Саяси билік “Алаш зиялылары” тобы



бет2/3
Дата21.03.2024
өлшемі343.36 Kb.
#496269
1   2   3
634784.pptx

Саяси биліктің
ерекшеліктері
Саяси биліктің әдіс-құралдары бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы:
сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат
жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне
сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына
келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт
"Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс
пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер,
пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар.Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір
сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі,
абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікт
і құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі
жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады.
Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар
елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және
мемлекеттік құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде
шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.
1.
3.
2. Орта
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып,
жұмыс істейді.
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару
мақсатында, мемлекеттік
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш
тармакқа бөледі. Оның
негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)
пен француз ғалымы
Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік
заң шығарумен,
Атқарушы билікке
үкімет
Сот
адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды,
Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны
жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар
белгілермен өзгешеленеді.
  • Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар

  • әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге
    бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және
    институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық
    көрсетілмеген) биліктің түрі.
    2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.
    3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік,
    ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен
    одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.
    4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық,
    т.с.с. болып топталады.
    5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз
    көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.
    6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.

Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект” деген ұғымдар бар.
“Объект”- өзгертуші, “субъект” – іс-әрекетті жасаушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет