Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет2/78
Дата10.09.2024
өлшемі226.13 Kb.
#503535
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7


  1. Тақырыптардың жоспарлары, дәрігерлік ойлауды қалыптастыру маршруттары/План занятий, маршруты раскрытия врачебного мышления . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8


  1. Клиникалық жағдайлар/ Клинические ситуации . . . . . . . . . . . . . . 21


  1. Әдебиет/Литература . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 106


КІРІСПЕ

ЖДП интерндері – болашақ жалпы дәрігерлік практика маманы – өз кезегінде оқу стандартына сай білімнің қажетті көлемін, біріншілік медициналық-санитарлық көмектің іс-шараларын игеретін маман. ЖДП дайындау үрдісі маманның білімі мен дағдысын қажетті бағытта дамытуды міндеттейді. Ішкі аурулар пәнін игеруде тек оқулықтар, жетекші құралдар ақпараттарының жеткіліксіздігін өмір көрсетіп отыр, себебі оларда ақпараттық топтамалар теория түрінде беріледі. Жеке науқастарға бағытталған, дағдыға машықтануды қалыптастыратын ақпараттар жеткіліксіз.


Оқу құралында пульмонологияның негізгі тақырыптарын классикалық ойлау жолымен ашуға құрылған сұрақтар, тұжырымдар жоспарлары жасалып, берілген. Олар синхронды екі тілде берілген. Жоғарғы оқу орнынан кейін білімін жетілдіру институттары мен факультеттерінде силлабус құрылатыны белгілі, онда тақырып жоспарын ашып беру мүмкін емес. Сондықтан негізгі синдромдардың диагноздық алгоритміне үйрететін бұл жоспарлардың дәрігерлік ізденіс ойлауын қалыптастыруда маңызы зор.
Аталмыш оқу құралында бағдарламадағы тақырыптарға қатысы бар нозологиялық бірліктерді танып білу реттілік-тәсілдері қолданылған: жетекші симптомдарды және синдромдарды ажырата білу; соның арқасында диагноздың негізі және дәлелі – синдромдарды негіздеуді, олардың ерекшеліктерін екшеу арқылы дұрыс диагнозды болжап, қажетті зерттеулерді ұйымдастырып, нәтижелерін интерпретациялаумен дәрігерлік тұжырымды нақтауды үйретеді.
Диагноздық алгоритм мен ем алгоритмін нәтижелі қолдану барысында қажетті деңгейлердегі /ІІІ,ІV/ шараларды игеруге баулитын клиникалық жағдайлар жинағы интерндерді дайындау барысында күнделікті қолдануға да, аралық бақылауларда сынауға да ыңғайлы.
Сонымен қатар, жағдайларды шешуде қолданылатын талдау, бағалау сияқты тәсілдер дәрігерлік ойлау қабілетін, яғни классикалық ойлауды дамытады. Оқу құралын тәжірибедегі дәрігерлердің де қолдануына да ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет