Сценарийі. Іс-шара мақсаттары



бет2/2
Дата04.03.2020
өлшемі1.12 Mb.
#448087
түріСценарий
1   2
Шәмші текст


Іс-шара мақсаттары:

─ Колледж оқытушылары мен топ жетекшілеріне ұлттық әнұран әуенінің авторыныңелі мен жеріне, ұлт тарихы мен тіліне деген құрметінің үлгісінде жастардың бойында намысқойлық, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерін қалыптастырып, тәрбиелеу әдістемесімен таныстыру;

─ студент жастардың тарихи параллельдер жүргізе алу, терең және кең ойлау дағдылары мен жаhандық ахуалдар барысында адамның өзіндік тұлғалық намысы, абыройы мен парасатын сақтап, берік ұстану қабілеттерін қалыптастырып тәрбиелеу әдістемесімен бөлісу.

Көрнекіліктер және

қолданылатынТОҚ:

─іс-шараға арналған презентациялық слайд-шоу, ҚР және Ресейтелеарналарының бейнематериалдары, деректі, тарихи және көркем фильмдерден үзінділер;

─лазерлік проектор, экран, бейнекамера.
Іс- шара әдісі:әдістемелік шебер-сынып.

Іс-шара барысы:

(Экранда «Тәуелсіздік Декадасы» және іс-шара туралы мәліметтер)

Жүргізушілер:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!

―Здравствуйте, уважаемые гости, уважаемые коллеги!Здравствуйте, уважаемые зрители!


1-ші жүргізуші:

Құрметті көрермендер! Біздің бүгінгі іс-шарамыз әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің дәстүрлі «Тәуелсіздік декадасы» аясында және ұлтымыздың Ұлы мерекесі қарсаңында өткізіліп жатыр.

Ұлтты, Тәуелсіздікті ұлықтау, асқақтату, әрине, Әнұранымыздан бастау алады.
2-ші жүргізуші:

Для исполнения Государственного Гимна Республики Казахстан, прошу всех встать!


(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады және бейнекөрініс көрсетіледі. )
1-ші жүргізуші:

2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан РеспубликасыПарламентінің бірлескен отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен белгілі қазақ композиторыШәмші Қалдаяқовтың әйгілі, жас ақынЖұмекен Нәжімеденовпен жазған«Менің Қазақстаным» әні мемлекетіміздің әнұраны болып қабылданды. Сонымен, халықтың санасында ел әнұраны сипатында жүрген Шәмші Қалдаяқовтың кең тараған әні ресми түрде өз деңгейіне көтерілді. Елбасы шешімімен бірге тарихи әділеттілік пен шындық орнап, елдің рухы бір серпіліп қалды. Бұл, тіптен, Елбасымыздың бүгінгі күні жариялап отырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мұрындығы деп айтуға болады.


2-ші жүргізуші:

Сегодня мы будем говорить о выдающемся казахском композиторе, народном артисте Казахстана Шамши Калдаякове, авторе музыки Гимна Республики Казахстан.


1-ші жүргізуші:

Шәмші рухын жаңғырту ―бұл ұлттың сана-сезімінің көкжиегін кеңейту, әр саналы азаматтың өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін, сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын нығайту. Бұл сонымен қатар, бүгінгі «рухани жаңғыру» түсінігі аясындағы ұлттық сананың жаңа өзгерістерінің алғы шарты.


2-ші жүргізуші:

Заметили?!Многие готовы слушать, напевать и распевать эту песню-гимн постоянно. Просто, не могут расстаться с особым состоянием, возникающим неизменно в эти минуты, когда звучит эта лирическая по своей красоте и, одновременно, вдохновляющая мелодия.


1-ші жүргізуші:

Әр адамның өз өмірбаяны сияқты, әр әннің де өз шығу тарихы бар. Ол кезде ҚСРО билігінің Ақмоланы Целиноград деп атап, бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермек болып жүрген кезі еді. Сөйтіп, қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтығын жырлайтын ән керектігін сезіп Шәмші аға 1956 жылдың 25 қазанында белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовпен бірлесіп, еліміздің қазіргі Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазды.


(ЭкраннанТ.Ахметовтың «Қайран Шәмші» деректі фильмнен әнұран тарихы туралы үзінді көрсетіледі.)
2-ші жүргізуші:

В 1956 году Шамши Калдаяков жил в Алма-Ате, учился на отделении композиции государственной консерватории имени Курмангазы. В это время Казахстан был местом, куда съезжалась молодежь со всего Союза. Начиналась эпоха подъема целинных земель.

Гордость за свою республику и озобоченность её судьбой вылилась у студента консерватории в патриотическую песню «Мой Казахстан», слова которой написал известный,но молодой поэт Жумекен Нажимеденов. Песню скоро подхватила вся страна, ее даже называли «Маршем целинников». Однако, ее значение для нашей страны было большим, чем связь с короткой историей целины. Таким образом, биография, личная жизнь и творчество Шамши Калдаякова, автора песни «Мой Казахстан», заинтересовали весь СССР.
1-ші жүргізуші:

КСРО халқына атағы енді әйгілі болған Шәмші қазақ даласының бүкіл халқына өзінің ерекше құлаққа жағымды, жүрекке жылы әндерімен танымал еді. Алғашында, Шәмші Қалдаяқов, құдіретті сезім— махаббатты жырлаған әндерімен ел сүйіспеншілігіне бөленген еді.

Қазақ музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше. Оның халық арасында тарап кеткен 300-ге жуық әні бар. Шәмші Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын соңғы леп ала келген сазгер еді.
2-ші жүргізуші:

…Как только ни называют известного композитора, чьи песни звучат в нашей стране всегда и везде – на торжественных мероприятиях, тоях, званых ужинах и просто в дружеском кругу. …Кем только его не называют:«король вальсов», «властелин мелодий», «Наш Штраус», «Наш Шуберт». И это все — он! Говорят, восхищаясь не только его музыкальным даром, но и редкими человеческими качествами, красотой души этого простого и великого человека. Талантливый человек талантлив во всем. Давайте, вместе перелистаем страницы его уникальной биографии.


1-ші жүргізуші:

Бүкіл халық «Абай—сөз құдіреті болса, Шәмші—ән құдіреті», Мұхтар Әуезов:«оның 12 мүшесінің бәрі ән салып тұрады», Мұхтар Шаханов:«Бар қазаққа ән салдырған»–деп бағалаған «вальс королі», жерлесіміз Шәмші Қалдаяқовтың өмір баянын бірлесіп парақтайық.



1-ші оқушы:

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Шымкент облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер, ақын, домбыраның құлағында шебер ойнайтын күйші болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ еді.


(Экраннан «Ұлт мақтанышы» деректі фильмнен тууы туралы үзінді көрсетіледі.)
2-ші оқушы:

Отца звали Анапия, но прозвище «Қалды аяқ», из-за родимого пятна на ноге прилепилось на всю жизнь. Отец Шамши работал кузнецом. При этом, мужчина отлично играл на домбре, сам сочинял стихи и музыку. Мать композитора имела хороший голос и пела. Родители рано рассмотрели талант своего сына, он стал участвовать в различных творческих конкурсах.


(Экраннан«Қайран Шәмші» деректі фильмнен Шәмшінің ата-анасы туралы естелік көрсетіледі)
3-ші оқушы:

Шәмшіге әншілік қасиет шешесінен, нағашыларынан дарыса керек. Той думандарда анасының шырқап салған әндері қалың көптің құлақ құрышын қандырумен қатар, перзентінің жүрегіне нұр болып құйылған. Сөйтіп, Шәмшіге табиғи дарын ана сүтімен келген.


1-ші жүргізуші:

Шәмші ауылдың баласы болса да, орысшаға керемет жүйрік болатын. Қазақша, орысша ән айтқанда, би билегенде оның алдына түсетін жігіт табылмайтын. Аккордеон, фортепьяно, домбыра тартын. Бір қарағанда кіп-кішкентай ғана сары бала, құлағынан күн көрінетін жұқалтаң жігіттің өнеріне жұрт тамсана қарайтын, сыйлайтын.


(Экраннан «Ұлт мақтанышы» деректі фильмнен досы інісінің естелігінен үзінді көрсетіледі )
4-ші оқушы:

Для Шамши Калдаякова музыка стала важной частью жизни еще в детстве. Он играл на мандолине, специально заказанной для него родителями в Ташкенте, а в юности стал сочинять песни. Началась война, Шамши стал трактористом.Затем закончил техникум, получил специальность ветеринара. Работал зоотехником в Актюбинской области. От музыкального творчества Шамши отдалила еще и служба в армии и учеба в военном училище.Это были советские времена, поэтому никто всерьез не думал об эстрадной карьере.


(Экраннан «Ұлт мақтанышы», Әбдіразақ Біртаевтың естелігінен үзінді көрсетіледі )
5-ші оқушы:

1947–1951 жылдары Сарыағаштағы Қапланбек мал дәрігерлік техникумында білім алған Шәмші, 1951-1953 жылдары Ресейдің Сахалин портында кіші офицер шенімен, әскери борышын өтеді, әскери училищеде оқыды. 1950 жылдардан бастап шығармашылық жұмыспен айналыса бастады, Ташкент саз училищесіне оқуға түсті. 1953–1962 жылдары Шымкент облысының Темір станциясында бір жыл клуб меңгерушісі қызметін атқарды. 1956–1962 жылдары Алматы консерваториясында оқыды.


6-ші оқушы:

Вернувшись с Сахалина, где служил, композитор поступил учиться в Ташкентское музучилище. Однако, не окончив его, переехал в Алматы, где в 1956 году стал студентом консерватории. Поводом для этого стала судьбоносная встреча.


(Экраннан Ташкент қаласындағы Ж.Омаровамен кездесу туралы «Жарқын бейне»бейнероликтен үзінді көрсетіледі)
2-ші жүргізуші:

Шумный успех и растущая популярность молодого автора песен повлияли на учебу. Его отчислили по парадоксальной причине – за якобы неправильную гармонию. В дальнейшем автора известных песен не принялии официальную организацию– союз композиторов. В Москве трижды отклоняли кандидатуру Калдаякова по формальной причине – отсутствие музыкального образования. Официально его приняли в творческий союз уже в независимой стране.



(Экраннан «Ұлт мақтанышы» деректі фильмнен Шәмшінің оқудан шығуы туралы видеороликтен үзінді.)

1-ші жүргізуші:

Оқудан шеттетілген дархан жүректі Шәмшінің тынысы тарылып оңтүстік астанадан ол ел аралап кетуге мәжбүр болды. Жұрттың ерекше ықылысына бөленген сазгер Тараз қаласына келіп тұрақтанды. Мәңгілік өлмейтін талай әндер сол «Тараз кезеңінде» жазылған. Соләннің бірі «Дүнген қызын», жас ақын, осы оқиғаның куәгері,Сабырхан Асановпен бірге шығарған. Сазгердің осы сезімін сүйіспеншілікке толтырып, тәнті етіп, әсем әнге арқау болған «дүнген қызы» бұл күнде көзі тірі екен. Бүгінде бұл ән қазақтың сүйіп айтар әніне айналды.
(Экраннан «Ұлт мақтанышы»- атты деректі фильмнен видеороликтен ел аралап кетуі туралы үзінді көрсетіледі.«Дүнген қызы» әніне бейнеролик, орындаушы Ғ.Мәтебаев.)
2-ші жүргізуші:

В быту и личной жизни Шамши Калдаяков был человеком скромным и закрытым. Но народ хотел знать об авторе любимых песен все, поэтому биография его обрастала легендами, порой обоснованными, но больше вымышленными.


1-ші жүргізуші:

Композитордың жұбайы, Жәмилә Қалдаяқова, Шәмшіағамыз туралы былай деді:

«Қалақтай ғана сары жігіт еді...– Мен қалада өcтім, орыс мектебінде білім алдым. Шәмші болса Шәуілдірде туып-өскенін білесіздер. Қаймағы бұзылмаған қазақы тәрбиенің қайнаған ортасынан шықты. Бірақ Алматыға келгеннен кейін қала тіршілігіне тез үйреніп кетті. Өте білімді, ішкі мәдениеті жоғары, адамгершілікті жігіт еді. Менің де қолаң шашым беліме түскен, сымға тартқандай бойжеткенмін ғой ол кезде. Шәмші консерваторияда оқиды, мен осы оқу орнының тігін ательесінде жұмыс істеймін.Екеуміз шаңырақ көтердік. Ол кезде мен жиырма жетіге келіп қалғанмын. Шәмші «Жәмиләні әдейі қартайтып алдым» деп әзілдеп жүретін.Кейін ұлдарымыз Қасым мен Мұхтар дүниеге келді.
(Экраннан «Қайран Шәмші» атты деректі фильмненШәмшінің ұлдары туралы естеліктерінен үзінді көрсетіледі.)
1-ші жүргізуші:

Жәмилә Қалдаяқоваестелігінде былай дейді: «Екеуміз үшін бақыттың құшағы әр қашан ашық болсыншы» деген сөзі мен үшін жүрек тербетерлік болып еді. Композитордың «Бақыт құшағында» және «Сен сұлу» атты әндері әйеліне арналған еді.


(Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» атты әнін3062 оқу тобының студенті А.Балабекорындайды.)

2-ші жүргізуші:

Вот что рассказывал в одном из интервью об отце старший сын Мухтар Калдаяков, известный дирижер. В его планах было написать книгу воспоминаний об отце. Он не принимает всерьез мифы о жизни и творчестве отца и развенчивает их.

Так, упорно ходили слухи о романтической любви музыканта и цыганки, из-за которой он будто бы хотел уйти кочевать с табором. Таков был сюжет драматического произведения, шедшего тогда в театрах, где героя тоже звали Шамши. Но ничего похожего в реальной жизни композитора не было, из семьи он никогда не уходил. Интерес творческих людей к романтике цыганской жизни существовал во все времена. А в музыкальной культуре казахского народа осталось красивая песня.
(Экраннан БЖМ арнасының «Ғажайып туынды» бағдарламасынан «Шіәші әндері» деректі фильмнен «Сыған серенадасы» әнінің тарихы жәнеұлы Мұхтардың естеліктері көрсетіледі.)
1-ші жүргізуші:

Тағы бір аңызға айналған дерек:

1986 жылы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы республика алаңына «Елім – ай» әнімен бірге Шәмші әнін айтып шықты. «Менің Қазақстаным» деп шырқаған жастардың арманы бүгін орындалып Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқы үшін 100 жылға созылған бодандықтан босауына Шәмші әнінің септігіосылай тиді.
2-ші жүргізуші:

Другой миф был связан уже с имевшим место историческим событием — демонстрацией в декабре 1986 года патриотически настроенных граждан против диктата центра. Якобы, Шамши Калдаяков шел во главе этой демонстрации и пел со всеми песню «Мой Казахстан». Песню демонстранты действительно пели, но автора ее тогда в городе не было.


1-ші жүргізуші:

Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің барлық саласына ерекше леп ала келген сазгер. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата– анаға, жарға, дос –жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.

Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын әндері: «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Талдықорған әнім менің», «Сыр сұлуы»,«Қарқаралы», «Ырысты өлке – Шардара», «Отан», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Көгілдір Көкше», және тағы басқа туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.
(Экраннан Қ.Ахметовтың «Қайран Шәмші» атты деректі фильмнен Шәмші әніне сүйіспеншілігі туралы үзінді көрсетіледі.)

1-ші жүргізуші:

Шәмші ағамыздың осы сөздері бүгінгі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»-мақаласындағы, «Туған жер» бағдарламасымен ұштасып жатқанын байқаған боларсыздар? Елбасы: «Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зердені ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі, Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды».


(Экраннан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді және Н.Ә.Назарбаевтың суреті көрсетіледі.)
2-ші жүргізуші:

Выдающийся казахский композитор, народный артист Казахстана Шамши Калдаяков является автором многих лирических песен «Қара көз», «Қайықта», «Ақ мандайлым», «Ақ сұңқарым»,«Ақ бантик»,«Әнім сен едің»,«Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында» и другие.


(«Қайдасың» атты әнін 251 оқу тобының студенті Л.Бақтыбай орындайды.)
1-ші жүргізуші:

Халқымыз ерекше сүйсініп орындайтын композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын әндері: «Теңіз толқында», «Бақыт құшағында», «Мойынқұмда ауылым», «Бәрінен де сен сүлу». Шәмші әндері Роза Бағланова, Ринат Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Ринат Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева, т.б. сол кездегі әйгілі әншілердің репертуарынан берік орын алған еді.


(Экраннан «Қайран Шәмші» фильмнен үзінді,«Бәрінен де сен сүлу» әнінің тарихы көрсетіледі, Ш.Қалдаяқовтың «Сен сұлу» атты әнін 552 оқу топ студенті М.Көшербай орындайды.)
1-ші жүргізуші:

Шәмші ағамыздың ерекше бір өлеңінің шығу тарихына тоқталып кетейік.Ана – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай - қайсысы болмасын өз шығармаларында бұл тақырыпты сөз етпей кетпейтін болған.

Шәмшінің «Ана туралы жырының» шығуына себеп болған жағдай – сазгерді ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы.

Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.

–«Балам, деді көзіне жас алып,–анасы, жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.

–Апа қарыздармын саған... Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын арнап, ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын», – деді Шәмші. Бұл 1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.

Халық үшін бұл ән аналар туралы гимнге айналды.
(Экраннан «Ш.Қалдаяқов» фильмнен үзінді, «Ана туралы жыр» әнінің тарихы көрсетіледі.)
1-ші жүргізуші:

Шәмші Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты компазитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.


2-ші жүргізуші:

Мухтар Калдаяков рассказал об интересном факте, который подчеркивает скромность и непритязательность его отца. История случилась еще в 1960-е году. Тогдашний руководитель Компартии Казахстана, Дінмухамед Кунаев посетил Францию, встретился в ходе официального визита с ее президентом. Шарль де Голль во время беседы среди прочего поинтересовался, как поживает известный композитор Калдаяков. Кунаев очень удивился, что человек, которого знают даже в Европе, не надоедает ему своими просьбами, живет скромно на окраине столицы.


(Экраннан «Жарқын бейне» деректі фильмнен үзінді, Д.Қонаевпен әңгімесі көрсетіледі.)
1-ші жүргізуші:

Шәмші әндеріне ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер де таң қалып: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген– ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек»,-деген екен. Бүкіл қазаққа ән салдырған Шәмші осындай еді...!


1-ші жүргізуші:

Осылайша,музыкадағы бұрынғы ұлттық және бұгінгі заманның саз стильдерін керемет ұштастыруы, Шәмші Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан сері, Біржан сал өнерпаздығынан кейінгі бір «жаңа жылкелгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында «бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атануының сыры осында.


(Экраннан «Тағдырластар» атты деректі фильмнен М. Әуезовтың Шәмші туралы айтқан пікірі туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіледі)
1-ші жүргізуші:

Тарих тағылымы куә. Ерекше дарынды, талантты адамдар өздері сияқты айрықша мол қасиетті адамдарды тізгініне қосып, жора-жолдас болып, бір арнада ой толғап, сырлас, әріптес болады. Шәмші Қалдаяқовтың үзенгілес замандастары, жан достары – Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шаханов болған. «Шәкеңмен жастық шағымның едәуір бөлігі бірге өтті. Өзі менен біраз жас үлкен болса да әзілдеп «Мұхтар аға» дейтін. Екеуіміздің бірлесіп жазған өлең әндерімізді кезінде бүкіл Қазақстан айтты. Менің анам Шәкеңді туған ұлындай еркелетіп өтті. Шәкеңнің көзі жұмылғанша бір–бірімізге деген сенімімізге, құрмет сезімімізге сызат түскен емес», – деп жан досынтебіреніспен Мұхтар Шаханов еске алды.


(Экраннан «Жарқын бейне» деректі фильмнен М.Шахановтың анасының сөзінен үзінді көрсетіледі.)
1-ші оқушы:

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан-таңға ән салдыған

Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.

Зорсынғанның көбісі құры сүлде,

Ешкім көзі тірісінде

Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім,

Қандай ғажап кереметің бар сенің.

Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,

Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп.

Ал сен ұлы жүрегіңмен,

Пейіліңмен, тірегіңмен,

Күллі тамыр тірегіңмен,

Дарын едің алдына жан салмаған,

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

Отырардың еңкеймеген рухын

Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
1-ші жүргізуші:

Шәмшінің сүйікті, өзі атын қойған, аралары он жылға жуық қарындасы,Раушан ағасы туралы сағыныш естелігінде былай дейді:

«Ағамның қымбат дүниесі, ол – Сахалиннен алып келген кішкене ғана құлыптанатын қобдишаға салынған мандолинасы еді. Ағам мондолинасын тартып болғаннан кейін кіліттеп, кілітін анамның шашбауына байлап кететін. Менің қызығушылығымның жоғары болдғандығы сонша, мандолины ұрлап жүріп тартуды тез үйреніп алдым. Кейін сол мандолина аманат ретінде, ағамның досы Амангелді арқылы маған табысталды».
(Экраннан Ш.Қалдаяқовтың қарындасының мандолинасымен түскен суреті көрсетіледі.)
2-ші жүргізуші:

Шамши Калдаяков был одним из тех композиторов и исполнителей с кого начиналась казахская эстрада. Десятки лет она формировалось под его влиянием, сложилось его особая школа, которая существует и сейчас.

С первых произведений проявилась самобытность и особенность его песен – сочетание мотивов вальса и народных песен – сказаний. Песни были настолько естественные и запоминающиеся, что их сразу запела страна. Для молодежи 60-70 годов XX века он был таким же кумиром, как и зарубежные знаменитости.
1-ші жүргізуші:

Шәмшінің әндерін Қазақстанның белгілі әншілері қағып алып кететін, себебі ол әндердің ертеңгі күні «хит» болып кететінің білетін. Жеңіл, лирикалық назды да сазды әндері композиторға да ешбір қиындықсыз оңай келетіндей еді. Көз көрген замандастарының естеліктерінде де оның, әңгімелесіп отырып, біраз уақытқа шығып кетіп, бір кезде, бір-екі апта аралығында бүкіл халық шырқап кететін әннің әуенін жазып әкелетіні айтылады.


1-ші жүргізуші:

«Король казахского вальса» – так стали называть его еще в то время. Согласитесь, это народное признание дороже официальных регалий, в которых ему отказывали. Композитор никогда и не просил для себя особых условий.


1-ші жүргізуші:

Шәмші Қалдаяқов 1990 жылдың тамыз айында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты... Солардың бірі: «Творчестволық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» - деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен: «Мен өмірде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек...Маған жақын нәрсе – халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен» - деген. «Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы – халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әнім де бар.»


(Экраннан «Жарқын бейне» деректі фильмнен Ш.Қалдаяқовтың 60 жастық мерей тойынан деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.)
2-ші жүргізуші:

Память об авторе гимна в Казахстане жива. Именем Шамши Калдаякова названы улицы в столице и крупных городах страны, проводят ежегодные песенные фестивали его имени. В Алматы Центральный концертный зал носит его имя. В родном Шымкенте, на улице его имени в доме где проживала его семья, в 2006 году открыта мемориальная доска и памятник композитора в рост, как будто он вышел прогуляться по своей улице. Здесь же, к его 80-ти летию создан культурный комплекс «Шәмші әлемі», «Мир Шамши». К этому юбилею он был, посмертно, награжден государственной премией за песенный сборник «Бақыт құшағында».


1-ші жүргізуші:

Шәмші әлемі –күрделі әлем, ауқымы кең. Шәмші композитор ғана емес, ұлт руханиятын байытқан біртума тұлға. Ол – бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты, көзі тірі кезінің өзінде, аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі еді.Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Шәмші шығармашылығының бағы жаңаша жанды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Шәмші Қалдаяқовтың ересен еңбегіне үлкен жанашырлық танытып, кеңестік қызыл империя кезіндегі әділетсіздіктерді қалпына келтірді.


(Экраннан «Ұл мақтанышы» атты деректі фильмнен Қалдыбек Құрманәлінің естелігінен үзінді көрсетіледі.)
1-ші жүргізуші:

Сонымен, президент Шәмші шығармашылығына байланысты үш бірдей Жарлыққа қол қойды. Елбасының бірінші Жарлығымен оған 1991 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілсе, екінші Жарлығымен композитордың «Менің Қазақстаным» шығармасы 2006 жылы Әнұранға айналды, ал үшінші Жарлығымен 2010 жылы 80 жылдық мерей тойы қарсаңына Шәмші Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды Алайда, өкінішке орай, 1992 жылдың 29-шы ақпанында жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан «Ән аға», «Шәмші аға» көз жұмған еді. Қазақ халқы мен қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды.


2-ші жүргізуші:

Шамши! Шамши! С трепетом мы вновь повторяем это имя. Словно символ чего-то, что дано нам как подарок судьбы, как дар, которого нет ни у кого.Шамши Калдаяков – есть наша большая национальная гордость: он, его творчество – это и есть наши вечные ценности, которыми мы вправе гордиться, которые лелеять, беречь и сохранить – наш человеческий и гражданский долг.


(Экраннан Ш.Қалдаяқовтың «Өмір өзен» әнінің бейнеролигі көрсетіледі, М.Шахановтың өлеңінен үзінді оқылады, «2017 жылдың ақпанында Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озғанына 25 жыл»- атты слайд көрсетіледі.)

2-ші оқушы:

Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,

Пенделік пен кенделікті көп көрсеңде сынбадың.

Заманыңда ұшырсаң да әннің небір сұңқарын

Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің-ау,

Ерлік шығар сондай сәтте еңкейместен тұрғаның.

Өкпелеме қазағыңа, өкпелеме іңкәрім.

Жігіттің бір жарқыны едің,

Дәуірдің сом алтыны едің

Едің және арайы.

Бірақ сенен әлдеқайда қымбатқа

Бағаланды қалайы,

Солай көшкен бұл даладан ұлылардың талайы.
Мына шақта, ізгіліктің тауы тозған кезеңде,

Қырандардан қораздар мен тауық озған кезеңде,

Хас тұлпарды топ жабағы

Қалың шаңға жауып озған кезеңде,

Айналдың сен енді ешкім бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес, өлмес атақ-даңқтың кезегі

Келгендігін досың түгіл қастарың да сезеді.

Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе

Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет