Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет57/78
Дата10.09.2024
өлшемі226.13 Kb.
#503535
түріСборник
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №27

48 жастағы әйел кісінің шағымдары: оң иық буынының ауырсынуы, құрғақ жөтел, әлсіздік. Иығының ауыруы алғаш 3 ай бұрын физикалық күштемемен байланысты мазалай бастаған, өздігінен ауырсынуды басуға тырысқан, бірақ ол күшейе түсіп, жөтел, әлсіздік қосылған.


Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, оң иық буынының қимыл көлемі күрт шектелген, пальпацияда ауырсынуы айқын, Горнер симптомы оң (птоз, миоз, энофтальм). Аускультациялық зерттеуде оң өкпесінің жоғарғы бөлігінде везикулалық тыныс әлсіреген.
Рентгендік көрінісінде: оң өкпесінің жоғарғы бөлігінің ұштық сегментінде диаметрі 4 см түйіндік түзілім, құрылымы біркелкі емес, кеуде сарайының қабырғасына жабыса орналасқан, ІІ қабырғаның артқы кесіндісінің 3 см деструкциясы, апикаль плевра қалыңдаған, біркелкі емес, онымен құрылған бұрыштар сүйір.






  1. Жетекшi синдромдары. Болуы мүмкін дерттер. Болжам диагнозы.

  2. Осы дерттің синдромдарының патогенезін зерттеңіз. Панкост ісігі мен синдромын ажыратыңыз.

  3. Тексеру жоспарын құрыңыз. Емделетін маманға жолдаңыз.

27. Жауаптары:


1. Жетекші синдромдары: өкпедегі түйіндік құрылым; плевраның зақымдалу; моноартралгия; ganglium cervicotoracicum s. stellatum зақымдану (жұлдызша тәріздес ганглийге ене өсу) – Горнер синдромы. Болуы мүмкін дерттер: Туберкулема? Пенкост рагі? Плевра ісігі? Өкпе ұшының сөмкеленген плевриті?


Болжам диагнозы: Панкост рагі. C34.1
2. Басқа аты – өкпенің жоғарғы сайының ісігі; ісік келесі құрылымдарға ене өседі: v. Brachiocephalica, a. Subclavicularis, №. Phrenicus, №. Laryngeus recurrens, n. Vagus, ganglium Сervicotoracicum s. stellatum, осыған байланысты сәйкес синдромдар мен клиникалық көріністер дамиды. Ісік плевраның күмбезі арқылы иық өріміне ене өссе, иық буынының ауыруы мен қимылының бұзылыстары дамиды. Панкост синдромына келесі белгілер тән: зақымдалған жағындағы білегінің және қол басының әлсіздігі, жауырын астының, иығының, қолтық астының, төс бұлшық етінің (грудная мыщца) ауырсынуы.
3. Клиникалық кешендік зерттеуде рентгендік тексерулердің диагноздық мәні жоғары: жалпы шолу рентгенораммасы мен КТ. Онкологиялық орталықта емделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет