Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет4/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

Зерттеудің міндеттері:  
-ғылымдардың интеграциялануы мен бастауыштың жаңартылған білім 
мазмұны бойынша оқыту мәселесіне арналған нормативті-құқықтық 
құжаттарды, педагогикалық-психология-лық әдебиеттерді талдау арқылы 
«пәнаралық байланыс» ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, 
анықтама беру;
-бастауыш 
сыныптарда жаңартылған білім мазмұнына көшуде 
пәнаралық байланыс ұйымдастыру мен өткізудің бүгінгі жағдайы мен 
мүмкіндіктерін айқындау; 
-бастауыш білім беру кезеңінде жаңартылған білім мазмұны аясында 
ұйымдастыртырылатын пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттарын 
айқындау, құрылымдық-мазмұндық нобайын құру, ұсыну;
-жаңартылған білім мазмұны жүйесімен бастауыш сыныптардың 
педагогикалық үдерісінде ұйымдастырылатын пәнаралық байланыстың 
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттер арқылы дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік 
нұсқаулар беру. 
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздерін 
бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық 
байланысты 
жүзеге 
асырудың 
педагогикалық 
шарттарын 
ғылыми 
педагогикалық тұрғыдан негіздеген ғылыми-әдістемелік, философиялық
педагогикалық, психологиялық әдебиеттер мен оқулықтар және Қазақстан 
Республикасының «Білім беру саясатын» жүзеге асыруға бағытталған 
мемлекеттік ресми құжаттар, отандық және шетелдік зерттеуші ғылымдардың 
еңбектері құрайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: бастауыш 
сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты 
жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін 
пайдаланудың педагогикалық аспектілері анықталып, бастауыш сынып 
оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы таным 
теориясы мен оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, дүниені 
біртұтастық тұрғыдан шынайы қабылдау туралы ой-пікірлердің заңдылықтары 
жөнінде философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар 
негізге алынып, олардың қазіргі жағдайдағы қолдану ерекшеліктері 
пайдаланылды. Сондай-ақ, жаңартылған білім бағдарламасының мазмұнында 
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға байланысты бөлімдер мен 



оқулықтардың оқу материалдарын топтастыруға негізделген ортақ тақырыптар 
жүйесімен оқытуда педагогиканың жаңашылдық әдіс-тәсілдерін тиімді 
пайдалануға әдістемелік ұсыныстар жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет