Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет23/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Педагогикалық 
барыстағы әрбір нақты міндет оқу-тәрбие үдерісі арқылы жүзеге асырылады. 
Пәндердің 
өзара 
байланысы 
немесе 
пәндер 
мазмұнындағы 
оқу 
материалдарының кіріктірілуі, бір-бірімен ықпалдаса байланыс табуы – білім 
беру мен оқытудың мақсат, мазмұны, әдістері және оның ұйымдастырылу 
түрлерімен ғана көрініс таппайды. Бұл тек мұғалім мен оқушының бір бағытқа 
бағытталған оқу-таным іс-әрекетінің мазмұндық құрылымдарының бөлігі 
болып саналады. 
Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мазмұны мен мәні, құрылымдық 
сипаты жағынан көпмағыналы «педагогикалық құбылыс» ретінде өзіндік 
орынға ие болады. Яғни, бұл қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты және 
тереңдете қарастырып, зерттейтін өзекті мәселесінің бірі болып табылады. 
Демек, пәнаралық байланыс білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды 
әдістер жүйесін және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалық жағынан 
қайта бұруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және 
тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді. 
Біз өз зерттеуімізге сүйене отырып, пәнаралық байланыстың және оның 
түрлерінің құрылымы мен басты идеясын білім мазмұнын айқындаудың 
негізінде алынуы қажет деп түсінеміз. Білім мазмұнын анықтауда 
ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және өзара ықпалдастықта 
кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары мен ұстанымдары негізге алынады. 
Ғылымдардың ішкі мазмұндық құрылысының байланыстарын ашу орта 
немесе қоршаған табиғи әлем, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының 
әдіснамалық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұны бағытын жасауға өзек 
болады. Жеке ғылымдар негізін оқытатын пәндер жиынтығы адам ақыл-ой 


101 
дамуының танымдық жемісі болғандықтан, жалпы адамзаттық құндылықтар 
білім мазмұнына енуі қажет. 
Қазіргі ғылым мазмұнындағы бағыт – жалпы білімнің ізгілік пен 
руханилылыққа негізделген бірлікте болуын қарастырады. Білім мазмұнының 
жаңа құрылымы мемлекетіміздің мәдени, рухани мүмкіндік-әлеуетін жаңа 
сапалық деңгейге көтерілуін және пәндерді оқытуда бірнеше ғылымдар 
саласымен 
байланыстырудың 
ғылыми-әдістемелік 
мүмкіндіктерін 
педагогикалық тәжірибеде көрсете білуін қамтамасыз етеді. Оқытудың 
жаңартылған білім мазмұнын беру бағдарламасының негізінде мектеп 
тәжірибесіндегі пәнаралық байланыс сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің 
жаңа бір белеске көтеріліп отырғандығына көз жеткізе аламыз. 
Бастауыш сынып оқушыларының әрекеті қарапайым танымдық ой еңбегі 
түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды 
ынталылықпен орындау нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалық болмысын 
дамытуда еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Оқушылар танымдық 
білімдерін жетілдіру барыстарында мұғалім ұсынған әртүрлі тапсырмаларды 
өздігінен орындау дағдыларын дамытып, оқу ісіне, білім алуға бейімделеді. 
Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың ұғыну, қабылдау әрекеті 
неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, әлемде, қоршаған орта – әлеуметтік 
немесе қоғам мен табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, 
мұғалім көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады. Мәселен, 
«Әдебиеттік оқу» пәнінде дүниетану, көркем еңбек, жаратылыстану, қазақ тілі
пәндерінің оқу материалдарын өзара байланыстырып сабақ өтудегі үлгі 
жоспарын төмендегідей құрастырып, келтіреміз. Оқушылар әдеби көркем 
шығармаларды табиғатта орын алатын түрлі құбылыстарды бейнелеп, 
көркемдеп, суреттеу, салыстыру және оның тәрбиелік, әрі танымдық 
мүмкіндіктерін меңгерумен қатар, басқа да ғылым негіздерін беретін оқу 
пәндерінің оқу материалдарымен өзара байланыстыра отырып игеруі – 
оқушының ой-санасының дамуындағы талаптық жүйеге сәйкес келеді. 
Оқушының танымдық ой-жиегін кеңейте түседі. 
Бастауыш сынып оқушыларына жеке пәндерді оқытуда пәнаралық 
байланысты кеңінен пайдалану, жан-жақты дамыту, біртұтас оқыту үдерісін 
жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудағы ұтымды, әрі табысты педагогикалық 
шарттардың бірі. Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптың әр 
сабағында өтілетін тақырып мақсатына қарай тапсырмалар мен 
жаттығуларды, дидактикалық материалдарды кеңінен қолданып, жеке 
пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстыру немесе кіріктірілген 
жолмен оқушыларға тасымалдап беру – жаңартылған білім беру 
мазмұнындағы бағдарлама талаптарын орындау және пәнаралық байланысты 
оқушы тұлғасының тұрақты дамуының басты құралы ретінде пайдалану болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет