Сценарий жоспары 19. 03. 2011 Сағат 14 00 Өтетін жері: Дене шынықтыру залы



Дата12.07.2016
өлшемі78.86 Kb.
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі
«Наурыз – думан» жалпы мектептік мерекенің сценарий жоспары
19.03.2011

Сағат - 1400
Өтетін жері: Дене шынықтыру залы
Мерекенің көрнекілігі: Мереке өткізілетін залдың түкпірінде сахна орналасып, жағалай сыныптар ауыл-ауыл болып отырады. Ауылдарда халқымыздың кең дастарханы жайылып, ұлттық нақышпен безендірілген.

5 «а» - сыныбы «Шаттық» ауылы;

5 «ә» - сыныбы «Жауқазын» ауылы;

5 «б» - сыныбы «Салтанат» ауылы;

6 «а» - сыныбы «Қуаныш» ауылы;

6 «ә» - сыныбы «Шапағат» ауылы;

6 «б» - сыныбы «Кәусәр» ауылы;

7 «а» - сыныбы «Достық» ауылы;

7 «ә» - сыныбы «Ынтымақ» ауылы;

7 «б» - сыныбы «Дәстүр» ауылы;

8 «а» - сыныбы «Парасат» ауылы;

8 «ә» - сыныбы «Сағыныш» ауылы;

9 «а» - сыныбы «Ақ көгершін» ауылы;

9 «ә» - сыныбы «Қызғалдақ» ауылы;

10 «а» - сыныбы «Бәйшешек» ауылы;

10 «ә» - сыныбы «Бәйтерек» ауылы;



11 - сыныптар «Береке» ауылы;
Қатысушылар:

  1. 1-жүргізуші – Мырзатаев Қуаныш

  2. 2-жүргізуші – Әбдірахманова Әнел

  3. «Бәйшешектер» биі – биші қыздар

  4. «Қаражорға» биі – биші ұлдар мен қыздар

  5. Ай – Бимағанова Томирис

  6. Күн – Темірова Нұрсұлу

  7. Жер жылулығы – Емре – Ана – Қабылбекова Айсұлу Қайырбекқызы

  8. Қызыр баба – Алибеков Мұрат Сабырович

  9. Шырақшылар – 5 - сынып ұлдары Марданов Нұрасыл, Болат Ерасыл, Хомар Шыңғыс, Сқақов Бекзат, Базаржанов Темірлан, Мұхамед-әлі Амир сынып ұлдары

  10. Шашу шашатын қыздар – Шамгунова Малика,Ташимова Динара, Олжатаева Анель, Ғазизова Алия, Мұсанова Айгерим, Мұрат Гүльнәз

  11. Қазан шығаратын ұлдар – Қожабеков Рүстем,Ұшақпаев Асылған

  12. 9 – сынып оқушылары «Қыз жібек» сахналық көрініс

  13. 5 «ә» сыныбының қыздары; Шоржан Мария, Қайролла Алуа домбырамен ойнайды, Байгулова Жібек-ән айтады.

  14. 6 – сынып қыздары би (Талғат Хансүрен әзірлеген)


Мерекенің жүргізілуі:

Дүниенің мәңгілік сазы кезеді. Шалқар даланы сағыныш кернейді. Жүректің нәзік пернелерін бебеулете, шымырлата қаққан құдіретті, сұңғыла, гөй-гөй сарынды күй тылысм тыныштыққа бірте-бірте дем салып, тіршілік біткеннің төбе құйқасын шымырлатқандай.

Хореографиялық толқынды қозғалыс – ерте көктемде дүр ете көтеріліп, беткейді жабар ақторғын бәйшешектер боп бір топ қыздар музыка сазымен толқи ырғалады.

Осы хореографиялық композицияның фонында жүргізушінің сөздері айтылып жатады.
Оразымбетов Еламан: Анамыз – Қара Жер, Атамыз – Көк Аспан, Адамзат ұрпағы, мына біз – осы екеуінің ортасында жаратылыппыз.
Әбдірахманова Әнел: Жер мәңгі! Ел де мәңгі! Кеудесі түкті Жер – Ана тамыр тартқан тіршілік жаңарады, жаңғырады, бірақ жоғалмайды.
Бір мезетте, бүкіл әлем кеңістігінің бусанған, буырқанған үні (күй) жаратылыстың адуынды әуеніне қосыла шырай түскен мезетте түкпірдегі сахнаның екі жағынан дүниенің жарығы Күн мен Ай бір-біріне қарама-қарсы қозғала бастайды да тепе-теңдік белгісі ретінде бір-бірінің қолдарынан ұстап, айналады. Осы кезде өзінің кульминациясына жеткен әуен найзағайдың үнімен қосылып жарылыс береді. Сахнаның артынан хлопушка атылады.
Оразымбетов Еламан: Бүгін Ай мен Күн теңеліп, жер бетіне жақсылық ұялаған күн.
Әбдірахманова Әнел: Бүгін – көк құт көзін ашқан күн. Бүгін – Жаңа  жылдың жерге түскен күні.
Оразымбетов Еламан: Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген күн.
Әбдірахманова Әнел: Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.
Оразымбетов Еламан: Туған жыл құтты болсын! Көсегесі көгеріп, көрпесі ұлғайсын!
Әбдірахманова Әнел: Аттаған адымы сәтті болсын! Бейбітшілік жылы болсын! Қадамына құт оралсын!

Әсерлі әуеннің фонында Дарақ ағашының қасына мектеп директоры Хасанова Сәуле Төлегенқызы келіп, тепе-теңдік белгісі – «Әлем ағашы – Дараққа» ақ орамал байлап, елді Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурызбен құттықтайды.
Оразымбетов Еламан: (Еламан директор ақ орамалды байлап жатқанда оқиды)

Гүл мереке үйге толсын,

Сүт – береке, айран құт.

«Наурызыңыз құтты болсын!»

Деген сөзге байландық –

демекші, құттықтау сөз мектебіміздің директоры Хасанова Сәуле Төлегенқызына беріледі.


Әбдірахманова Әнел:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз – сән-салтанат, ұлттық рух.

Бақытты наурызы бар халқым неткен! –

Деп жырлағандай, келесі құттықтау сөз мектеп қамқоршысы, қамқорлық кеңесі төрайымының орынбасары Зағиша Бақтиярқызына беріледі.

        Әсерлі күйдің фонында алаңның ортасына екі жаққа бөліне жүгіріп 7 «ә» - сынып қыздары шашу шаша бастайды. 

Ұрандары: «Наурыз құтты болсын!, «Наурыз құт әкелсін!», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!»


Оразымбетов Еламан:

- Қашанда Құт-Береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Әбдірахманова Әнел:    

- Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,

Ырыздығың болсын көл-көсір!
Қарақазанды «еңгезердей» екі жігіт – Қожабеков, Ұшақбаев сахнаның төріне орналастырады.
Оразымбетов Еламан:

- Қарақазан – қасиеті халқымның,

Бір өзінде құдіреті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

Әбдірахманова Әнел:    

 - Қасиетті Қарақазан тіршіліктің тірегі,

 Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.

 Сен бар жерде Құт-береке мол болып,

 Тірлік-Бірлік жұбын жазбай жүреді.
Талғат Хансүрен әзірлеген би( 6- сынып қыздары)
Оразымбетов Еламан:

Ата салтын бабамның,

Алып келді Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында.

Береке-бірлік болсын деп,

Көп көжеден дәм татып, Күшейтейік бірлікті!
Сахнаға немерелерімен бірге (қолдарына табаққа салған көже толы тостағандары бар) Жер жылулығының күші – Емре Ана шығады.
Емре Ана:

Адал аспан бұйырған,

Дәм татсын ел жиылған.

Бидай салдым көжеге,

Мол болсын деп биыл нан.

Тары салдым көжеге,

Женті көп болсын деп.

Күріш салдым көжеге,

Тойда палау болысн деп.

Ауыздан ақ кетпесін.

Келген риза, кеткен тоқ,

Құтты қонақ ет жесін!

Осы ақ дәмнен бәрің де ауыз тиіңдер, қарақтарым!
Емре Ана қыздарын ертіп Сәуле Төлегенқызына, келген қонақтарға Наурыз көжеден дәм тақызады. Қалған жағалай отырған сыныптардың бәрі өздері әзірлеп келген көжелерін ішеді.
Әбдірахманова Әнел: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22-түнінде сағат 3-те даланы Қызыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқан-тасқын, ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп тілейді.
Жүргізушінің сөзіне ілесе ортаға жеті шырақшымен бірге Қызыр ата келеді де, сахнаға шығады.
Қызыр ата:

Ау, аман ба, Жарандар! 

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз. (Қолын жаяды, батасын береді)

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын.

Аумин!
Оразымбетов Еламан:



Жиналдық Наурыз тойға бәріміз,

Тамашалайық көрініс

Белі нәзік талып тұр,
Тартқан сымнан жіңішке
Үзіліп кетпей неғып тұр.


Қыз Жібектің дидары
Қоғалы көлдің құрағы
Бой нұсқасын қарасаң
Қыз Жібектің ақтығы –
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.


Дей отыра, қазақ халқының шоқтығы биік туындыларының бірі- «Қыз Жібек» сахналық қойылымын тамашалайық.


Әбдірахманова Әнел:

Енді ортаны баршаңызға ашайық,

Көрерменге жырдан шашу шашайық.

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерлермен інжу-маржан шашайық! –

деп сахна төріне 5 сынып оқушыларын шақырамыз, олардың орындауындағы «Жаса қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.


Оразымбетов Еламан:

Қыз-жігіттер жайнап тұр,

Өнерлерін сайлап тұр.

Біздің қара шаңырақ құты ғой,

Қасиетті қара қазан қайнап тұр,

Сол қар қазанды айнала, шықсын сахна төріне қыз-жігіттер ұлттық киімнің нұсқаларын, таныстырсын бәріңе – деп ортаға әр сыныптан сайыскерлерді шақырамыз!



Әбдірахманова Әнел: Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысқа әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Хасанова Сәуле Төлегенқызы

  2. ....................................................

  3. ..................................................

  4. ..................................................

Оразымбетов Еламан:

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!- деп саханаға 9 а сынып оқушысы Жазит Алан қүй (...................................................................)орындайды Қарсы алыңыздар!

Әбдірахманова Әнел:

Ал, жараңдар, жараңдар!

Енді бері қараңдар.

Көзден таса қылмайық,

Ал ендеше қарайық,- жігіттердің сайысқа түскенін, ақ арқанды тартайық женіңпазды анықтайық! (арқан тарту сайысы 5-7 сыныптар)
Оразымбетов Еламан:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем, - деп сахна төріне 8 «ә» сынып оқушысы Хамит Ботагөз. «Саржайлау »әнімен Қарсы алайық!
Әбдірахманова Әнел:

Келді Наурыз даладай кеңдігімен

Көк байрағы желбіреп желді күнмен

Оразымбетов Еламан:

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан,

Айналайын, Елдігім, Теңдігіңмен!
Әбдірахманова Әнел:

Құт-береке Наурыз айым келді деп,

Мектебіміз той жасады дүбірлеп
Оразымбетов Еламан:

Ата-ана, шәкірттер мен ұстаздар

Әділқазы, сізден тілейді бір тілек-деп сахна төріне бүгінгі сайыста төрелік етіп, әділ баға берген қазылар алқасын шақыралық. Қарсы алыңыздар!
Әбдірахманова Әнел:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық, сан ғұрыптың.
Оразымбетов Еламан:

Жарқырай бер, жер көкте, жаса Наурыз,

Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің- деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз

Наурыз құтты болсын!



Ұлыс береке берсін!
Екеуі:

Жыл басы – Наурыз тойы жасасын!

С О Ң Ы!!!
Каталог: files -> blog
blog -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blog -> Оқу жылындағы №34 жалпы білім беретін орта мектептегі тарих, қоғамтану пәндерінің берілуі туралы Мақсаты
blog -> Учебный год математика 1 тур 8 класс
blog -> Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан М. Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының
blog -> Қазақстан тарихы история казахстана 8 класс 1 тур. Письменная работа
blog -> Келісілген: бекітемін
blog -> Оқу жылындағы 51-ші қалалық пәндер олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат
blog -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blog -> 2- нұсқа Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет