Саясаттану


Демократияның қазақстандық



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Демократияның қазақстандық 
моделін қалыптастыру
130


етіп, өңірлік көшбасшыға айналған елімізде бірқатар шаралар жүзеге асырыл- 
ды: үкімет мүшелерінің кандидатураларын талқылау; әкімдердің, халық 
алдында есеп беруі; сайлау заңнамасын жетілдіру; судьялар мәртебесін көтеру.
Саяси жаңғыру - бұл саяси жүйенің әлеуметтік мақсатта- 
рының жаңа түрлеріне тұрақты және сәтті бейімделудің арта 
түсуі әрі қорларды бақылау ғана емес, сондай-ақ үкімет пен 
халық арасында тиімді сұхбат жүргізу үшін арналарды 
қамтамасыз 
ететін 
жаңа түрдегі 
институттар 
құру. 
Жаңғырудың 
жолдары 
мен 
тәсілдерін 
талдауда 
зерттеушілер алдында мынадай сұраулар тұрды: мемлекеттік билік, саяси 
партиялар, басқа да саяси институттардың экономикалық, әлеуметтік және 
мәдени ілгерілеуге неғұрлым тиімді мүмкіндік туғызуы үшін қандай саяси 
жүйені құру керек? Қоғамды басқарудың демократиялық тәсілдерін енгізу 
үшін саяси құрылыста қандай өзгерістерді жүзеге асыру қажет? Бұл 
сұрауларға жауап іздеудің негізгі мәселесі «қазіргі заманға дейінгі» қоғамнан 
«казіргі заманғыға» өтпелі кезеңнің саяси жүйесіне талдау жасау болып 
табылатын саяси жаңартудың тұжырымдамасы пайда болғаны заңды да.
Ауқымды әлемдік қоғамдастыққа кіру қажеттілігіне тап бола отырып, 
посткеңестік мемлекеттер жаңарту жолына, яғни, негізінен, батыстық 
дамудың 
қарқындары 
мен 
стандаттарына 
бейімделген 
әлеуметтік- 
экономикалық және саяси өзгерістер жолына түсті.
2007 жылы Қазақстанда елдің саяси жұйесін мұнан әрі қарай жаңарту 
тұжырымдамасына негізінен сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды. 
Біріншіден, 2007 жылдың 28 ақпанында Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан» - атты Қазақстан халқына жолдауында елдің әрі 
қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан-жақты жедел жаңғырта 
жаңарту жолын атады. Екіншіден, 2007 жылдың мамырында Қазақстан 
Республикасының Конститутциясына саяси алаң мен саяси ойын ережесінің 
пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Үшіншіден, 
2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Мәжілісіне өткізілген сайлау елдің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің 
басталғандығын белгілеп берді. Парламенттің төменгі палатасының құрамы 
пропорционалдық сайлау жүйесі 
арқылы 
«Нұр 
Отан» 
партиясымен 
жасақталды, бұдан өзге, Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халқы 
Ассамблеясынан сайланады. Соған сәйкес, бүгінде төменгі палата құрамы 107
131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет