«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы


Саяси мәдениет пен мінез-құлық



бет10/14
Дата26.11.2022
өлшемі109.68 Kb.
#465806
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
«Ñàÿñàòòàíó» ï?í³ áîéûíøà ä?ð³ñòåð æèíà?û 2

11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық
1. Саяси мәдениет түсінігі, мәні және қызметтері
2. Саяси мәдениеттердің жіктелуі
3 Қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті
«Саяси мәдениет» ұғымын ғылыми айналымға алғаш болып неміс ағартушысы И. Гердер енгізді. Ол мәдениет пен саясаттың өзара әрекеті мәселесін зерттеген (XVIII ғасырдың соңы), ал саяси мәдениет теориясы саясат ғылымында тек XX ғасырдың ортасында ғана қалыптаса бастады - Г. Алмонд, С. Верба, М. Дюверже және т.б. Саяси мәдениет - ол алдыңғы ұрпақтағы адамдардың мінез-құлық үлгілері мен бағдарларының тәжірибесін жүзеге асыратын тарихи қалыптасқан, тұрақты жүйесі, ол нақты процеске, оның басты элементтеріне қатынасының қағидасын тіркейтін және осылайша қоғамның саяси өмірінің өндірісін қамтамасыз ететін саяси процестегі субъектілердің тікелей іс-әрекетінде көрінеді. Саяси мәдениеттің көрінуінің басты аспектілері: а) адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды меңгеру деңгейі; б) өткен мен бүгінгі күннің саяси ойларының жетістіктерінің сұранысқа ие болу деңгейі; в) саяси құбылыстардың бағаларындағы компетенттілік. Саяси мәдениет оны тасушылармен бірге, яғни түрліәлеуметтік қауымдастықтармен бірге дамиды. Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың,кластардың, партиялардың, түрлі қабаттардың, топтардың және индивидтердің) мемлекетке, саяси билік тәртібіне олардың өмірлік қызығушылықтары бойынша қарым-қатынастары тіркеледі. Бұл жағынан саяси мәдениет саяси саладағы мәдениет, белгілі бір жүйелік сапа және саяси өмірмен ісәрекеттің әдісі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың бір-бірімен бірлігі мен өзара байланысындағы сабақтастығы мен дамуын қамтамасыз ету формасы ретінде түсіндіріледі. Заманауи батыс саясаттануында саяси мәдениетті нақты саяси жүйенің қатысушыларының жеке дара бағдарлары мен таптаурындарының жиынтығы деп түсіндіреді, мұнда мәселе саяси іс-әрекеттердің негізінде жатқан субъективті сала туралы болып отыр. Жеке дара бағдарлар бірнеше элементтерді біріктіреді: а) танымдық бағдар, саяси жүйе туралы, оның ролдері туралы, осы ролдерді тасымалдаушылар мен оның қызмет етуі жөнінде білімдерді қамтиды; б) эмоционалдық бағдар, саяси жүйеге, оның қызметтеріне, қатысушыларына және олардың іс-әрекеттеріне қатысы бойынша бастан өткерген сезімдерін көрсетеді; в) бағалаушы бағдар, саяси жүйеге, оның қатысушылары мен олардың ісәрекеттеріне жеке қатынастарын білдіреді. Саяси мәдениеттің құрылымында келесі элементтер болады: а) саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық аспект); б) саяси сенімдер, идеалдар (құндылықты аспект); в) саяси әрекеттер, актілер, қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысу (мінезқұлықтық тәжірибелік аспект); г) саяси нормалар, дәстүрлер; д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары. Қоғамның дамуы үшін, әсіресе құқықтық мемлекеттіжасаушы қоғамдар үшін (оның ішінде Қазақстан), олардың қүқықтық мәдениетінің маңызы зор. Қүқықтық мәдениет дегеніміз қоғамның жинақталған құқықтық тәжірибесі, адамдардың құқықтық санасының сипаты, олардың құқықтық әлеуетті (потенциалды) қолдану әдістері мен қабілеті, құқықтық институттардың барлық жүйесінің қызметінің сапасы және олардың қоғамдық өмірге ықпалы. Құқықтық мәдениеттің негізгі құраушыларына мыналар жатады: а) құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейі; б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі; в) құқық нормаларын құрметтеудің, олардың беделінің жоғары деңгейі; г) құқық пен құқықтың жүзеге асу процестерінің сапалы жағдайы; д) құқықтық іс-әрекеттің арнайы әдістері (құқықтық органдардың жүмысы, конституциялық бақылау және т.б.); е) адамдар жасаған рухани және материалдық жағдайлар түріндегі құқықтық іс-әрекет нәтижесі (заңдар, заң шығару жүйелері, сот тәжірибесі және басқалары). Саяси мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты қызметтер атқарады. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері болып табылатындар: а) танымдық - саяси білімді меңгеру негізінде сенімдер мен саяси көзқарастарды қалыптастыру; б) идентификациялау - индивидтің саяси мәртебесін анықтау, қауымдастықтың қызығушылықтарын көрсету және саясатқа қатысу қолжетімді әдістерін дайындау; в) нормативті-құндылықтық - қоғамда қажетті саяси құндылықтарды, нормалар мен нұсқауларды бекіту; г) интегративті - қоғам таңдаған саяси құрылымның кең әрі тұрақты әлеуметтік базасын қамтамасыз ету; д) коммуникативті - биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара әрекеттерін ортақ саяси қызығушылықтар мен мақсаттардың артикуляциясы базасында қамтамасыз ету. Саяси мәдениеттің жіктелуі негізінде түрлі көрсеткіштер жатыр. Е. Вятр саяси мәдениеттердің идеологиялық түрлерге негізделген жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, сословиелік демократияның саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдениетті қарастырды. Саяси мәдениеттің дәстүрлі түрі құл иеленушілік пен феодалдық құрылымға сәйкес келеді және үш түрге бөлінеді: а) дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет; б) дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет; в) дәстүрлі деспоттық саяси мәдениет. Дәстүрлі саяси мәдениетпен қатар буржуазиялыққа дейінгі кезең саяси мәдениеттің сословиелік демократияның саяси мәдениеті сияқты түрін де келтіреді. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі толығымен саяси процестерге қатысудан шеттетіледі. Тарихта осы саяси мәдениеттің екі түрі белгілі: кейбір грек халқының, республикалық Римнің және кейбір итальяндық ортағасырлық қалалардың патриципанттық мәдениеті, сонымен бірге дворяндық саяси мәдениет. Буржуаздық қоғам саяси мәдениеттің екі түрін біледі: демократиялық және автократиялық. Бірінші түрі, өз кезегінде, екі түрде, яғни консервативті- либералды және либералды-демократиялық түрде болады. Социалистік саяси мәдениет марксизмнің пайда болуымен байланысты, ол тоталитарлық саяси жүйенің көрінісі болды, тобырдың инициативасын саяси процестің субъектісі ретінде жоққа шығарды. Саяси мәдениеттердің билік етудің сипатымен байланысына негізделген келесі типологиясы демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениеттерді бөліп көрсетеді. Демократиялық саяси мәдениетке нағыз демократиялық құндылықтар мен идеалдарға бағдар, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, саясатқа еркін араласу, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы плюрализм, адамның құқығының басымдығы және т.б. тән. Авторитарлық саяси мәдениетке келесі басымдықтар тән: мемлекеттің анықтаушы ролі, қоғамда бір ғана саяси партияның орын алуы, мемлекеттің қызығушылықтары жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың қызығушылықтарынан басым тұрады. Құндылықтар болып «бірегей идеология», «саяси тәртіп», «саяси бірлік» табылады. Тоталитарлық саяси мәдениет сана мен саяси шынайылықта қатаң идеологиясы бар мінез-құлық стереотиптерін, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекеттік бағытталатын және бақыланатын түрлерін бекітуге тырысады. Оған көпшіліктің әлеуметтік қорқынышқа, позитивті өзгерістердің болуы мүмкін екендігіне сенімсіздікке негізделген саяси апатиясы мен утилитарлы конформизм тән. 60-шы жылдардың ортасында Г. Алмонд мен С. Верба түрлі елдердің саяси жүйелерін зерттеу негізінде (Англия, АҚШ, Мексика) саяси мәдениеттің үш «таза» типтерін көрсетті: а) патриархалды - артта қалған елдерде тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіптердің басымдылығымен көрінеді. Саяси мәдениеттің патриархалдық түріне саяси білімнің, саяси ролдердің болмауы, бұқараның басым бөлігінің сауатсыз болуы тән; б) бағынушы - белгілі бір саяси білім тән, адамдардың саяси институттардың бар екендігінен хабары бар, оларға қатысты сезімін білдіреді, оларды бағалайды және оларға қатысты мінез - құлық түрлерін дайындайды, бірақ осылардың барлығы бәсең түрде болады, яғни саясат пен қоғамдық өмірге араласуы төменгі деңгейде; в) партиципаторлы, азаматтық (белсенді) - саяси институттардың легитимділігінің, қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының консенсусымен, қызығушылықтардың плюрализміне шыдамдылықпен сипатталады. Xалықтың басым көпшілігі (АҚШ, Ұлыбритания) іштей саяси жүйеге бағдарланған, бірегей мемлекеттің азаматтары ретінде өзара сенімге ие. Саяси мәдениеттің азаматтық түріне қоғамдағы саяси ролдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі қағидаға, яғни тұлғаның еркіндігіне, бұқараның тұрмысының жақсаруы мен елдің қауіпсіздігіне ортақ қызығушылығының болуы тән. Саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлері Батыс пен Шығыс адамдарының саяси саладағы құндылықты бағдарларының айырмашылықтарының негізінде қоғамдардағы тіршілік әрекетінің түрлері, діни дүниеге көзқарастардағы ерекшеліктер, өмірдің мәні туралы философиялық көзқарастар жатыр. Батыстық және шығыстық саяси мәдениеттердің ерекшеліктері: а) батыстық түріне азаматтардың саяси процестерге саяси қатысуының «партиципаторлық» үлгісі тән, шығыстыққа - «бағынушы-партиципаторлық» саяси мәдениет; б) батыс саяси мәдениетіндегі саясаттың басты элементтері ретінде индивидтер, түрлі саяси бірлестіктер болса, шығыстықта - рулық, этникалық, отбасылық қауымдастық; в) батыстық типтегі саяси мәдениетте феномендер модернизм мен дәстүрдің диалектикасы арқылы дамиды, саяси мәдениеттің шығыстық типі дәстүрдің негізін салушы роліне бағдарланған; г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасы тұрғысынан батыс саяси мәдениетінде олардың арасында белгілі бір «консенсус» байқалады, өйткені батыстық қоғамда орта қабаттың саны көп, материалдық өмір сүру деңгейі жоғары. Саяси мәдениеттің шығыстық түрінде мемлекеттің азаматтық қоғамның қалыптасуы процесінен басымдығы байқалады, мұнда элита мен бұқара арасындағы кәдімгідей «алшақтық» орын алған. Егер азаматтық қоғамды батыстық саяси мәдениетке тән ерекшелік деп қарастыратын болсақ,онда Шығыста ол енді қалыптасып келеді. Заманауи саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлерінің құндылықтары араласып келеді (Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мәдениеттерінде азаматтардың саясатқа қатысуларының әдістерінің, құндылықты бағдарларының, мінез - құлық үлгілерінің, түрлерінің араласуы жүруде. Қазақстанның, қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті бүгінгі күні қоғамдық тұрмыстағы адамдардың мінез-құлықтары мен санасындағы шұбар ала, үзік-үзік суретті елестетеді. Қазақстанның қазіргі кездегі саяси мәдениетін саяси мәдениеттің қандай түріне жатқызуға болады? Бұрын Қазақстанның саяси мәдениетінің үлгісі тоталитарлық болған, онда халықтың басым бөлігі бағынушы ролінде, яғни билік пен билік институттарының артынан көзсіз еретін. Қазақстан демократиялық өзгеру процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, мақсаты ретінде нарықтық экономика, қоғамдық өмірдің барлық жағын демократияландыру жарияланғанда, саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгіден демократиялыққа трансформациялануы заңды болатын. Дегенмен үміт ақталмады, оған бүгінгі саяси шындық куә. Қазақстандық саясаттанушылардың айтуынша, шынайы демократия еліміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады. Егемендігін алып, құрылымдық трансформация жүргізе отырып, қазақстандық қоғам әлі де кеңестік шақтың қалдықтарынан толығымен арылған жоқ. Қазақстандық қоғамның саяси мәдениетінде өткен ғасырдың 90-шы жылдардың соңынан патриархалдандыру тенденциясының артуы байқалады, бұл тек Қазақстанға ғана тән емес. «Xалық саясаттан шаршады» деген тезис қарапайым адамдардың жеке өмірлерімен кетуі туралы сұраққа жауап тәрізді. Саясаттан шаршау адамдардың материалдық жағдайларының жақсаруын күтумен үміттерінің ақталмауының салдары болып табылады. Жалпы алғанда қазақстандық қоғамның саяси мәдениетіне мынадай ерекшеліктер тән: а) ұжымдық немесе рулық моральдің нормаларына бағдарлану; б) саяси және басқа да мәселелердегі идеологияландыру (көбінесе бұл өткеннің қалдығы); в) саяси лояльдік және биллікке бағынышты қатынас; г) құқықтық нигилизм және құқықтық сананың жоғары емес деңгейі; д) саяси конформизмге бейімділік (нақты саяси тәртіпке бейімділік); е) саяси білім мен тәжірибенің жетіспеуі. Осылайша, Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық саяси мәдениет пен авторитарлықтың арасындағы аралық типті білдіреді. Біздің қоғамның саяси мәдениетін демократияландыру бәрінен бұрын тұлғаның азаматтық мәртебесін шынайы өзгерту, билік механизмдерін жасау жолымен ғана мүмкін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет