Қазақстанның Егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. «Қазақстанның социалистік партиясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік партиясы). Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы – А. Әлімжанов, кейін П. Своик. Мақсаты:
Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау.
Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын орнату.
Меншік түрлерінің теңдігін қорғау
«Қазақстанның коммунистік париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақсаты:
Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату.
Коммунистік идеяларға адалдық.
«Қазақстанның Республикалық партиясы» (ҚРП) Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде құрылды. Төрайымы – С. Ақатаев. Мақсаты:
Қазақ ұлтын өркендету.
Ұлттық-этникалық топтарды жан-жақты дамыту.
Ұлттық-патриоттық күштерді біріктіру.
«Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазанда құрылды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты:
Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.
Ұлттық саяси күштер құру.
ҚХК партиясының атқарған жұмыстары:
Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлауда белсенділік таныту.
Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын бекіту мәселесін шешу.
Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару реформасы тұжырымдамасының (концепциясының) заң жобасын талқылау.
«Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қарашада құрылды. Төрағасы – А. Докучаева. Мақсаты:
Экономикалық бостандыққа жету.
Құқықтық мемлекет құру және адам құқығын қорғау басымдылығына жету.