Сценарийі 021-2022жыл маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-Бақытты ел» атты



бет1/3
Дата23.06.2022
өлшемі110.5 Kb.
#459430
түріСценарий
  1   2   3
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий 5


«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тақырыбы:
1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-Бақытты ел» атты сценарийі

2021-2022жыл


1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған
«Бақытты бала-Бақытты ел» атты сценарийі
Өткізілетін уақыты: 01.06.2022
Басталуы сағат:10:00-13:00
Жүргізушілер:


Мақсаты:  Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлар,
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!
Жүргізуші:
Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,
Хош келдіңдер, хош келдіңдер,  ата- аналар, қонақтар
Құрметті мектеп оқушылары .!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата- ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз, 
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын,балалар мерекеміз! 
Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған» Бақытты бала-Бақытты ел» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектеп директоры Б.Д Багаевга береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет