Сценарий «Қатыгездік қайдан шығады?»



Дата15.03.2024
өлшемі17.5 Kb.
#495751
түріСценарий
Қатыгездік қайдан шығады


Сценарий
«Қатыгездік қайдан шығады?»

Сәлем сөздің анасы! Сәлеметсіздерме!


(Н) - «Барлық қылмыстардың ішіндегі ең сорақысы – жүрексіздік»-деп Конфуций айта келе, бүгінгі біздің «Қатыгездік қайдан шығады?» атты өзекті тақырыптардың біріне айналған ашық алаңға қош келдіңіздер!
(Б) - Бүгінгі біздің ашық алаңда өзекті мәселелердің талқылануы, өз істерінің маманы болған, қоғамға өз үлестерін қоса білген жандармен өткізгелі тұрмыз. Ендеше, ортамыздағы қонақтарды таныстырып өтсек, «Жаңаөзен қалалық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухашева Райыс Сарсенқызы, «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі түлегі, қазіргі таңда №9 орта мектеп директоры Базаров Нұржігіт.
(Н) – Колледж инспекторы Ержан Асқарұлы, «Ата-аналар комитеті» төрайымы Айгүл Зияддинқызы.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының жүргізушілері Ботакөз Мұңалбайқызы, Нұрдана Асқатқызы.
Бүгінгі біздің ашық алаңға ат салысуға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Жалпы бүгінгі ашық алаңға берілген уақыт саны шектеулі, сондықтан барынша бүгінгі тақырыбымызды нақты әрі анық жеткізе білсек...
Біздің тақырып «Қатыгездік қайдан шығады?», яғни қатыгездік дегеніміз не? Ол қайдан шығады? Осы тұрғыда өз ойымызды бір-екі ауыз сөзбен түйіндеп кетсек.
«Қонақтар»
(Б) - Иә, өте орынды. Психологтардың пікірінше қазіргі таңда бала тәрбиесіне деген жұмысбасты ата-аналар тарапынан көп көңіл бөлінбегендіктен балалар көбіне қоршаған ортадан, әлеуметтік желіден тәрбиеленеді. Осы орайда бейнероликке назар аудара кетсек... «видео»
(Н) - Бұл бейнероликтегі балалар арасындағы бір-біріне деген әлімжеттік, қатыгездік делік жағдайлар мектептеде кездесіп жататыны анық. Осындай жайттар мектеп қабырғасында орын алып, жұмыстанған кезең болдыма Нұржігіт мырза?
(Б) – Сөзіңіздің жаны бар, Айгүл ханым осындай жайттарда балабақша, мектеп н/е басқада қоғамдық жерлерде ата-ананың рөлі қандай? Ата-ана баласын қатыгездікке тәрбелемейтіні анық деп ойлаймыз?!
(Н) – Пікіріңізге рақмет. Бірақ, мен осы орайда 4 түрлі отбасы тәрбиесі туралы айта кетсем, 1-ші қабылдамау – егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, сүю болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. 2-ші гиперсоциалды – мұндай ата-аналар – «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе ұйықтатады. Келесі қорқақ-секемшіл – бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Және эгоорталықты – бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болатындығы байқалады. Және осындай отбасында тәрбие алған балалар кейде буллинг құрбаны немесе суицидке ұласып жатады. Назар аударсақ, бұл жерде ҚР суицид, буллинг туралы статистика көрсетілген, яғни...
Статистикада көрсетілген адам саны әлі күнге дейін жалғасын табуда. Ал, бұл жағдайлардың өршуі отбасыға тікелей байланысы бар деген шешімдеміз. Жастайынан отбасында зорлық-зомбылықты немесе ішімдікке салынған ата-ана жанында өсу т.б. болашақ үшін маңызы зор. Өйткені, Жүсіпбек Аймауытов атамыздың өзі айтқандай «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге» деген екен. Осы орайда отбасылық юрист Райыс Сарсенқызына сөз берсек. Отбасынан алған тәрбиенің қатыгез адам немесе буллинг құрбаны болып шығуына қанша пайыз маңызы бар?
(Б) – Ержан мырза 2023-2024 жылда біздің аймақта қандай өзгерістер орын алуда? Қатыгездік, әлімжеттік және зорлық-зомбылық 2023ке қарағанда 2024 жылы қаншалықты азайды немесе өршіді? Сіздерге келіп тіркелген осындай жайттар кездестіме ?Ондай жайттар қандай себептер бойынша тіркелді, айтып өтсеңіз.
- Заң бойынша оларға қандай шара қолдандыңыздар?
Қатыгездер қайдан шықты ағайын?
Толып кетті оңым, солым, маңайым.
Ес жиғанша басып кетті арам шөп,
Тағы тарттық бейғамдықтың сазайын.
Қорыта келе, Қатыгездік – зұлым ойдың және көбінесе қорқақ жүректің жемісі деген Ариосто.
(Н) - Сонымен қатар, Әлішер Науаи атамыздың керемет бір сөзімен түйіндесек, «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына». Біздің сіздерге деген жылы лебізімізді білдіре отырып, сіздерге дайындаған кәде-сыйымызды қабыл алыңыздар. Бұл кітап сөреңізде емес мәңгі жадыңызды сақталып жаныңызда шынайы досыңыз болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет