Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


Жер заңын бұзғаны үшін азаматтар материалдық (мүліктік) жауапқа қандай жағдайларда тартылады?



бет25/27
Дата13.06.2016
өлшемі3.91 Mb.
#133197
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Жер заңын бұзғаны үшін азаматтар материалдық (мүліктік) жауапқа қандай жағдайларда тартылады?
Жер заңын бұзғаны үшін азаматтар материалдық (мүліктік) жауапқа: біріншіден, олардың пайдалануындағы жерді заңсыз өз еркімен пайдалануына байланысты немесе әртүрлі әрексттер жасап (ластау, егінді жою, зиян келтіру т. б.) зиян тигізсе; екіншіден, колхоздардың, совхоздардың, басқа ауыл шаруашылық кә-сіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің және басқалардың жерін өз бетімен иемденгені үшін немесе заңсыз әрекеттердің салдарынан оларға материалдық зиян тигізгені үшін жауапқа тартылады.

Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 223-бабында кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар жер заңдарын бұзу салдарынан өздері келтірілген зиянды өтеуге міндетті деп көрсетілген.

Өз бетімен иемденген жер телімдері заңсыз пайдаланылса, оған жұмсалған шығыны өтелмей иесіне қайтарылып беріледі. Қайтарылған жер телімдерін пайдалануға жарайтын құйге келтіру және өз бетімен салынған құрылыстарды бұзу, жер телімдерін өз бетімен иемденген кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың есебінен жүргізіледі.

Өз бетімен иемденген жер телімдерін қайтару халық депутаттарының ауыллық, ауылдық, поселкелік, аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Жерді пайдаланушылардың құқығын бұзуға байланысты келген зиян, Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 205, 443, 452 баптарына сәйкес толық көлемге өтелінеді.

СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1979 жылғы 29 маусымдағы «Дауларды шешуде екі жактың бірі колхоз немесе колхозаралық ұйым болғанда соттардың заңды қолдану тәжірибесі туралы»209 қаулысында колхоз жерін өз бетімен иемденгеннен және пішен шапқаннан келген зиян ССР Одағы және одақтас республикалардың азаматтық заңы Негіздерінің 88-бабы 1-бөліміне сәйкес, айыпталушының кінәсінен ала алмаған табыстарды қоса, зиян толық, мөлшерде қайтарылады деп көрсетілген.


Жер заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптың түрлері қандай?
Қазақ ССР-інің Әкімшілік, құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданғанға дейін жер заңын бұзғаны үшін кінәлі адамдар СССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1970 жылғы 14 мамырдағы «Жер заңдарын бұзғандық үшін әкімшілік жауаптылық туралы» және басқа жарлықтармен әкімшілік жауапқа тартылып келді. 1984 жылдың 1 қазанынан бастап жер заңын бұзған кінәлі адамдар аталған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте көрсетілген жағдайлар бойынша жауап береді. Олардың түрлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің мынадай баптарында қаралған.
48-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Құрделі құрылысқа немесе пайдалы қазба орындарынан кен өндіруге байланысты емес мақсаттар үшін жер телімдерін өз бетімен иемденсе немесе жерге мемлекеттік меншік құқығын (сатып алу, сату, кепілге беру, сыйға тарту, айырбастау, жалға беру жэне басқалары) тікелей немесе жасырын түрде бұзатын мәмлелер жасаса, егер бұл әрекеттер алғашқы рет жасалса және ол арқылы мемлекетке едәуір зиян келтірмесе, оны бұзған азаматтарға елу сомға, ал лауазымды адамдарға жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
54-бап. Жерді қырсыздықпен пайдалану
Жерді қырсыздықпен пайдаланса, жерді жақсарту және топырақты жел, су эрозиясынан және топырақтың жайын нашарлататын басқа процестерден қорғау жөніндегі міндетті шараларды орындамаса, жер телімдерін белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланбаса лауазымды адамға жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
58-бап. Межелік белгілерді жою
Жерді пайдалану шараларының межелік белгілерін жойса — азаматтарға он сомға дейін мөлшерде айыппұл салынады.
73-бап. Шабындық және жайылым жерлерді бүлдіру
Мемлекеттік орман қоры сақталған жердсгі шабындық жэне жайылым жсрлерді бүлдірген азаматтарға он сомға, ал лауазымды адамдарға елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
74-бап. Өз бетімен шөп шабу және мал жаю, жабайы өсетін

жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақ пен жидекті өз бетімен жинау
Орманда және мемлекеттік орман қоры өспеген жерде өз бетімен шөп шапса, мал жайса және бұған тыйым салынған жерлерде немесе орман билеттері бойынша ғана жол берілетін учаскелерде жабайы өсетін жемісті, жаңғақты, саңырауқұлақ пен жидекті өз бетімен жинаса, ондай азаматтарға он сомға, ал лауазымды адамдарға елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
103-бап. Колхоздардың, совхоздар мен басқа мемлекеттік және

қоғамдық шаруашылықтардың егістерін таптау және өсімдіктерін

бүлдіру
Малмен немесе құспен колхоздардың, совхоздар мен басқа мемлекеттік және қоғамдық шаруашылыктардың егістерін, маяларын таптаса немесе өсімдіктерін бүлдірсе, ондай азаматтарға жиырма бес сомға дейін, ал лауазымды адамдарға елу сомға дейінгі мөлшсрде штраф салынады.

Дәл осындай құқық бұзушылық үшін штраф салынғаннан кейін бір жыл ішінде егістерді, маяларды мал мен немесе құспен қайталап таптатса немесе өсімдіктерді қайталап бүлдірсе, ондай азаматтарға елу сомға, ал лауазымды адамдарға жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.


104-бап. Колхоздардың, совхоздардың басқа мемлекеттік және

қоғамдық шаруашылықтардың егістерін немесе өсімдіктерін басып

өту
Колхоздардың, совхоздар мен басқа мемлекеттік және қоғамдық шаруашылықтардың егістерін немесе өсімдіктерін автомобильмен, трактормен, комбайнмен немесе басқа машинамен басып өтсе, он сомға дейінгі мөлшерде штраф салынады. Егістерді немесе өсімдіктерді көлікпен басып өтсе, бес сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
107-бап. Арамшөптерге қарсы күрес жөніндегі

шараларды қолданбау-бақша
Жерді пайдаланушылар арамшөптерге (қарасұлы, ошаған, бидайық, сары шырмауық, арам құнбағыс және басқалары) қарсы құрес жөнінде шаралар қолданбаса ескерту жасалады.

Ескерту жасалғаннан кейін арамшөптерге қарсы құрес жөнінде шаралар қолданбаса, жер телімдері бар азаматтарға бес сомнан он сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Арамшөптерге қарсы құрес жөніндегі талаптарды қасақана бұзса, жер телімдері бар азаматтарға жиырма сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
107-бап. Жабайы өсетін сориан құртуға шаралар қолданбау-бақша
Бұл бапның талабы бойынша азаматтар өздеріне пайдалануға берілген жер телімдерінде жабайы өсетін сораны құртуға шаралар қолданбаса жиырма сомнан елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді.
108-бап. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы құрес жөніндегі ережелерді бұзу
Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы құрес жөніндегі ережелерді бұзса немесе орындамаса ондай азаматтарға ескерту жасалады немесе 10 сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Жоғарыда аталған әкімшілік жазалар – жерге мемлекеттік меншік құқығын және жерді тиімді пайдалану құқығын бұзудан немесе жерді пайдалану міндеттерін орындамағандықтан туындайтынын еске алу кереқ


Жер туралы заңды бұзғаны үшін қандай қылмыстық жауаптылықтар белгіленген?
Жер заңын бұзғаны үшін Қазақ ССР-інің, Қылмыстық кодексінде мынадай қылмыстық жауаптар қаралған:
156 с т а т ь я. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын немесе басқа да жерді заңсыз билеп басқару
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын немесе басқа да жерлерді жалға заңсыз беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығына пайдаланатын немесе басқа да жерді қандай түрде болса да заңсыз билеп, басқару жүргізгеп адам екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе бір жылға дейінгі мерзімге еңбекпен айыппұлға жазаланады.

Өз бетімен тұрғын үй салу немесе өз бетімен қосымша үйді жанастыра салу, жерді жырту, егін егу немесе жерді өз бетімен басқа түрде иемденуді жасағандар алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге еңбекпен түзеу жұмыстарына немесе үш жүз сомға дейін айыппұл салынып, заңсыз салынған құрылысты айыптының есебіне жатқыза отырып бұзып тастауға немесе заңсыз салынған құрылысты немесе егін өнімін тәркілеуге жазаланады.


157-бап. Өз бетімен шөп шабу
Совхоздардың, колхоздардың немесе басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың шабындығындағы шөбін өз бетімеи шабу, сөйтіп оларды едәуір залалға ұшырату, иә шөп шабуды кәсіп еткен адамдар екі жылға дейінгі мерзімге еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберіледі немесе үш жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
84-бап. Егісті немесе отырғызылған ағаштарды қасақана таптау
Егісті қасақана таптау, сол сияқты егісті қорғау мақсатымен отырғызылған ағаштарды, жеміс-жидек ағаштарын және басқа да отырғызылған ағаштарды касақана бүлдіру, сөйтіп колхозға, совхозға немесе мемлекеттік, иә қоғамдық басқа бір шаруашылыққа көп залал келтіргендер екі жылға дейінгі мерзімге еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберіледі немесе үш жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Жер заңын бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартудың негіздері қандай?
Жер заңын бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартудың негіздері колхоздың Үлгі жарғысында, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері үшін бекітілген ішкі еңбек тәртібінің арнаулы Ережелерінде қаралған. Олар жерді тиімді, ұтымды пайдалануға байланысты орындалмаған міпдеттер үшін қолданылады.
Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге байланысты қандай заң бұзушылыктар кездеседі және оларға қандай шара қолданылады?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың белгілі мөлшерде жүргізілетіндігі жоғарыда айтылды. Онда өсірілетін малдың, пайдаланатын жердің, салынатын өзіндік меншіктегі үйлердің, қора-жайдың мөлшері белгіленгені көрсетілді. Бірақ кейбір азаматтар заңмен санаспай, «өзім білемге» салынып немесе «не қылар дейсің» деп, осы аталған және басқа өзіндік шаруашылықты жургізу нормаларын бұзады, су нысандарын, орман ағаштарын және басқа меншіктерді өз бетімен қосалқы шаруашылыкка жұмсайды. Мұндай заң нұсқаларын бұзушыларға әкімшілік және қылмыстық жауаптар белгіленген.

Жер байлығын өз бетімен пайдаланса, жср байлығының мемлекеттік меншік екенін тікелей немесе жасырын түрде бұзатын мәмлелер жасаса, ондай азаматтарға елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Су нысандарын өз бетімен иемденсе, өз бстімен суды пайдаланса, суды пайдалану құқығын басқаға берсе, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын басқа мәмлелер жасаған азаматтарға елу сомға дейінгі мелшерде айыппұл салынады.

Суды (оның ішінде жер асты суын) ластаса және былғаса, су жинағыштардағы судың ластануына, топырақтың су эрозиясына ұшырауына жол берсе және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын, су қорғау режимін бұзған азаматтарға елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Су шаруашылық ғимараттары мен құрылыстарын бүлдірген азаматтарға, елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Тұрғын үйлерді, тұрғын жайларды, сондай-ақ пәтерлер жанындағы жазғы үй-жайларды өз бетімен қайта жабдықтаса және қайта жобаласа, бұл үй-жайларды өз мақсатында пайдаланбаған азаматтарға ескерту жасалады немесе отыз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Азаматтар тұрғын үйлерді, тұрғын және қосалқы үй-жайлар мен учаскелерді су құбырлары жүйелеріне өз бетімен қосқанда азаматтарға ескерту жасалады немесе жиырма сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Мұндай әрекеттерді бір жыл ішінде қайталап жасаса, заңсыз орнатылған жабдықтары тәркіленеді немесе тәркіленбей елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Азаматтар шаруашылық және тұрмыстық құрылыстар мен ғимараттарды өз бетімен салса ескерту жасалады немесе елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Азаматтар түлкі, ақ түлкі, қара күзен және басқа етқоректі терісі бағалы аңдар ұстаса, сондай-ақ бұл аңдардың терісін сатса, сатып алса немесе айырбастаса, еткоректі аңдар мен олардың терісі тәркіленіп, жиырма сомнан елу сомға дейінгі мелшерде айыппұл салынады.

Мал мен құсты асырау үшін мемлекеттік және кооперативтік дүкендерде піскен нан, ұн, жарма және басқа да астык өнімдерін сатып алу, сондай-ақ дүкендерден сатып алынған піскен нанмен, ұнмен, жармамен және басқа да астық өнімдерімен мал мен құсты асыраса, бұл әрекеттері үшін азаматтарға окімшілік жолымен 50 сомнан 100 сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Одан кейін ол әрекет тағы жасалса немесе үнемі кемінде екі рет және ірі мөлшерде жасалса, ондай адамдар екі жылға дейінгі мерзімге еқбекпен түзеу жұмыстарына немесе үш жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға жазаланады.


Жазғы шағын бау-бақша үйлерін салу, сондай-ақ ұжымдық бау-бақша өсіруді ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бұзғаны үшін заңда қандай жауаптылық қаралған?
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1985 жылғы 25 сәуірде қабылдаған «Жазғы шағын бау-бақша үйлерін салу, сондай-ақ ұжымдық бау-бақша өсіруді ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық туралы»210 Указында әкімшілік жауаптылық қаралған.

Құрылысы 1985 жылғы 1 қаңтарға дейін салынып бітпеген немесе бұл мерзімнен кейін басталған жазғы шағын бау-бақша үйлері, егер бүл құрылыс жобасыз немесе құрылыста қолданылып жүрген ССР Одағы мсн Қазақ ССР заңдарында көзделген нормадан ауытқып жүзеге асырылса, бау-бақша өсіру серіктестіктері аумағында орналасқан халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Советі атқару комитетінің шешімі бойынша, көрсетілген нормаларға сәйкестендіріледі немесе мұндай құрылысты жүзеге асырған азаматтардың өздері арқылы немесе солардың есебінен бұзылады.

Азаматтар жобасыз құрылыс немесе құрылыста қолданылып жүрген ССР Одағы мен Қазақ ССР заңдарында көзделген нормадан ауытқып, жазғы шағын бау-бақша үйлерін салуды жүзеге асырғандарға елу сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады (Қазақ ССР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 108-1-бабы).

Бау-бақша өсіру серіктестіктері мүшелікке алу ережесін бұзса; ұжымдық бау-бақшаға берілген жер учаскесін бұл аумақты ұйымдастыруды және оған құрылыс салуды жобасыз немесс бұл жобаны бұзып жүргізсе; жазғы шағын бау-бақша үйлерін жобасыз немесе қолданылып жүргсн ССР Одағы мен Қазақ ССР заңдарында көзделген нормадан ауытқып салуға рұқсат беріп, мұндай шағын үйлерді пайдалануға қабылдап алса, ұжымдық бау-бақша өсіру аумағында жалпы пайдаланудағы құрылыс пен ғимаратты жобасыз немесе одан ауытқып салуды жүзеге асырса; құрылыс материалдарын заңсыз босатса; транспорт құралдарын, механизмдерді, жұмысшы құшін пайдаланса, бау-бақша өсіру серіктестіктері нысандарын салуға мамандандырылмаған құрылыс ұйымдарын қатыстырғандарға, оның ішінде лауазымды адамдарға жүз сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.


Жазғы шағын бау-бақша үйлерін салу, сондай-ақ ұжымдық бау-бақша өсіруді ұйымдастыру және жүргізу ерсжелерін бұзғаны үшін қандай акті жасалады?
Жазғы шағын бау-бақша үйлерін салу, сондай-ақ ұжымдық бау-бақша өсіруді ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің бұзылғандығы туралы хаттаманы халық депутаттарының аудандык, қалалык, қаладағы аудандық Кеңестің атқару комитетінің уәкілдік бергенлауазымды адамы жасайды. Бүл хаттама жоғарыда аталған әкімшілік жауаптылықты қарауға негіз бола алады.
Өзіндік қосалқы шаруашылығы мүлкін қорғау туралы қандай нормалар бар?
Өзіндік қосалқы шаруашылық мүлкін (мал, құс, құрал-сайман, үй, қора-жай, бау-бақша, егістік, олардың өнімдеpi т. б.) ұрлағаны, әдейілеп бүлдіріп-жойғаны үшін кінәлі адамдар Қазақ ССР-інің Қылмыстық кодекесінде қаралған заңмен жауапқа тартылады, келтірілген зиян сот арқылы өндіріледі.

Азаматтардың пайдалануындағы жерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттерге алынуына байланысты шығындарды өтеу арнаулы жер туралы қаулыларда қаралған.

Азаматтардың меншік құқығын қорғау Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінде де көрсстілген. Мысалы осы кодекстің 143-бабында «Меншік иесі өзінің мүлкін бөтен біреудің заңсыз иемденуінен қайтарып алуға пра¬восы бар» дейді. Бірақ бұл жағдай барлық уақытта да қолданыла бермейді. Сондықтан егер мүлік, оны иеліктен шығаруға құқығы жоқ адамнан, яғни иесінен ақыға алынған болса, бұл туралы алушы (адал иеленуші) білмеген және білуге тиіс болмаса, мүлікті меншіктенуші немесе оның иемденуге берген жағы жоғалтып, иә болмаса олардың біреуі ұрлатып алса немесе бұлар еркінен тыс басқа себептермен мүліктен айырылып қалса, меншік иесі иеленушіден мүлікті қайтаруды талап етуге құқылы.

Егер мүлік иеліктен шығаруға құқығы жоқ адамнан (иесінен) тегін алынған болса, меншік иесі мүлікті кайтаруды талап етуге барлық реттерде де құқылы.

Егер мүлік сот шешімін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша сатылса, мүлікті осы бапның бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қайтарып алуға болады (Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 144-бабы).

Мүлік иесі заттарды заңсыз иемденушіден қайтарып беруді талап ете отырып, қиянатпен иеленушіден (ол иемденген бүкіл уақыт ішінде) өндіріп алған немесе өндіріп алуға тиіс барлық кірістерді қайтаруды немесе оларды өтеуді талап етуге құқылы; ал адал иеленушіден бұл мүлікті заңсыз жолмен иемденіп отырғанын білген немесе білуге тиіс болған уақытынан бастап немесе меншік иесінің мүлікті қайтару туралы талабы бойынша шақыру қағаз алған уакыттан бастап, мүліктен өндіріп алған немесе өндіріп алуға тиіс болған барлық кірістерді қайтаруды талап етуге құқылы. Адал иемденуші де, сол сияқты қиянатпен иеленуші де мүлікке өз қалтасынан жұмсаған қаржыны, меншік иесінен мүліктен өндірген кірістерден меншік иесіне есептслетін уақыттан бастап өтеуді талап етуге құқылы.

Егер мүлікті (затты), оның жақсартылғандарын булдірмей бөліп аларлықтай болса, адал иеленуші жаксартқандарын өзіне қалдыруға құқылы. Егср жақсартылған мүлік бөліп алуға жарамаса, адал иеленушінің затты жақсартуға жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқығы бар, бірак талап мөлшері заттың құнын арттыруға жұмсалған шығыннан аспауы керек.

Қиянатпен иеленушінің жақсартқан затының құны меншік иесінен өндіріліп, мемлекет кірісіне алынады, бірақ талап мөлшері заттың құнын арттыруга жұмсалған шығыннан аспауы керек (Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 147-бабы).


Азаматтардың егінге, шөпке түскен малын және құсын колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық ұйымдарының ұстауларына құқығы бар ма?
СССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1955 жылғы 11 қаңтардағы колхоздар мен совхоздардың егінін таптағаны үшін жауаптылық туралы жарлығында колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың және кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің малдары мен құстары колхоздардың, совхоздардың жэне басқа мемлекеттік және қоғамдық шаруашылыктардың, егінін таптап, өсімдіктерін бүлдіріп зиян келтірсе, ол малдар мен құстар келтірген зиянды олардың иелері толық өтегенге дейін, аталған шаруашылықтар ұстап тұрады деп көрсетілген.

Бірақ мал иелері үнемі қоғамдық жұмыста болатындығына байланысты келген зиян мөлшерінің аздығын ескеріп, малды ұстап тұруға байланысты болатын шығынды көбейтпеу үшін болған фактіге акті жасап, малды иелеріне дер кезінде қайтарған орынды болады деп санаймыз.

Келтірілген зиянды заң жолымен өндіріп алған орынды. Осы жағдайларды және жаңа Әкімшілік құқық тәртібін бұзушылық туралы кодекстің қабылданғанын ескере отырып, аталған Жарлыққа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ұсталған малды ет комбинаттарына, дайындау ор-гандарына өткізіп жіберу немесе басқа жаққа айдап тастау сияқты әрекеттер заңда жоқ шараларды қолданған азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескеру кереқ
Азаматтардың малы бақпаудан немесе қарамаудан жоғала қалса, заң бойынша қандай шаралар қолданылады?
Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 139-бабына сәйкес қараусыз немесе жоғалған малды ұстаушы бұл туралы малдың несіне дереу хабарлауға және малды оған қайтаруға немесе малды ұстағаны туралы милицияға, не халық депутаттарының ауылдық (ауылдық) Кеңесінің аткару комитетіне үш -құндік мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

Милиция немесе халық депутаттарының ауылдық (ауылдық) Советінің атқару комитеті, малдың меншікті иесін іздеу шараларын жүргізеді, ал меншікті иесін іздеп тапқанша, малды мал дәрігерлік ережелерін сақтай отырып, уақытша ұстауға және пайдалануға таяу жердегі совхозға немесе колхозға береді, олардың басшыларының малды алудан бас тартуға құқығы жоқ.

Жұмыс малының немесе ірі қараның (оның төлінің) меншікті иесі бұл малды совхозға немесе колхозға бергеннен кейін алты айдың ішінде, ал ұсақ малдың (оның төлінің) иесі – екі айдың ішінде табылған ретте мал иесіне қайтарылады, меншік иесі совхоздың немесе колхоздың малды құтіп ұстауына байланысты шығындарын, олардың малды пайдаланған кезде тапқан табысын есепке жатқыза отырып өтеуге міндетті.

Егер малдың меншікті иесі екі айдың ішінде табылмаса, ол бұл малды меншіктену құқығынан айрылады. Мұндай ретте колхозда ұсталған мал сол колхоздың меншігіне тегін кетеді, ал совхозда ұсталған мал мемле-кет меншігіне тегін беріледі және бағылып келген совхоз малының құрамына қосылады.

Ал жоғалған түйе (інген), бота, бие, құлын болса аталған 139-баптағы шаралар қолданылатыны белгісіз. Олар жөнінде заңда ештеңе айтылмайды. Сондықтан осы баптағы азаматтардың жоғалған малы туралы тәртіптерді қолдану жөнінде тиісті органдар шешім қабылдауы кереқ
Азаматтардың пайдалануындағы жер телімдерін алу немесе уақытша пайдалану салдарынан келген зияндарды өтеу тәртібі қандай және олар жайында қандай актілер қаралған?
Қазақ ССР-інің Жср кодексінің 58-бабында мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттер үшін жср телімдерін алу немесе уақытша пайдалану салдарынан жер пайдаланушыларға келтірілген зиян өтеуге тиіс деп көрсетілген.

Зиянды жер телімдерін бөлген кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер ССР Одағы мен одақтас республикалардың Жер заңдарының Негізінде, СССР Министрлер Кеңесі бекіткен ережелерге сәйкес өтейді.

Мұндай ережслер СССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 15 желтоқсандағы «Жер телімдерін мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алуға байланысты бұзылатын азаматтардың тұрғын үйінің және басқа құрылыстары мен қора-жайларының бағасын оларға төлеу тәртібі туралы және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету»211 және 1974 жылғы 9 тамыздағы «Мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттер үшін жер бөлген кезде, жер пайдаланушыларға келтірілген зиян мен ауыл шаруашылық өндірісінің шығынын етеу туралы»212 қаулыларында қаралған.

Қалаларда, жұмысшы поселкелсрде, басқа елді мекендер мен ауылдарда азаматтарға пайдалануға берілген жер учаскелерін алып қоюға немесе оларға уақытша орналасуға байланысты болатын зиянды СССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген тәртіп бойынша өтейді213.

Ұжымдық бау-бақшаға арналып берілген жер телімдерін, қызметіне қарай берілетін жер телімдерін, сондай-ақ азаматтар егістік жер телімдерін алған немесе оларға уақытша орналасқан кезде мыналар өтелуге тиісті:

- пайдаланылмаған шығындардың (жер жыртудың, тыңайтқыштар енгізудің тұқым себу мен басқа жұмыстардың) құнын сол жерде орналасқан мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарында осындай жұмыстарға қолданылып жүрген нарықтар бойынша және сатып алынған тұқымның, минералды тыңайтқыштар мен басқа да материалдардың бөлшек сауда бағалары бойынша анықталатын құны;

- жеміс-жидек ағаштарының одақтас республикалардың Министрлер Советі белгілейтін тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша анықталатын құны;

- азаматтардың қарамағындағы үйлер мен тұрғызылған қосалқы жайлардың СССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысынын 10 тармағына сәйкес белгіленген мөлшердегі құны.

Бұл ретте мынадай жайлар еске алынады. Азаматтардың өзіндік меншігіндегі тұрғын үйлері мемлекеттің немесе қоғамның қажеттеріне алынғанда оларға (тұрғылықты отбасыларына) мемлекеттік немесе қоғамдық үй-жай қоры есебінен белгіленген мөлшерде пәтер беріледі. Бұдан басқа тұрғын үй иелеріне олардың қалауы бойынша, бұзылатын үйлерінің, құрылыстарының, қора-жайларының құны төленеді немесе оларды бұзғандағы материалдарын пайдалануына құқық беріледі. Азаматтардың қалауы бойынша пәтер орнына жерглікті Кеңестердің атқару комитеттері, оларға кезектен тыс үй-құрылыс кооперативтеріне мүше болып кіруін және олардан пәтер алуына көмектессді.

Азаматтардың қалауы бойынша олардың бұзылатын тұрғын үйлері мен құрылыстары сол құйінде жаңа жерге апарылуы және қалпына келтірілуі мүмкін214.

СССР Министрлер Советі шешімімен кейбір жағдайларда үйі бұзылатын адамдар үшін, олардың еркі бойынша, жаңа жерде тұрғын үй құрылысымен қора-жайы салынып, осы адамдардың өзіндік меншігіне беріледі. Бұл ретте бұзылатын тұрғын үйлердің, құрылыстар мен қора-жайлардың бағасы төленбейді.

Азаматтардың тұрғын үйі мемлекеттік нсмесе кооперативтік және басқа қоғамдық кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға (үй құрылыс кооперативтері мсн басқалары) жер беруге байланысты бұзылатын болса, онда оларға пәтерді осы кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар береді. Басқа жағдайларда жер мемлекеттік және қоғамдык қажеттіктер үшін алынса, онда үй-құрылыс кооперативтеріндегі азаматтарға пәтерді жергілікті Кеңестердің аткару комитеттері береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет