Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер



бет31/41
Дата30.10.2022
өлшемі191.88 Kb.
#463636
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Саясаттану лекциялар (1)

Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер XVIII – XIX ғасырдағы либералдық басқарудың тікелей және жан-жақты ықпалынан бастау алады. Тарихи ой-пікірде либерализм алғаш рет индивидті қоғамнан және мемлекеттен ажыратып, азаматтық қоғамды қорғаған.
Либералдық идеялардың отаны және олардың жүзеге асқан жері Англия болып табылады. Орта ғасырлар заманында Европада абсолютизм күшейіп тұрған кезде ағылшындар монарх билігін шектей алды. Оны жүзеге асырудың басы 1215 жылы қабылданған Еркіндіктің Ұлы Хартиясы болып табылады. Ол Хартия әлі де демократиядан алыс еді және монархтың құқын аристократияның пайдасына қарай бұрып шектеген еді. Дегенмен бұл ретте де жеке адам еркіндігі мен қауіпсіздігі жарияланған. Онда заңнан тыс бірде-бір еркін адам тұтқындалмайды, меншігі алынбайды, кемсітілмейді, қуғындалмайды немесе басқа түрлі жолдармен жазаланбайды делінген.
Жаңа заман туғаннан соң демократияның саяси ұйымы туралы нақты мәселе қойылды және мемлекеттің Республикалық құрылысымен байланысты қарастырылды.
Либерализмнің «әкесі» саналатын Локктың пікірінше, мемлекет өзіне белгіленіп берілген шекара шегінен шықпауы керек, өйтпеген күнде халықтың тарапынан азаматтық бағынбаушылық орын алады. Оның пікірінше адамдар үкіметің жолсыздық әрекеттеріне қарсы тұратын құқы болуы қажет. Қажет болса тіпті күш қолдану арқылы оны орнынан кетіре алуы керек. Егер үкімет өз міндетін атқара алмаған жағдайда, оған халықтың араласуы орынды. Сондықтан да Локкты либерал ғана емес революционер деп те атаған. Маркс демократия мен еркіндік мәселесін әрі қарай зерттей отырып, мемлекет азаматтық қоғамнан жоғары тұрған жағдайда, шын мәніндегі еркіндік болуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Бірақ, ол либералдық демократияның кейбір элементтерінің прогрессивті екенін теріске шығармайды.
Демократия үшін күрес БҰҰ-да адам құқы туралы декларация қабылданғаннан кейін күшейе түсті (1948). Одан кейін Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың Хельсинки мәжілісінде (1975) ол жөніндегі оң пікір одан әрі дами түсті. Универсалды процесс ретінде қарастыратын пікірлер басымдық алып келеді. Бірақ демократиялық жүйеге бір жолы Назарбаев айтқандай, «Біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек». Қазақстандағы қол жеткен либералдық демократиялық қоғамның жетістіктердің белгілері, біздіңше, мынадай: экономика саласында: меншік түрлерінің әркелкілігі; еңбекке қарай бөлу принципі; кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; табысы төмен топтардың жағдайына қамқорлық;
Саяси салада: президенттік-парламенттік басқару, саяси пікірдің әртектілігі; көппартиялықтың болуы; сайлау жүйесінің демократиялылығы; құқықтар мен бостандықтар туралы демократиялылық заңдардың болуы; қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; оппозицияның болуы;
Рухани салада: сөз, ұждан бостандықтары; өнер мен мәдениетінің дамуы; дамыған оқу ағарту жүйесінің болуы; зұлымдықты, нәсілшілдікті насихаттауды шектеу;
Әлеуметтік салада: жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; әділетсіздіктен қорғау; әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы және оған қол жеткізу.
Ең бастысы Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.


3. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе – теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқтя болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы айғақ. Олардың өзіндік мақсат – мүдделері, талап – тілектері, арман – аңсарлары, мұқтаж – қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден – ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII – VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафасышы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама – қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама – қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау – дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси - әлеуметтік егес, даушарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әл түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әр түрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әр түрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. әдетте мұндай қақтығыс әр түрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік – таптық сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

  • автономия мен өзін - өзі басқаруды қамтамасыз ету;

  • белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын ету;

  • өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі – түптен келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Анлия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және тағы сол сияқты жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық – мемлекеттік құрылым мәселелерінің және тағы басқалары жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі – этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет – ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 – жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға «Лад», «Русская община» ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет –ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және тағы да басқа олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар борйы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау – жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 – наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық – мәдени орталықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытфнда практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және тағы да басқа заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет