Саяси партиялар және партиялық жүйелер


"Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы



бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі424 Kb.
#128995
1   2   3   4   5

"Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы

Бұл партияның қүрылтай съезі 2003 жылы 5 сәуірде өтті. Ол сол жылы 6 қазанда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Партия қатарынды 5300 мүше бар деп жарияланды. Оның 65 пайызы әйелдер болды. Өз қызметінде бұл партия бюджеттен қаржыланатын сала қызметкерлері мен ғылыми, мәдени, техника саласының өкілдеріне және студенттер мен әйелдерге сүйенетіндігін мәлімдеді. Бұл партия " Дәуірлеу" партиясының мұрагері болды. Өйткені бұл аталған екі партияның басшылығында да Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова болды. "Руханият" партиясы үшін басымдылық болып табылатын мәселелер: қоғамның аз қорғалған бөлігі - негізгі рухани байлықты жасаушылар - мәдениет ғылым, білім, денсаулық саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау.



«Әділет» демократиялық партиясы

2004 жылы 29 сәуірде "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы негізінде құрылып, 14 маусымда тіркеуден өтіп, өзінді Қазақстанның демократиялық партиясы деп жариялады. Партия қатарында 70000-нан астам мүше бар. Мақсаты - азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы топтасуы деп санайды. ҚДП-ның төрағасы - Мақсұт Нәрікбаев тағайндалды. 2004 ж. өткен мәжіліске сайлауда партия 0.76% дауыс жинады.2005 . өткен Қазақстан Республикасына Президент сайлауында ҚДП Қазақстанның Халықтық коалиция құрамында қатысты.

2006ж. 14 сәуірде партияның 4 съезінде ҚДП-ның атауың «Әділет» демократиялық партиясы атауына өзгеруіне ұсынысы қабылданды. Партияның төрағасы орнына тең төрағалар институты енгізілді. Құрамына М.Нарикбаев, З.Алшимбаев, Б.Ахмеджан, Е.Онғарбаев, Т.Сыдыхов кірді.

2007 ж. 8 шілдеде «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде «Ақжол» ҚДП-сына қосылу туралы шешім қабылдап, бірақ 2007ж. 20 қазаныңда 6-ші (кезектен тыс) съезінде бұл шешімнен бас тартты.


Қазақстанның коммунистік халық партиясы (ҚКХП)

Партия Қазақстанның коммунистік партиясы бөліну нәтижесінде пайда болды. 2004 ж. 21 маусымда ҚКХП мемлекеттік тіркеуден өтті. Партияның саңы – 127431 адам. ҚКХП-ның төрағасы – В.Б.Косарев тағайндалды. Құрылтай съезі 2004 ж. сәуір айында өтті. 2007 ж. өткен мәжіліске сайлау нәтижесінде партия 1,98% дауыс жинап, парламентке өте алмады. 2005 ж. өткен Президент сайлауларында партиядан Президентке үміткер редінде мәжілістің депутаты Е.Абылқасымов ұсынылды.



«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы («Азат» ЖСДП)

«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде 2006 ж. 10 қырқүйегінде ЖСДП құрылды. 2007 ж. 25 қантарында тіркеуден өтті. 2009 ж. 24 қазаныңда «Азат» демократиялық партиясымен қосылып «Азат» ЖСДП деп аталды. Партияның саңы – 90000адам. 2005 ж. өткен Президент сайлауларында партиядан Президентке үміткер редінде Ж.Тұяқбай ұсынылды. 2007 ж. өткен мәжіліске сайлау нәтижесінде партия 4,54% дауыс жинап, парламентке өте алмады. Партияның төрағалары – Ж.Тұяқбай және Б.Абилов, орынбасары – А.Қосанов.

Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар. Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құралады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
4 Тақырып. Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Жоспар:

1) Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі;

2) Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі;
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым -қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады;

2) Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар;

3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы);

4) Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні -кәсіподақтар. Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еқбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып,солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бүл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жүмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды "жауапты" кәсіпорын дейді.

Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды, мұндай кәсіподақтарды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді. Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:

1) Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы;

2) Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау;

3) Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, үкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде, солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында болғанда пайда болады.

Қоғамдық ұйымдар белгілері:

1) Мүшелердің еріктілігі;

2) Анық мақсат қоюы;

3) Салыстырмалы ірі бірлестіктің болуы;

4) Жарғының болуы;

5) Өз бетінше басқарылуы;

6) Басқару органдары сайланады;

7) Қажетті материалдық негіз;

8) Билікке ұмтылмайды.
Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі, түрлері

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:

1) Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;

2) Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзеңдегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым қүрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді;

3) Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолындағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтың талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:

1) Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;

2) Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы;

3) Дамыған жұмыс кезеңі;

4) Саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құралады және жүмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынандай түрлері бар.

Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар 20-ші ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және сүйенген үкімет боп елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизммен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

Бейресми бірлестіктер жастардың, студеттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

Олардың ішінде қоғамдық саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би, және т.с.с. төңірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына «Металистер», «Фанаттар», «Панкілер», «Хиппилер», «Роккерлер», «Брейкерлер», «Пацифистер» және т.с.с. жатады.

Қазіргі уақытта мынадай саяси қозғалыстар бар:

1) Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту;

2) Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте-бірте реформалауды мақсат етеді;

3) Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі;

4) Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттің капитал мүддесіне бағынуы, қызмет етуі, жеке-дара белсенділікті, әлеуметтік-теңсіздікті қолдау, дәстүрлі моральдық мұраттарды дамытуды көздейді;

5) Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар - қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессивті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

1 кесте - Қоғамдық саяси қозғалыстардың түрлері



Негіздері

Сипаты

Өмір сүрген құрылысқа қатынасына

Консервативті, реформаторлық, революциялық, контрреволюциялық

Таптың белгісі бойынша

Топтық (жұмысшылар, шаруалар, буржуазиялық), топаралық (ұлтазаттық, антифашисттік т.б.), топтан тыс (зиялылар т.с.с.)

Ұлттық белгісі бойынша

Ұлтазаттық, ұлттын өзін-өзі сақтау

Демографиялық белгісі бойынша

Жастар, студенттер, ардагерлер т.с.с.

Ұйымдастыру деңгейі

Стихиялы нашар ұйымдасқан, жоғары ұйымдасқан

Көлемі жағынан

Халықаралық, аймақтық, елде, штатта, республикада

Әдістері, қызметі

Ашық немесе жасырын формальді, бейресми



5 Тақырып. Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Жоспар:

1) Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері;

2) Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері

Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.

1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.

Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың уставын тіркеу Республикада Әділет министрлігінде жүргізіледі. Бұл процедура бірлестіктерге мемлкеттік қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен қарым–қатынаста, сондықтан оған кіретін азаматтар арасында шектеу орнатады. Бірлестіктерге заңды құқық береді. Қоғамдық бірлестіктер деп–азаматтардың өз еркімен, олардың тілегі негізінде құырлған ұйымдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы аумағында саяси партиялар, көпшілік ұйымдар, кәсіподақтар, әйелдер, арагерлер, ғылыми, техникалық, жастар және балалар ұйымдары, мәдени–ағартушылық т.б. ерікті қоғамдар, шығырмашылық одақтар, жерлестер, қорлар, ассоциациялар–қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық ұйымдардың партиядан айырмашылығы олар бірінші орынға саяси мәселелер қоймайды, саяси бағдарлама жасамайды.

Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.

Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.

Қоғамдық бірлестіктер құрылуы мен құқығы және қызметінің тоқтату шарты «Қазақ ҚСР–дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2,3 тарауларында баяндалған. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең құқықты. Олардың құқықтары жарғыларында белгіленеді. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің мақсаты мен қызметі жөнінде еркін хабар тарата алады, өз органдары арқылы өз инициативасын жүргізеді, өз мүшелері мен қатсушыларын көрсете біледі және олардың тілегін қорғай алады, сонымен қатар сол сияқты заңға қарсы емес уәкілдіктер жүргізе алады. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым–қатынас 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР конституциясы негізінде реттеліп отырылады. Мәселен, конституцияның 5–бабында «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарына, қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді» – делінген. Конституция нормаларын бұзуға бағыттлаған мақсаты мен қимыл көрсеткен қоғамыдық бірлестіктерді құруға немесе қызмет істеуге рұқсат етілмейді.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;

2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;

3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.

"Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

"Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

"Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста.

"Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.

Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.

Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.



"Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.



"Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет