Сценарий Балабақша мен мектептен, кейін жоғары оқу орындарында өтетін 22 наурыз мерекесіне арналған сценарийлер легін жалғастырамыз!



Дата25.02.2016
өлшемі57.01 Kb.
#24704
22 наурыз мерекесі сценарий

Балабақша мен мектептен, кейін жоғары оқу орындарында өтетін 22 наурыз мерекесіне арналған сценарийлер легін жалғастырамыз!



ЖОО-лардағы 22 наурыз мерекесіне арналған сценарий

  1. Көрініс.

Сахнада қаланың әдеттегі шулы даусымен төрт студент тұрады. Көріністе «Сайран» автобекетінің алдындағы оқиға бейнеленеді. Әртүрлі студенттік қызықтарын айтып тұрған жастардың бірі ортаға қарай тұрып:

Өздерінің досы – Шапағат есімді жігітті көлікке отырғызып, ол көлік терезесінен қол бұлғап кете барады. Достары:


Бұдан кейін көліктердің даусы шығады да, төрт досы кері қарай құшақтасып қайтып бара жатады.




  • Достарым! Шығарып салғандарыңа көп рақмет!


  • Ал, бауырым! Ауылыңа жақсылап барып қайт. Наурыз мерекесі құтты болсын!

  1. Көрініс.

Сахнада қазақы киім киген ата, әже, келіні, баласы дастарханға айнала отырады.

Фонда «Тарту» тобының «Наурыз» күйі шертіледі.

Сол сәтте Алматыға оқуға кеткен немересі Шапағат киіз үй ішіне кіріп келеді.

Атасы:


Немересі:

Барлығы: атасы, әжесі, әкесі және анасы кезекпен Шапағатты құшақтап бетінен сүйеді.

Атасы:

Шапағат:
Атасы жан-жағына қарап:



Атасы бата береді:

Барлығы бетін сипап, әңгіме әрмен қарай жалғаса береді.




  • Оу! Құлыным келіпті ғой!

  • Ассалаумағалейкүм, ата!



  • Оқуың қалай, құлыным?

  • Жақсы, ата, «төрттік» пен «бестікке» оқыдым, шәкіртақыға ие болдым!

  • Көрдіңдер ме, менің немерем шәкіртақыға ие болыпты! Қолыңды жәй, балам!

  • Ұлыс бақты болсын,
    Әр күніміз жақсы болсын.
    Достығымыз берік болсын,
    Білім-өнер серік болсын!
    Ұлыс оң болсын!
    Ақ мол болсын,
    Қайда барса жол болсын!
    Ұлыс бақты болсын,
    Төрт түлігі ақты болсын,
    Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
    Жаңа жыл бақыт, малың тоқ,
    Уайым-қайғың жоқ болсын.
    Көген толы қозы,
    Желі толы құлын болсын.
    Өркенің өссін,
    Өрісің кенейсін.
    Ат жалын тартып мініп,
    Халқыңның қамын жегейсің.
    Құдай жарылқасын,
    Бай қылсын!
    Бақ қарасын!
    Қыдыр дарысын!
    Ғұмырың ұзын болсын.
    Дұшпаның қаша берсін. Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін!
    Үйіне қонақ қоңсы қонып тұрсын! Терісін бес биенің саба қылып, қымыздың жүз кісілік болып тұрсын! Әумин!




Осы кезде фанфар даусымен екі жүргізуші осы көріністің ортасына шығып, халықпен амандасады:

1 Жүргізуші:


2 Жүргізуші:
1 жүргізуші:

2 Жүргізуші




  • Ассалаумағалейкум, ардақты жұрт! Жыл басы – Наурыз құтты болсын!

  • Ар ма, қымбатты да қадірменді ұстаздар! Студенттер! Мерекелеріңіз құтты болсын дей отыра «Әз-Наурыз – жыл басы» атты салтанатты шарамызды ашық деп жариялаймыз!

  • Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
    Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
    Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
    Арманы асқақтады көптен бергі.

  • Жаңартып сана, салтымды,
    Қуантқан барша халқымды.
    Наурыз тойы – ел тойы,
    Ғасырдан асыр даңқыңды!

1 Жүргізуші 2 Жүргізушіге қарата айтады:

2 Жүргізуші:


1 Жүргізуші:




  • Туған жеріміздің, ауылымыздың түлектері қалаға оқуға келіп, әр мереке немесе демелыста ауылға асығатыны неліктен деп ойлайсың?

  • Дұрыс айтасың, студенттік өмір кешіп жатқан әрқайсымыз да өз туған жерімізді сағынып, ата-анамызды көруге асығатынымыз рас. Ал дәл осы наурыз мерекесін ауылда өткізу тіптен тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Мүмкін осы себептен де шығар?

  • Келісемін. Қаланың да, ауылдың да қазағы Наурызды өз дәстүріміз бойынша қарсы алып, салтымызды ұмытпағаны жөн!

2 Жүргізуші:

Ендеше, ортаға ... факультетінің студенті ... шақырамыз! «Наурыз – думан». Әні: Т.Сарыбаевтікі, сөзі: М.Мақатаевтікі!

«Наурыз думан» әні орындалады.

Университеттік би тобы билейді.



Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

 

Наурыз, наурыз күні игі,



Күні игі жердің түрі игі!

Бауыры жылып науат қар,

Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,

Күні игі жердің түрі игі!

Шашылып ырыс шанақтан.

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі!

 

Осынау игі кең жерге,



Наурыз айы келгенде.

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көрген де.

Келіп ем өмір-орманға,

Наурыз айы келгенде.



Ән аяқталған соң ортаға Шапағат пен атасы шығады.

Шапағат:


Атасы:

Шапағат:






  • Ата, бұл наурызды неліктен ұлыстың ұлы күні деп атайды?

  • Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

  • Ал наурыз сөзінің мағынасы қандай?

  • Бұл «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді, құлыным. Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше ды- быс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген екен.

Атасы мен немересі осылай әңгімелерін жалғап, сахнаның екінші жақ шымылдығына қарай кете береді. Осы кезде сахнаға жүргізушілер шығады.

1 жүргізуші:

2 жүргізуші:

1 жүргізуші:



Сахнаға түрлі ұлт өкілдері шығып, наурыз туралы өлең-жырларын попури орындайды.



  • Расында да, осындай көпті көрген ақсақалдарымыздың білімі мол ғой, солай ма?

  • Әрине, қазақтың білімі телегей қарттары аман болсын! Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бар.

  • Ендеше, университетімізде оқитын түрлі ұлт өкілдерінің наурыз туралы ән-жырына кезек берейік!

Соңында барлық қатысушылар сахнаға шығып, «Наурыз жыры» әнін орындайды.




Ескерту: қойылымдар арасында ән, би, (КТК) КВН, басқа да өнер көрсетушілерге орын беріп, жариялауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет