Саясаттану



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата22.11.2023
өлшемі1.27 Mb.
#484089
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Снимок экрана 2023—09—07 в 09.37.40

тәртіп» 
ұғымында 
мемлекеттер 
мен 
басқа 
институттардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, олардың жұмыс 
істеуіне, қауіпсіздігі мен дамуына қажетті шарттарды жасау мен қолдауға 
бағытталған халықаралық қатынастар құрылымы анықталады. Халықаралық 
тәртіп негізін күштердің өзара айқындалған қатынасқа, қалыптылыққа кепілдік 
беретін халықаралық қатынастар тәртібі мен ережелерінің жалпыға бірдей 
мойындалған жиынтығы құрайды. Ал, халықаралық тәртіп мемлекетаралық 
өзара іс-қимылдарды реттеу нәтижесінде қалыптасады. 
“Саяси үлгілер мен оны байланыстырушы барлық этностар 
аралығындағы «әлемнің саяси қондырғысы” делінетін ұғымнан, абсолютті 
егемендіктен бас тарта отырып, заңдық нормаларға (мемлекет құқықтарына) 
және жалпыадамзаттық құндылықтарға (адам құқықтарына) жауап беретін 
“әлемдік тәртіп” ұғымы мағынасы жағынан әлдеқайда кең. 
Халықаралық қатынастардағы реттеуші принциптердің іс жүзіндегі 
өзгерістері, халықаралық тәртіптің тарихи типтері былай сипатталады:
1) 1648-1815 ж ж. негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және 
саяси тепе-теңдік принциптері болды. Еуропалық тәртіп трансформациясы, 
яғни, басты субъектісі халықаралық қатынастардың егеменді мемлекеттер 
болатын өзара іс-қимылдардың орнықты жүйесі қалыптасты. Өзара 
қатынастарды реттеуде өздігінен күш қолдануды шектеумен, мемлекеттің 
халықаралық арена тәртібіне бақылау орнатуымен жүзеге асты. Еуропалық 
тепе-теңдік жүйесінде бекітілген негізгі шарт, ереже егемендік принципі 
(мемлекеттік мүдделердің шектелмеген бәсекелестігі) және жалпы мүдде 
принципі (қалыптылық) келісім. Гегемондық бағыт алуды жүзеге асыру 
барысында саяси күштерді өз мүддесіне пайдалану заңсыздық іс-қимыл болып 
саналып, ал оны ұжымдық пайдалану (коалиция «өркөкірек», «менменшіл» 
мемлекетке қарсы бірнеше мемлекеттер одағын құру жолымен) – тәртіп сақтау 
құралы қалыптаса бастады. 
2) 1815-1860 жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
легитимизм болды. Халықтық қызметін Вена конгресі белгілеген “1815 ж. 
жүйенің” қалыптылығын қамтамасыз ету мен нығайту мақсатында 
консервативтік мүдделер өз бірлігінің концепциясын ұсынды. Халықтық 
принципінің (ХІХ ғ. ұлт-азаттық қозғалыстардың күшеюіне байланысты) 
жеңістері мен жаңаруын баянды ету үшін жаңа тәртіп бастамашылары 
күштерін біріктіру қарастырылды. Алайда, “қасиетті бірлік” іштен жарылды; 
бұл «жарылыс» парадоксы оның жақтаушылары мен қорғаушылары тарапынан 
болған бұрынғы идеалды бекерге шығаруынан болды; 
3) 1860–1914жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы 
қатынастар қатал күшпен шешілді, жеке, қуатты мемлекеттің оқшаулануына 
жол беріліп мемлекеттердің өзара қарама-қарсы блоктары құрылды, олардың 
антагонизмі өршіді; 


154
4) 1914-1918-1939 жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға 
ауысты, ұлттық мемлекеттер арасындағы шиеленіске идеология қайшылығы 
қосылды (фашизм, коммунизм және либерализм); 
5) 1945ж. – ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, ІІ 
дүниежүзілік 
соғыстан 
кейінгі 
халықаралық 
тәртіп. 
Халықаралық 
қатынастардың жаңа құрылымының сипаты – биполярлық және конфронтация 
(әскери-саяси, экономикалық, идеологиялық ымырасыздық). Жоғарғы 
державалар идеология арқылы өзінің қуатын айқындай бастады. Осы кезеңде 
халықаралық қатынастар акторы ретінде халықаралық ұйымдардың (әсіресе 
БҰҰ) ролі күшейді, халықаралық құқықтың мәні және оның ұлттық мақсаттары 
мен бағдарламалары мойындалды; 
6) ХХ ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру 
кезеңі басталды. Бұл халықаралық саясат балама бағыттардың пайда болуымен 
сипатталып жаһандануға, ынтымақтастық пен интеграцияның дамыған 
бағытына бетбұрыс, өзара іс-қимыл шиеленістерін сақтайтын ағымдарға бағыт 
беру, өзара байланыс, трансұлттық және ұлттық сепаратизм идеяларының 
түйісуі болды. Олар проблематикалық және ретсіздікті іс жүзінде шешудің 
тәсілдерін енгізді. Биполярлықтың күйреуі империялық (бір ғана жоғарғы 
державаның болуы мен көпполярлық (мемлекеттердің мәртебесі мен 
ықпалының тепе-теңдігі) баламаларын туындатты. 
3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
Мемлекеттің негізгі белгісі – егемендік, ал оның құрамды элементтері:
территориясы, халқы және саяси билігі. 
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан 
кейін мемлекеттіліктің белгілері мен элементтерін толық орнықтыруға бағыт 
ұстанған белсенді де парасатты саяси қызмет атқарып келеді. Бұның айқын 
дәлелі 1992 жылғы 2-ші наурызда, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыт 
ішінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы 
мүшесі болуы. 
Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі 
ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары 
бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде танылды. Қазақстан 
БҰҰ Бас Ассамблеяның биік мінбелерінен халықаралық өзекті мәселелерді 
шешуге қатысып өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде 
елімізді дүние жүзінің басым көпшілік мемлекеттері танып отыр, олармен
дипломатиялық қатынастар орнатылды. 
Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен өз территориясының 
шекаралық белгілері туралы, салмақты дипломатияға сүйене отырып, өз 
қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етті. 
Жаңа Қазақстан Республикасының қалыптасуы екі бағытта жүзеге 
асуда,біріншісі–қоғамды демократияландыру, екіншісі–нарықтық экономиканы 
игеру.


155
Бірінші бағыт Қазақстанның саяси билік (яғни, мемлекеттік) жүйесін 
қалыптастыруда бірнеше сатыдан өтті. 
Алғашқы 1991-1995 жылдардағы мемлекеттік қызметті елдің саяси, 
экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін 
ескеретін жаңа моделін іздеу сатысы ретінде сипаттауға болады.
Бұл кезеңде партиялық-кеңестік басқару жүйесі мен бірпартиялық саяси 
монополия жойылды, бұрынғы мемлекеттік органдардың жаңа әлеуметтік-
экономикалық құрылысқа бейімделуі жүзеге асты. 
Саяси билік жүйесіндегі өзгерістер Қазақстан Республикасының 
1993жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі 
заңды түрде бекітілді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары алғаш рет 
дербес тармақтар ретінде айқындалды. 
1995-2000 жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің 
қалыптасу кезеңі болды. Бұл жылдарда қазіргі заманғы мемлекеттік қызметті 
қалыптастыру мен дамыту жөніндегі ауқымды да тұрақты жұмыстар кеңінен 
өріс алды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (1995 ж.) 
қабылдануы және Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар 
(1995 ж.) жарлығы осы кезеңнің бастауы болды, осы құжаттарда саяси биліктің 
тиімді жүйесін құрудың негіздері қаланды. Сол кезеңде саяси биліктің 
бағдарын жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет саласы жалпы еңбек құқығы 
саласынан бөлініп, жаңа заңнамамен рәсімделді. 
Қазақстан Республикасында мемлекетті демократияландыру процестері 
үнемі халықаралық деңгейге сәйкес дамытылып келеді. Осы саладағы жаңа 
жетістіктердің бірі 2007жылғы 21-ші мамырда Қазақстан Республикасы 
Конституциясына 
енгізілген 
өзгерістер 
мен 
толықтырулар 
арқылы 
Қазақстанның 
Президенттік 
Республика 
формасынан 
Президенттік-
парламенттік Республика формасына көшуі. 
Жаңа мемлекетіміз Қазақстан Республикасының бірінші күндерінен 
бастап дамудың басты басымдығы экономика саласы болды. Мақсат:
біріншіден, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол 
жеткізу, екінші жағынан – инфрақұрылым жасау және маңызды салаларды 
дамыту жеке меншік секторын жандандыру болды. 
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі 1991-1992 жылдары қажетті 
заңдар мен нормативтік актілер қабылдаудан басталды. Олардың ішінде 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
меншік 
туралы», 
«Қазақстан 
Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту, шаруашылықтағы қызмет 
бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер» 
және т.б. заңдар. 
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет 
меншігін жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік 
танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру болды. 
Сыртқы экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстанда «Қазақстан 
Республикасындағы шетел инвесторлары» туралы заң қабылданды. 
Қазіргі күні дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер Қазақстан 
экономикасына өз инвестициясын салуда ынталылық көрсетуде. Шетел 


156
инвесторларының Қазақстан экономикасына қаржы салуға қызығушылығы –
біздің еліміздегі заңдардың тұрақтылығымен оларға кепілдеме берілуіне 
байланысты. 
Қазақстан Республикасындағы одан әрі жалғасқан саяси, экономикалық 
және әлеуметтік жаңғырулар өзінің халықаралық сыртқы саясатын нәтижелі 
және жүйелі түрде қалыптастыруға негіз болды. Қазақстан тәуелсіздік алған 
уақыттан бері көп бағытты теңдестірілген сыртқы саясат жүргізіп келеді. Ел 
саясатының бейбітсүйгіш сипаты, жедел әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы 
өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі белсенді практикалық 
іс-әрекеті – барлық мемлекеттермен шынайы достық қатынастарды дамытуға 
мүмкіндік беріп отыр. 
Қазақстан Республикасы бүгінде халық өмірінің жоғары үлгісіне сәйкес, 
демократия мен азаматтық қоғам дамытуға бағдарланған тұрақты да серпінді 
өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік мемлекет ретінде танылады. Еліміз
дүниежүзілік қоғамдастыққа өтіп, өркениетті даму жолына түсті. 
Тәуелсіздік жолын бастаған, жаңа Қазақстан бірінші күндерден-ақ өзін 
ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретінде 
көрсетті. Осындай парасатты саяси бастамалар жауапты да айрықша маңызды 
жағдайларда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің стратегиялық тұрғыдан 
пайымдай білуінің жемісі болды. Елбасының Қазақстанның әлемдегі ең күшті 
ядролық арсеналдарының бірінен ерікті түрде бас тарту туралы шешімі осы 
қатарға жатады. Сол кезде Қазақстанның «ядролық алғашқы мұсылман 
державасы» болуымен қызыққан саясатшылар мен оларды қолпаштаушы 
шетелдік күштер аз болған жоқ. Бірақ қазіргі уақыт осындай дана әрі батыл 
шешімнің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. 
Елбасының саяси таңдауы негізінде Қазақстанның дамуындағы аса 
маңызды құндылықтар: Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайлары өтуі, 
1995жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл 
мәртебелі қоғамдық ұйымның Мәжілістің құрамына 9 депутатын сайлайтын 
Конституциялық заңға жетуі; біздің еліміздің Әлемдік және дәстүрлі діндер 
лидерлері съездерінің орталығына айналуы. Осындай бірегей форумдар түрлі 
халықтар арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке қызмет ететінін барша 
әлем қолдап отыр. 
Елбасымыздың саяси таңдауы арқасында еліміздің жаңа саяси орталығын 
Алматыдан бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанаға ауыстыруы да аса маңызды 
жалпыұлттық игілік – қазынамыз болды. 
Астана дүниеге келіп, бүкіл жоғарғы құзырлы билік органдары 
орналасқан, жалпымемлекеттік, жалпыұлттық сипаттағы аса маңызды саяси 
шешімдер қабылданатын орталыққа айналды. 
Астана – ел, мемлекет болғанымыздың, ұлтымыздың жасампаздық рухы 
мен әулетінің, ерік-жігерінің айшықты, нақты материалдық-заттық, мәртебелі 
де мерейлі дәлелі. 
Қазақстан Республикасы - өзінің сыртқы саясатында Ресей, АҚШ, Қытай, 
Орта Азиялық елдері, ТМД, Еуропалық Одақ, Түркия, күллі мұсылман 
әлемімен саяси және экономикалық ықпалдасу мен сенімнің биік деңгейде 


157
болуын мақсат етті. Осы елдердің қаржы компанияларының Қазақстан 
экономикасына инвестиция салуы ынтымақтастықтың өте маңызды жетістігі 
болып табылады. 
Қазақстан 
Республикасы 
сыртқы 
саясатының 
басты 
идеясы 
интеграциялық мәселелер болды. Алғашқы кезеңде ұсынылған Евразия одағы 
туралы идея осы заманғы көптеген көкейкесті саяси мәселелердегі 
ұстанымдарды жақындастыруға алып келгені ақиқат. Еуразиялық интеграция 
идеясын жүзеге асыру барысында, ғалымдар мен зиялылардың еуразиялық 
клубын құру ұсынысы мақұлданып (2007 ж.) Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің бастамасымен 2008 жылы Астанада өткен «Жаһандану 
жағдайындағы экономикалық дамудың қазіргі заманғы қырлары» атты 
ғалымдардың Еуразиялық экономикалық форумында еліміздің экономикалық 
дәрежесіне ерекше мән берілді. 
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерін кең ауқымды қамтуы мен ұлттық 
мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара 
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да 
тарихи маңыздылығы зор шешімдер қатарынан табылады (1992 ж.). Азиядағы 
өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы 
алғанда 3 миллиард халқы бар, 18 мемлекетті біріктірген, дүниежүзілік ішкі 
жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі, Еуразия континентіндегі қауіпсіздікті 
нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым. 
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық 
экономикалық одақтармен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық 
экономикаға кіру болды. Осы мақсатта Біртұтас экономикалық кеңістік, 
ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық 
шеңберіндегі жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Қазақстанның Азия Даму 
банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа 
инвестициялық қоры, Еуропа инвестициялық банкі одақтарындағы өзінің 
орнын нығайтуы еліміздің экономикалық даму кеңістігін әлемдік деңгейге
көтерді. 
Осындай жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде 
Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды, 
еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады. Бұған дәлел –
Қазақстан 
Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету 
құрметті міндетінің жүктелуі. Ал осы ұйымдардағы төрағалық ету мерзімі 
төмендегідей: Азиядағы ынтымақтастық үнқатысуы – 2008-2009 жылдар, 
АӨСШК – 2006-2010 жылдар, ЕҚЫҰ – 2010 жыл, ШЫҰ – 2011 жыл, ИКҰ –
2011 жыл. 
Бұл ұйымдардың бәрі де әлемдегі ықпалды, көпқырлы саяси 
қызметтерімен танылған ұйымдар. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және 
ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ - OSCE) әлемнің ең дамыған 
демократиялық мемлекеттері құрған халықаралық ұйымы. Бұл ұйымға 
төрағалық етуге халықаралық сенім білдіру Қазақстан үшін, жоғары саяси 
бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында 
осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады. 


158
Ал Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) - халықаралық ұйымдардың 
ішіндегі ең ірі, ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. 
Қазіргі кезде халқы 1,4 млрд –тан астам адам санын құрайтын 57 елді 
біріктіреді. ИҚҰ БҰҰ- дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде 
екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қауымдастырылған 
мекемелерінің кең жүйесі құрылған. Солардың ішінде Бүкіләлемдік банктің 
баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және 
т.б. Осының бәрі Қазақстанға кең ауқымды мәселелер шешімдеріне қатысу 
мүмкіндігін береді. Осындай экономикалық және саяси одақтар мен 
қауымдастықтарға қатысу арқылы Қазақстан жаһандық экономикаға кірігу 
саясатын жүзеге асыруда. 
Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, 
әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған -
- нақты іс жүзіне асырылған ішкі саясат. Олардың бірінші орынға қойылған 
басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және 
т.б. 
Экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу –
мемлекеттің негізгі міндеті болып қала берді. Қазақстанның экономикалық 
стратегиясында қамтылған мақсаттар (ырықтандыру, әлемдік экономикаға 
интеграциялану, индустриялық-инновациялық даму, аграрлық 
саясат, 
инфрақұрылым) дүниежүзілік нарықтық экономикалық қатынастар принципіне 
сәйкес екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр. 
Келесі бағдар – осы заманғы әлеуметтік саясат. Оның негізгі бағыттары: 
халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, тұрғын үй құрылысы 
мен жылжымайтын мүлік рыногін дамыту мәселелері, денсаулық сақтау 
саласын ұйымдастыруда осы заманғы стандарттарға көшу, халықаралық 
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету. Осындай халыққа әлеуметтік көмек көрсету саясаты 
мемлекеттік, қоғамдық игілігімізді арттыра түсуде. 
Қазақстанның ішкі саясатындағы келесі басымдылық – қоғамдағы 
мемлекеттік қызметтің рөлін арттыру болды. Мемлекеттік басқару сапасын 
арттырып отыру еліміздің алға жылжуына басты негіз болды. Мемлекеттік 
қызметтің рөлін арттыру шеңберіндегі әкімшілік реформалар тұрақты 
жүргізіліп отырды. 
Осындай ішкі және сыртқы ұтымды саясаттың жемісі – Қазақстанның 
бүгінгі таңдағы жаһандық экономика саласындағы өзінің лайықты орнын алуы,
қуатты өндірістік державалар қатарына қосылу мақсаттары. 
Әрине, елімізді дамытуда алда тұрған проблемалар әлі де аз емес, және 
оның болмауы мүмкін де емес, себебі қандай мәселе болмасын жетілдірудің 
ешқашанда шегі болмайды. Бұл жағдаймен 2008 жылы журналистерге сұхбат 
берген сәттегі Елбасымыздың айтқан сөздері үндес келеді: «Біз осы мемлекетті 
көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Біз өз мемлекетіміздің жас екенін, 
буыны бекіп, бұғанасы жаңа қатып келе жатқан елге төнетін қатер де кездесуі 
мүмкін екендігін естен екі елі шығармауға тиіспіз. Босаңсымауға тиіспіз». Осы 


159
сөздер өз елінің болашағын ойлайтын әрбір Қазақстан азаматының жадында 
сақталуы тиіс. 
Қазақстанда қазірде де мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін 
қоғамның алға жылжуына кері әсер ететін кейбір мәселелердің шешілуі қажет. 
Ол халықтың билікке сенімсіздігі, заңдардың шалалығы, сыбайлас 
жемқорлықтың кең өріс алуы, сот және құқық қорғау органдарының өз 
қызметтеріндегі жауапсыздығы. Әлі де күн тәртібіндегі шешуге қажет 
мәселелер: Қазақстанның мемлекеттік қызметін Меритократия, Адалдық және 
Тиімділік принциптері бойынша жаңарту, адам ресурстарын дамыту, білім беру 
орындарының бизнес орталықтарына айналуын тоқтатып оқушылардың білім 
деңгейін көтеру, ғылым және жоғары оқу саласындағы қызметкерлердің 
жалақысын жоғарылату. Әрине, ауқымды және өте маңызы зор мақсаттың бірі 
– қоғамның саяси жүйесін жетілдіру және қоғамның саяси мәдениетін 
жоғарылату болып табылады. 
Еліміздің алдына қойған маңызы орасан зор міндеттердің бірі – отан сүю, 
патриоттық тәрбие беру жұмысын қоғамның даму рухына айналдыру. 
Отаншылдық, ұлтжандылық өз ұлтының болашағы үшін еңбек ету әрбір саналы 
азаматтың қасиетті борышы екендігін естен шығармағанымыз жөн. Егеменді 
елдің негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады, біздің 
келешегіміз жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты.
Жалпы алғанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы халық өмірінің 
жоғары стандартына, демократия мен азаматтық қоғам орнатуға бағдарланған 
тұрақты да серпінді өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік дамушы мемлекет 
ретінде танылады. 
ХХІ ғасырдың басында белсенді сыртқы саясат жүргізуінің арқасында 
Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өз орнын алды, жас мемлекетке шетелдік 
тәжірибе мен инвестициялар тартылды. Қазір Қазақстан басқаларға реформалау 
тәжірибесін үйренетін, ал өзі басқа елдерге капитал инвестициялап отырған 
елге айналды деп толық сеніммен айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет