Сауда-саттық туралы жалпы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Алматы облысының ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту»



Дата19.06.2016
өлшемі32.25 Kb.
#148051
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасы Алматы облысының ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту» жобасы бойынша

ауылдық өңірлерді/сумен қамтамасыз етуді дамыту


Сауда-саттық туралы жалпы хабарландыру
Қаржыландыру нысаны: Иджара мен Истисна қызметтері

Жобаның сәйкестендіру нөмірі No.KHZ0080 / 81

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Алматы облысының ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту» жобасын» US $ 75 310 000,00 баламалы сомасына қаржыландыруға Ислам даму банкіне өтінім берді. Жобамен Қазақстан Республикасы Алматы облысының ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтауды жақсарту көздестіріледі. Қаражат осы жобаның аясында сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, ілеспе және кеңес беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталады.

Жобаның негізгі міндеті мынада: орталықтандырылған және сенімді сумен жабдықтау ұсыну жолымен Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарындағы 31 ауылдық елді мекенде 300000 тұрғынның әл-ауқатын арттыру, қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуін жақсарту, таза су болмауына байланысты тазартылмаған су тұтынудан ауруға шалдығу жиілігін төмендету.

Жоба өзіне келесі компоненттерді қосады:


  1. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының екі пакеті іске асырылады:

а) Қарасай ауданында магистральдық су құбыры мен су тарату желілерінің құрылысы;

б) Еңбекшіқазақ ауданында су тазарту стансасының, магистральдық құбыр желісі мен су тарату желілерінің құрылысы.

Құрылыс жұмыстарының пакеттерін Ислам даму банкі (МКТ / MC) мүше елдері үміткерлері арасында халықаралық конкурстық сауда-саттық негізінде сатып алу жоспарланған.


  1. Сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалану мен оған қызмет көрсетуді қолдау жабдық пен техниканы ашық халықаралық конкурстық сауда-саттық (МКТ / Open) арқылы сатып алуды талап етеді.

  2. Халықтың хабардарлығын арттыру және электрондық биллинг жүйесін құру жөнінде көрсетілетін қызметтер. Бұл компонент «Қазсушар» РМК, ҮАК филиалының әлеуеті дамуын және судың электрондық биллинг жүйесі дамуын, сондай-ақ мониторинг жүйесі жақсаруын қарастырады.

Қызметтер ұсынушыны таңдау ПРООН өткізетін сауда-саттық негізінде жүзеге асырылады.

  1. Жобаны іске асыруды қолдау өзіне келесілерді қосады:

а) жобаны талдау мен құрылыстық қадағалау үшін кеңес беру қызметтерін, кеңесшілер Банктің мүше елдері кеңес беруші фирмаларының қысқа тізімінен таңдап алынады;

б) Жобаны басқару тобының кеңсесі үшін ИТ-жабдық пен жиһаз сатып алу ұлттық конкурсы негізінде жүзеге асырылатын болады;

в) жобаға қаржылық аудит жасауға аудиторлық фирманы іріктеу ұлттық аудиторлық фирмалардың қысқа тізімінен жүзеге асырылатын болады.

Ислам даму банкі қаржысы есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар бойынша сатып алулар Ислам даму банкінің Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу жөнінде нұсқаулығында (ағымдағы басылым) белгіленген процедураларға сәйкес өткізілетін болады. Конкурстар Банкінің Басқарушылық қағидаларында белгіленген барлық құқылы қатысушылар үшін ашық. Кеңес беру қызметтері Ислам даму банкінің Кеңесшілерді пайдалану жөнінде нұсқаулығына (ағымдағы басылым) сәйкес іріктеледі.

Ислам даму банкінің халықаралық конкурстық тобы жариялайтын келісімшарттар үшін арнайы сатып алулар (ICB / MC және /ашық МКТ) және кеңес беру қызметтеріне келісімшарттар дайындығына орай жарияланатын болады және хабарландырулар ИБР сайтында (www.isdb.org ) және өзге бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Құрылыс жұмыстарын сатып алу мен тауарлар жеткізу үшін сауда-саттыққа қатысуға шақыру қағазын жіберу тізіміне енгізілуді қалаушы сауда-саттықтың мүдделі құқылы қатысушылары мен кеңес беру қызметтеріне келісімшарттар жасау үшін мүдделілігін айтуға шақыру қағазының көшірмесін алуға тілек білдіруші мүдделі кеңесшілерге немесе қосымша ақпарат керек ететін тұлғаларға төменде келтірілген мекен-жайға өтініш ету қажет.


Бас директор: Идрисов Сабыргали Мухаметкалиевич
Кімге: Бас директордың орынбасары Э.М. Якубаевқа
[010000, Қазақстан, Астана қаласы, А.Иманов көшесі, 50 ]

[Қазақстан, Астана қаласы, +7 (7172)]

Тел: [+7(7172) 37 48 50]

Факс: [Қазақстан, +7(7172) 37 48 50]



Эл. адрес: rgp-kazvodhoz@mail.ru, yakubayeverik@inbox.ru

Веб-сайт: www.qazsu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет