Сценарий Естияр тобы Шокенова Жанерке Болатовна



жүктеу 66.52 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі66.52 Kb.
Ана - өмір гүлісценарий
Естияр тобы


Шокенова Жанерке Болатовна.

Астана қаласы

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Академия» - МДББМ



Қатысушылар:
Жүргізуші-
Балалар-
Қуыршақ-

Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.

1 бала: Жігіттер мында не болып жатыр? МАНСҰР
2 бала: Неге ата-аналар жиналды екен? АБЫЛАЙ М.
3 бала: Бүгін не мереке ме? АЛИХАН Е.
4 бала: Арине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қайда? МҰСА
5 бала: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой. АНУАР
6 бала: Қыздар бұзық емес, олар ерке. ТАЙМАЗ
7 бала: Қыздар бізге керек. ДИМАШ
8 бала: Онда қыздарымыз қайда екен? СҰЛТАН
9 бала: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар. АНУАР
10 бала: Онда қыздарымызды шапалақтап ортаға шақырайық. АБЫЛАЙ М

Музыка әуенімен қыздар шығады. Ұлдар гүл ұсынып вальс билейді.

Жүргізуші: Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Аналар мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын, жүздеріңіз жарқын болсын! Балаларыңыздан шыққан жыр толқын, ән- билерін қабыл алыңыздар!
Теңдесі жоқ данасың, ИСМИРА 
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Сегізінші наурыз күнін, МҰСА
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.

Өмірге бізді келтіріп, ТОМИРИС
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын
Ешқашанда қимаған,
Көрмесін қайғы балалар
Аман болсын –Аналар!

Мерекені қарсы алып, АЛИХАН Е.
Мәз болғанда барша жұрт.
Гүл ұсынып қыздарға.
Береміз біз аналарға ән салып.
 
Шай ішетін қоюлап, АНУАР
Жақсы көремін апамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көремін анамды.

Менің әжем, бұл әже, КАРИМА
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әже.

Жанымызды жайнатқан, АМИНА
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.

Жүре берсін қасымда, СОФИЯ
Әйбәт анам, ай анам.
Ботам деген дауысың,
Мен мәз болып оянам.

 Біз доспыз гүлдермен, АБЫЛАЙ М.
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз құрметті көрермендер. 

ӘН: «Құттықтаймын анашым мерекеңмен!» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар, біз аналарымызды құттықтап тақпақ, ән айтамыз, би лилейміз ал анамыз туралы не білеміз?
Балалардың жауабы.
Жүргізуші: Барлықтарың аналарыңды жақсы көретіндерің көрініп тұр, ал енді аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
Балалардың жауабы.
БИ: «Көктем» 
Жүргізуші: «Әжесі мен Бағлан» атты көрініс тамашалаңыздар.
-Жүрегім кім менің? Не деген тәтті баласын өзің,
-Мен! Ой, қарғам, менің!
-Тірегім кім менің? –Жоқ, әже, қарғаң мен емес,
-Мен! Жоо... жоқ, қарғаң болмаймын,
-Жаным кім менің? Керегі жоқ ондайдың.
-Мен! Қарға қарқ-қарқ етеді,
-Сәнім кім менің? Алысқа ұшып кетеді.
-Мен! Қасында боп әрдайым,
-Ботақаным бағлан қозым, Мен ешқайда бармаймын!
Жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз құрметті көрермендер. 
ӘН: «Әже» орындайтын Аянат.
 Жүргізуші: Той тойға ұлассын! 
                        Жақсылықты тойлайық
                         Қуанышта болайық.
                         Аналарды қуантып,
                        Асыр салып ойнайық.
Ойын: «Мен ең сұлу анамын!».
Жүргізуші: Достар, біздің мейрамымыз жылдың қай мезгілінде болып өтуде? 
Балалар: Көктем мезгілінде.
Жүргізуші: Дұрыс достар.

Шомылып нұрға атырап, КАМИЛА
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Көктемнен жұпар шашылды.

Жүргізуші: Ендеше, достар, әсемде, керемет көктемді жайлы тақпақтарымызды айтайық. Тақпақ көктем туралы.

Ауа қандай, дала қандай әдемі, ИСМИРА
Көктем-көктем болармысың кәделі.
Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,
Туған жердің жасаруын береді.

Жапырақтар жайқалып, СҰЛТАН
Бақтар жасыл түске енді.
Тізбектеліп сән түзеп, 
Жылы жақтан құс келді.

Көктем, көктем көктемде, ДИМАШ
Күн күркіреп өткенде.
Нұр жаңбырды тосамыз,
Көктемді әнге қосамыз.

Көктем, көктем көктемде, АБДУЛЛА
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.]

Көгілдір аспанда, ЕРАЛЫ
Көк сеңгір тастарда.
Құлпырып жайнайды,
Жауқазын гүл ашқанда.

Өлен айтып би билер АЛИХАН Т.
Тойларына балалар
 Бағалаймыз еңбегін
 Аман болсын аналар!
 Қандай бала болмайық
Анамызға дәріміз
Көтерсінші көңілін
Ән салайық, би билейк бәріміз!

ӘН: «Ақ дидарлы анашым» қыздардың вокалдық тобының орындауындағы ән.

Жүргізуші: Ағылшын тілінде Аналарына арнаған құттықтауды қабыл алыңыздар. Тақпақтар: Ағылшын тілінде. Ануар, Исмира, Камила, Аружан.
Жүргізуші: Аналарымызға арналған мерекемізді одан әрі жалғастырайық.
 ӘН: Ағылшын тілінде
БИ: «Кездесу».
Әлпештеген аялаған, АБЫЛАЙ Б.
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.
Наурыздың сегізі, СОФИЯ
                                                 Сұлулықтың негізі.
                                                  Әдемі сөз баланың,
                                                  Анаға айтар лебізім.
                                      
                                      Үн қатасың бал тілмен, СҰЛТАН
                                      Еркелеймін әр күн мен.
                                      Құттықтаймын анашым,
                                      Сегізінші Наурызбен!

Сыйлаймын мен жырымды, ТАЙМАЗ
Саған арнап жаттаған.
Майрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын Ақ анам!
                                               Еркелесем күнім дейтін, ТОМИРИС
                                               Ұрысқаны білінбейтін.
                                               Маңдайымнан сипап мені,
                                              «Құлыншағым, күнім» дейтін. 
                                   
ӘН: «Ән шашу!»әні Карима мен Әминаның орындайды.

Ана біздің күніміз, АЛИХАН Т.
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
                         Аналарды сүйеміз, АРУЖАН
                         Сөзін ойға түйеміз.
                         Әжені де ардақтап,
                         Әдеппен бас иеміз.
                                                        Мен деп кірпік қақпаған АЛИХАН Е.
                                                        Менсіз тамақ татпаған
                                                        Бақытты үшін баланың
                                                        Аман – сау жүр ақ мамам!
Сенен өскен балалар, ТАЙМАЗ
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

Ғажайып сәт: Көңілді әуенмен «Қуыршақ» келеді.

Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені таныдыңыздар ма?
Балалар: Біз ойнайтын қуыршақсың.
Қуыршақ: Дұрыс айтасыңдар. Мен қайда келдім, сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрің әдемі киініп отырсыңдар?
Балалар: Бізде «Аналар мерекесі».
Қуыршақ: «Аналар мерекесін» мен білмеймін. «Аналар мерекесі» ол не? Оны немен жейді? Ол тәтті ме?
Балалар: Ол тәтті, бірақ оны жеуге болмайды.
Қуыршақ: Балалар, мен тек қана тәтіні жақсы көремін, ойынды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Қуыршақ сен бізбен бірге «Аналар» мерекесіне қатынас. Біздің балалар саған «Ана» сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Мақал мәтелдер: 
«Ана сүті бал, баланың тілі бал» МАНСҰР
 «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» АБЫЛАЙ
 «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» КАРИМА

ӘН: ұлдардың орындауындағы «АНАШЫМ» әнін қабыл алыңыздар

Ойын: «Өз балаңды тап».

Ойнаймыз күлеміз МАНСҰР
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

Апатайым анашым, ЕРАЛЫ 
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің 
Гүлі де сен әр үйдің.

Ақыл құйған санама, МҰСА
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам, 
Ылғи менің қасымда.

Баланың да тірегі, КАРИМА
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.

Бәрімізге анасың, АЯНАТ
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Қуыршақ: Түсіндім, түсіндім «Ана» деген кім екенін. Рахмет сендерге балалар.
ӘН: «АНА» Карима әкесімен Амина анасымен
Тәрбиеші: Балалар өз аналарыңа, өз қолдарынан жасаған сыйлықтарыңды тарту етіңдер. Мереке күні құтты болсын! Мереке, мерекеге ұлассын, балаларыңыздың жетістігін, бақытын көріңіздер!
«Ана – өмір гүлі» тақырыбындағы ертеңгілігіміз осымен аяқталды.
Барлық балалар бірге: Ана – қырдың гүлі,
                                             Ана – өмір жыры.
                                             Ана – өмір сыры,
                                             Ана – өмір гүлі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет