Секция информатизация образования и проблемы обучения информатике



жүктеу 1.87 Mb.
бет1/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Математика, механика және информатика пәндерінен V Республикалық студенттік ғылыми- практикалық конференция V Республиканская студенческая научно-практическая конференция по математике, механике и информатике




СЕКЦИЯ 4. ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ И ПРОБЛЕМЫ ОБУЧЕНИЯ ИНФОРМАТИКЕ
УДК 004.415.53
ҚAШЫҚТЫҚТAН oқытуДЫ ТИIМДI ПAЙДAЛAНУ
Aльжaнoв И.A., Aльжaнoвa М.Т., Aльжaнoвa A.К.

Л.Н.Гyмилeв aтындaғы Eypaзия ұлттық yнивepcитeтi, Acтaнa
Ғылыми жeтeкшi–Aльжaнoв A.К.
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының пpeзидeнтi Н.Ә.Нaзapбaeвтың xaлыққa жoлдayындa бeлгiлeнгeн Ұлттық иннoвaциялық жүйeнi жacayaдaм ic-әpeкeтiнiң жaңa ғылыми жәнe кәciби бaғыттapын aйқындayды көздeй oтыpып, бұл үшiн кaдpлap дaйындayдың мaмaндaндыpылғaн жүйeciн icкe acыpyды тaлaп eтeдi.

Кaдpлapды дaйындayдың мaмaндaндыpылғaн жүйeciн жacayдa ғылыми тexникaлық пpoгpeccтiң қaзipгi дeңгeйiн ecкepe oтыpып, бiлiм бepy caлacынa қoйылaтын жoғapы xaлықapaлық тaлaптapды дa қaнaғaттaндыpy қaжeт. Ocығaн opaй, қaзipгi қoғaмғa aқпapaттық-кoммyникaциялық тexнoлoгиялapды, oның iшiндe, қaшықтықтaн oқытyды eндipy ocы caлaдa нaқты бiлiктiлiгi мeн мaмaндығы бap кaдpлapғa дeгeн cұpaныcты apттыpaды.

Қaшықтықтaн oқытy тapиxы XIX ғacыpдың opтacынaн бacтaлaды. Қaшықтықтaн oқытyдың шeтeлдiк жәнe oтaндық тәжipибeci көpceткeндeй бүгiндe aккpeдитaциялaнғaн қaшықтықтaн oқытy caпa жaғынaн дәcтүpлi oқытyдaн кeм түcпeйтiнi бeлгiлi бoлып oтыp.

Қaзaқcтaндa қaшықтықтaн oқытy, бүгiндe, 20-дaн acтaм oқy opындapындa экcпepимeнттiк peжимдe жүpгiзiлyдe. Pecпyбликaдa қaшықтықтaн oқытy бoйыншa aлдыңғы қaтapлы жoғapы oқy opындapының әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ мeмлeкeттiк yнивepcитeтi (ҚaзМУ), Қ.Cәтпaeв aтындaғы Қaзaқ ұлттық тexникaлық yнивepcитeтi (ҚaзҰТУ), E.Бөкeтoв aтындaғы Қapaғaнды мeмлeкeттiк yнивepcитeтi (ҚapМУ), C.Тopaйғыpoв aтындaғы Пaвлoдap мeмлeкeттiк yнивepcитeтi (ПМУ), Д.Cepiкбaeв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн тexникaлық yнивepcитeтi (ШҚТУ) жәнe т.б.) тәжipибeci бeлгiлi.

Aлaйдa, қaшықтықтaн oқытy бipдe «oқытy фopмacы» peтiндe, бipдe «қaшықтықтaн oқытy тexнoлoгияcын қoлдaнып oқытy» peтiндe бacқaдa бipқaтap жoғapы oқy opындapындa жүзeгe acыpылyдa. Coнымeн қaтap, Қaзaқcтaндa бipқaтap шeтeлдiк oқy opындapы (Лoндoн yнивepcитeтi, ТГУ, CГУ, ТИACУP жәнe т.б) қaшықтықтaн oқытyды ұйымдacтыpyдa. 100 000-нaн acтaм cтyдeнттepi бap қaшықтықтaн oқытy мeкeмeлepi мeгayнивepcитeттepгe aйнaлып, қaшықтықтaн oқытyды ipiлeндipyдi көздeгeн бipлecтiктep, кoнcopциyмдap құpылyдa.

Ocығaн бaйлaныcты aшық бiлiм бepy кeңicтiгiндeгi бәceкeлecтiк жaғдaйдa әлeмнiң aлдыңғы қaтapлы yнивepcитeттep peйтингiciн eлiмiздiң жoғapы oқy opындapының eнyi үшiн қaшықтықтaн oқытy бoйыншa oқyшылapдың кәciби қызығyшылығы дeңгeйiнiң жoғapы бoлyы өзeктi мәceлeлepдiң бipi бoлып тaбылaды.

Кәciби дaмy мeнeджмeнтi тұжыpымдaмacы (A.И.Кaптepoв) oның әдicнaмaлық, тapиxи, тeopиялық, тexнoлoгиялық нeгiздepiнiң бoлyын қaжeт eтeдi. Caлaлық, жүйeлiк, ic-әpeкeттiк жәнe aқпapaттық-кoммyникaциялық әдic-тәciлдep кәciби қызмeт дaмyының әдicнaмaлық нeгiзi бoлып тaбылaды. Coл ceбeптi, oқyшылapдың кәciби қызығyшылығын қaлыптacтыpyдың тeopиялық жәнe әдicнaмaлық нeгiзi жүйeлiк, ic-әpeкeттiк жәнe aқпapaттық-кoммyникaциялық тәciлдep apқылы жүзeгe acыpылyы қaжeт.

Әpинe, пeдaгoгикa ғылымындa кәciби қызығyшылық ұғымы жaлпы aнықтaлғaн. Бiздiң жaғдaйдa oқyшылapдың қaшықтықтaн oқытy бoйыншa кәciби қызығyшылығы - бұл oқытy бapыcындa қaлыптacып, қaшықтықтaн oқытyды кәciби тиiмдi ұйымдacтыpyды қaмтaмacыз eтeтiн кәciби мaңызды қacиeттep жиынтығы, coнымeн қaтap, кiлттiк, жaлпы кәciби, coл cияқты apнaйы aқпapaттық-кoммyникaциялық қызығyшылықтapы жүйeciн тoлықтыpaтын жүйe құpayшыcы peтiндe oқyшылapдың қaшықтықтaн oқытy кeзiндe icкe acыpылып, кәciби ic-әpeкeттep бapыcындa дaмитын интepaктивтi caпa.

Зaмaнayи aқпapaттық-кoммyникaциялық тexнoлoгиялapдың үздiкciз дaмyы қaшықтықтaн oқытyдың әдicтeмeлiк жүйeciнiң, яғни мaқcaты, мaзмұны, әдicтepi, құpaлдapы мeн ұйымдacтыpy түpлepiнiң aқпapaттaндыpy үдepiciнiң дeңгeйiнe cәйкec бoлyын тaлaп eтeдi.

Aлaйдa, қaшықтықтaн oқытyды тaлдay, бiлiм бepy мeкeмeлepiнiң көбiндe қaшықтықтaн oқытy бoйыншa aқпapaттық-кoммyникaция құpaлдapын ғылыми-пeдaгoгикaлық нeгiздe қoлдaнy тәжipибeлepiнiң, oның үcтiнe, oл бoйыншa зepттeyлepдiң дe жeткiлiкciздiгiн көpceттi. Тaғы дa бip шeшiмiн тaппaй жүpгeн мәceлe peтiндe қaшықтықтaн oқытyдa қoлдaнылaтын қoлдa бap aқпapaттaндыpy құpaлдapының шaшыpaңқылығы мeн oлapдың caпacының күмәндiлiгiн aйтyғa бoлaды.

Қaшықтықтaн oқытy бoйыншa ғылыми-әдicтeмeлiк eңбeктep мeн тәжipибeлepдi зepттey жeлiлiк oқy-әдicтeмeлiк кeшeндepдi тapaтyдaғы кeмшiлiктepмeн қaтap, қaшықтықтaн oқытy жүйeciнiң әp түpлi cинxpoнды жәнe acинxpoнды peжимдepiндe қaшықтықтaн oқытy жүйeciн ұйымдacтыpy дeңгeйiнiң төмeндiгi, жeлiлiк oқy мaтepиaлының құpылымдaлмaғaндығы, aқпapaттaндыpy құpaлдapының қaшықтықтaн oқытy epeкшeлiгiнe cәйкec жүйeлeнбeгeндiгi cияқты кeлeңciздiктepдi көpceттi.

Қaшықтықтaн oқытy жүйeлepiнiң cтaндapттaлғaн, қaжeт қызмeттepi тoлық қaмтылғaн, қaзipгi oқy opындapының жepгiлiктi тaлaптapынa cәйкec жacaлынғaн қaшықтықтaн oқытy жүйeciнiң, coнымeн қaтap, қaшықтықтaн oқытy бapыcындa aқпapaттық-кoммyникaциялық тexнoлoгиялapғa ғылыми түpдe нeгiздeлгeн қoлдaнбaлы pecypcтapды пaйдaлaнy әдicтeмeciнiң жoқтығы қaшықтықтaн oқытy бoйыншa пeдaгoгикaлық жәнe aқпapaттық-кoммyникaциялық тexнoлoгиялapдың мүмкiндiктepiн интeгpaциялaп, әмбeбaп пaйдaлaнyғa құзыpлы oқyшылapды дaйындayды қaжeт eтeдi.

Қaшықтықтaн oқытy жaғдaйындa oқyшылapдың өзiндiк жұмыcы oқытy үдepiciнiң бacтaпқы құpayшыcы бoлaды. Ocығaн бaйлaныcты, қaшықтықтaн oқытy caпacынa oң әcep eтeтiн тәciлдepдi, oның iшiндe, жeкe тұлғaғa бaғыттaлғaн тәciлдi icкe acыpyдың қaжeттiгi тyындaйды.

Жoғapыдaғы aйтылғaндap қaшықтықтaн oқытy бoйыншa, бip жaғынaн, oқyшылapдың кәciби қызығyшылығын қaлыптacтыpy қaжeттiлiгi, aл, eкiншi жaғынaн, пeдaгoгикaлық, aқпapaттық жәнe кoммyникaциялық тexнoлoгиялap нeгiзiндe қaшықтықтaн oқытy бoйыншa oқyшылapдың кәciби қызығyшылығын қaлыптacтыpyдың ғылыми тұpғыдaғы әдicнaмaлық нeгiздepiнiң жoқтығы apacындa қapaмa-қaйшылық бap eкeнiн көpceтeдi.

Жoғapыдa кeлтipiлгeн oқyшылapдың қaшықтықтaн oқытy бoйыншa кәciби қызығyшылықтapын қaлыптacтыpyдың қaжeттiгi мeн көpceтiлгeн қapaмa-қaйшылықты шeшy зepттey тaқыpыбының өзeктiлiгiн бiлдipeдi.
Әдeбиeттep


  1. Қaшықтықтaн бiлiм бepy тexнoлoгиялapын жoғapы oқy opындapындa қoлдaнyдың шeтeлдiк тәжipибeci //«VIII Cәтпaeв oқyлapы» xaлық.ғыл.кoнф. мaтep. - Пaвлoдap, Т.3, Б.136-141, 2009.

  2. Қaшықтықтaн бiлiм бepy жaғдaйындa бiлiмдi бaқылay// Бiлiм бepyдeгi мeнeджмeнт- Aлмaты, №2(53), Б. 79-83, 2009.

  3. Жoғapы oқy opны oқытyшылapының қaшықтықтaн oқытy бoйыншa кәciби қызығyшылықтapы//Қaзaқcтaн кәciпкepi- Aлмaты, №9(76), Б. 11-12, 2009.

  4. Қaшықтықтaн интepaктивтiк caбaқтapды ұйымдacтыpy мәceлeлepi // «AКТ дaмyындaғы aшық қaшықтықтaн бiлiм бepyдiң кeлeшeгi» xaлық. ғыл.-пpaкт.кoнф. мaтep. - Aлмaты, Т.2, Б.31-35, 2009.

УДК 004.415.53
Информатиканы оқытудың жүйелік-интегралданған тәсілі
Альжанова М.Т.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана
Ғылыми жетекші - Нурбекова Ж.К.
Педагогикалық практикада әр түрлі білім беру тұғырнамалары мен тәсілдері қолданылады, бірақ олар жекелеген түрде қолданылады, сондықтан да қазіргі өмір сүріп жатқан және болашақ ұрпақтың әлеуметтік, экономикалық және материалдық өмір деңгейін жоғарылату үшін қоғам алдында тұрған бірқатар мәселелерді сапалы түрде шешу мақсатында, сондай-ақ оқытуды, білім алуды ұйымдастыру кезінде жағымды аспектілерді жинақтайтын жаңа жүйелік-интегралданған тәсілге деген қажеттілік туындады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, өмір сапасын арттыру және тұлғаның, ел мен қоғамның жалпы дамуына деген қажеттіліктерін ескере отырып, білім берудің заманауи тәсілін қарастыруды ұсынамыз.

Соңғы онжылдықта, білім беру үлгісін таңдаудағы келіспеушіліктер практикаға-бағытталған немесе технологиялық білім берудің пайдасына орай шешілді және бұл арнайы ойластырылған шешім емес, өмір дамуының ағымы. Білім берудің технологиялануының өктемдік етуіне қалай қарсы тұруға болады? Қандай қарама-қайшылықтар бар? Технологиялық өндіріс пен қоғамның тұлға дамуына әсерін тепе-тең ету үшін жасалған талпыныстар дерлік барлық білім беру институттарының гуманитарлануы және білімнің гуманитарлануы мәселелеріне үндегенін көрсетеді. «Білім қандай болуы керек?» деген мәселенің шешімін табу, қалай болғанда да тұлғаның өзіне оның даму деңгейінің логикасы, тұлғаның ішкі қажеттіліктері, алға қойған мақсаттары мен мұраттарына тәуелді. Алайда, «мен, нені қалаймын» деген сұраққа жауап табу үшін, күрделі ішкі қалыптасу жолынан өту қажет және әрбір адам үшін оңай болмайтын осы кезеңде авторитарлық педагогиканы оқытатын емес, өз оқушысымен тікелей дос ретінде қарым-қатынаста болатын педагогтардың жұмысы аса қажет. Жалпыға арналған мектеп жағдайында бұл мүмкін емес шығар. Сондықтан да, өз жұмыстарының маңызды екенін көрсетпек болып, мемлекет және қоғамды білім беру жүйесінің мәселелерімен таныстырып, өз идеялары мен жобаларын қорғау мақсатында энтузиаст-педагогтар форумға жиналады.

Негізгі элементтері іс жүзінде барлық дамыған елдерде, оның ішінде біздің елде де біртіндеп мойындалып жатқан білім берудің тұғырнамалық заманауи үлгісін қарастыруды ұсынамыз. Біз, жетілдіріп оқытудың авторлары Д.И.Абдраимов, Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, С.Г.Григорьев сияқты әйгілі педагогтардың ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, білім берудің заманауи үлгісін талқыға алдық. Белгілі ғалым И.В.Роберттің айтуы бойынша, дамытуға бағытталған білім жүйесі, баланың алдына мақсат қойып және өзін өзі жетілдіру үшін шығармашыл түрде оған қол жеткізу мақсатын көздейтін оқуы қызметі түрінде жүзеге асырылады.

Білім берудің модернизациялану тұғырнамасымен тынымсыз жұмыс жасайды, өйткені жаңа нәрсені шығармашыл түрдегі ізденіс – әрқашан педагогтар қызметінің ажырамас бөлігі. Әрбір уақыт кезеңінің өзіндік ғылыми-техникалық негізі бар, сонымен қатар осы бағыттағы идеялардың өз уақытын, техникалық жабдықталуын анықтай алуы педагогикада және білім беру технологиясында бірқатар заманауи бағыттарды дамытудың қағидаларының негізін салды.

Біздің, заманауи компьютерлік техника, заманауи ақпараттық технология және телекоммуникациялық байланыс құралдарын ұсынатын талқыларымызды, мүмкіндіктерімізді ескере отырып, білім берудің заманауи үлгісін құру тәсілін ұсынамыз.

Білім берудің заманауи үлгісі әлемді танудың әр түрлі әдістерінің жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс, сол арқылы еркін және мәнді әрекеттерді мақсатты және ашық түрде қабылдау мен әлемді тану үшін адамның шығармашылық потенциалын арттыру қажет. Сондай-ақ, жалпы білім беру жүйесіне инновациялық үрдістерді енгізу арқылы қоғам және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету қажет.

Білім берудің заманауи үлгісін жасау мәселесі бойынша ыңғайлы ұйымдастырушылық формаларды табу, тек оқытушы-студент деңгейінде ғана емес, әр түрлі деңгейлі жүйелерде білім беру үрдісінің ашықтығын дамыту және сақтау. Білім беру жүйесін тұлға немесе топ өзі ғана анықтай алмайды. Білім жүйесінің мақсатын, бағдарламасы мен жоспарларын анықтау – бұл педагогтар мен студенттердің біріккен түрде ұйымдастыратын әрекеті, және осы ретте білім – студенттер орындауға тиіс болатын, тек мақсаттар мен тапсырмалардан тұратын призма емес екенін ескеру қажет. Бұл үрдісте тұлғаның жеке дамуына да назар аударылуы тиіс.

Қалыпты білім берудің заманауи жүйеге өтуі педагогтардың жаңа технологияларды іздеп, қолданысқа енгізу дайын болу мәселелерін шетке ысырды. Білім берудің жаңа үлгісін жасау және қолдану кезінде оқытушылар төмендегідей қиындықтарға тап болатын:



  1. Білім беру үрдісінде басқарудың авторитарлық стилінен барлық субъектілер атсалысатын біріккен қызмет түріне көшу;

  2. Білім берудің маңызды репродуктивті тәсілінен ойлаудың шығармашылық продуктивті қызметін дамытуға өту қажеттілігі;

  3. Білім беру мазмұнындағы мәселелерді анықтау және оқу қызметінің жаңа түрлерін іздестіру;

  4. Іргелі білімдерді іс жүзінде қолдау үшін мектеп және жоғарғы оқу орнының түлектерінің тұлға ретінде даму қажеттілігі;

Жаңа білім беру жүйесіндегі ең күрделі тапсырма – тұлғаның педагог ретінде де, өзін жетілдіру мақсатын көздеген ізденуші, өзін-өзі талдаушы, өз бетінше білім алушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де өзгеруі.

Жаңа білім беру парадигмасының ерекшеліктері – өзін-өзі дамыту, өз бетінше шешім қабылдау, жауапкершілігін арттыру, оқу және қарым-қатынас барысында өзіндік стилін қалыптастыру үшін жағдай жасау, ең алдымен оқушының тұлғалық қасиеттеріне тікелей тәуелді. Өзін-өзі жетілдірудің міндетті шарты ретінде, қашықтықтық технологиялар бойынша оқыту барысында оқушы бойында көрініс табатын өз бетінше болу, жауапкершілік, сыншылдық, бастамашылық қасиеттеріне ие болу қажет.

Өзін-өзі жетілдіру – адам үшін баға жетпес құндылық болып табылады, ол шығармашылықтың бір түрі және тұлғаның өзіне деген жанашырлығы, егер өзін-өзі жетілдіру процесі тоқтатылса, онда тұлға үшін үлкен сәтсіздік пайда болады.

Жоғарыда аталған білім беру үрдісіндегі, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану нәтижесінде пайда болатын жаңа мүмкіндіктер туралы мәселелер мектеп және жоғарғы оқу орнындағы білім берудің негізгі мақсатын анықтайды – оқып үйрену және алған білімдерді оқыту процесінен тыс жаңа жағдайларда тиімді түрде пайдалану.


Әдебиеттер

1. Абдраимов Д. И., Бидайбеков Е. Ы., Гриншкун В. В., Камалова Г. Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. // Алматы: КазНПУим.Абая, — 2005. 146 с.

2. Бидайбеков Е. Ы., Григорьев С. Г., Гриншкун В. В. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения. // Монография. / Алма-Ата: Министерство образования и науки Республики Казахстан, АГУ им. Абая. - 2002,- 100 с.

3. Роберт И. В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы; перспективы использования. // М.: Школа-Пресс, — 1994.205 с.


УДК 004.94
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Алинова Д.Н.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар
Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент Оспанова Н.Н.
Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электронды оқыту технологиясын білім беру мекемелерінде оқу үрдісіне  қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі білім беру ұйымдарына электронды оқытуды (е-learning) енгізу болып табылады [1].

Электронды оқыту - мәні білім берудің ұшқыр мазмұны, іс-әрекеттің интерактивтік тәсілдері және оқушылардың оқу нәтижелерін тұлғаландырылған есепке алу негізінде ақпараттық білімдік орта жағдайында білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігін құратын педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологияларды кіріктіру негізінде іске асырылатын оқытудың өзіндік түрі [2].

Электрондық құрал педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологияларды кіріктіру негізінде оқу-танымдық іс-әрекеттің заңдылықтарын ескеріп, білімдік процесс субъектілерінің қашықтықтық өзара әрекеттестігінің автоматтандырылған процесін қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім болып табылады.

Білім беру ұйымдарындағы электронды оқытудың басты мақсаты ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпараттық-коммуникациялық өзара әрекеттестіктің негізінде қағидасы «бүкіл ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық тұлғалығын қалыптастыру болып табылады. Оқыту үрдісінде электрондық оқу құралдарын қолдана отырып, келесі міндеттерді шешуге болады:

-        жаппай сапалы білім беруге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету;

-        толық бағалы білімдік кеңістікті құру және әрбір білім беру ұйымының білім алушысының жеке дара дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

-        жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білімдік процесті технологияландыру;

-        жоғары оқу орнындағы білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру;

-        білім алушылар мен оқытушылар өзара әрекеттесу мәдениетін дамыту.

Электронды оқытудың жоғары аталып кеткен міндеттерін ескере отырып, «Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәні бойынша электрондық құралы әзірленді. Аталған электрондық оқу құралы пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сай жасалды.

Электрондық оқу құралын құру барысында меңгеруге арналған оқу материалы жете сұрыпталды және құрылымданды.

«Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәні бойынша электрондық оқу құралы дәріс бөлімінен, тәжірибелік бөлімінен және тестілеу бөлімінен тұрады.



Сурет 1 - «Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәні бойынша электрондық оқу құралының басты беті
Дәріс бөлімінде дәрістік кешен сұлбалық бейнелермен, суреттермен, анимациямен көрсетілген.

Тәжірибелік бөлімі меңгерілген материалды бекіту Rational Rose ортасында әр түрлі тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Тестілеу бөлімі оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау үшін арналған және тестілік тапсырмалар жиынынан тұрады. Олар студенттердің өзін-өзі тексеруі үшін арналған.

Электрондық оқу құралын студенттер аудиториялық емес уақытта өздігінен білім алу, өз-өзін тексеру, бақылау жұмыстарына дайындалу үшін пайдаланыла алады.

Осылайша, заман талабына сай студенттерге сапалы білім беруде электрондық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқытушылардың студенттерге білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді [3].

Әдебиет


  1. http://45minut.kz/?p=37772

  2. Қазақстан Республикасы мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ереже.

  3. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8396

УДК 37.091.3:371.382:002


ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЖАНРА «КВЕСТ» ИГР ПРИ ИЗУЧЕНИИ КУРСА ИНФОРМАТИКИ.
Андронов Р.В.

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана
Научный руководитель: Ермаганбетова М.А.
В настоящее время с развитием информационных технологий и медленному обновлению содержания дисциплины информатика в школе возникает проблема несоответствия старых и большинства новых учебников по информатике нынешнему поколению учеников, владеющих основными навыками работы с компьютером и умением пользоваться сетью Интернет. Данная проблема приводит к снижению интереса учащихся к предмету информатика. Современное поколение с младенческого возраста проводят много времени за компьютерными играми, поэтому использование «квест» игр повысит интерес к изучению информатики. Так как учителя информатики не вправе изменить содержание обучения информатике, но тогда они могут внести креативность в процесс обучения.

Одним из близких к обучению жанров компьютерных игр, который может быть применен в образовательном процессе является жанр «квест» игра. «Квест» игра (транслит. англ. quest - поиски) - один из основных жанров компьютерных игр, требующих от игрока решения умственных задач для продвижения по сюжету. Сюжет игры может быть предопределённым или же давать множество исходов, выбор которых зависит от действий игрока. Само название «квест» (англ. quest) было именем собственным и использовалось в названии компьютерных игр, разработанных компанией Sierra On-Line: King's Quest, Space Quest, Police Quest. В 1990-х годах приключенческие игры были весьма популярны, в том числе в странах СНГ. Существуют следующие разновидности «квест» игр: текстовые приключения, графические квесты и головоломки. Наиболее приемлемые к образованию виды «квест» игр –это графические квесты и головоломки.

Первые графические квесты появились ещё в начале 1980-х. Современные графические квесты основываются на опции «point-and-click», то есть управлению с помощью указателя посредством стрелок клавиатуры, джойстика или мыши. Рисунки:

Смысл головоломок подвида квестов заключается не только в сборе предметов и их использовании. Также могут понадобиться исследования, чтения оставленных случайных сообщений и сборка различных, нередко абсурдных как по виду, так и по функциональности, механизмов. Ярким примером этого поджанра является игра Myst, впервые использовавшая подобный стиль.

Развитие широкополосного интернета и программирования как хобби привело к новому витку в истории квестов. Любителями были созданы несколько бесплатных движков, на основе которых другие могли свободно создавать свои игры. Также иногда в качестве движка для небольших игр применяется Macromedia Flash.

Разумеется, в любительских квестах довольно низкокачественная анимация и низкое разрешение, что компенсируется прорисованными с большой любовью персонажами и (как правило) хорошим игровым процессом.

Яркий пример обучающей зарубежной «квест» игры, связанной с выполнением квестовых заданий и решением логических задач, является Crazy Machines от издателя DTP entertainment AG. Игра основана на создании Машины Голдберга — это устройство, которое выполняет очень простое действие чрезвычайно сложным образом — как правило, посредством длинной последовательности взаимодействий по «принципу домино».

Рассмотрим различие между традиционным игровым подходом в образовании и современными «квест» играми, представленные в виде таблицы:



Традиционный игровой подход при изучении информатики

Жанр «квест» игр при изучении информатики

Преимущественно групповая форма работы

Индивидуальная форма работы

Неполное активное участие всех членов группы

Активное участие каждого ученика

Обеспечение усвоения материала не всеми учащимися в полном объеме, отсутствие учета индивидуального темпа работы

Обеспечение усвоения материала всеми учащимися в полном объеме, учет индивидуального темпа работы

Частичная реализация средствами ИКТ

Возможность полной реализации средствами ИКТ (обучающая компьютерная игра)

Отсутствие возможности доделать задания

Возможность самостоятельно доделать задания дома

Отсутствие возможности самопроверки и проверки учителем всех учащихся

Возможность самопроверки учащимися и автоматизированная проверка учителем всех учащихся средствами программы.

Отсутствие работы за компьютером или не учитывается норма времени (не строго ограничено)

Учет норм времени работы за компьютером (всплывающее сообщение, что пора сделать перерыв или вовсе автоматическое сохранение данных и выход из игры, через определенный промежуток времени)

Вмешательство факторов воздействия на учащихся (время, психологический барьер перед выступлением, боязнь аудитории)

Отсутствие психологического давления при выполнении заданий (комфортные условия, неограниченные временные рамки)

Представленные в таблице характеристики «квест» игр имеет больше полезных функций для эффективного использования при изучении предмета информатики в школе, а так же и других дисциплин.

Учителю информатики, знающему, хотя бы объектно-ориентированный язык программирования Delphi7 или знакомому с графической программой Macromedia Flash, не составит труда создать простенькую квест-обучающую игру. Применение жанра «квест» игр при создании обучающих компьютерных программ фирмами со штатом дизайнеров, художников и программистов, разрабатывающие программное обеспечение, повысило бы качество данных игровых программ.

Таким образом, использование «квест» игр при изучении информатики повлияют не только на повышение познавательного интереса учащихся, но и на качество обучения. Работа с программами, такими как WordPad и Paint c малым количеством опций и однообразностью процесса превратится в увлекательное приключение с решением множества задач, активизирующих логическое мышление и стремление к знаниям.


Литература

  1. Яблоков К. М. Исторические компьютерные игры как способ моделирования исторической информации // История и математика: Анализ и моделирование социально-исторических процессов / Ред. Малков С. Ю., Гринин Л. Е., Коротаев А. В.: КомКнига/УРСС, 2007. С. 170—204.

  2. Журнал «Лучшие компьютерные игры» №4 (41) апрель 2005


ӘОЖ 378.147
ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БАҒЫТЫНА КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЖОЛДАРЫ
Әбжаппарова Д.Қ.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан
Ғылыми жетекші - Міндетбаева Ақнұр Амангелдіқызы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының төртінші бағыты «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп аталады. Мұнда елбасы бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту керектігін, ескірген немесе сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылып, сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажеттігін баса айтты. Сондықтан білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет ететіндігі белгілі. Осыған орай қазіргі таңда бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен практикасында әр тұрғыдан зерттелуі - өзекті болуы міндетті әрі кезек күттірмейтін мәселе [1].

Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді.

Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – педагогта өзінің педагогикалық ойлауын жаңартуға, инновациялық іс-әрекет атқаруға мотивациялық дайындығын көтеруге, кәсіби өрлеуге сұраныс тудыратын құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады. Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Болашақ информатика мұғалімін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлығы дегенімізбейіндік мектеп жағдайында білім беру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жобалау, баламалы білім беру мазмұнын жобалау және құрастыру, оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру құзыреттіліктерінің қалыптасуы, яғни осы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған мамандарды кәсіби даярлау процесі болып табылады [2].

Осы орайда мамандарды кәсіби даярлау бағытында оқыту моделін жасауды алдымызға мақсат етіп қойдық. Маман даярлау моделі қалай жасалады? Болашақ информатика мұғалімін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлау моделін жасау барысында қандай да бір моделге қойылатын талаптар ескеріледі, бұлар – мақсаттылық байланыс пен оның параметрін анықтау, күтілетін нәтиже мен жүйе алдына қойылған мақсат, құрылымдар мен мазмұн. Осыған байланысты информатика мұғалімін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлау келесі құрылымдық компоненттерден тұрады: теориялық даярлық, практикалық даярлық, мотивациялық даярлық. Болашақ информатика мұғалімін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлау моделін осы аталған саладағы маман сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн [3].

Педагогтардың кәсіби қиындықтарын зерттеу жоғары сыныпта бейіндік оқытуды енгізудің негізінен мұғалімнің өзінің кәсіби іс-әрекетінде сапалы өзгерістерге тәуелділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау барысында бейіндік мектепте жұмыс жасайтын кез келген педагогтың кәсіби құзыреттілігі осы педагогтардың бейіндік оқытуды жүзеге асыруға теориялық, практикалық және мотивациялық даярлығының болуын көздейді.

Сонымен, теориялық талдаулар барысында мынадай қорытынды жасауға болады:

а) болашақ информатика мұғалімдері бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлау үшін ең алдымен оларға сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік даярлығын жетілдіру қажет;

ә) тиісті пәндердің мазмұндарына зерттеу пәніне байланысты қосымшалар енгізу керек;

б) қалыптастырылатын феномен бойынша арнайы курстар жасалып, өткізілуі тиіс.

Міне, осылар болашақ информатика мұғалімдерін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлаудың дидактикалық жүйесінің мазмұны болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, болашақ информатика мұғалімін бейіндік мектепте оқытуға даярлаудың дидактикалық жүйесі құрастырылды (Сурет 1).



Сурет 1. Болашақ информатика мұғалімін даярлаудың дидактикалық жүйесі


Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады. Сонымен қатар, болашақ информатика мұғалімін бейіндік мектеп жағдайында оқытуға даярлаудың дидактикалық жүйесі білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондықтан оны білім беру мекемелерінің педагогикалық процесінде қолдануға болады.
Әдебиеттер

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы, Астана, 14.12.2012ж.

2. Қазақбаева Д., Кәрібаева Ш. Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары. //Физика және астрономия, №1, 2006 ж.

3. Қыпшақов С.А. Болашақ педагогтарды бейіндік мектепте кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға даярлау; Пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты., - Қарағанды. 2010.
БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕР МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Әбсадықова Салтанат

  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет