Саясаттану глоссарий



бет10/24
Дата07.02.2024
өлшемі69.3 Kb.
#491297
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
КАЗ глосарий (1) (копия)

Инновация-жаңалық енгізу жаңарту.
Институализация- саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интернационализм- мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат.
Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
Капитал-1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
Капитализм-Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы.
Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
Конгресс-1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.
Консерватизм-1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Консервативтік партиялар- қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастықты жақтайды.
Мысалы: АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандық әлеумметтік одағымен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет