Саусақ моторикасын дамытатын жаттығулар жиынтығы №1. Екі қол


* Қуыр – қуыр қуырмаш, Бидай қуыр қуырмаш. Тауықтарға тары шаш: Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Кішкентай бөбек, Шылдыр шүмек. *



бет2/5
Дата25.11.2022
өлшемі78.52 Kb.
#465792
1   2   3   4   5
Саусақ моторикасын дамытатын жаттығулар жиынтығы

* Қуыр – қуыр қуырмаш, Бидай қуыр қуырмаш. Тауықтарға тары шаш: Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Кішкентай бөбек, Шылдыр шүмек.
* Бас бармақ – әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортан тере – ағам, Шылдыр шүмек – әпкем, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде нешеуміз? Бір үйде біз (бесеуміз).
* Біз жазамыз, жазамыз, Таусылғанша сиямыз, Саусақтар да шаршады, Сиямыз да қаламыз. Біз тынығып алайық, Тағы жаза бастайық.
* Ептеп – ептеп жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік. Тойған торғай томпаң – томпаң секірсін, Ол да біздей үлкен болып жетілсін. Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал, Енді менің әңгімеге құлақ сал.
12. Қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар.
«Шапалақта» жаттығуының бірінші шумағы ақырын дауыспен айтылған кезде, алақанды ақырын шапалақтап, екінші шумақты айтқанда қаттырақ соғады, қолды ырғақпен шапалақтайды. Кел, балақан, балақан! Шапалақта алақан! Жай, жай, жай! Қозғап барлық денеңді, Қолдықатты соқ енді, Сарт, сарт, сарт!
13. «Тамшылар» жаттығуында алақанды бармақпен ұрады.

  • Күркіреді күн, күн....... Терезелер шың – шың, Жауды жаңбыр топ – топ, Шелек – шелек, көп – көп.

  • Отырайық қисаймай. Қолды, жайып қанатша, Жұдырықты түйелік. Саусақтарды талғанша. Ашып, жұмып көрейік. Белімізді жазайық. Демімізді алайық.

14. «Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ» Кел санайық санамақ Саусақтарды даралап. Бас бармағым алғашқы, Балан үйрек жалғасы. Ортан терек атасы, Шылдыр шүмек анасы. Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.


* Мен базарға бардым, Ысқырық сатып алдым. Қызыл, жасыл, көгілдір, Қайсысын алсаң өзің біл. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Екеуін қосқанда, Болады он саусақ.


Саусақ ойындары.
15. Салат
Сәбізді алып тазалаймыз 1.(Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың
алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз 2.(Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,
жоғары төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдиміз 3.(Саусақтардың ұшымен «қант себеді»).
Қаймақ құйып сәндейміз 4.( Қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ
құйған сияқты) қол білезігін жоғары-төмен
қозғайды).
Міне, дайын нәр тағам 5.(Алақанымен іштерін сипалап,
тойғандықтарын білдіреді).
Дәруменге байыған.
16. Қолтырауын
Қолтырауын қонақ күтуде 1.(Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып
қалады).
Тістері тура шегедей 2.(Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды дәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқаны сияқты» ашып жабады).
-Бұл жерден қой өтпеді ме? 3. (Қолдарды төмен бос тастап, иықты
жоғары көтереді).
Деп сұрадым ойын бімекке 4.(Алақандарын бір-біріне ысқылайды). Ал ол болса тымпиып жатыр, 5.(Көздерін қысады)
Көзін қысып қылқиып жатыр.
17. Кім келді?
Кім келді? 1.(Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады).
Қане, қане кім келді? 2.(Екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған
саусақ ұштарын бір мезгілде соғады).
Біз, біз, біз! 3.(Екі қлдың бас бармақтарының ұштарын соғады).
Апа, апа бұл сіз бе? 4.(Сұқ саусақтарының ұштарын соғады).
Иә, иә, иә! 5.(Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады).
Әке, әке бұл сіз бе? 6.(Ортаңғы саусақтарының ұштарын соғады).
Иә, иә, иә! 7.(Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады). Ағатайым бұл сіз бе? 8.(Аты жоқ саусақтардың(шылдыр шүмек) ұштарын
соғады).
Иә, иә, иә! 9.(Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады).
Қарындасым бұл сен бе? 10.(Кішкене саусақтардың ұштарын соғады).
Иә, иә, иә! 11.(Барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады).
Біздер тату жан ұя 12.(Алақандарымен шапалақтайды).
Иә, иә, иә!

18. Үкі


Орманда қараңғы 1.(Екі қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет