«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/10
Дата14.07.2016
өлшемі1.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 10.05.2012 14:18:51
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірде

394 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - арнайы комиссияның жұмыс органы) ұсынады.



Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы ұсынылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, арнайы комиссияның жұмыс органдарының стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мынадай жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар):



әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) өткерген азаматтарға;

1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңінде осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) өткерген азаматтарға;

1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) өткерген азаматтарға;

осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бірінің болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

арнайы комиссияның жұмыс органында - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде;

орталықта - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, орталықта - 30 минут;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Орталықтың жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет:



тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген арнайы комиссияның жұмыс органының үй-жайында;

залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.

Арнайы комиссияның жұмыс органының және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі - еркін.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:



1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжат;

4) салық төлеушінің куәлігі (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлік (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

6) жинақ кітапшасын немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік; Заңда белгіленген тәртіппен берілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде жеңілдіктер алуға құқығын растайтын куәлік).

Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса - ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактісі мен кезеңін анықтау туралы сот шешімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, азаматтар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгіну үшін басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

12. Арнайы комиссияның жұмыс органында өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.



Орталықта өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны және басқа құжаттар заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған арнайы комиссияның жұмыс органының стендісінде орналастырылған.



Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:



1) арнайы комиссияның жұмыс органында - тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;

сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

15. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөнінде хабарлама беру:



арнайы комиссияның жұмыс органына жүгінген кезде тұтынушының арнайы комиссияның жұмыс органына өзі келуі арқылы;

орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.

16. Тексеру қорытындысы бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақының төлену фактісінің анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.



Арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып, оларды кейін тұтынушыға беру үшін орталыққа жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Арнайы комиссияның жұмыс органы мен орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Арнайы комиссияның жұмыс органының, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.



Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары бойынша түсіндіріледі.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты арнайы комиссиядан жоғары тұрған жұмыс орган басшысының атына беріледі.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкімі аппаратының, орталықтың басшысының атына беріледі. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

 

«Семей ядролық сынақ полигонында



ядролық сынақтардың салдарынан зардап

шеккен азаматтарды тіркеу және есепке

алу» мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

 



Уәкілетті органдардың тізбесі

 

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік



бағдарламалар бөлімдері

 


Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

 

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru  sobes@kokshetau.online. kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz  socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

 

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. online.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.online.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет