралдарын ұстауға, жөндеуге, пайдалануға) пайдаланылатын сатып алынатын материалдар;

3) мамандандырылған ұйымдар жүзеге асыратын жерді қайта құнарландыруға, жерді құнарландыру бойынша төлемдерге табиғи шикізат (түбір төлемі, су шаруашылығы субъектілерінен алынатын су үшін төлем, мамандандырылған ұйымдардың табиғи шикізат ресурстарын іздеуге, барлауға, қорғауға, пайдалануды ұйымдастыруға және жаңғыртуға жұмсалған шығыстар);

4) осы субъектіде қосымша өңдеуге, монтаждауға тартылатын сатып алынатын өнімдер, жартылай фабрикаттар;

5) тараптық ұйымдар орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер: шикізат пен материалдарды өңдеу, өнім дайындау жөніндегі жекелеген операцияларды орындау және белгіленген технологиялық процестердің сақталуына бақылау;

6) тараптық көліктің қорлар, материалдар жеткізу бойынша қызметтері. Сол субъектінің көлігімен және персоналымен шикізаттар, материалдар, сатып алынатын өнімдер мен жартылай фабрикаттарды (қосымша материалдар мен жанармай) жеткізумен байланысты (тиеу-түсіруді қоса) шығыстар өндіріс шығындарының тиісті элементіне енгізіледі (жалақы, материалдар, жанармай және т.б.);

7) өнім өндіру процесінде қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын қосалқы материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған қосалқы материалдар). Егер оларды өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізуде қиындықтар туындаса, құн өзіндік құнға мынадай тәртіппен енгізілуі мүмкін:

технологиялық мақсаттар үшін өнімнің әрбір түріне қосалқы материалдардың шығыс нормасы айқындалады және осы шығыс нормаларына және материалдардың жоспарлы өзіндік құнына сәйкес өнім бірлігіне сметалық ставка белгіленеді. Көрсетілген ставкалар материалдардың шығыс нормаларының және бағалардың өзгеруіне қарай қайта қаралып отыруы тиіс. Қосымша материалдарға нақты шығындар жекелеген өнім түрлерінің және аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына сметалық ставкаларға барабар түрде қосылады;

8) басқа жақтан алынған, сол сияқты субъектінің өзі өндірген технологиялық мақсаттарға отын: балқыту агрегаттары, домна, мартен пештері үшін, прокат, ұсталық-қалыптау, баспақтау және басқа да цехтарда металды қыздыру үшін, белгіленген технологиялық процеспен бұйымдарды сынақтан өткізу үшін (турбиналарды, дизельдерді және т.б. текшелік, тапсыру және бақылау сынақтары);

9) субъектінің технологиялық (электрмен балқыту, электрмен пісіру, электролиз, термикалық өңдеу, гальвандық жұмыстар, металдарды электрохимиялық өңдеу, ағашты кептіру және т.б.), энергетикалық, қозғалтқыштық және өзге де өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалатын электр энергиясы. Субъектінің өзі шығаратын энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынатын энергияны оны тұтыну орнына дейін трансформаторлау және беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығындар элементтеріне енгізіледі.

«Қайтарым қалдықтарының құны» 2-жолында өнімнің өзіндік құнына енгізілетін материалдарға жұмсалған шығындардан қайтарым қалдықтарының құны алып тасталады. Өндірістің қайтарым қалдықтары деп шығыс материалының дайын өнімге айналу процесінде қалыптасқан, шығыс материалы ретінде тұтынылуын толық немесе ішінара жоғалтқан (химиялық немесе физикалық қасиеттерін, оның ішінде толыққандылығын, құрама пішінін және өзгесі) немесе тікелей мақсаты бойынша мүлдем пайдаланылмайтын шикізат, материалдар немесе жартылай фабрикаттар қалдықтары түсініледі.

Белгіленген технологияға сәйкес субъектінің басқа цехтарына негізгі өндірістің бұйымдарын немесе басқа да бөлшектерін дайындауға толыққанды материал ретінде берілетін материалдардың артық қалғандары қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ тізбесі субъектінің есептік саясатымен белгіленетін


ет-май өндірісіндегі жол-жөнекей (түйіндес) өнімдер (тері, ішек шикізаты, шикімай, субөнім), глицерин және басқалар да қалдыққа жатқызылмайды.

Қалдықтар қайтарымды (өндірісте пайдаланылатын және пайдаланылмайтын) және қайтарымсыз деп бөлінеді. Өндірісте пайдаланылатын қайтарымдыға субъектінің өзі негізгі немесе қосалқы өндірісті дайындауға тұтынуы мүмкін қалдықтар есептеледі. Өндірісте пайдаланылмайтын қайтарымдыға субъектінің өзі тек материал, жанармай, өзге де шаруашылық қажеттілікке тұтынуы немесе басқа жаққа өткізуі мүмкін қалдықтар саналады. Техниканың осы жай-күйінде пайдалануы мүмкін болмайтын қалдықтар мен технологиялық шығындар: бықсық, кеуіп кету, буға айналу және т.б. қайтарымсыз деп саналады.

Қайтарымды қалдықтар мынадай тәртіппен бағаланады:

1) бастапқы шикі зат және материалдар төмендетілген баға бойынша (мүмкін пайдалану бағасы бойынша), егер қалдықтар негізгі өндіріс үшін пайдалануға мүмкін, бірақ көп шығыстармен (дайын өнімдердің төмен шығуымен) немесе көмекші өндірістің қажеттілігі үшін пайдаланады немесе кең пайдаланылатын заттарды өндіруге (мәдени-тұрмыс түріне жататын және шаруашылық күнделікті тұрмыс өнімдері);

2) қалдықтар, шырпулар, жаңқалар және басқалар субъектінің ішінде өндіруге жіберілетін және сыртқа өткізілетін кезде оларды жинау және өңдеуіне шығыстарды шегеріс үшін қалдықтарға белгіленген бағалар бойынша;

3) егер кондициялық шикізат немесе толық көлемдік (толыққанды) материалдар ретінде пайдалану үшін қалдықтар сырттай сатылса.

Қайтарылмайтын қалдықтар бағалануға жатпайды.

«Негізгі өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу» 3-жолда ынталандыратын және төлемді өтейтін өндірістік қорытындысы үшін жұмысшыларға, қызметкерлерге сыйақыны қосатын, оның ішінде баға көтерілуіне және табыстың индексациясына байланысты еңбекті төлеу бойынша өтемақылар, балаға қарауға ішінара төленетін демалыс болатын, әйелдерге заңмен белгіленген көлемде төленетін өтемақылар, сондай-ақ қызметкерлердің негізгі қызметінде айналысатын штатта тұрмайтын ұйымдардың төлеміне шығыстар.

«Сақтандыруға аударымдар» 4-жолда өнімнің өзіндік құнына қосылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге кеткен (төлемнің сақтандыру жарналары есептелмейтін түрлерінен басқа) шығындардан медициналық сақтандыруға аударымдар көрсетіледі.

«Жүктеме шығыстары» 5-жолында бірқатар ортақ сипаттамалары бар және мыналарды қамтитын, өндірісті басқарумен және қамтамасыз етумен байланысты шығыстар көрсетіледі:

1) өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, аспаптармен, басқа еңбек құралдармен және заттармен қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар;

2) негізгі өндірістік қорларды жұмыс жағдайында ұстап тұру жөніндегі шығыстар (техникалық тексеру, күту және орташа, ағымдағы және күрделі жөндеуді өткізуіне кеткен шығыстар);

3) қосалқы өндірістік персоналдың еңбегін төлеу, өндірістік нәтижелер үшін қызметкерлерге сыйақылар, ынталандыру және өтемақы төлемдері;

4) өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге кеткен шығындарынан Жұмыспен қамтуға жәрдемдеу мемлекеттік қорына әлеуметтік, медициналық сақтандыруға белгіленген нормалар бойынша аударымдар;

5) тікелей субъектінің аумағында медпункттерді ұйымдастыру үшін медициналық мекемелеріне субъектілерімен берілетін үй-жайларды және мүккәмалды ұстауға шығындарды қоса алғанда, санитариялық-гигиеналық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шығындар, өндірістегі тазалық пен тәртіпті сақтауға, субъектінің техникалық пайдалану қағидаларында көзделген өртке қарсы және қарауыл күзеті және басқа да арнайы талаптарды қамтамасыз етуге, олардың қызметін қадағалау мен бақылауға жұмсалған шығындар;

6) өндірістік ерекшеліктеріне байланысты және тиісті заңнамада көзделген қалыпты еңбек жағдайларын және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шығындар;

7) өндірістік қорларды жалдау үшін төлем;

8) өндірістік қызметпен байланысты іссапар шығыстары;

9) тоқтап қалудан болған шығындар;

10) өндірісті әзірлеуге және игеруге жұмсалған шығыстар;

11) жабдықты ұстауға және пайдалануға жұмсалған шығыстар;

12) кепілдік берілген қызмет көрсетуге және тауарларды жөндеуге жұмсалған шығындар;

13) басқа да өндірістік шығыстар мен шығындар.

«Барлығы» деген жолда жолдар мен бағандар бойынша жиынтық мәні көрсетіледі.

16. «Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу»
1.7-нысанында осы берешек бойынша соңғы операция кезінен бастап бір жылдан астам қалыптасқан дебиторлық (кредиторлық) берешек сомалары көрсетіледі.

Жеке тұлғалар бойынша берешек бір жолмен көрсетіледі және тек «Сома» 7-бағаны толтырылады;

Бұл ретте «Дебитордың (кредитордың) атауы» 2-бағанында «жеке тұлғалар» көрсетіледі.

Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

«Дебитордың (кредитордың) атауы» деген 2-бағанда заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

«Резидент/резидент емес» деген 3-бағанда жеткізушінің резиденттігін белгілейтін код көрсетіледі:

0 – Қазақстан Республикасының резиденті,

1 – Қазақстан Республикасының резидент емесі.

«СТН» деген 4-бағанда дебитордың (кредитордың) СТН көрсетіледі.

«ЖСН/БСН» деген 5-бағанда дебитордың (кредитордың) сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда көрсетіледі.

«Резиденттік елінің коды» деген 6-бағанда резидент емес салық төлеушінің резиденттік елінің кодын толтыру кезінде елдердің сандық кодталуын пайдалану қажет.

«Сома» деген 7-бағанда дебиторлық (кредиторлық) берешектің қалыптасқан сомасы көрсетіледі.

«Берешектің қалыптасқан мерзімі» деген 8-бағанда кредиторлық (дебиторлық) берешектің қалыптасқан кезеңі көрсетіледі.

«Қалыптасу себептері» деген 9-бағанда дебиторлық (кредиторлық) берешектің қалыптасу себептері көрсетіледі.

___________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет