Саясаттану



Pdf көрінісі
бет37/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси қозгалыстар мен 
қогамдық үйымдар
113


ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бүл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп 
болады:
1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе 
алмайды. Сондықтан өзі сияқты пікірлес, көзқарастағы адамдармен топтасады;
2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп 
болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан 
онда «Бірлік» деген үйым қүрылса, Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол 
уақытта «Парасат» деген үйым дүниеге келді;
3) үлттық мәселелердің оңды шешілмеуі әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда 
«Азат», «Желтоқсан» қозғалыстары солай туындаған болатын.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық үйымдар да адамдардың мүдделерін 
іске асырудың қүралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай үйымдар 
мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың 
мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық үйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар 
үйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар, әр түрлі 
ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық
қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық үйымдар арқылы миллиондаған 
адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай қүрылған үйымдар. Бүған алдына саяси 
мақсаттар қойған үйымдар жатады.
2. Экономикалық мүддесіне қарай қүрылған үйымдар.
3. Таптық белгісіне сай үйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4. Қызмет түріне қарай қүрылған үйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, 
денсаулық сақтау, үлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).
Көпшілік үйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні - кәсіподақтар. 
Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін 
адамдарды біріктіретін қоғамдық үйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге
114


түңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар 
өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің 
әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жүмыскерлер бірігіп, 
үйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар 
олардың еңбегі мен түрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі
қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің 
экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның 
өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, 
еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге 
көмек-теседі.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - «Халық 
майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың 
барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге 
бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық қағидалардың 
негізінде қүралады және жүмыс істейді. Онда қатал айқындалған үйымның 
түрі мен мүшелігі болмайды. Оның қүрамына қалың бүқара халықтың 
мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. үйымдар 
да кіруі мүмкін.
Х алы қ майдандарының келесідей түрлері болады:
1. Қоғамда батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, 
қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда бодған үрдісті халық майдандары 
дейді. Бүған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде үлттық азаттық алу 
барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін 
әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының 
өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.
2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси 
билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің 
бастауымен қүрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да 
пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық
негізде қалыптасқан халық майдандары осы ғасырдың, 30-жылдарында
капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге
қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936
жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бүл
115


елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық 
майдандары бүқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға 
қарсы күреске жүмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 
фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары 
асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз 
айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны 
қорғауда да айқын көрінді.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен үйымдар 
баршылық. 
Алдына 
қойған 
мақсаттарына 
қарай 
оларды 
былайша 
топтастыруға болады:
1) экологиялық бағыттағы үйымдар. Оларға енетіндер: «Невада-Семей» 
қозғалысы, 
«Арал-Азия-Қазақстан» 
халықаралық 
қоғамдық 
комитеті, 
«Табиғат» комитеті және т.б.;
2) үлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат» 
азаматтық қозғалысы, 
славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» 
қозғалысы, 
«Русская 
община», 
«Единство», 
қоғамдық 
бірлестігі, 
республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, үйғыр, грек, кәріс және т.б. 
мәдениет орталықтары, «Қазақ тілі» қоғамы;
3) тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және 
т.с.с;
4) әлеуметтік талаптар қойған үйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», 
«Жерүйық», «Щаңырақ» және т.б.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси партия дегеніміз не?
2.Қоғамдық-саяси үйымдардың партиялардан айырмашылығы неде?
3.Партияның негізгі қызметтері.
4.Қазақстандағы көппартиялылық туралы не білесіз?
Әдебиеттер:
1. 
Юдин Ю. Политические партии и право в современном государстве. М., 
1998 
116


2. Булуктаев Ю.О. и др. Политические партии Казахстана. Справочник. 
Алматы,1998
3.Абайдельдинов Е.М. Политико-правовая история. Часть 1. А.,1999
4. Казахстан этапы государственности А., 1997
5. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2000
6. Политология: Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А., 1993
11- Дәріс Саяси режимдер
Сабақтың мақсаты: Студенттердің саяси режим және оның типтері 
туралы түсініктерін қалыптастыру,
Сұрақтар:
1. Саяси режим ұгымы, типтері.
2. Антидемократиялық саяси режим ұгымы, оның түрлері.
3. Демократиялық саяси режим.
Саясаттанудағы негізгі, әрі күрделі мәселелердің 
бірі - саяси билікті жүргізу түрі мәселесі. Бүл саяси 
режимге тікелей байланысты. Саяси режим - елде 
саяси өмірді анықтайтын мінез қүлық, саяси бостандықты көрсету деңгейі 
және билік органдарының қүқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы 
саяси өмір сүру тәсілі. Жалпы режим терминін екі мағынада қолдануға 
болады. Бірінші, саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал 
оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп 
түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, 
азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері
демократиялық институттарды қолдану деп көрсетуге болады.
117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет