Сауда қызметiн реттеу туралы



жүктеу 334.61 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі334.61 Kb.
Сауда қызметiн реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтiнде сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер – квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi шаралар;
      2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, оған дейiн сауда қызметi субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;
      3) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      4) кедендiк баждардың квотаiшiлiк ставкасы – белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
      5) кедендiк баждардың квотадан тыс ставкасы – белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн әкелiмдi кедендiк баждың мөлшерi (шамасы);
      6) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      7) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      8) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарт) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
      9) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;
      10) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
      11) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
      12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      13) сауда қызметi субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      15) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;
      16) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
      17) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын әкелу кезiнде (заттай немесе құнымен алғанда) белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының мейлiнше төмен ставкасын қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;
      18) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
      19) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;
      20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiне мониторинг жүргiзу мақсатында белгiленетiн уақытша шара;
      21) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
      22) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
      23) экспортты дамыту – отандық өндiрушiлердiң тауарларды экспорттау қабiлетiн дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;
      24) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесi – өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетуге бағытталған шаралар кешенi;
      25) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдары – экспортты сервистiк қолдау және экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетудегi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;
      26) Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйым – өңделген отандық тауарлар экспортын дамыту және iлгерiлету жөнiндегi мемлекеттiк шараларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
      27) экспортты iлгерiлету – Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кiруiне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттiк саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;
      28) экспортты сервистiк қолдау – өңделген отандық тауарларды дамытуға және сыртқы нарықтарға iлгерiлетуге бағытталған шаралар кешенi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу


              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен


              принциптерi

      1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 

      1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 

      2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 

      3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 

      4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

      5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.

      2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 

      1) сауда қызметi субъектiлерi құқықтарының теңдiгi; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы; 

      3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 

      4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 

      5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 

      6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 

      7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi; 

      8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.


      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады. 

      2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.


      Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 2-тарау. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу нысандары мен


              әдiстерi

      1. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу нысандары:


      1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлардың өтуi шарттарын айқындау;
      3) сауда қызметiн дамытуды ынталандыру;
      4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау;
      5) сертификаттау болып табылады.
      2. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерi:
      1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу;
      2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
      5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзедi;
      2) мемлекеттiк сауда саясаты бағдарламаларын бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      4) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын қолданады;
      5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданады;
      6) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      7) тармақша 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн бекiтедi;
      8) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;
      9) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;
      10) уәкiлеттi органды айқындайды;
      11) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетудегi экспорттаушылардың шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын бекiтедi;
      12) сыртқы нарықтарға iлгерiлетудегi экспорттаушылардың шығындары iшiнара өтелетiн өңделген отандық тауарлар тiзбесiн бекiтедi;
      13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн бекiтедi;
      14) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;
      15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген шектi мөлшерiн бекiтедi;
      16) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi атқарады.

      7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

       Уәкiлеттi орган: 

      1) сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;


      2) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және қорытындылар дайындайды;
      3) сауда қызметiн дамыту, сондай-ақ тауарларды өндiру және сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) сауда қызметiн реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;
      5) сауда қызметi саласында орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметiне мониторинг жүргiзедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      7) тармақша 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн әзiрлейдi;
      8) сауда қатынастарын жетiлдiру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейдi;
      9) республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;
      10) халықаралық сауда ұйымдарымен келiссөздерде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан өкiлдiк етедi;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      12) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары беретiн, тауардың шығу тегi туралы берiлген сертификаттар жөнiндегi ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргiзудi, сондай-ақ уәкiлеттi органның (ұйымның) iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдiк тауардың мәртебесiн айқындау мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға шектi рұқсат етiлген бөлшек сауда бағалары мөлшерiн белгiлеудiң орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргiзедi;
      14) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына шектi рұқсат етiлген бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу және жыл сайынғы негiзде оларға бағалардың шектi мәндерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзiрлейдi;
      16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiк, тексеру парақтары нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы


                уәкiлеттi органның құзыретi

      Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлету бойынша экспорттаушылардың шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
      2) тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлету бойынша экспорттаушылардың шығындары iшiнара өтелетiн өңделген отандық тауарлар тiзбесiн әзiрлейдi;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

     8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


             астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
             жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
      3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4) тармақша 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      5) тармақша 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi және iске асырады;
      6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      7) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушiнiң талап етуi бойынша тараптардың келiсiмiмен шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi белгiленетiн азық-түлiк тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнiң субъектiлерi тауар бағаларын өз бетiнше айқындайды.
      Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезiнде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiне сәйкес белгiленетiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерi артқан кезде сауда қызметiнiң субъектiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

3-тарау. Iшкi сауда

      10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

      1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 

      2. Iшкi сауда объектiлерiне: 

      1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 

      2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 

      3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 

      4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 

      5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 

      6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi; 

      7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс; 

      8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен.


      Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 

      3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi мынадай санаттарға бөлiнедi: 

      1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi

      2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 

      3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 

      4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 

      4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 

      5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 

      6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      11-бап. Көтерме сауда

      1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады. 

      2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      12-бап. Бөлшек сауда

      1. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс. 

      3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады. 

      4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен реттеледi.

      13-бап. Қоғамдық тамақтандыру

      1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлiк тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 

      2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады. 

      3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты

      1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртiбi мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актiлерiне сәйкес айқындалады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзiнiң жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi. 

      3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.

3-1-тарау. Iшкi сауданы дамытуға жәрдемдесу

      Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
                 астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
                 жергiлiктi атқарушы органдарының сауда қызметiн
                 қолдауы

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының сауда қызметiн қолдауы мынадай iс-шараларды iске асыру арқылы жүзеге асырылады:


      1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
      2) сауда қызметкерлерiн кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамыту және жетiлдiру, кәсiби негiзде еңбек нарығын қалыптастыру;
      3) сауда қызметi субъектiлерiн, оның iшiнде отандық өндiрiстiң азық-түлiк тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
      4) электрондық сауданы дамыту;
      5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
      6) отандық сауда желiлерiн дамыту.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақ 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      2. Iшкi сауданы дамытуға бағытталған iс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi ескерiле отырып әзiрленедi.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      14-2-бап 2011.08.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2011.01.26 N 400-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етудi
                 нормалау 

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi өңiрлердiң аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елдi мекендердiң бас жоспарларының кешендiк схемаларын әзiрлеу кезiнде ескерiлуге тиiс.


      2. Уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн әзiрлейдi.
      3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн әзiрлеу кезiнде елдi мекендердiң санаттары, елдi мекендегi халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерiлуге тиiс.

 4-тарау. Сыртқы сауда қызметi

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк


               шаралар

      Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар:


      1) экспорттық кредиттердiң кепiлдiктерi мен сақтандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға жәрдемдесетiн сауда көрмелерiн, жәрмеңкелердi және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру;
      3) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      4) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдарын қолдану;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы сауда қызметiн ынталандырудың және көтермелеудiң өзге де нысандарын iске асыру болып табылады.

      15-1-бап. Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi


                 ұлттық ұйымның мақсаттары мен мiндетi

      1. Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйым қызметiнiң мақсаттары:


      1) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесiн құру;
      2) отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық қабiлетiн дамыту болып табылады.
      2. Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйымның мiндетi экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдарын iске асыру болып табылады.

      16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларына:
      1) кедендiк баждарды;
      2) тарифтiк жеңiлдiктердi;
      3) тарифтiк преференцияларды;
      4) тарифтiк квоталарды қолдану жатады.
      2. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
      1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң тауарлық құрылымын ұтымды ету;
      2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудiң және оған әкелудiң ұтымды арақатынасын ұстау;
      3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндiру және тұтыну құрылымында прогрессивтiк өзгерiстер үшiн жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерiнен қорғау;
      5) Қазақстан Республикасының әлемдiк экономикаға тиiмдi ықпалдасуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
      6) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

      16-1-бап. Тарифтiк квоталар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ынталандыру, ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынудың қажеттi көлемiн қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тарифтiк квотаның көлемiн, оны бөлу әдiсiн, тәртiбiн айқындайды және оны сыртқы сауда қызметiне қатысушылар арасында бөледi.
      Тарифтiк квотаның қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Әкелiнуiне қатысты тарифтiк квоталар қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарларына кедендiк баждардың квотаiшiлiк ставкалары және кедендiк баждардың квотадан тыс ставкалары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.
      3. Iшкi тұтыну үшiн тарифтiк квоталар шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу уәкiлеттi орган беретiн лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Лицензияларды беру өздерiне квоталар бөлiнген сыртқы сауда қызметiне қатысушылардың өтiнiштерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Лицензияларды беру тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.

      17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына:
      1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;
      2) жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер;
      3) тауарлардың жекелеген түрлерi экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беру;
      4) сыртқы сауда қызметi саласындағы лицензиялау;
      5) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау;
      6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;
      7) техникалық, фармацевтикалық, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады.
      2. Шет мемлекет Қазақстан Республикасының мүдделерiн бұзатын шаралар қолданған жағдайда, сондай-ақ ол халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы алдында қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгiленген консультациялар мен рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мүдделерiн тиiмдi қорғау үшiн қажеттi шекте, жауап шара ретiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға құқылы.

      18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе)


               әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

      1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) құқық тәртiбiн сақтау;
      2) адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
      3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
      4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игiлiктер объектiлерiн заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;
      5) сонымен бiр мезгiлде орны толмас табиғи ресурстарды iшкi өндiрудi және тұтынуды шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;
      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      8) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзедi.
      2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулердi Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      3) iшкi нарықты қорғау;
      4) отандық тауарларға қатысты басқа мемлекеттердiң кемсiтушiлiк шектеулер қолдануына жауап шаралар енгiзу қажеттiлiгiне қарай енгiзедi.
      3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгiзiледi және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
      4. Iшкi нарық үшiн аса маңызды болып табылатын азық-түлiк немесе өзге де тауарлардың орасан көп жетiспеушiлiгiн болдырмау немесе азайту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулердi енгiзедi.
      Уәкiлеттi органның жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеудi қолдану қажеттiгi туралы қорытындысында:
      Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың атауы мен оның коды;
      өңiрдегi тауардың қалғандарын, олар бар болған кездегi мемлекеттiк резервтердi, өндiрiс көлемдерiн, импортты, экспортты және тұтынуды талдауға негiзделген, жекелеген тауарды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеудi енгiзу қажеттiгiн растайтын ақпарат;
      тауарларды берушiлер туралы мәлiметтер, тауарлардың сәйкестендiру белгiлерi, тасымалдаудың белгiлi тәсiлдерi, әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеудi енгiзу ұсынылатын тауарды анықтауға мүмкiндiк беретiн өзге де ақпарат;
      жекелеген тауарларды әкетуге сан жағынан шектеу енгiзу үшiн квота мөлшерi болуға тиiс.
      5. Жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулердi бөлудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртiбi

      1. Рұқсаттар барлық өтiнiм берушiлерге шектеусiз берiледi.
      2. Рұқсат алу үшiн өтiнiм берушi уәкiлеттi органға бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.
      3. Рұқсаттың жобасы берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде рұқсат берiледi.
      4. Рұқсаттың қолданыс мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
      5. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      6. Берiлген рұқсат басқа өтiнiм берушiлерге қайта ресiмдеуге жатпайды.
      7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.

      19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық


               санкцияларға қатысуы

      Бiр немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды күшiне енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      20-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және
              (немесе) импортына ерекше құқық

      1. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берiлетiн жекелеген тауарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған сауда қызметi субъектiлерiне жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар берiледi, олар кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика принциптерi негiзiнде жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды жасауға мiндеттi.

      21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және


              (немесе) импортын қадағалау

      Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

      22-бап. Тауарларды импорттау кезiнде қорғау, демпингке қарсы
              және өтемақы шараларын қолдану

      Тауарларды импорттау кезiнде қорғау, демпингке қарсы және  өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.



5-тарау. Сауданың өзге түрлерi

      23-бап. Аукциондық сауда

      1. Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды. 

      2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

      24-бап. Комиссиялық сауда

      Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      25-бап. Тапсырыс бойынша сауда

      1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.


      Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн. 

      2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 

      3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады. 

      4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.


      Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады. 

      5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.

      26-бап. Шекара маңындағы сауда

      1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

      2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.

      27-бап. Көшпелi сауда

      1. Көшпелi сауда тиiстi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады. 

      2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады. 

      3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметi

      1. Көрме-жәрмеңке қызметi нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметi тауар үлгiлерiн көрсетумен байланысты.

      2. Жергiлiктi атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесi бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзген жағдайда оларды өткiзу көрмелер мен жәрмеңкелердi өткiзу тұжырымдамасын уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелердi өткiзу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәлiметтер болуға тиiс.


      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      29-бап. Электрондық сауда

      1. Электрондық сауда оған қатысушылардың келiсiмi (шарты) негiзiнде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады. 

      2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.

      30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау

      Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар

      Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар



      1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
      2) тауарларды тиiсiнше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
      3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берiлетiн құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттерi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
      4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетiмдi жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;
      5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетiнше тексеру мүмкiндiгiн беруге;
      6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын (белгiленген үлгiдегi бланкiлердегi көшiрмесiн) не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
      8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап алуға;
      9) мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
      2. Сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы сауда қызметi субъектiлерiне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негiзсiз бас тартудан не көрiнеу кемсiтушiлiк сипаттағы шарт жасасудан көрiнетiн және:
      1) сауда қызметi субъектiсiне осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
      2) тауарлар берудi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiнiң осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен жасасатын шарттары туралы мәлiметтер беруiн талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желiлерiне немесе iрi сауда объектiлерiне жетуiн шектеуiне тыйым салынады.
      3. Сауда қызметi субъектiлерiне нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген, осы Заңның 9-бабының 2–тармағына сәйкес белгiленетiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасының мөлшерiн бұзуға тыйым салынады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде сауда қызметi субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      5. Егер сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi мен өнiм берушi арасында сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiнде қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiне мұндай тауарларды бергеннен кейiн белгiлi бiр уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгiлеу үшiн мұндай тауарларға ақы төлеу мерзiмi мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
      1) сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк он күннен кем болып белгiленген азық-түлiк тауарларына мұндай тауарлар берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ақы төлеуге тиiс;
      2) сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген, жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк он және одан да көп күн болып белгiленген азық-түлiк тауарларына мұндай тауарлар берiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ақы төлеуге тиiс.
      6. Осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiмдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар берудi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтiк құқықтық актiлерiне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөнiндегi мiндеттерiн орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Заңды 31-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2010.06.30  № 297-IV(2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

      1. Қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн және белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құжаттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетiн тиiстi сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының iшкi нарығында айналымға жатады.
      2. Тауарлардың сапасы туралы мәлiметтер:
      1) дайындаушының тауар белгiсi;
      2) тауардың шыққан елi;
      3) тауардың құрамы туралы;
      4) азық-түлiк тауарлары үшiн – тамақ құндылығы;
      5) дайындалған күнi;
      6) сақтау және жарамдылық мерзiмi туралы;
      7) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың аталуы;
      8) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес өзге де мәлiметтер.
      Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тiлдерiнде жапсырмаларда, затбелгiлерде, қосымша парақтарда болуға тиiс.
      Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшiн қауiпсiздiк талаптарының сақталуы, оның iшiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшiн арнайы арналған көлiк құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда жүзеге асырылуға және белгiленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиiстi құжаттардағы жазбалармен расталуға тиiс.
      3. Мыналарды:
      1) айналыстан алынған тауарларды;
      2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабiлетi шектелетiн тауарларды;
      3) белгiленген тәртiппен таңбалауға жататын акциздiк таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетiн тауарларды;
      4) осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн тауарларды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

      32-1-бап. Сауда қызметi субъектiлерiнiң құқықтары

      1. Сауда қызметi субъектiлерi осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сауда қызметi субъектiсi:
      1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
      2) сатылатын тауарлардың ассортиментiн;
      3) жұмыс режимiн;
      4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетiнше айқындайды.
      3. Сауда қызметi субъектiсi өзiнiң мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауы үшiн ұсынуға құқылы.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау

       Ескерту. 33-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-1-бап. Тауарлардың сауда желiлерiне және iрi сауда


                 объектiлерiне жетуiн шектеудi бақылау

      «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен монополияға қарсы орган тауарлардың сауда желiлерiне және iрi сауда объектiлерiне жетуiн шектеудi бақылауды жүзеге асырады.


      Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      33-2-бап. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына


                 рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары
                 мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылау

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексеру нысанында жүзеге асырады.


      2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. Заң 33-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      34-бап. Дауларды шешу

      Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу


               туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет