Секция информатизация образования и проблемы обучения информатике



бет3/8
Дата25.04.2016
өлшемі4.14 Mb.
#88314
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет

  1. Нурбекова Ж.К. Теоретико-методологические основы обучения программированию: Монография. – Павлодар, 2004, 139с.

  2. http://portal.agun.kz/e-books/content/mfXZcTnr3tN9bthhxPpB/pages/14.htm

  3. http://www.intuit.ru/department/security/secbasics/

УДК 372.862


СИСТЕМЫ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА И ЕВРОПЫ ГЛАЗАМИ СТУДЕНТОВ
Давыденко И.Р., Тюлюбаев Д.Е.

Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова, Павлодар
Научный руководитель – Канагатова Макпал Серикжановна
Мировая интеграция не стоит на месте. В том числе и в системе образования. Примером тому может служить сотрудничество университетов всего мира. Многие страны обмениваются студентами для повышения их профессиональных навыков с помощью программ содействующих диалогу и пониманию между людьми и культурами.

Не стала исключением и наша страна, присоединившаяся к Болонскому соглашению в 2010 году. В образовательной системе Казахстана уже наметили главные направления на пути к интеграции в мировую образовательную систему. Многие университеты Казахстана сейчас имеют возможность сотрудничать с университетами ведущих стран Европы и мира. И наш университет тому подтверждение. Так наш ВУЗ отправил нас на обучение, по программе академической мобильности в Балтийскую Международную Академию в город Рига в период с сентября по декабрь 2012 года. За время обучения в Балтийской Международной Академии мы смогли узнать европейскую систему образования изнутри, которая все же отличается от системы высшего образования в Казахстане.



В этом докладе, мы хотели бы провести некоторые параллели между европейской и казахстанской системами образования и выявить положительные и отрицательные стороны каждой системы.

Система высшего образования Казахстана с момента приобретения независимости претерпела значительные изменения. Увеличилось количество университетов на душу населения, значительно повысился процент людей имеющих высшее образование. В университетах Казахстана используется кредитно-рейтинговая система обучения (ECTS). ECTS (англ. European Credit Transfer and Accumulation System — Европейская система перевода и накопления кредитов) — общеевропейская система учёта учебной работы студентов при освоении образовательной программы или курса.

На практике система ECTS используется при переходе студентов из одного учебного заведения в другое на всей территории Европейского союза и других, принявших эту систему, европейских стран. Один учебный год соответствует 60 ECTS-кредитам, что составляет около 1500–1800 учебных часов. Для получения степени бакалавра нужно набрать от 180 до 240 ECTS-кредитов, а для магистра добрать недостающие до 300 (то есть ещё от 60 до 120 ECTS-кредитов).

То есть общий курс обучения во всех странах, принявших эту систему получает единый общий критерий, при этом такой же общий критерий присутствует и по каждому предмету. Если у нас прошёл курс «Основы информационных систем», объёмом в 2 кредита, то в любом другом вузе точно знают, что за предмет мы прошли, в каком объёме и каков у нас уровень владения этим предметом (по нашей оценке по итогам аттестации). Кредитные системы Казахстана и Европы практически не отличаются, отличия лишь в способах оценки знаний студентов и магистров.

В Казахстане используется 100 бальная система оценки успеваемости обучающегося. Обучающийся получает определенное количество баллов за посещение лекций, практических семинаров и выполнение самостоятельных работ. В результате формируется текущая успеваемость обучающегося. Учебный семестр делится на две половины, в конце каждой половины производится проверка знаний, называемая «рубежный контроль», которая показывает насколько хорошо обучающийся усвоил материал, пройденный за этот период. После окончания учебного семестра по специальной формуле расчитывается рейтинг допуска к экзамену, с которым обучающийся будет сдавать итоговый экзамен. По результатам сданного экзамена и рейтинга допуска выводится итоговая оценка. В 100 бальной системе итоговая оценка выводится в цифровом значении, который имеет буквенный эквивалент. Ниже представлена таблица эквивалентности баллов относительно системы оценок ECTS.

Баллы

ECTS

95-100

A

90-94

A-

85-89

B+

80-84

B

75-79

B-

70-74

C+

65-69

C

60-64

C-

55-59

D+

50-54

D

0-49

F

В Европе же оценка знаний представлена несколько в другом виде. Основное отличие заключается в том, что текущая успеваемость обучающегося не учитывается, итоговая оценка зависит лишь от того как сдан экзамен. То есть, если обучающийся имеет определенные знания и умения по изучаемому предмету, студент может сдать экзамен экстерном, предварительно доказав свои знания и умения преподавателю. Таким образом в Европе выводится итоговая оценка. Итоговая оценка в Европе, так же как и в Казахстане, выводится в цифровом формате, но используется 10 бальная система оценки знаний, которая имеет буквенный эквивалент. Ниже представлена таблица эквивалентности баллов относительно системы оценок ECTS.

Баллы

ECTS

10

A

9

A

8

B

7

B-C

6

C-D

5

E-Fx

0-4

F

Подводя итоги сравнения систем обучения можно прийти к выводу, что система образования Казахстана, взятая в пример с европейской все же отличается от системы высшего образования, которая используется в европейских Высших Учебных Заведениях. Она имеет свои плюсы, но наряду с этим имеет и недочеты. Так, например, в казахстанских вузах присутствует большой объем не нужной информации, мешающий нормальному её усвоению студентами. Курс некоторых предметов можно уложить в несколько недель. А делать упор на специализированные предметы студенту мешает большой объем информации, получаемый на предметах второстепенной важности. Временной формат проведения занятий также различен, в казахстанских вузах одно занятие длится 50 минут, в европейских вузах 90 минут. Все эти минусы конечно не существенны, но их устранение позволило бы решить некоторые проблемы, и позволило бы улучшить качество знаний, а следовательно и подготовку будущих специалистов.

Так как современное мировое общество на пути ко всеобщей мировой интеграции, нужно внедрять в системы нашего государства лучшее из опыта мировых держав, сотрудничать с ними и развивать международные отношения.



Литература

  1. Собственный опыт

АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АКПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Елжанова А.Е.

М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар акедемиясы, Алматы
Ғылыми жетекшісі – Шилибаева Айжан Сагындыковна
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.

Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:

- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;

- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;

-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;

- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;

- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;

- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.

Ақпараттық қауіпсіздік-- мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты. Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік(немесе хаттамалау тетігі)қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

Сенімді есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.

Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі:

- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;

- толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек;

- иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек.

Қауіпсіздік өзегі - қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.

Қауіпсіздік периметрі- сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.

Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу.Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.

Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.

Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері. Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.

Қатерге талдау жасау.Қатерді  талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.

Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау.Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.

Қатынас құрудың ерікті басқару- жеке субъект немесе құрамына осы сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере алады.Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер, ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және т.б.) кодасы көрсетіледі.Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі. Бұл элемент құпия ақпаратты «қоқтықтан» кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады. Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар: жедел жадыны қолдану, сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат еңгізу/шығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.

Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.

Мәселен, принтерлердің аралық жадында құжаттардың бірнеше беті сақталып қалуы мүмкін. Олар басу үрдісі аяқталған соң да жадыда қалып қояды. Сондықтан оларды арашықтан шығарып тастау үшін арнаулы шаралар қолдану қажет. Әдетте кездейсоқ биттер тізбегін үш қайталап жазу жеткілікті болады.

«Субъектілерді қайтадан пайдаланудың» қауіпсіздігі жайында да қамдану керек. Пайдаланушы ұйымнан кеткен кезде оны жүйеге кіру мүмкіншіліктерінен айыру және барлық объектілерге оның қатынас құруына тиым салу керек.

Қауіпсіздік тамбасы.  Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.

Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және категориялар. Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі. Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті - деректер жататын аймақтың тақырыбын сипаттау.

Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты негізгі проблемелардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте (қолдануға ыңғайлы) саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден, қорғалынатын деректермен қандайда болмасын операциялар орындалмасын, қауіпсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек.

Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады. Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды басқару мәжбүрлі деп атаудың себебі - қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі. Егер субъектінің құпиялылық деңгейіобъектінің құпиялылық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда субект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, «өте құпия» субъект «өте құпия» және «құпия» файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда «субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым» деп атайды.
Әдебиет
1. Тұрым А.Ш., Мұстафина Б.М., Ақпарат қорғау және қауіпсіздендіру негіздері. – Алматы: Алматы энергетика және байланыс институты, 2002ж.

2. Романец Ю.В., Тимофеев П.А., Шаньгин В.Ф. Защита информации в компьютерных системах и сетях. –М.: РАДИО И СВЯЗЬ, 1999.

3. Алферов А.П., Зубов А.Ю., Кузьмин А.С., Черемушкин А.В. Основы криптографии:

Учебное пособие. – М.: Гелиос АРВ, 2002. – 480 с.

4. Бурдаев О.В., Иванов М.А., Тетерин И.И. Ассемблер в задачах защиты информации. Под ред. Ю.В.Жукова. – М.: КУДИЦ-ОБРАЗ, 2002. – 320 с.

5. Венбо Мао. Современная криптография: теория и практика. – М.: Издательский дом “Вильямс”, 2005.- 768 с.

6. Анин Б.Ю. Защита компьютерной информации. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2000. – 384 с.
УДК 374:004

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ КЛАСТЕРА ПАРАЛЛЕЛЬНЫХ ВЫЧИСЛЕНИЙ MATLAB

Ергибаев Т.Р.

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
Научный руководитель – М. Серік
Цель работы: в среде MatLab настроить кластер из двух компьютеров (в учебном процессе нами был настроен кластер из 4 компьютеров).

Кластер – группа компьютеров, которая объединена в локальную сеть и которая решает единую задачу.

Для установки и управления кластером в среде MATLAB мы использовали Windows Server 2003, т.е. здесь не будет проблемы со встроенной группой безопасности, которая на русском и английском языках разная (таблица 1)[1], однотипные компьютеры Pentium(R) Dual-CoreCPU 2.8 GHz, также компьютеры одной локальной сети для минимизации времени для передачи данных между лабораториями. Оперативная память в нашем случае составляет по 2 Gb.
Таблица 1 – Некоторые специальные группы Windows и их перевод на русский язык - перевод группы "AuthenticatedUsers".

Знаком * отмечены встроенные группы и идентификаторы.



* SYSTEM

* SYSTEM (Windows Server 2003)



* система (Windows 7)

* SERVICE

* СЛУЖБА

* LOCAL SERVICE




* NETWORK

* СЕТЬ

* BATCH

* ПАКЕТНЫЕ ФАЙЛЫ

* DIALUP

* УДАЛЕННЫЙ ДОСТУП

* EVERYONE

* Все

* OWNER RIGHTS

* ПРАВА ВЛАДЕЛЬЦА

ADMINISTRATOR

Администратор

USERS

Пользователи

GUEST

Гость

Кластер предполагает более высокую надежность и эффективность, нежели просто локальная вычислительная сеть. Кластер использует типовые аппаратные и программные решения и поэтому имеет существенно более низкую стоимость в сравнении с другими типами параллельных вычислительных систем. Основные компоненты системы MATLAB показаны на рисунке 1[2].



Рисунок 1 – Инструменты параллельного вычисления в MatLab


Приведем некоторые понятия для настройки и управления кластером:

Worker или рабочий процесс – процесс системы MATLAB, который выполняет заданные вычисления.

jobmanager - управление вычислительной операции большой размерности, состоящая из подзадач.

mdcе (MatlabDistributedComputing)– служба, которая должна быть запущена на всех машинах, перед тем, как там будут запущены jobmanager или worker-процессы. Это основополагающая среда для запуска всех остальных процессов[3].

При созданной нами конфигурации mpc с количеством ядер равным 4 admincenter выглядит следующим образом(рисунок 2):

Рисунок 4 – Окно AdminCenter


На указанных 4-х рабочих процессах на занятиях нами решаются задачи, которые подлежат распараллеливанию.

Литература:

  1. Специальные группы Windows и их перевод на русский язык. http://kaktusenok.blogspot.com/2012/08/ windows _16.html

  2. Туревский А. Параллельные вычисления в MATLAB, 2010.

  3. Оленев Н.Н., Печенкин Р.В., Чернецов А.М. Параллельные программирование в MatLab и его приложения. – М.: ВЦ РАН, 2007. – 120с.

ЖОК 37. 016. 02:004 (574)
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КУРСЫНАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ
Ермекова Н.С.

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекшісі – Д.С. Байғожанова

п.ғ.к., доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі.

Ақпараттық жаңа дәуір – өзінің көптеген адам сенгісіз жаңалықтарымен, күннен күнге толассыз ағылған ақпараттарымен бүкіл әлемді таң қалдыруда. Мұндай жаңалықтардың туындауының қайнар көзі - әрине ғылымның жылдам дамуынан болып отыр.

Қоғамымыздың кез-келген саласы өз бағытында жаңа ғасырда жаңаша өмір сүруге тырысып бағуда. Ал, қоғамымызды алға жетелейтін жетекші орындардың бірі – білім саласына келер болсақ, мұның жөні бір басқа.

Бүгінгі күні заман талабына сай білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу болып табылады. Сондықтан жоғары білім беру саласы педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі білімгерлерді болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет [1].

Білім саласы бойынша орта білім беру жүйесінен бастап, кәсіптік және жоғары оқу орындарында қаншылықты өзгерістер болып жатқанына қарамастан, атап айтсақ: барлық оқу орындары жаңа ақпараттық технология құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Қаржылар молынан білім беру саласына бөлінуде, білімгерлерге де, талапкерлерге де, магистранттар мен докторанттарға да жағдайлар жасалған деп айтуға болады. Бірақ, осыған қарамастан, жетістіктерімізбен қатар кемшіліктеріміз де жеткілікті, сол себепті, шешімін іздейтін көкейкесті мәселелер молая түсуде. Осындай өзекті мәселелердің бірі«Жоғары оқу орындарына информатиканы оқыту» мәселелері болып табылады.

Ендеше біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістерін қалай беруге болатындығына арналады. Мұндай мәселелерді шешудің бірден бір жолы - толастаған ақпараттарды қалай өңдеуге болатынын үйрететін информатика пәнін жоғары оқу орындарында оқыту арқылы жан жақты зерттеп теориялық негіздемелер жасап отыру бүгінгі күннің еншісіне тиіп отыр.

Жоғарыда аталған қордаланған мәселелерді шешуге еңбек етіп жатқан ТМД және отандық ғалымдарымыз қаншама. Атап айтар болсақ: педагогикалық технология мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін В.П. Беспалько, М.В. Кларин, В.Н. Монахов, И.Я. Лернер, Қ. Қабдықайыров, Ж. Қараев сынды ғалымдар теориялық тұрғыда қарастырса, Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г. Брусницына, Г.К.Нургалиева, Г.Д. Жангисина және т.б. өз зерттеулерін оқытушыларды ақпараттық, педагогикалық технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арнады.

Әртүрлі бағыттағы информатика пәнін жоғары оқу


орындарында оқыту әдістемелері М.П. Лапчиктің, А.А. Абдукадыровтың, Е.Ы. Бидайбековтың, С.А. Азаматовтың, Қ.А. Камардиновтың, Б. Бөрібаевтың, Қ.С.Әбдиевтің, Г. Халықованың К.М. Каримовтың, Д.С. Байғожанованың ғылыми еңбектерінде кеңінен баяндалса, ал, оқыту технологияларының жүктемесі мен пайдалану жолдары А.В. Солововтың, А.Я. Савельевтің, О.П. Околеловтың, Ш.М.Каланованың және т.б. еңбектерінде көріністер тақан.

Соңғы кезде заман талабына сай информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда – университеттерде информатикамен ұштасқан профиль мамандарын информатикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Е.Ы.Бидайбеков), жалпы білім беретін орта білім беру саласытерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С.Қариев), білім беру саласытер мен университеттерде информатика мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру (Б.Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В.В.Гриншкун сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты зерттеледі.

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А. Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында білімгерлердың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә. Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М. Кеңесбаев болашақ оқытушылардің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, жетілдіру туралы қарастырған.

Жоғарыда аталған жұмыстар – елімізде информатиканы және информатикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға зор мүмкіндік берді.

Біз де магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысымызда эксперименттік зерттеулер жүргізу мақсатында: «Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі» - деп аталатын оқу құралын баспадан шығардық. Бұл оқу құралында – информатика пәнін жоғары оқу орындарында оқытуға арналған дәрістер топтамасы құрастырылды, анықтамалық сөздіктер ретінде глоссарийлер берілді және магистранттардың аталған пән бойынша білімін тексеруге арналған емтихан сұрақтары қамтылды. Оқу құралын жазуда соңғы жылдарда жарық көрген жаңа типтегі ақпараттық технологияларға сай жазылған, информатика кітаптары, интернеттік ақпараттық көздердің материалдары пайдаланылды және ол кітаптардың авторлары мен сайт атаулары әдебиеттер тізімінде көрсетілді [2].

Оқу құралы жоғары оқу орындарының информатика мамандығының магистранттарына таңдау пәні ретінде енгізуге ұсынылып отыр. Онда, ақпараттық қоғамның адам нанғысыз дәрежеде дамуына байланысты, информатика немесе педагогикалық информатика пәндерін заман талабына сай оқытудың әдістемелік негіздерінің қалыптасуы, білім беру саласына педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу және жетілдіру жолдарын бейнелейтін негізгі материалдар қамтылған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына аталған пәндерді қалай оқытуға болатындығы мен оның басқа да орта және кәсіптік оқу орындарынан ерекшеліктері жөніндегі жинақталған материалдар дәрістік курс ретінде беріледі. Аталған оқу құралы университетімізге қарсты «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институты»-ның ғылыми-педагогикалық бағытта оқитын 6М0111000 – информатика мамандығының 1-курс магистранттарына эксперименттік тәжірибе ретінде оқытылуда.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Байғожанова Д.С., Ермекова Н.С., Тұлымшақова Г.К. Жаңа ғасырдағы жоғары оқу орындарына жаңаша тұрғыда қалыптасқан мамандар дайындау мәселелері. Қазақстан респуб-дағы ғылым және білім министрлігінің ғылыми журналы “ІЗДЕНІС”, Алматы, 2012, №4 (1). – 300-304 б.

  2. Байғожанова Д.С., Ермекова Н.С. Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі. / Оқу құралы. І. Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» баспа орталығы. – Талдықорған, 2012 ж. . – 113 б.

ЖОК 37. 016. 02:004 (574)

ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ермухамбетова М.А.

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент Д.С. Байғожанова
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен үндесіп отыруға міндетті болғандықтан, бүгінде педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары "Қазақстан Республикасының 2015 - жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында" көрсетілген [1].

Елімізде орта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі және дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйе бойынша жас ұрпақ алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Мемлекеттің даму деңгейі оның табиғи қорларының байлығымен ғана анықталмайды. Мұндағы ең маңызды мәселе елдің парасатты және шығармашыл күш – қарқынының болуында. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді, бәсекелесуге қабілетті шығармашыл тұлғаның қалыптасуына қажетті оң жағдайларды жасау. Сондықтан, Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылып отырған V-республикалық студенттердң ғылыми-практикалық конференциясының алатын орны ерекше. Өйткені, қазіргі кезеңде білім мен ғылым заман талабына сай өз ағыны бойынша дамуда, бірақ, бұлардың сараланбаған, талдау жасалмаған және қарастырылмаған мәселелері жеткілікті.

Осындай көкейкесті мәселелердің бірі орта мектептерде информатика пәнін инновациялық яғни жаңаша қалай қалыптастырып оқытуға болатындығын зерттеу болып отыр.

Информатика пәнінің бір жүйеге келтірілген нұсқасының қалыптасып, өз алдына жеке пән ретінде қалыптасып программалау тілдерінен бөлініп шыққандығына 10-жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт мерзімінде көптеген іс-шаралар қолға алынып, білім беруді жетілдіре түсуге септігін тигізді, атап айтар болсақ, орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттану пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық екі бағытта оқытылуы, әрбір сыныптарға арналып ақпараттану оқу құралдарының жарық көруі, тіпті үздіксіз оқыту үрдісі негізінде, бүгінде, бастауыш сыныптарға «ақпараттық мәдениет» жұмыс дәптерлерінің қолданысқа енуі. Бұл жерде бастауыш сынып өз алдына зерттеуді қажет етіп отырған үлкен бір мәселе, өйткені ақпараттық мәдениет жұмыс дәптерлері болғанымен, ғылыми негізде ақпараттануды оқыту әдістемесінің әлі қалыптаспағандығы белгілі [2].

Сол себепті зерттеу жұмысының мақсаты – орта білім беру жүйесінде білім беруді жетілдіру жолдарын айқындау және олардың ерекшеліктерін сарапқа салу. Осы орайда, орта мектепте информатиканы инновациялық тұрғыда оқыту әдістемесін жетілдіру жолдарын келесі түрде ұсынуға болады:



  • информатика пәнін орта мектепте әрбір сыныптар бойынша оқытудың ерекшеліктерін айқындау;

  • жаратылыстану және гуманитарлық екі бағытта оқытылу араларын жіктеп ашу және ұқсастықтарын көрсету;

  • жаңа ақпараттық технология негізінде оқушының коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру және тағы да басқа көкейтесті мәселелер жеткілікті.

Біздің зерттеу жұмысымыз жоғарыда аталған тәсілдердің ішінде жаңа ақпараттық технология негізінде оқушының коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру моделін құруға арналады, өйткені, бұл жаңа ұғымды зерттеу - дәл қазіргі заман талабы (1-сурет).

Зерттеудің болжамы: егер, оқушыларды ЖАТ негізінде оқытуда оқушының коммуникативті құзырлығы параметрлері, оған әсер ететін факторлары және коммуникативтік құзырлығын дамытудың әдіснамалық негіздері айқындалып, олардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту моделі жасалса, онда оқушылардың коммуникативті құзырлығы қалыптасып, кәсіби білігі жетілдіріледі, ал бұл болса, оқушының коммуникативті құзырлығын дамытуды қамтамасыз етеді.

  • оқушының коммуникативті құзырлығы терминінің мағынасын анықтау;

  • оқушының коммуникативті құзырлығын оқыту барысында ақпараттық технология бойынша білім-білік-дағды параметрлерін анықтау;

  • оқушының коммуникативті құзырлығын дамытуға ықпал ететін дидактикалық жүйесін дайындау;

  • дайындалған тапсырмалар жүйесін ақпараттық технологияны оқытуға пайдалану.

1-сурет. Оқушының коммуникативті құзырлығы моделі.

Коммуникативті құзырлықты қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру болып табылады [3].

 Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.  Сонымен ҚР білім және ғылым министрлігінің «Білім туралы» тұжырымдамалары мен республикамыздың Ата заңына сүйене отырып, келешекте жоғарыда аталған мәселелер ғылыми тұрғыда негізделіп - тиімді шешімдерін тапса екен деген тілек білдіреміз.


Әдебиеттер

  1. ҚР-ның 2015-жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004 ж.

  2. Бидайбеков Е.Ы., Байғожанова Д.С., Ермекова Н.С. Компьютерлік технологияларды бастауыш мектептерге оқытуға болашақ мұғалімдерді даярлау. Материалы Ү МНМК «Математическое моделирование и ИТ в образовании и науке» (ММ ИТОН Ү), г.Алматы, (1-2 октября). 2010, І том, – С. 12-14 .

  3. Байғожанова Д.С., Уалиев Н.С., Болсанбекова С.К. Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. ҚР ғылым және білім министрлігінің ғылыми журналы “ІЗДЕНІС”, Алматы, 2011, №4 (1). – 242-245 б.

ОӘЖ 332.021:343. 244
ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Есейқызы А., Қапалбай А.Г., Мұхаметжанова Б.Т.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Ғылыми жетекші – А.Ө. Елепбергенова, информатика магистрі, аға оқытушы

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол – адам өміріндегі ең жоғары бағалы заты болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс. Мен барлықтарыңызды шылым, есірткі, ішімдік сияқты зиянды әдеттерге қарсы күресуге шақырамын. Жаман әдет жұқпалы аурудай, сол жаман әдеттерді бойымызға жұқтырмауымыз керек» деген болатын [1].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты.

Яғни, адамның денсаулығына оның тұрмыс-тіршілігі, әдеттері, қоршаған ортасы тікелей әсер етеді. Қанша өкінішті болса да өмірде атауынан қасірет сезіліп тұратын, ХХІ ғасырдың атом бомбасындай зардап алып келетін бірқатар қауіпті, қатерлі аурулары қазіргі адамның өмір сүру салтын едәуір құлдыратты. «Нашақорлық», «Темекі», «Ішімдік» осы ғасырдағы талай адамдардың жастайынан өмірін қиды.

Ғасыр дертіне айналған бұл ерсі әдеттер және оны тұтынудан аулақ болу, аурудың алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Талай жеткіншек бұлардың салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып бара жатыр. Атап айтсақ, жүйелі түрде шылым шегу ағзаны уақытына жетпей тоздырады, өкпе, ауыз қуысы, көмекей, өңеш рагын айтпағанда бронхит пен өкпе эмфиземасының, асқазан жарасының дамуына мүмкіндік туғызады [2]. Ал ішімдік аш ішекке тез арада сіңіріліп, қанға бірден өтеді де, оны барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Одан зорғысы нашақорлық әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады. Бұл зиянды әрекеттер барлық қазақ еліміздің, жастарымыздың, тіптен дүниежүзінің болашағын шырмап тұр. Сондай сұмдық көрсеткіштер үлкен адымдармен, қарқындап дамып келе жатыр. Болашағымызға көз жүгіртсек, мұндай темппен, санаулы жылдардан кейін келешек ұрпақтарымыз дәстүрлі әдет деп түсінетін халге жетеміз. Және де ол, тек қана әлеуметтік факторды қозғамай, мұнда экономикалық, демографиялық, халықтық проблемаларды қозғайды.

Сол себепті, бұл тек ауруға, жаман әдетке шалдыққандардың ғана мәселесі емес, бүкіл еліміздің, Республикамыздың әрбір адамының толғандыратын мәселесі болуы керек. Атамыз айтқандай «Ұлт болам десең – бесігіңді түзе», яғни олардың алдын алу үшін азаматтарымыдың жастайынан бойын аулақ ұстау үшін «зиянды әрекеттер» туралы тәрбие жұмыстарын, дөңгелек үстелдерді, семинар, дискуссия сабақтарын жүргізген абзал.

Сол мақсатта біз университет студенттеріне «ХХІ ғасырдың дерті» атты дөңгелек үстел өткіздік. Өткізілген іс-шараның басты көрнекілігі ретінде презентация жасалды, оны жасауда «ФотоШОУ» мультимедиялық бағдарламасын пайдаландық. Өйткені, қазіргі заман оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық технологияларға ауысатын өтпелі кезең болып табылады.

ФотоШОУфотосуреттерді өңдеу, редакциялау және ауысу эффектілерін қосу мүмкіндіктері бар, фотосуреттерден слайд-шоу және анимациаланған видеороликтер құруға арналған компьютерлік бағдарлама болып табылады. Ол Ресейлік AMS Software компаниясымен 2010 жылдан бастап шығарылуда [3].

AMS-Software компаниясының суреттерді өңдеу облысындағы мамандармен құрылған ФотоШОУ бағдарламасы сізге аз уақыттың ішінде суреттеріңіздің профессионалды көркем презентациясын жасауға, Интернетке жариялауға видео құруға, DVD дискіге немесе автономды файлға көшіруге мүмкіндіктер береді. Бірінші қадам – безендіру шаблоны мен анимацияны таңдау (кадрлар арасындағы ауысу мен суреттермен әрекеттер). Екінші қадам – өз суреттеріңізді кіріктіру. Үшінші қадам – суреттермен қатар жүретін әуенді таңдау. Сонымен біздің слайд-шоуымыз да дайын болады. Соңғы төртінші қадам болып осы слайд-шоуды сізге қажет видеоформатта сақтау ғана қалады.

"ФотоШОУ" бағдарламасының басты артықшылықтары - қарапайым және түсінікті интерфейс, ауысу эффектілерінің әртүрлілігі және слайд шоуды құрудың көптеген шаблондары.

Төмендегі 1 және 2 суреттерде «ХХІ ғасырдың дерті» атты презентацияның үзінділері көрсетілген:





1-сурет 2-сурет

Қорыта келгенде, біз егемен еліміздің болашағымыз. Болашағымыз нұрлы болсын десек, осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттауымыз қажет.

Білім және тәрбие беруде мультимедиа технологиялары кеңінен қолданылуы тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, тәрбие үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану оқушылар мен студенттердің қызығушылықтарын арттырады, ал қызығушылық артса, олардың өмірге деген көзқарасы да артары анық.


Пайданылған әдебиеттер:


  1. Н. Назарбаев “Қазақстан – 2030″. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.

  2. Әбілдаева Г.А. Темекі зияны. //Валеология психология өзіндік таным. №2, 2007, 43б.

  3. http://fotoshow.su/help.php

УДК 004.85:37



ЖАЛПЫҒА АРНАЛҒАН ҰТҚЫРЛЫ APPLE КЛАСЫ
Жолдыбаева Б.Ж., Сайрамбаева Г.Е.

Л.Н.Гумилев атындығы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент А.К.Альжанов

Білім саласына компьютерлік технологияларды кірістіру – ақпараттық заманға сай логикалық және ақталған шешім.

Apple ықшамды компьютерлері мен ноутбуктары ұтқырлы класс құрамында – сенімділігі жоғары, ұзақ мерзімге қолданыла аламыз.

Бастауыш класпен балабақшалардағы компьютерлік кластардағы Apple компьютерлері арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету, қолдануда қарапайымдылығы, жоғары дәрежелі қауіпсіздігімен ерекшеленеді.



Apple компьютерлік базасындағы лингвистикалық класс – тілдік ортаға кірістірілген авторлық сабақтар құру мүмкіншіліктерін туғызады.

Бейнелеу өнері кабинеті – графикалық дизайн негіздерін оқытуда ерекшеленеді.

Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеуге арналған мекемелер үшін дайын шешім – арнайы манипуляторлар (көздері нашар көретін балаларға арналған арнайы клавиатуралар, қолдың көмегінсіз ақпаратты аяқпен, баспен, көзбен басқару және енгізу).

Интерактивті тақталар – арнайы маркерлер немесе көрсеткіштің көмегімен басқарылатын және ақпаратты компьютерден үлкен экранға шығаруға рұқсат етеді.

Дыбыстықмонтаж және видео студиясы –кәсіби дәрежеде мектеп өмірі туралы фильмдер мен презентациялық және оқулық құралдарын құру.

Сандық типография – қолдануда қолайлы, түрлі түсті әдістемелік құралдарды тез тираждауға рұқсат етеді.

Ұтқырлы Apple класы – жетекші инновациялық педагогикалық технологияларға көптеп сәйкес келуші білім ордаларына арналған қазіргі заманғы әмбебап шешім болып табылады. Желісіз байланысты ықшам компьютерлер сыныбы қолдануға өте қолайлы, бір кабинеттен екінші кабинетке оңай орын ауыстырады, қандай сабақ формасы болсын тиімді қазіргі заманға сай ақпараттық сандық мультимедиалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Компьютерлік класс құрамына мыналар кіреді: жылжымалы компьютерлерге арналған сейф-контейнер, ол желісіз байланысқа қосылған он үш оқушыға және бір мұғалімге арналған компьютерлерден, перифериялық құрылғы мен программалық қызмет көрсету жиынтығынан тұрады. Оқыту уақытын тиімді пайдалану үшін сейф-контейнер компьютердерге тоқ көзін беруді де толық қарастырылған. Сонымен қатар, фото және бейнекамера, графикалық планшет, музыкалық клавиатура секілді қосымша құрылғыларды қосуға мүмкіншілігі бар. Мұғалім өзінің компьютері арқылы оқушылардың компьютерін қашықтықтан басқара алады.

Apple технологиясы – балаларға қолдануға өте қолайлы және қауіпсіз болып табылады: ата-ананың бақылау функциясы компьютерді тек балаға қажетті әрекеттерді атқаруға болатындай етіп жасауға болады және Mac OS операциялық жүйесіне тіпті интернет желісінде бола тұра вирус төтеп бере алмайды. Тағы бір қолайлы сәт тіпті кішкентай балалар үшін компьютер артық құрылғысыз және сымдық байланыссыз бір-біріне қосылған.

Қазіргі таңда денсаулық жағдайына байланысты мектепке үнемi бара алмайтын біршама көп балалар өмiр сүредi. Apple технологиясы мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуға өте қолайлы және ыңғайлы. Осындай мүмкіншіліктерді пайдалану әр түрлі мүмкіндігі шектелген балалар үшін таптырмас технологиялар болып табылады. Кең қосымшалы пернетақта, әр түрлі жағдайда қолданылатын манипулятор-тышқандар қолдың көмегінсіз балаларға бас, аяқ және көз арқылы басқара алады. Ақпараттарды компьютерге енгізу үшін мұғалімдер мен балаларға тиімді графикалық планшеттар қолданылады. Мүмкіндігі шектелген мүгедек балалар ерекше дарынды болып келеді. Apple компаниясының шығарған барлық өнімдері мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына жоғары деңгейде қызмет көрсетеді



Қорыта келе, қазіргі кездегі ұтқырлы Apple класында оқытуда алға қояр мақсатымыз-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Себебі, жаңа ұтқырлы Apple класындағы әр түрлі мақсатта қолданылатын технологиялар жеке тұлғаның шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, заманауи технологиялогияларды өз деңгейінде қолдануға, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.

Бүгінгі таңда тынымал болып отырған ұтқырлы Apple класының оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

Ұтқырлы Apple класының білім жүйесіне толық енгізетін болсақ біз көптеген мүмкіндігі шектелген жандарға шексіз мүмкіндіктерге жол ашар едік. Әлемде осындай мүмкіншілікті бізге тек қана алғаш рет Apple компаниясы ұсынып отыр.
Әдебиеттер


  1. www.apple.com/itunes/content-providers/book-faq.html

ӘОЖ 37.09 (075.8)


ELECTRONICS WORKBENCH ВИРТУАЛДЫ ЛАБОРАТОРИЯСЫНДА КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ
Жумағалиева А.Қ.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
Ғылыми жетекшілер – ф-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Попова Г.В., аға оқытушы Тлебалдинова А.С.
Қазіргі уақытта заман ағымына сай көптеген оқыту әдістері, оқыту құралдары орта мектептерде, жоғары мектептерде де білім беру үрдісінде кеңінен қолданылуда.

«Компьютердің логикалық негіздері» тақырыбы мектеп курсында да, сонымен қатар, 050111 – «Информатика», 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқытылатын «Информатика», «Информатиканың теориялық негіздері», «Схемотехника негіздері» пәндерін оқыту кезінде де тереңінен қарастырылады. Аталмыш тақырыпты оқыту барысында әр түрлі технологиялар мен бағдарламалық құралдар қолданылып келеді. Солардың ішінде қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген Electronics Workbench виртуалды лабораториясы негізінде аталған тақырыпты жоғары әдістемелік деңгейде, компьютердің логикалық бөлшектерін оқытуда қолдануға болады. Electronics Workbench бағдарламасын оқу үрдісінде қолдануды Н.Г. Чернышов, Т.И. Чернышова «Моделирование и анализ схем Electronics Workbench», сондай-ақ, З.М. Селиванова «Схемотехника электронных средств» атты еңбектерінде қарастырған. Жалпы Electronics Workbench бағдарламасына тоқталып кететін болсақ, бұл бағдарлама Interactive Image Technologies фирмасының өнімі болып табылады. Осы ортада күрделілік деңгейлері әр түрлі аналогтық, сандық және сандық-аналогтық сызбаларды үлгілеуге болады. Жоғары оқу орындары толығымен техникалық құралдармен қамтамасыз етілген күннің өзінде, педагог студенттерге лекция түрінде түсіндіру арқылы оқу материалын толық жеткізе алмайды. Виртуалды лабораториялар бұл кемшіліктерді толығымен жояды[1].

Electronics Workbench (EWB) бағдарламасы 1989 жылдан бастап құрыла бастады. Бағдарламаның бұрынғы нұсқалары бір-бірінен тәуелсіз, жеке екі бөліктен тұратын. Бағдарламаның бір бөлігі - аналогтық құрылғыларды, ал екінші бөлігі – сандық құрылғыларды үлгілеуге арналған болатын. Сандық-аналогтық құрылғылармен қатар жұмыс жасау барысында, бұл жүйе қолдануға ыңғайсыз болды. 1996 жылы бағдарламаның 4.1. нұсқасында бағдарламаның екі жеке бөліктері бір ортаға біріктіріліп, жарты жылдан соң бағдарламаның бесінші нұсқасы пайда болды. Бұл нұсқада анализ жасау құрылғылары мен компоненттер кітапханасы біршама кеңейтілген болды. Ғылыми-теориялық жобалау, ғылым мен техниканың дамуының негізі болып табылады. Оның негізгі бағыттарының бірі электрондық құрылғылардың компьютерлік схемотехникалық үлгілеуі болып саналады. Схемотехниканың интегралданған бағдарламалық жүйелерін қолдану, аналогтық және сандық радиоэлектрондық құрылғыларды үлгілеу жүйесі келесі міндеттерді шешеді:


  1. принципиалды электрлік сызба құрылғысының үлгісін құру және оны енгізу;

  2. үлгі жұмысының режимін есептеу;

  3. үлгінің тұрақты және ауыспалы үрдістердегі есептеулері;

  4. үлгіге баға беру және талдау жүргізу;

  5. компоненттер кітапханасын кеңейту;

  6. ғылыми-техникалық құжаттарды әзірлеу[2].


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Чернышов Н.Г., Чернышова Т.И. Моделирование и анализ схем в Electronics Workbench: Учеб.-метод. пособие. Тамбов: Издательство ТГТУ., 2005. - 52 с.

  2. Жұрынтаев Ж.З., Сұлбатехника. Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы техникалық мамандығының студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 228 б.

УДК 517.51

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Имангалиева Э.Ж.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана

Ғылыми жетекші - Нурбекова Ж.К.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнiң мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осыған байланысты елiмiздің бiлiм беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлi күннен-күнге артып келедi. Осы орaйдa әлемдік тәжiрибеде қашықықтан бiлiм берудің орны ерекшеленiп тұр.

АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы бiлiм aлсa, Фрaнцияның ұлттық қaшықтықтан оқыту ортaлығы жыл сaйын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнaн астaм қолданушылaрды қaмтамaсыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мaмaндық алуға көмектесу мaқсaтында 1974 жылдaн aшық университет жұмыс iстейдi екен. Қосымшa сaбaқ ретіне теле-радио арқылы курстaр өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолдaнушыларды игередi [1].

Қaзір дәстүрлі қaшықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, aудиториялық сaбаққа түрлі электронды құрaлдарды пaйдалану сияқты қaшықтықтан оқыту үлгiсінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғaры оқу орындарында кейс, желiлi және телевидение сынды ақпaраттық-коммуникaциялық технология құрaлдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.

Бүгінгі таңда шетелдік компaниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отaндық оқу орындарынa сатып тa үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі тaңда Алмaты техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдалансa, Қ.Сәтбаев aтындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмaсының жaсап шығарған өнiмiн ендiруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қaшықтықтaн оқытуға арнaлған оқу бағдарламaсын қолдaнып жaтқан жоғары оқу орындaры да кездесуде. Қолдaрынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қaшықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысудa. Шетелдің өнімдерін сaтып алғaн университет сол елдің жоғaры оқу орындарымен байланыс жaсап, әлемдік бiлiм беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында енгізіліп жатқан Platonus автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызметін кеңейту барысында, университеттін интернет порталымен байланыстырылса, қашықтықтан оқытудың және студенттің жеке кабинеті бойынша төмендегі мәселелердің шешімі табылар еді:


  • студенттін жеке кабинетін ата-анасы еш кедергісіз қадағалай алады;

  • студенттің жеке кабинетіне интернет порталдағы ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар сілтеме ретінде хабарландырылады;

  • оқытушылардың студентке сын-пікір қалдыруға құқылы болуы;

  • студент таңдау пәні бойынша өзі таңдауға құқылы болуы;

  • студенттің жеке кабинетінде таңдалған пәндер бойынша өз курстастарының тізімін көре алуы;

  • студент өзі туралы анкета толтыру.

Шетелдiк тәжiрибеге сүйeнсeк, қaшықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттiң университетке бaрмай-aқ, өзiне ыңғaйлы жерде отырып, берілген тапсырмaны орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екiншіден, оқу ақысының арзfн болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-aқ оқып, диплом алу мүмкіндiгінің болуы [2].

Бiз үшін қашықтықтан оқытудың мaңыздылығы – бiлім берудің бiртұтас ақпараттық жүйесiн құру aрқылы студенттердің бiлім деңгейін көтеру. Сонымен қaтар әлемдiк ақпарaт кеңістiгіне жол aшып, оқушылaрдың ғылыми және шығaрмашылық ізденiстерін aрттырып, бiлікті мaман дайындaп, оны өз игілігімізге жарата бiлсек, ұтaр тұсымыз да сол болмақ.

Қорытындылай келе, жоғарда аталған ЖОО арналған ақпараттық жүйелерді талдау қызметтік жағынан келесі толықтыруларды қажет етеді:


  • ҚОЖ толық құнды курстaрының бiртұтaс қорын жасау

  • Оқытушы және студенттiң аралығындa on-line өзaра әрекеттесудi iске aсыру

  • Пән бойыншa топ студенттері және оқытушы aрасындағы off-line өзaра әрекеттесудi iске aсыру

  • ҚОЖ жүйесiнде жұмыс iстейтiн қaтысушылардың арaсындағы дербес хат aлысуды iске асыру.

  • Апелляция функциясын есепке aлумен электрондық тестiлеу қaбығын ҚОЖ курсына енгiзу.

  • Оқытушы және студенттiң белсендiлігiнің барлық түрлерi бойынша есептердi жасау.

  • Белсендiлiктiң логын құрастыру aрқылы пәндер бойынша оқытушы және студенттiң белсендiлiгiн есепке алуын iске aсыру.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Газет «Өркениет», №5, 2009 жыл;

  2. Критерии выбора системы дистанционного обучения, Обзор рынка технологий дистанционного обучения в СНГ. Том 5

  3. А.С. Гринверг, И.А. Король - Информационный менеджмент, Москва 2003

УДК 374
ЖЕЛІЛІК ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Кайдарова А.Б.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші – Серік Меруерт
Қaзақстан Республикaсы Болон деклaрациясына қосылу мәртебесіне ие болғaн және еуропaлық білім кеңістігіне толық енген бірінші Ортaлық-Aзиялық мемлекeт болып тaбылады. Қазaқстанның Болoн үдерісінe қoсылуы Қазaқстан ЖОО-дaры мeн студeнттеріне жaңа межeдегі мүмкіндіктeр бeреді:

1) eуропалық стaндарттарға сәйкeстендірілген отaндық білiм бeру бағдaрламалары мeн oқу жoспарларын eнгізуге;

2) oтандық квaлификациялық жәнe акaдемиялық дәрeжені тaнуға;

3) оқытушылaр мeн студенттeрдің акaдемиялық ұтқырлығын қамтaмасыз етуге;

4) Қaзақстан ЖОО-лaры студенттeріне шeтел унивeрситеттерінде крeдиттерді қaйта тaпсыруға жәнe кeрісінше;

5) бірлeскен білім бeру бaғдарламаларын таратуға;

6) жоғaры бiлім жөніндeгі қазaқстандық дипломдaрдың еуропaлық aймақтарда жaрамдылығын қaмтамасыз eтуге жaғдай жaсауға жәнe кeз-келген eлде түлeктердің жұмысқa орнaласуына[1].

Әлемдік білім беру кеңістігіндe жүзeге aсырылып жaтқан шaралардың нeгізгі мaқсаты – Қaзақстан жоғaры білімінiң хaлықаралық стaндарттармен сәйкeстілігін қaмтамасыз ету. Бұл тaрихи қaдам жоғaры білімнiң сaпалылығын жәнe жоғaры oқу oрындары түлeктерінің бәсeкеге қaбілеттілігін aрттыруға бaғытталған. Бoлон Деклaрациясының нeгізгі ұстaнымдарының бiрі - оқытушылaр мeн студeнттердің акaдемиялық ұтқырлығы.

Aлдағы oн жылдa, яғни 2020 жылғa дeйін eңбек нaрығының қaжеттілігін қaнағаттандыратын, eлдің индустриaлды-инновaциялық дaмуын нығaйтатын, бiлім сaласындағы күштi әлeмдік тәжірибeлерге сәйкeс кeлетін жоғaры білiм сaпасының жоғaры дeңгейде бoлуына қoл жeткізу.

Oсы атaлған шaрттарға сәйкeс жоғaры oқу орындaрында қaзіргі зaман тaлабына сaй студeнттердің білiмін жeтілдіру үшiн жeлілік прoграммлауды қoлдану өтe тиiмді, әрi мaңызды бoлып тaбылады.

Әр жaңа кeзең oқытушы aлдына жaңа тaлаптар қoяды, oның бaсты лoзунгы: “Ғасырмен тең болу”. Қазіргі кезде оқытушының басты мақсаты – студенттерді ақпараттық әлемде өмір сүруіне үйрету, қажет білімді тауып, оны тиімді пайдалану. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әрбір ақпараттық қоғамдағы оқытушыға келесі талаптар қажет:

- оқу қызметіндегі интеллектуалдылық және шығармашылық құраушыларының өсуі мен оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

- білім беру қызметінің әртүрлі интеграциясы (оқу, зерттеу);

- оқытылушының жеке ерекшеліктеріне ақпараттық технологияның адаптациясы;

- жаңа оқыту технологияларын өндеу, сол арқылы информатика әдістері мен құралдарын оқудың кәсіпқой қызметіне тиімді пайдалану үшін мотивациясын өсіру;

- оқу үрдісіндегі бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыздандыруды жетілдіру;

- оперативті және жиі тәжірибелік білімін жаңарту;

- әрқашан даму үрдісіндегі ақпараттық технологияларды спектрін игере, қолдана білу;

- пәннің әдістемесін жетілдіру үшін алынған ақпаратты жинай, бағалай, модификациялай білу[2].

Информатика мамандығының студенттерінің білімін жетілдіру мақсатында Moodle LMS программалау ортасында “Oracle-де программалау” және “Параллель есептеулер” курстары бойынша келесі мәселелер қарастырылған:



  • кoнтент – oқу мaтериалдарын aқпараттық (мәтіндeр, грaфикалар,мультимeдиалар жәнe бaсқа дa мaңызды тoлықтырулар) тoлықтыру;

  • мультимeдиа – пaйдаланушыға диaлогтық рeжимде әр тeктідeректермен (грaфика, мәтiн, дaуыс, бeйне) жұмыс iстеуге мүмкiндік бeретін aппараттық жәнe бaғдарламалық құрaлдар кeшені;

  • ақпaраттық-бiлім бeру рeсурсы – бiлім бeру сипaтындақaлыптастырылған oй мeн бiлім, әртүрлi дeректер, олaрды жинaқтау әдiстері мeн құрaлы, ақпaраттар көзі мeн тұтынушылaр арaсындағы aлмасу мeн сaқтау;

  • тeстілеу кeшені – бiлім бeру прoцесінің бaрлық дeңгейінде бiлім алушылaрдың oқу мaтериалдарын мeңгеру дәрeжесін aнықтау үшiн қолдaнылатын бaғдарламалық құрaл;

  • жeлілік технoлогия – oқу-әдістeмелік мaтериалдармен қaмтамасызeтуді, бiлiм aлушылардың oқытушылaрмен жәнe бiр-бiрiмен интeрактивтік өзaра iс-қимыл нысaндарын, сoндай-ақ Интeрнет жeлісін пaйдалану нeгізінде oқу прoцесін әкімшiлендіруді қaмтитын тeхнология[2].

Информатика мамандығының студенттеріне арналған “Параллель есептеулер” пәні бойынша теориялық және практикалық материалдар, глоссарий, тестілеу кешені және тағы басқа студенттің білімін жетілдіретін тапсырмалар жасалды. Курсты өту нәтижесінде студент келесі мүмкіндіктерге ие болады:

- білімді визуализациялау;

- өзіндік жұмысты орындау ортасының болуы;

- қазіргі заманғы технологиялар қолдану арқылы интеграцияланған сабақтардың

берілуі;

-өзін-өзі тексеру жүйесін пайдалану;

-өз мүмкіншіліктерін жаттықтыру(еске сақтау, ойлау қабілеті және т.б.);

-берілген материалды бекіту.

Білім беруді ақпараттандырудың басты міндеттерінің бірі ақпараттық мәдениеттіқалыптастыру болып табылады. Қалыптастыру деңгейі біріншіден, ақпарат, ақпараттық үрдіс, модель және технологиялар туралы біліммен, екіншіден, әртүрлі қызметтегі ақпаратты талдау және өндеу құралдары мен әдістерін қолдану тәжірибесімен, үшіншіден, қазіргі заманғы технологияларды кәсіпқой қызметте қолдана білумен ерекшеленеді.

Жeлілік прoграммалауда oқытуды қолдану тәжірибесі ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінің құрылымын, мазмұнын қамтамасыздандыратын жеке бағытталған дидактикалық компьютерлік орта, яғни әдістемелік, әдістік, технологиялық бағыттар болған жағдайда тиімді. Нәтижесінде студенттің білім беру үрдісіндегі өзін-өзі жетілдіру, өзіндік дамуы толық қамтамасыздандырылады.


Әдебиет

  1. www.zakon.kz

  2. Эндрю К., Винод К.Сетевое программирование для профессионалов.-Лори, 2005, 265 с.

УДК 374
ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН



ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЕНДІРУ ТУРАЛЫ
Кайдарова А.Б.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Серік М.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет