Сәбит Мұқанов Сұлушаш / Балуан Шолақ



Дата06.11.2019
өлшемі14.93 Kb.
#447386
Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов

Сұлушаш / Балуан Шолақ

Сұлушаш:

Махаббат оты жалт еткен шақта , әлемнің сезімге толы жетегі оянатындай. Түр-түрге бөленген ғашықтық хикаяның көбісінің соңы бір. Әйткенде де ақын- жазушыларымыздың қағазға біткен қалам ұшымен жазылған туындылары , тарихта өшпес таңба қалдырды. Аса көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» романы екі жастың жағдаяты тең болмағанымен , бір-біріне деген ыстық сезімінің қаншалықты қымбат болғаны баяндалады. Байлығы мен дәулеті қатар шапқан Тілеуберді мен сұлу Алтынайдан Сұлушаш есімді бетінен нұры тасқан перзент дүниеге келіпті. Ал құл болуға жарыған Шұнақ пен Тезек өздерінше бір қызық дәурен кешіп, торсықтай шекесі бар ұл тауыпты. Жылдар өтіп Алтай сұлу тұлғаға айналып , еңсесі тым биік болғанмен құлдан туғаның көзіне басумен болады. Бай билеткен заманда кедейдің бар өмірі құлдықпен өтетін еді. Көргені мен өлетіні осы тіршілік болған Алтай кекшіл болып өседі. Ал не дегенің істете білген Сұлушаш , еркеленіп бой жетеді. Екеуіде бала еді , бір-біріне көріскен сәтте жүректері бір толқында еді. Күндер өтіп, сезімдері оттай лауламаса, сөңген жоқ. Осы ретте біріне -бірі арнаған кіршіксіз пәк махаббаттың жалын кешті хикаясы өрбиді... Алтайдың күрсіне ойлаған тұңық ойлары. Сұлушаштың аңсаумен өткізген әр бір сәті. Құрбандыққа шалынған жақындары мен бұл дүние сыйдыртпаған қос ғашық...



Балуан Шолақ:

Қазаққа дарыған батыр ұл - қыздарымыз жаугершілік заманда халқының қорғаны мен сенімі еді. Сол асқан құрмет пен мадақтаулар Балуан Шолаққа тиесілі. Қашан да ел сүйер азаматты билік өкілдері ашық түрде қудалайды. Заман өзгерседе, бұл жағынан өзгерер түрі жоқ. Халқының жолы мен жүріп өткен Нұрмағамбеттің тағдыры тамаша баяндалады. Әр бір оқырманды туындының асқан шеберлігі қызықтырмай қоймас. Бұл жерде ән мен күйге бөленген шақта, қызық дәуренге толы жастық пен қатар жүрген адал махаббатта қозғалады. Жігітке лайық сезіз қырлы бір сырлылық тек Балуан Шолаққа біткен дара қасиет. Мың жылда бір туылатын бұл батыр, асқан қара күшін айтпағанда адамгершілігі бар адамзат баласына үлгі. Бала Нұржанның бала күндік өкініші , өмірінің соңына дейін арқалаумен өтті...

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет