Сценарий тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған Әдеби кеш



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі66.5 Kb.
#478825
түріСценарий
  1   2
Ғ.Мүсірепов-120


Достық МББ кешені

«Ұлтына ұлағат қалдырған»
(Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай әдеби кеш)

Мұғалім: Базаров Е.Г.


2022 жыл
Сценарий тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған


Әдеби кеш
Ұлтына ұлағат қалдырған
Іс-шараның мақсаты:Оқушылардың «Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған»тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп бекіту. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.
Іс-шараның міндеттері:
1.Көркем сөйлеуге баулу;
2.Тіл мәдениетін дамыту;
3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
4.Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамкершілік пен парасаттылыққа баулу;
5.Оқушыларды елін,Отанын сүюге,патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кітап көрмесі,фотосурет көрмесі,буклет,қабырға газеті.
Слайт
Кітапханашы :-Құрметті оқушылар және ұстаздар!Ұлы жазущы ,сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізіп отырған «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кешімізге хош келдіңіздер.
«Ғабит Мүсірепов-ардақты ат!Мүсірепов туралы мың сөзден –«Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең,мазмұны әлдеқайда бай.Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ.Мүсіреповпен мақтану керек»,-деген жазушы Зейнолла Қабдоловтың сөзімен кешімізді бастаймыз.
1.Кіріспе сөз: «Өмір-дерек»Ғ.Мүсіреповтің өмірбаяны
1-жүргізуші (Аружан):-
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов-жазушы,әдебиеттанушы,мемлекет және қоғам қайраткері.Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген.Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып,арабша хат таныды.1916 жылы екі сыныпты ауылдық орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне түсіп, онда үш жыл Сәбит Мұқановпен бірге оқыды. Сәкен Сейфуллинмен танысты.
2-жүргізуші (Қаламқас):1926 жылы жұмфакты бітірген соң, Омбыдағы ауылшаруашылық институтында
бір жыл оқып,1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды.

2.Әдеби монтаж.


1-жүргізуші (Аружан):-Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңі оқылады.
«Адай»күйі ақырын жіберіле
1-оқушы: Балаған елі шыңға да ең,
Асқардың өзі-ау шың –Ғабең.
Дарағай,дана тұлғамен
Асқақтап,асып туған ең.
Алаштың заңғар ұлына
Басын бір иген күллі әлем.

2-оқушы: Асқақтар дара аспаны,


Сарқылмас дана дастаным.
Шаңқ етер шыңнан асқақ үн,
Аңсатты елді асына
Алаштың басын қосқаның.

3-оқушы: Ақ тілек айтып сом далаң,


Ақтұйғын қанат қомдаған.
Әлемнен озған шоң бабам
Әйгілі пырақ-жорғадан.
Қазақтың жасы,кәрісі
Жүректен лүпіл жолдаған.

4-оқушы: -Тұлпардай баптап тұмарлап


Балаған дара шынарға-ақ.
Атағы кетіп шығандап,
Таңдап бір қонған шығар бақ!
Бас иіп Алаш жатқанда
Орнында жатыр бір аунап.

5-оқушы:-Әрлеумен ғасыр әжімін


Ғұмырдың өтер жазы мың.
Айғақтап ұрпақ тәжімін,
Әлпештер қазақ өз ұлын.
Ғабеңнен тапқан қашанда
Қазақы сөздің қазығын.
6-оқушы:-Өтсе де талай таңдары,
Сағынар қазақ саңлағын.
Піріне балап аруағын,
Пайымдар қыран самғауын.

3. Ән үзілісі. «Ана туралы жыр» орындайтын 10-сынып оқушысы Ізбасарова Мирдана


4.Дарынның ұшқыр қанаты.

Жазушының шығармашылығы.


2-жүргізуші (Аяжан):-Қолынан қаламын түсірмей өткен алпыс жылдай уақыт ішіндегі елдің қоғамдық және мәдени өміріндегі қадау-қадау оқиғалар суреттер шығармашылығының өзекті тақырыбына айналды. Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары,повестері мен романдары ұлттық әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізді,
Олар қазақ қоғамы мен қазақ халқы психологиясындағы бүкіл әлеуметтік өзгерістерді шынайы бейнелеп береді.
30 жылдардың басында Мүсірепов әдеби шығармашылықтың өте бір күрделі саласы саналатын драматургияға ден қойған еді, сөйтіп,ол қазақ әдебиетінде осы жаңа жанрдың негізін салушылардың бірі.
1-жүргізуші: (Аружан)Кешімізді сахналық көрініспен жалғастырамыз.Ғ.Мүсіреповтің «Ананың арашасы» шығармасын сахналайтын, АНА кейіпкерін сомдайтын 8 «а» сынып оқушысы-Есенболат Камила,әскери командирдің кейіпкерін сомдайтын 9-сынып оқушысы Губайдуллин Нұрболат.
2-жүргізуші(Аяжан): Құрметтейік,көтерейік те әйелді!Ана-әйелді құрметтейік!Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп,ержеткен емес пе?Адамда не қасиет болса,бәрі- күннің көзі мен ананың сүтімен алынған қасиет. Ананың құдіреті әлі өз биігіне жеткен жоқ!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет