Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет14/41
Дата30.10.2022
өлшемі191.88 Kb.
#463636
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Саясаттану лекциялар (1)

Экономикалық — бұл қоғамдық өндіріс пен тұтынуға қажетті материалдық құндылықтар (ақша, өндіріс құрал-жабдықтары, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, азық-түлік өнімдері және т.т.).
Әлеуметтік — билігі барлар пайдаланатын әр түрлі артықшылықтар: кадр саясаты, медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және басқалар, яғни бұлар әлеуметтік жағдайлардың, дәрежелердің (рангілердің) ролін арттырады немесе төмендетеді.
Саяси күш көрсетушілік— бұл күшпен ырықсыз көндірудің құралы мен аппараты, осы мақсат үшін арнайы дайындалған адамдар. Мемлекетте олардың негізін әскер, сот, прокуратура, қауіпсіздік қызметі құрайды. Биліктің осы түрін әдетте биліқ жүргізудің өте тиімді көзі деп есептейді, өйткені оны пайдалану адамды аса жоғары құндылықтардан — өмірінен, бостандығы мен дүние-мүлкінен айыруға ықпал етеді.
Мәдени-ақпараттық -білім мен ақпарат, сонымен бірге ақпараттарды тарату құралдары - бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым мен білім институттары.
Демографиялық ресурстар— адамның өзі биліктің өзіндік көзі болып табылады. Адамдар - бұл басқа да көздері тудыратын көп салалы ресурстар. Адам тұтастай алғанда — тек биліктің көзі ғана емес, сонымен бірге оның субъектісі және объектісі.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жайттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынас­тарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; коғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.
Саяси билік кестеде былайша бейнеленеді:

Саяси билік





Мемлекеттік саяси билік

Қоғамдық – саяси билік





Заң шығарушы билік

Саяси партиялардың билігі

Қоғамдық – саяси ұйымдардың билігі





Атқарушы билік





Сот билігі



Қоғамдық – саяси қозғалыстардың билігі



Муниципалдық құрылымдар билігі (өлке, облыс)

Мемлекеттік-саяси билік мемлекеттік аймақтын шеіберінде барлық жерде бірдей жүргізіледі және елдің барша халқы оның объектісі болады. Біздегі секілді демократиялық мемлекеттерде биліктің ара-жігін бөлу заң, атқару және сот билігі арқылы анықталады.


Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар конституциялық қадағалау,конституциялық сот)бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктіңбақылауындаболып,олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, зан шеңберінде ісістеуі керек.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңдыбұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Қоғамдык-саяси биліктің ерекшелігі мынада - ол нақты саяси ұйымның (қозғалыстың) мүшелеріне ғана қатысы бола­ды және сол ұйымнын мүшелері шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл нақты саяси ұйымдардың (саяси партиялардың) билігі.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Саяси билік пен мемлекеттік билікті салыстыратын болсақ, біріншісі мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттің көлемінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі. Кез келген мемлекеттік билік - ол саяси билік, ал кез келген саяси билік – мемлекеттік бола бермейді.
Себебі біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағанады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
-ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік;
-мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппара­тына сүйенеді;
-мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.
Шын мәнінде, мемлекеттік билік дегеніміз осы мемлекеттік билік кімнің қолында болса және ол кімнің мүддесін қорғаса (монарх, хунта, демократиялық жолмен сайланған органдар) және билік қандай әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, міне, оның негізгі мәні де осында. Мемлекеттік биліктің тұрақтылығы билікті демократиялық үлгіде және осындай әдіспен жүргізгенде ғана қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет