Саясаттану


Қазақстан  Республикасының



Pdf көрінісі
бет53/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Қазақстан 
Республикасының 
жаһандану үрдісіндегі 
орны
153


жағдай жасау керек дейді. Ал соңғылары осы ұйымдарға әлемдік саясатқа 
ықпал ете алатындай шынайы билікпен қамтамасыз ету керектігін алға 
тартады. Дәлірек айтсақ, мәселе мынандай әлемдік институттар туралы бол- 
мақ: Әлемдік қазыналық, Бүкіләлемдік азық-түлік ӘкІмшілігі, Бүкіләлемдік 
минералдық ресурстар агенттігі, Бүкіләлемдік технологиялық даму әкімшілігі.
Демократиялық-либералдық құндылықтар жоғары дамыған 
егеменді 
елдерде қазіргі уақытта азаматтыққа қатысты құқық негізінен екі жол арқылы 
анықталып келеді. Біріншісі, «жер құқығы», екіншісі «қан арқылы құқықтық» 
анықтау. Алғашқысы сіз сол елдің аумағында дүниеге келсеңіз болғаны. Бұл 
жағдайда тұлға автоматты түрде сол елдің азаматтығын алады. (Мысалы 
АҚШ, Франция, ¥лыбритания т.б.) Екінші жағдайда тұлға сол елдің азаматты- 
ғын алу үшін қан арқылы дәлелдеу керек. (Германия, Израиль, Испания, 
Бельгия).
Жаһандану жағдайындағы саяси қауымдастықка мүшелікке қабылдау 
мәселесіне байланысты либерализациялық тенденциялар жаңа «мультимәде- 
ниеттік азаматтық» тұжырымдамасын тудырады. Бұл тұ-жырымдаманың мәні 
бір белгілі мемлекеттің азаматтығын алу бұрынғыдай қатал ұлттық-мәдени 
құндылықтармен өлшенбейді. Мысалға, тұлға өзі мұсылман бола тұра испан- 
дық немесе британдық болуы мүмкін. Қорыта айтқанда мәдени ымырашыл- 
дық саяси ымырашылдыктың бұзылмайтын шарты ретінде қарастырылмайды.
Жаһандану процесінде егемендік идеясына әсер етуші факторлардың бірі - 
ол трансұлттық компаниялар қызметі. Әрине трансұлттық компаниялар 
әлемдік саясатпен басқа да салада өз орны мен беделі бар ірі державалардың 
иелігінде екені ешкімге де құпия емес. Мысалға алатын болсақ медиа және 
шоу-бизнес саласында қызмет етіп жатқан трансұлттық компаниялар (Т¥К). 
Олар тек өз елінде ғана емес өзге егеменді мемлекетте де қызмет етеді. 
Соңғылары сол Т¥К- ларға өзінің инфрақұрылымдарын беру арқылы олардың 
қызметіне толық мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар шоу бизнесті жүргі- 
зуші капитандар сол алдыңғы қатарлы мемлекеттің қаржы-экономикалық 
элитасының бір бөлігі болып табылады. Американдық медиаимперияның 
қожасы саналатын Тед Тернердің жылдық айналымдағы қаржысы 26 млрд. 
доллар. Енді сол концерннің құрамына кіретін телеарналарға келетін болсақ
олар - СКЫ, ТОТ Саstlе Rоск телеканалдары, журналдар - Т іте ҒогШпе, ірі 
дыбысжазу компаниялары - Warner Еіекга мен Айапгіс. Ал ақпараттық салада 
тағы да Солтүстік алға шығып отыр, оған дәлел олардың штаб-пәтерлері 
барлығы да соларда орналасқан. Нақтырақ айтатын болсақ 44 штаб-пәтердің
154


бесеуі Канадада, қалғаны АҚШ-та, 28-і Батыс Европада, сегізі Жапонияда, 
біреуі Австралияда орналасқан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жаһандану процесінің заман шындығы 
екенін қазақ қоғамына ескертіп келеді. Ғасырлар бойы армандаған егемендікке 
қолымыз енді ғана жеткенде осы егемендікті қадірлей білу керек. Елбасы 
Қазақстан халқына жылдағы жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөліп 
келеді. 2008 жылғы 8 ақпандағы жолдауында Елбасы «Тәуелсіздік 
жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық қанды мүшесі болды, 
оның бастамалары мен тәжірибелері іс жүзінде әрқашан кең қолдау тапты 
және нақты іс жүзіне асырылып келеді» деп айтқан болатын.
Елбасы Н.Ә. Назарбавтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты 2014 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы 
«Мәңгілік Ел» құру сияқты биіктікті бағындыруды негізгі шарт ретінде 
қабылдап, әрбір қазақстандықтардың алдына осындай асқақ мақсаттарды 
қойып отыр.
«Мәңгілік Ел» республика жұртын биік белестерді бағындыруға 
жұмылдыратын жалпыұлттық идеяға айналып отыр. «Мәңгілік Ел» - Қазақ- 
стандағы демократиялық құрылыс ауқымында билік үшін күресетін барша 
саяси күштерді ұйыстыратын ортақ тұғырнама. «Мәңгілік Ел» - барша 
қазақстандықтардың 
бойына 
азаматтық 
патриоттық 
сезім 
ұялататын 
идеология. «Мәңгілік Ел» - елдігімізді баянды ететін стратегия, оның өзегі -
мемлекеттік тіл, қазақ тілі.
«Мәңгілік Ел» идеалды идеядан өмірлік шынайылыққа айналуы үшін 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қажыр-қайратын аяған жоқ, қоғамдық келісім мен 
саяси тұрақтылықты сақтауды ешқашан да күн тәртібінен түсірген емес. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей ұйым құрып, бейбіт өмір 
сүрудің теңдесі жоқ үлгісін төрткүл әлемге паш етті.
155


Жаһандану процессінен оқшауланып қалу мүмкін емес, өйткені ол 
объективті шындық. Осы жағдайда дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
жақсы дәстүрлерін өзіміздің саяси өмірімізде тек дұрыс қолдану арқылы 
егемендігімізді баянды ете аламыз.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Сыртқы саясат түсінігі.
2. Халықаралык қатынастар түсінігі.
3. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Әдебиеттер:
1. Кенжебаев С. Саясаттану негіздері. А., 1999
2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А., 2000
3. Политология: Учебник //Под ред Т.Т. Мустафина. А., 1993
4. Назарбаев Н Еуразия жүрегінде Алматы,2 005
5. Панарин А.С. Политология. М, 1997
4 Студенттің өзіндік жұмыстарды орындаудағы әдістемелік нұсқау
Саясаттану ғылымының басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны 
ерекше. Өйткені саясат адамзат тарихында негізгі роль атқарады. Саясаттың 
қыр-сыры, құбылмалы құбылысы бір қарағанда жеңіл болғанымен ғылыми 
тұрғыдан талдауда аса күрделі. Ол үшін алдымен «саясат», «саясаттану» 
туралы ұғымдар мен түсініктерді онын ережелері мен заңдылықтарын еске 
қатаң сақтау кажет.
Саяси білімді алуда жоғарғы оқу орындары студенттері оқытушының 
бергенін қабылдап қана қоймай, өздік ізденістерді түрлендіріп отыруымен 
байланысты. Ондайда әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алғаны абзал. 
Мұндай талаптар саясаттанудағы мәселелердің жаттығулары мен пәннің 
оқытылу міндеттерін шешуде қолданылса және ол теориялық білімді 
толықтыруға көмектесері де сөзсіз.
Студенттердің бағдарламалық материалдарды меңгеруіне қарай өз білімі
мен біліктілігінің бағасын алады. Егер студент ауызша немесе жазбаша
сұрақтарға толық жоғары деңгейде жауап берумен бірге өздігінен ізденген
материалдар көмегімен тұжырымы нақты болса, онда «өте жақсы» деген баға 
156


қойылады.
Жауап берушінің сұрақтарға немесе өз тарапынан атқарылар жұмыс деңгейі 
саяси-ғылыми талаптарға сай келгенімен, жіберілген қателіктерін түзеу 
арқылы көрсеткен білімі «жақсы» деп бағаланады.
Ал «қанағаттанарлық» деген баға студенттердің білімдік-танымдық жауабы 
толық болмаған жағдайда қойылады. Егерде студент берілген тапсырмаларды 
орындауда ешқандай белсенділік танытпаса онда білім негізі бағаланбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет