147
факторын» пайдаланудың «мәдениетті техникасы», «мәжбүрлеу техникасы»,
«реттеу процедурасы» және «келісімге жету техникасы»
деп те анықтау жиі
кездеседі. Кеңінен алғанда саяси дипломатия өз өкілдіктері бойынша сыртқы
саяси қатынастар жүргізуші мемлекеттік мекемелердің ресми қызметін, әрбір
мемлекеттің шет елдердегі өз мүддесін қорғау мен жүзеге асыру қызметін
атқарады.
Мемлекеттер арасындағы қатынастар халықаралық аренада екі және
көпжақты келісімдер тұрғысында
тіркелген халықаралық құқықтар, нормалар
мен принциптер арқылы реттеледі. Олардың аса маңыздылары: БҰҰ Жарғысы,
БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы
достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық
принциптері туралы Декларациясы, ЕҚЫҰ-ның Қорытынды актісінде
сипатталған қатысушы мемлекеттердің өзара
қатынасындағы басшылыққа
алатын принциптер Декларациясы.
Халықаралық қатынастарға қатысушылар
“актор” терминімен аталады.
Бұл сөз қатысушылардың әрқайсысы халықаралық қатынастарға айтарлықтай
ықпал етіп, халықаралық саясатта белгілі роль атқаруын, қандай да бір іс-
қимылды жүзеге асыруын сипаттайды. Айта кету керек, халықаралық
қатынастар акторлары сахна актёрларына өте ұқсас. Ал, актерлардан
өзгешелігі, тәртіп тәсілін жалпыға танылған нормалар шеңберінде ғана таңдай
алады.
“Актор” терминіне мағынасы жағынан
“халықаралық қатынастар
субъектісі” ұғымы сәйкес келеді. Халықаралық қатынастар субъектісі тұтастай
алғанда халықаралық ахуалға ықпал етіп, өзге, әлсіз қатысушыларды, басқа да
іс-қимылдарды жүзеге асыруға мәжбүрлеуді немесе
өз саясатының шеңберінде
дербес, белсенді сыртқы саясат жүргізеді.
Халықаралық қатынастарға қатысушылар негізінен екі
түрге бөлінеді:
дәстүрлі (негізгі, алғашқы бастаушы) және типтік емес.
1.
Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
халықаралық қауымдастықтың басты субъектісі қатарындағы мемлекеттер
жатады. Мемлекет (ұлттық мемлекет) адамзат қоғамдастығы саяси ұйымының
әмбебап үлгісі ретінде халықаралық, сыртқы саясаттағы
билік өкілеттіктерін
орындайтын, ұлттық мүдделерді қорғайтын және жүзеге асыратын,
халықаралық қатынастардың өзге қатысушылар арасындағы байланыстың кең
ауқымын бақылайтын егеменді саяси бірлік болып саналады.
Барлық мемлекеттердің негізін ұлттар құрайды, сөйтсе де халықаралық
қатынаста «олардың бірқатарының мәртебесі өзгелерге қарағанда жоғары»
(Б.Рассет, Х.Стар) болса – мемлекеттердің сөз жүзіндегі заңды теңдігі
(халықаралық құқық бойынша) олардың халықаралық
аренадағы ұлттық
қуатының теңсіздігімен (экономикалық әлуетімен, саяси беделімен, жер
көлемінің кеңдігімен және басқалары) қайшы келеді, сондықтан іс жүзінде
мемлекеттің өз егемендігін қорғаудағы тең емес мүмкіндіктері құқықтық
теңдікке сәйкес келмейді. Бұл проблеманы шешудің нәтижелі тәсілі болып
Достарыңызбен бөлісу: