Отырар ауданы
2021 жылғы 1 қаңтарға ауданның аумағы 16,8 мың шаршы км-ге тең.
Ауданның халқы 54,2 мың адамды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы аумақтың 1 шаршы км-іне шаққанда 3,2 адамды құрайды.
Аудан орталығы – Шәуілдір селосы.
Аудан аумағы Қызылқұмның құмды, қуаң даласының біраз бөлігін, Сырдария өзенінің (Қазақстан шегіндегі ұзындығы 1400 км) орта ағысы алқабын, өзеннен нәр алған жағалаулардағы көкорай шалғын және ну қамыс, қопа, тал басқан алқаптарды қамтиды.
Агроклиматтық жағынан алғанда аудан аумағы құрғақ, ыстық қуаң, ал табиғи – шаруашылық жағынан алғанда мал шаруашылығына ыңғайлы аумақта орналасқан. Ауа-райына тән жалпы сипаттамалық белгі температураның күрт өзгеріп тұруымен, атмосфералық ылғалдың аздығымен, тұрақсыздығымен, буланушылықтың интенсивтілігімен, күн жарығының төте-тікелей барынша мол түсуімен ерекшеленеді. Жер қыртысы құмшауытты және тақыр жердің басымдылығымен, сондай-ақ әр түр-түсті, ашық сұр топырақтылығымен сипатталады. Жылдық ылғал түсімі 165-200 мм-ге тең, 10 градустан жоғары температурада ылғал түсімі 60 мм-ге дейін болады. Аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 170 күннен 190 күнге дейін созылады. Қыс қысқа болады да, жылылық жиі-жиі қайталанып тұрады. Қардың қалыңдығы, әдеттегіше өзгеріп тұрады, тұрақты емес.
Аудан аумағында тарихи “Арыстанбаб” кешені мен манғол шапқыншылығынан қираған тарихи көне дамыған Отырар ауылы орналасқан.
2020 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 12072,4 млн. теңгенің өнімнін өндірді. Нақты көлем индексі 2019 жылға 86,5% құрады
Ауданның шаруашылықтарында облыстың мүйізді ірі қара малының 4,9%, оның ішінде сиырдың – 5,7%, қой мен ешкінің – 8,4%, жылқының – 4,9%, түйенің – 24,8% өсіріледі.
|
|
Отрарский район
Территория района на 1 января 2021 года равна 16,8 тыс. кв. км.
Население района составляет 54,2 тыс. человек.
Плотность населения в среднем на 1 кв. км территории составляет 3,2 человека.
Административным центром района является село Шаульдер.
Район включает в себя часть песчаной пустыни Кызылкум, долину среднего течения реки Сырдарьи с цветущими лугами и тугайными зарослями (длина в пределах Казахстана 1400 км).
В агроклиматическом отношении территория находится в сухой жаркой зоне пустынь, в природно-хозяйственном отношении район находится в пустынно-животноводческой зоне. Общая характерная черта климата выражена резкими температурными контрастами, неустойчивостью и недостаточностью атмосферных осадков, большой сухостью воздуха, высокой инсоляцией, интенсивностью испарения и обилием прямого солнечного света. Для почвенного покрова характерно широкое различие песчаных массивов, такыровидных и светлых сероземов различных вариаций. Годовое количество осадков равно 165-200 мм, за период с температурой выше 10 градусов их выпадает около 60 мм. Средняя продолжительность безморозного периода колеблется от 170 до 190 дней. Зима короткая с частыми оттепелями. Снежный покров, как правило, неустойчивый.
На территории района находится исторический комплекс «Арыстанбаб» и исторически развитый старинный город Отрар, который был разрушен монгольским нашествием.
В 2020 году промышленными предприятиями района произведено продукции на 12072,4 млн. тенге, индекс физического объема к 2019 году составил 86,5%.
В хозяйствах района содержится 4,9% крупного рогатого скота по области, в том числе коров – 5,7%, овец и коз – 8,4%, лошадей – 4,9%, верблюдов – 24,8%.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |