Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы



бет1/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#174143
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; "Заң газетi" 2002 жылғы 6 ақпан N 6


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiмi", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2005.06.02 N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), бүкiл мәтiн бойынша:


      "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен, "жеке еңбек шартының", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шартын" деген сөздер тиiсiнше "еңбек шартының", "еңбек шарты", "еңбек шартын" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.05.15 N 253 Заңдарымен.

      Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) авариялық жарна - тасымалдаушыға жүк берген кезде жалпы авария жағдайындағы шығыстарды өтеу үшiн оның жалпы авариялық шығыстардағы үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы тасымалдаушыға енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы;
      2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға;
      3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар);
      4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру (алу) шартының түрi;;
      5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут;
      6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы;
      7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы;
      8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеудi және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлудi қамтитын, диспашер жасайтын құжат;
      9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар;
      10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi;
      11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы;
      12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс;
      13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға;
      14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
      15) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты;
      16) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      17) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);
      18) жүк таситын кеме – жолаушы кемесi болып табылмайтын, жүктердi тасымалдауға арналған кеме;
      19) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудiң елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар;
      20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктiне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу;
      21) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары;
      22) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;
      23) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      24) кеме иесi – кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кеменi пайдаланатын тұлға;
      25) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, iшкi суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
      25-1) Кеме қатынасының тiркелiмi – кемелердi сыныптайтын және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
      26) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту;
      27) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы;
      28) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы;
      29) кеменiң меншiк иесi - Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
      30) кеменiң сыйымдылығы – кеменiң текше метрмен не текше футпен есептелетiн, оның жүк үй-жайларының көлемiне қарай тасымалдауға жүк мөлшерiн қабылдай алатын мүмкiндiгi;
      31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
      32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi;
      33) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк;
      34) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман;
      35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi;
      36) мұнай құйылатын кеме – мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау және сақтау үшiн жасалған немесе бейiмделген жүк кемесi;
      37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
      38) өткiзу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi;
      39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы eң алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары;
      40) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау;
      41) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөнiндегi қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелердi қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
      42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсiз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңi;
      43) суббербоут-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасуға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге иелену және пайдалану үшiн беруге мiндеттенедi;
      44) субтайм-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кеменi немесе бiрнеше кеменi сыйақы алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенедi;
      45) сүйреткiш кеме - басқа кемелердi және жүзбелi құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтiруге арналған кеме;
      46) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келiсiлген ақыға (жалдау ақысы) кеменi жалдаушыға кеменi және кеме экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн уақытқа кеменi жалдау шарты;
      48) тасымалдау ережелерi - жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде теңiз көлiгiнiң қызметiн реттейтiн, көлiктегi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер;
      49) тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, почта жөнелтiлiмдерi мен жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi көрсететiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген кеме иесi;
      50) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      51) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      52) теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;
      53) теңiз жүкқұжаты - жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымал құжаты;
      54) теңiз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңiз көлiгi қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi;
      55) теңiз талабы - кемелердi сауда мақсатында теңiзде жүзудi көздеп пайдалануға байланысты мәлiмделетiн талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);
      56) теңiз терминалы - жүктердi тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлiгiнiң түрiмен сабақтас көлiк құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсiруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергiш-көлiктiк және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңiз портындағы мамандандырылған учаске;
      57) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы терминалға меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар тұлға;
      57-1) теңiзде сүйрету – кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа сүйрету;
      57-2) теңiздегi наразылық – кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi;
      58) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      58-1) Ұлттық теңiз тасымалдаушысы - жолаушыларды, багажды, почта жөнелтiлiмдерi мен жүктердi теңiзде тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
      59) чартер - теңiз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау шартының бiр түрi, бұл жағдайда жөнелтушiге бүкiл кеме, оның бiр бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайы берiледi;
      60) шетелдiк сыныптау қоғамы – Қазақстан Республикасының Үкiметi таныған, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген тәртiппен кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын шетелдiк ұйым.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 N 209, 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң:

      1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде;

      2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде қолданылады.

      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.02 N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2013.01.16 N 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы


             мемлекеттiк басқару

      1. (алып тасталды)

      2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:

      1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;


      2) (алып тасталды)

      2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесi бар теңiз порттарын ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекiту;

      3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

      6) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн белгiлеу;

      7) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасын бекiту;

      8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      9) кемелер экипаждарының мүшелерiн дипломдау тәртiбiн белгiлеу;

      10) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;

      10-1) теңiз көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiту;

      11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;


      12) (Алып тасталды)

      13) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң, теңiзде жүзу кiтапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртiбiн бекiту; Z100254

      14) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртiбiн бекiту;

      15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;

      16) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      17) Теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағиданы бекiту;

      18) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      19) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында техникалық регламенттердi бекiту;

      20) Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекiту;
      21) Кемелердегi авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекiту;
      22) кеме құжаттарының тiзбесiн, нысандарын және кеме құжаттарын жүргiзу қағидасын бекiту;
      23) жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау қағидасын бекiту;
      24) Халықаралық маңыздағы мәртебесi бар (теңiз порттарын, порт құрылыстарын және теңiз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзiрлеу;
      25) Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      26) Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелердегi көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасын бекiту;
      27) Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекiту;
      28) Шағын көлемдi кеменi және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекiту;
      29) шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидаларын бекiту;
      30) Кеме тарихын үздiксiз тiркеу журналын жүргiзу нысаны мен тәртiбiн бекiту;
      31) Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi кемелерiндегi қызмет жарғысын бекiту;
      32) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

      3. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

      1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру, оның iшiнде халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу;

      2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесi бар теңiз порттарын ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзiрлеу;

      2-2) Халықаралық маңыздағы мәртебесi бар теңiз порттарын, порт құрылыстарын және теңiз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзiрлеу;

      3) теңiз көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекiту;

      5-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;

      6-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      7) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      8) кемелердiң сыныпталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      9) кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

      9-1) кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердегi көлiк оқиғаларын тексеру;

      10) кемелердiң, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетiн гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңiздегi басқа да құрылыстардың куәландырылудан өткiзiлуiн қамтамасыз ету;

      11) лоцмандық қызметтi және өзге де теңiз қызметтерiн бақылау және қадағалау;

      12) нысанды киiм (погонсыз) берiлетiн теңiз көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз) және айырым белгiлерiнiң үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн бекiту;

      13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      13-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      14) (алып тасталды)

      15) кеме кiтабындағы кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      16) порттың теңiз әкiмшiлiгi арқылы жүзеге асырылатын теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылау;

      17) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруына рұқсаттар беру;

      18) Пайдаланудағы, қыста тоқтатып қойған кемелерге уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң тексерiп қарау жүргiзуiн бақылау;

      19) порттың теңiз әкiмшiлiгi жүргiзетiн, теңiз кемелерiнiң қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргiзудi және есепке алуды бақылау және қадағалау;

      20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;

      21) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      22) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      23) порттық құрылыстардың қауiпсiз пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

      24) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      25) Қазақстан Республикасының теңiз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелiгiндегi жүк тиеу портынан (пунктiнен) жүк түсiру портына (пунктiне) дейiнгi тасымалдаулар мен сүйретулердi бақылау және қадағалау;

      26) су көлiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;

      27) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;

      29) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      30) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      31) өздiгiнен жүзетiн шағын көлемдi кемелердi басқару құқығын беретiн куәлiктер беру;

      32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөнiндегi шараларды қабылдау;

      33) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау;

      35) шетелдiк сыныптау қоғамдарының немесе Кеме қатынасы тiркелiмiнiң теңiз кемелерiне техникалық қадағалау жүргiзуiн және олардың сыныпталуын мемлекеттiк бақылау;

      36) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      37) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;

      38) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;

      39) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      40) тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзу;

      41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда теңiз және шағын көлемдi кемелердi әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, теңiз және шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды жүргiзу;

      43) заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiктер мен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;

      44) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, тауарларды, өзге де мүлiктердi қарап шығу, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру;

      45) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшiн тиiстi мамандарды тарту;

      46) мемлекеттiк органдарға авариялық жағдайлардың және көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;

      47) шағын кеменiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау бойынша курстарды есепке алу;

      48) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидасын бекiту;
      49) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағиданы бекiту;
      50) жағалау объектiлерiн жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келiсу;
      51) Теңiз кемелерiнiң жүк көтергiш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекiту;
      52) Теңiз кемелерiнiң экипаждарын азық-түлiкпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту;
      53) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының теңiз флоты кемелерiнiң жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшелiктерiн белгiлеу;
      54) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша теңiзшiлердiң еңбегi мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшелiктерiн белгiлеу;
      55) теңiз порты акваториясының шекараларын айқындау;
      56) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

      3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседi.

      4. Теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң тиiстi қызметi жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 , 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 35-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-1-бап. Ұлттық теңiз тасымалдаушысы

      1. Ұлттық теңiз тасымалдаушысы:
      1) жолаушыларды, багажды, почталық жөнелтiлiмдер мен жүктердi, оның iшiнде гуманитарлық жүктi, арнайы жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi;
      2) теңiз флотына арналған кадрларды оқытуға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды iске асыруға қатысады.
      2. Ұлттық теңiз тасымалдаушысына теңiз портының мiндеттi қызметтерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, ұсынылады.
      3. Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Каботаж

      Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi орган берген рұқсат негiзiнде шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi


                пайдалану

      Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқару қызметiне және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметке пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi орган берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.


      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Лицензиялау

      Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерi негiзiнде лицензиялануға тиiс.

      7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет