Семестр : І -vі, 6 кредит



жүктеу 300.71 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі300.71 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті



“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
“Сольфеджио” пәні бойынша “050106 - Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін
СИЛЛАБУС
Оқу түрі : күндізгі

Курс : 1,2,3.

Семестр : І –VІ, 6 кредит.

Практикалық сабақ : 204 сағат.

СӨЖ : 66 сағат.
Барлық сағат саны : 270 сағат.

Қорытынды бақылау : емтихан, VІ-семестр.


Аралық бақылау саны (кредит бойынша) 6

Барлық балл саны : 100 (кредитке)

Құрастырған оқытушы : Туманова Г.А.
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
“Сольфеджио” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.
Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі :


Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған.

№ Хаттама _____ “______” 2005 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________________
Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

№ Хаттама _____ “______” 2005 ж.

Әдістемелік кеңестің төрағасы ___________________
Факультет Кеңесінде мақұлданған.

№ Хаттама _____ “______” 2005 ж.

Факультет Кеңесінің төрағасы ___________________
050106 – мамандықтары дайындайтын кафедра меңгерушісімен келісілген ___________________



  1. Оқытушы : Туманова Г.А.

“Ән және саз” кафедрасы, Бас ғимараты , ІІ этаж, 4 кабинет.

Телефон : 207.

Кафедрада болу уақыты : 830 – 1800.



  1. Курсты өткізу уақыты және орны.




Аты –жөні


Курстың өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ

Телефон

1

Туманова Гүлзада Асқарқызы

Практикалық

Уақыты 830 -1250

Ауд. № 4.


Уақыты ___
Ауд. № 4.

474 – 52-34

Каб № 4.


Корпус _____


  1. Курстың пререквизиттері және потревизиттері.

“Сольфеджио” пәнін меңгеру үшін музыка мектептерін бітіріп келген студенттер “музыкалық сауаттылық”, “Музыка теория ”, “Гармония”, “Музыкалық шығармаларды талдау” пәндерін білуі керек.

Аталған курсты оқып үйрену “Хор класы”, “Вокалдық ансамбль”, “Гармониялық сольфеджио”, “Хор дирижерлау” пәндерін меңгеруге көмектеседі.

МАЗМҰНЫ



  1. Абстракт.................................................................................................5

  2. Курстың мақсаты ..................................................................................5

  3. Курстың міндеті ....................................................................................5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме........................................................6

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет .................................6

  6. Студентке арналған ережелер ..............................................................6

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі ..................................................................................................................7

  8. Практикалық сабақтардың мазмұны....................................................9

  9. СӨЖ жоспары, мазмұны .....................................................................16

  10. Пайдаланатын әдебиеттер ...................................................................16

  11. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері..................................18

  12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі....19

  13. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...............................................20




  1. АБСТРАКТ.

Оқу-әдістемелік 050106 - “Сольфеджио” пәні бойынша мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемлік құралдар, материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, , барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейде көтеру мақсаты көзделіп отыр.

Жұмыс бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген. ПС- практикалық сабақтар. СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себептерін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсыбір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындау қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты , үй тапсырмасына орындауға арналған.

Текстік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.
2. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ:
Сольфеджио пәні музыкалық педагогика факультеттерінде музыкалық , теориялық пәндер циклы ішінде аса маңызды орын алады. Сольфеджионы оқытудың мақсаты – студенттердің дыбыстарды есту, дыбыстың жоғары және төмендігін, метрикалық, құрылыстық естілу дәрежесін, музыканы жадына тоқу қабілетін дамыту.

Мұның бәрі – музыканы кәсіптік түрде қабылдауға керекті шарттар. Сонымен бірге, кейбір педагогикалық тәсілдерді үйрену арқылы жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық училищелерде сольфеджиодан сабақ беруге қажетті тәжірибе жинау көзделеді. Топта студенттің саны 8-10 -нан аспауы керек. Студент сабақта оқытушының қадағалауында бола алады, сондықтан сабақты бар ынтасымен тыңдай алады.


3. ПӘННІҢ МІНДЕТІ:
Сольфеджио бойынша жүргізілетін әр сабақтың басты міндеті – оқытудың кешенді тәсілін қолдану. Оған кіретіндер :

- әртүрлі дәуірдің стиліндегі көп дауысты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз нота бойынша мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру ;

- дауыс тану жүйесін қатаң сақтай отырып, туыстас тональдік ішіндегі модуляция ны әндету дағдысын қалыптастыру;

- тыңдау арқылы ладтағы гаммалардың жекелеген интервалдарды, аккордтарды ырғақтық және ладтағы , интервалдық аккордтардың құрылымдарын айыра білуге дағдылану. Сондай –ақ , түрлі құрылым, бір дауысты, екі дауысты , екі дауысты пероидтардың төменгі өлшемдегі жазуын айыра білуге дағдылану ;

- ұлттық музыкалық метериалдарды пайдалану; қазақтың музыкалық фольклоры мен Қазақстанның кәсіптік және қазіргі композиторларының шығармалары. Мұнда негізгі назар аударатын сала-халық өлеңдері;

- көрнекі құралдары мен түрлі өлшемдегі музыкалық шығармаларды әр түрлі масштабта топпен қолдану дағдысын қалыптастыру.



4. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

лекция

практика

СӨЖ

ӨБСӨЖ

3

270

-

204

66

-

6

емтихан



5. ОҚУ ЖЕКЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Практикалық сабақтар . “Сольфеджио” пәні үш бөлімнен тұрады : интонациялық, ырғақтық жаттығулар, нота текстін оқу, есту қабілетін меңгеру. Интонациялық және ырғақтық жаттығулар гаммалар, интервалдар және аккордтарды әндету дағдысын қалыптастырудан тұрады. Нота текстін оқу – сольфеджио кітабынан номерлерді әндету. Есту қабілеті - музыкалық диктантты есту бойынша жазу, гаммалар, аккордтарды және интервалдарды есту қабілеті бойынша ажырата білу.

СӨЖ – де берілген тақырыптар мен жаттығуларға студенттер өз бетінше дайындалады.



Сонымен қатар жаттығуларды әнді сүйемелдеусіз айтып береді.

6. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  4. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесәне сәйкес өтіледі.

  5. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



  1. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.






Тақырыбы және қысқаша мазмұны

Аудит. сағат саны

Қолданылатын әдебиет



беті

1

2

3

4

5

1

Нота бойынша жаттығуларды аспаптың сүйемелдеуінсіз мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру, есту қабілетімен анықтау.

34







2

Интервалдар мен трезвучиелерді мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.

17







3

Аккордтар мен септаккордтарды мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.

34







4

Көмекші басқыштардағы септаккордтарды мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.

34







5


Диатондық туыстық тональдіктегі бастың бірқалыпты қозғалысы мен модуляція. Альтерацияланған аккордтар. Көп дауыс.


34







6


Диатондық туыстық тональдіктегі бастың бірқалыпты қозғалысы мен модуляція. Альтерацияланған аккордтар. Көп дауыс

51










Барлығы

204






Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Сольфеджио” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ



8. Практикалық сабақтардың қысқаша курсы.
№ 1 тақырып : Нота бойынша жаттығуларды аспаптың сүйемелдеуінсіз мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру, есту қабілетімен анықтау.

Интервалдар мен трезвучиелерді мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.
Мақсаты : Мүдірмей ән айту дағдысын қалыптастыру.
Мазмұны : Интонациялық және ырғақтық жаттығулар. Мажорлық және минорлық лад. Мажорлық және минорлық тетрахордтарды және гаммаларды айту.Бір дыбыстан диатоникалық интервалдарды жоғары және төмен айту, сонымен бірге, мажор және минорлы тональносте тартылысын жасау, интервал тізбектерін айту (параллель терция және сексталар, тритон шешілуімен, алтын жүріс, бір дауыс және октава, жанама қозғалыс, айналымы 3-6 және үл.4; кіш. 5; т.4 және т.5 (кіші және үл. 2; кіші және үл.7).

Біраттас және параллель мажор-минор. Мажорлық дыбыс қатарын жоғары және біраттас немесе параллель минорды төмен және керісінше айту.Біраттас мажор, минордың барлық басқыштарын бөлек – бөлек айту. Халық музыка ладтарының дыбыс қатарын айту. Бір дыбыста к және үл. 2, к және үл. 7 жоғары және төмен, тональдікте шешілуін айту. Бір дыбыстан жоғары немесе төмен ерекше интервалдарды айту , тональность шеңберінде тартылысын жасау, интервалдар тізбегін айту (ерекше интервалдардың тартылысы , дауыстардың қарама-қарсы жүрісі).



Нота текстін оқу. Бір дауыс. Диатоникалық әуенді , мажор және минордың үш түріндегі әуенді, сонымен қатар біраттас және параллель мажор-минорды 2/4; ¾; 4/4; 6/8; 3/8 өлшемдеріне нота текстімен оқып айту. Триоль және он алтылық , жай синкопалардың қатысуымен ырғақтық топтар.

Диктант.Ауызша диктант – мажор мен минорлық тональдіктерді , сонымен қатар бір аттас мажор мен минорды есту арқылы ажырату. Интонациялық жаттығуларды жеке интервалдар мен аккордтарды , сонымен қатар аккордтар мен интервалдар дыбыстарының тізбегін есту арқылы ажыратуды меңгеру.

Мажор мен минордағы бір дауысты музыкалық фразаларды , бір аттас парарллель мажор және минордағы музыкалық фразаларды қайталау және ойнау.


Үш бөлім бойынша жұмыс процесі.

1.Үш түрлі мажорлық гаммалардың дыбыстарын жоғары және төмне қарай айту. С – F – Z- Д – В;

2.Айтылған гаммалардың басқыштарын әр жерден теріп айту :І – ІІІ – V, ІІІ –V- І, І –V- ІІІ;

3.Тұрақты басқыштардың тұрақсыз басқыштарға шешілуін айту.

4.Гармониялық мажор мен минорда ерекше,үштонды интервалдарды жазып және әндету.

5.ч.1, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 11-18, 27,28, 36,37, 48,50,55,58,63,66,81.

6.Таныс әуенді нотаға түсіріп, әндету.
СӨЖ :

1.Өзіндік диктант жазып келу;

2.Өз бетінше номерлерді талдап, айтып келу.

3. Б.Жусибалиев. Оқулық “Сольфеджио”, Изд. “Жазушы”, Алма –Ата – 1975. № 1,2.


№ 2 тақырып : Интервалдар мен трезвучиелерді мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.


Мақсаты : Мүдірмей ән айту дағдысын қалыптастыру. Түрлі құрылым, бір дауысты, екі дауысты периодтардың төмендегі өлшемдегі жазуын айыра білуге дағдыландыру.
Мазмұны : Интонациялық және ырғақтық жаттығулар. Аккордтарды бір дыбыстан жоғары және төмен , сонымен қатар жай аккордтық құрылымдарды Т, S,D , ІІІ, VІ, ІІ, D 7 , айналымымен (Т 5/3 айналымымен) айту. Гармония курсында параллель хорға аоналған 4 дауысты шығармалардағы аккордтарды Т 5/3 айналымымен, ІІ 7 , VІІ 7 айту. 2/4,3/4,4/4 өлшемдегі он алтылық ырғақтық топтар. Сегіздік,төрттік, сегіздік такті ішіндегі синкопа осы өлшемдерде. 3/8, 6/8 өлшемдері. Триольдар.
Нота текстін оқу. Жатқа жатталған бір дауысты әуеннің транспозициясын нотамен оқу.

Қос дауыс. Терция және секстамен параллель қозғалыстар, кварта, квинта, бір дауыс , октава. Секунда , септима; қиғаш және қарама-қарсы дауыстардың қозғалысы.


Диктант. Ырғақтық қиындықтары бар жазбаша 2 тактілі диктант (үш рет ойналған соң жазу) , 2/4,3/4,4/4,6/8 өлшемдеріндегі әртүрлі жазбаша диктант (біраттас және параллель мажор және минордағы бір дауыстылы сегіз тактілі диктант). Қос дауысты диктант – параллель терция және сексталардың қозғалысы. Натуральді мажор мен минордағы қол белгілерін меңгеру. Екі фразадан тұратын 1 дауысты , 4 тактілі сонымен қатар 1 дауыст периодтың қайталана құрылуы және әр түрлі типтегі дауыстардан құралған екі дауысты фразалы (параллель, қиғаш, тура, қарама-қарсы) шығарма жазу.
Үш бөлім бойынша жұмыс процесі..

1.Натуральдік, гармониялық, мелодиялық түрлерді айту. С – а, Z – е,

D – һ, F –d, В – g. Осы айтылған гаммаларда өткен жай және күрделі интервалдарды қайталау.

2.Осы айтылған гаммаларда гармониялық аккордтардың ретін жазып, әндету.

а) Т – S64ТД64Т6 –S-Д2 – Т6;

б) Т6 – S- Д2-Д43 – Т - S64 – Т;

в) Т – VІІ 7-Д65 – Т6;

г) Т – Д6 - Д64 – Т6 - Д64- S -Т64 – Д7 – Т.


3.ч.1, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 95,100,110,115,122,127,207,218. берілген номерлерді әндетіп айту және транспозициялау.

4.ч.2, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 1-20.

5. Екі дауысты диктантты ауызша талдап, жазу.
СӨЖ :

Сабаққа 5 (10) бір дауысты мысалдардан , соның ішінде біреуін транспозициямен жатқа айту. Сабаққа екі дауысты мысалдардардан, соның іушінде 1 (2) қол белгілерімен жатқа орындау. Қарапайым орындалған аккордтардың 1 (2) кезектілігі және 4 дауыста хор үлгісінде жасалған аккордтар схемасын әр сабаққа бір интервалдық кезектілік бойынша даярлау.

Ладтық натуралдық мажор мен минорда қол белгілерін дұрыс көрсетіп, нота бойынша әнсіз буындап, орындау дағдысын мегеру. Бір дауысты екі тактілі фраза

және төрт тактілі сұрақ ретінде жауап және сұрақ-жауап құрылымын (семестр де жазбаша 16 екі тактілі және 16 (20) төрт тактілі құрылым құру.

Бір дауысты шығарма құрылымын қайталау (жазбаша 1 семестрде 10 период). Шығармада әртүрлі типтегі екі дауысты фразаның дауыстарының қатысы, паралель, қиғаш, тура, қарсы (1 семестрде жазбаша 10(15) фраза).

Жазбаша жұмыс материалдары жеке дәптерде орындалады, сынақ-емтихандар ұсынылады.



  1. Өзіндік диктант жазып келу;

  2. Өз бетінше номерлерді талдап, айтып келу.

  3. Б.Жусибалиев. Оқулық “Сольфеджио”, Изд. “Жазушы”, Алма –Ата – 1975.

№ 35,36

№ 3 тақырып: Аккордтар мен септаккордтарды мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру және есту қабілетін анықтау.


Мақсаты : Аккордтардың түрлерін есту қабілеті арқылы ажыратып, үйрену.
Мазмұны : Интонациялық және ырғақтық жаттығулар. Көмекші және өтпелі хроматикалық дыбыстар. ІІ басқыштың төмендеуі және VІ басқыштың көтерілуі, біраатас мажор және минорда , қосымша және өтпелі хроматизмдер, мажорлық ладтағы І,ІІ және V басқыштардың көтерілуі. Ладтағы екі үлкейтілген секундалары бар гаммаларды айту. 12 басқышты мажор мен минордың барлық басқыштарын бөлек-бөлек айту. Хроматикалық гаммаларды айту.

Нота текстін оқу. Бір дауыс. Модуляциядағы альтерациялық дыбыстардың ладтың тұрақты дыбыстарына шешілуін нотамен оқычп айту, сондай-ақ диатоникалық туыстас тональдіктердегі модуляцияны және әуендегі қосымша және өтпелі хроматизмдерді нотамен айту.

Диктант. Біраттас мажор және минордың ІІ төмнедетілген және ІV көтерілген басқыштарын, жеке интервал және аккордтарды , интонациялық жаттығуларда кездесетін интервал және аккордтарды есту қабілетін анықтау. Біраттас және параллель мажор мен минордағы бір дауысты музыкалық фразаның төмендетілген ІІ және көтерілген ІV басқычштарын қайталау.
Үш бөлім бойынша жұмыс процесі.

1.Өтілген интервалдарды, аккордтарды қайталау ;

2.“Ля”дыбысынан фригийялық ладты айту (си бемоль) жоғары және төмен қарай;

3.“Ля” дыбысынан дарийлік ладты жоғары және төмен қарай айту (фа диез);

4.“До” дыбысынан лидийялық ладты жоғары және төмен қарай айту (фа диез);

5.“До” дыбысынан миксолидийялық ладты айту (си бемоль);

6.Әндетіп айтқан гаммалардың түрлерін есту қабілетімен ажырату.

7.ч.1, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. №

316,322,339,344,404,408,479,486.

8.ч.2, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 21-44 –ке дейін әртүрлі мағынада айту. Екі дауысты, бір дауысты фортепианода ойнау, екінші дауысын әндету.

9.Өтілген ладтарда өзіндік диктант жазу (таныс әуенде).

СДЖ :


  1. Өзіндік диктант жазып келу;

  2. Өз бетінше номерлерді талдап, айтып келу.

  3. Б.Жусибалиев оқулық “Сольфеджио”, Изд. “Жазушы”, Алма –Ата – 1975. № 67,68.

№ 4 тақырып : КӨМЕКШІ БАСҚЫШТАРДАҒЫ СЕПТАККОРДТАРДЫ МҮДІРМЕЙ ӘНДЕТУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ.
Мақсаты : Халық музыкасында ладтарды есту қабілетін қалыптастыру.
Мазмұны : Интонациялық және ырғақтық жаттығулар.

І және V басқыштарды т.1 және т.8 шешілуімен к.3 және үл. 6-ны жоғары және төмен, сондай-ақ к.және ү. 9, к. және ү. 10, к. 10 (таза 8 шешілуімен) дыбыстан жоғары және төмен, к.және ү. 9; к. Және ү. 10, к.10 және біраттас мажор және минордың жоғарғы VІІ –ші және төменгі ІV басқыштарын айту. Интервалды тезбекпен айту (к.3, ү.6, секунда және септималар әртүрлі басқыштағы, қосымша және өтпелі хроматикалық дыбыстардың қатысуымен қиғаш қозғалыс). Аккордтарды және аккордтық тізбекте ІІ басқышы төмендетілген үш дыбысты айналымымен, ДД7 және ДД VІІ 7 каденцияда (ішкі құрылымда қос доминанталы аккордтар), диатоникалық туыстық тональдігінде, 4 дауысты хор құрылымында ДД аккордын пайдалана отырып, модуляциямен айту.



Нота текстін оқу. Қос дауыс. Диатоникалық туыстас тональдікте гармониялық және имитациялық (басқа дауыспен) хроматизм және модуляциямен дуэтке қатысушы есебінде айту. (2 – дауыстың бірін аспапта ойнай отырып.)

Диктант. 2/4,3/4,4/4, 3/8, 6/8 өлшемдеріндегі синкопа және триольдарға арналған бір дауыста (8 такт) жазбаша диктант, қос дауысты диктант – “Алтын жүріс” , үш тон, характерлі интервалдар, секундалар, септималар.

Үш бөлім бойынша жұмыс процесі.

1.Осы айтылған гаммаларда гармониялық аккордтардың ретін жазып, әндету.

а) Т – S64ІІ 2– Д56Т;

б) Т6 – S- Д2 - ДД – Д34 –Т;

в) Т – VІІ- 7-Д65 – Т6;

г) Т – Д6 – Д56 – Т - ДД64- S -Т64 – Д7 – Т.

2.Осы берілген гармониялық аккордтардың бір дауысын айтып отырып, қалған дауыстарды аспаптың сүйемелдеуімен айтып үйрену.

3.ч.1, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 612,634,644,652.

4.ч.2, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 45-70 –ке дейін әртүрлі мағынада айту. Екі дауысты, бір дауысты фортепианода ойнау, екінші дауысын әндету.

5.Өтілген аккордтарды есту қабілеті арқылы ажырату.
СӨЖ :

Әр сабаққа бір дауысты мысалдардан 4 (6) оның ішінде біреуі транспозициямен жатқа, әр сабаққа екі удауысты мысалдардан, әр сабаққа аккордтық схема, соның ішінде модуляциямен 4 дауысты хорға арналған баяндау.

Хроматикалық дыбыстарды қолдана отырып, әцртүрлі құрылымдағы бір және екі дауысты шығарманы “столбица” бойынша топ пен жұмыс істеу (жазбаша 3 (5) бір дауысты және екі периодты дыбыстар) сонымен қатар әртүрлі масштабтағы бір дауысты шығарманың модуляциясымен топпен “мелопласт” бойынша жұмыс істеу.

1.Өзіндік диктант жазып келу;

2.Өз бетінше номерлерді талдап, айтып келу.

3. Б.Жусибалиев оқулық “Сольфеджио”, Изд. “Жазушы”, Алма –Ата – 1975.

№ 118,119.

№ 5,6 тақырып :

ДИАТОНДЫҚ ТУЫСТЫҚ ТОНАЛЬДІКТЕГІ БАСТЫҢ БІРҚАЛЫПТЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН МОДУЛЯЦИЯ. АЛЬТЕРАЦИЯЛАНҒАН АККОРДТАР.

КӨП ДАУЫС.

Мақсаты : Аккордтардың түрлерін есту қабілеті арқылы ажыратып, үйрену.
Мазмұны : Интонациялық және ырғақтық жаттығулар.

Диатондық туыстық тональдікте бастың бірқалыпты қозғалысымен модуляцмяны, сон дай-ақ диатондық емес, туыстық тональдікте белгілі бір аралықта айту. Альтерацияланған аккордтардың Д тобі бір дыбыстан және тональдікте шешілуімен, бір дыбыстан қосалқы септаккордтарды тональдіктерімен шешілуімен, модуляциялық құрылымда осы аккордтарды (қосалқы септаккорд) айту. Үш тонды бір дыбыстан шешілуімен айту. Модуляциядағы интервалдық құрылымды үш тон арқылы доминанталық тұрғыда (диатондық емес туыстық тональдікте модуляцияны үш тон арқылы) айту. Өлшемдер: 5/4; 5/8; 7/4.

Ырғақтық бөлудің негізгі түрлері. Сольфеджиолай отырып, дуоль мен трио льдік негізінде құрылған остинатолық фигувраларды игеру.

Нота текстін оқу. Бір дауыс. Диатондық емес туыстық тональдікте әуенді хроматизм және модувляциямен айту. Текстегі әуенді тұрақты және ауыспалы өлшемде айту.

Көп дауыс. Гармониялық және имитациялық 3,4-дауысты вокалдық ансамбльдегі нота текстін оқу (2 немесе 3 дауыста аспапта ойнау).



Диктант. Ауызша диктант интонациялық жаттығуларда модуляциялық бір дауысты құрылымды,жеке интервалдарды, аккордтарды, интервалдық және аккордтық құрылымдарды анықтау. Бір дауысты жазбаша диктант.Хроматикалық дыбыстар мен неополитандық субдоминантаның аккордтарын секіру арқылы алу. Квадраттық емес құрылымның кезеңдері ұзақтықтың ер кін бөлінуі (ауыспалы өлшем). Екі дауысты жазбаша диктант.Әртүрлі удәцрежедегі дыбыстардың қозғалысы, канондық-имитациялық екі дауыс. Қарама-қарсы полифония.
СДЖ:

Әр сабаққа бір дауысты мысал, оның ішінде біреуі транспозициямен немесе тест пен жатқа, сонымен қатар И.С.Бахтың дауысқа3,4 музыкасынан , әр сабаққа модуляція 4 дауысты хордан, топпен ауызша және жазбаша диктант жұмыс үшін интервалдық және аккордтық құрылымға кез-келген табылған тақырып бойынша, сонымен қатар топ пен қатар бір дауысты шығарма (жазбаша 6/8) период кез-келген табылған тақырыпқа бір дауысты мысал.



  1. Өзіндік диктант жазып келу.

  2. Өз бетінше номерлерді талдап, айтып келу.

  3. Б.Жусипалиев. Оқулық “Сольфеджио”, Изд. “Жазушы”, Алма – Ата, 1975. № 120,121.

Үш бөлім бойынша жұмыс процесі.

Осы айтылған гаммаларда гармониялық аккордтардың ретін жазып, әндету.

а) Т – S64ІІ 2– Д56Т;

б) Т6 – S- Д2 - ДД – Д34 –Т;

в) Т – VІІ- 7-Д65 – Т6;

г) Т – Д6 – Д56 – Т - ДД64- S -Т64 – Д7 – Т.

2.Осы берілген гармониялық аккордтардың бір дауысын айтып отырып, қалған дауыстарды аспаптың сүйемелдеуімен айтып үйрену.

3.ч.1, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 610,630,642,648.

4.ч.2, Б.Калмыков, Г.Фридкин Сольфеджио оқулығынан номерлерді айту. № 46-72 –ке дейін әртүрлі мағынада айту. Екі дауысты, бір дауысты фортепианода ойнау, екінші дауысын әндету.

5.Өтілген аккордтарды есту қабілеті арқылы ажырату.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Сольфеджио” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.



9. Студенттің өзіндік жұмысы.




Тақырыбы

Әдебиеттер

1

Нота текстін оқу.

1,2,3,4,5,6,7

2

Өзіндік диктант.

8,9,10,11,12,13,14,15,16


10. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.


  1. Агажанов А. “Курс сольфеджио”. Вып. 2 – М., 1973.

  2. Алексеев Б. “Гармоническое сольфеджио”. – М., 1966.

  3. Долматов Н. “Музыкальный диктант”. – М., 1972.

  4. Калмыков Б, Фридкин Г. “Сольфеджио” 1 част – одноголосие, ІІ часть – двухголосие- М., 1992;

  5. Криллова Б, Попова В. “Сольфеджио” . Ч.-1.- М., 1971.

  6. Лицвенко И. “Курс многоголосное сольфеджио” Вып. 3, М., 1968.

  7. Незванов Б, Лащенкова А. Хрестоматия по слуховому гармоническому анализу. – Л., 1967;

  8. Островский А, Соловьев С, Шокин Б. “Сольфеджио”. Вып. 2.-М., 1967;

  9. Писаревский А. Сольфеджио для музыкальных школ. – Киев, 1963.

  10. Резник М: “Музыкальные диктанты”. – М., 1971;

  11. Рубец И. “Одноголосное сольфеджио” – М., 1966.

  12. Руковишников В., Слетов В; Хвостенко В, “Сольфеджио” (двухголосие) – М., 1960;

  13. Руковишников В., Слетов В; Хвостенко В, “Сольфеджио” (двухголосие) – М., 1962;

  14. Скрепкова О, Скрепков С. “Хрестоматия по гармоническому анализу” – М., 1967;

  15. Соколов В. “Многоголосное сольфеджио” – М., 1967 ;

  16. Способин И. “Сольфеджио” Двухголосие и трехголосие – М., 1977.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті



“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Сольфеджио” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

11. Бақылау сұрақтары


  1. 4/4 немесе 6/8 (ауыспалы өлшеммен) триолдармен, дуольдармен, хроматизммен бір дауысты диктант жазу. (Үлгілі қиындықтар: Резник М. “Музыкальные диктанты № 163, 176 209”;) ¾ немесе 4/4 (6/8) өлшемінде екі дауысты имитациялық диктант жазу. (Үлгілі қиындықтар: Резник М. Музыкальные диктанты № 106, 658, 651.)

  2. Диатоникалық туыстық (диатоникалық емес) тональдікте модуляция , хроматизмдері бар бір дауысты әуенді еш дайындықсыз, бір көргеннен нотамен айту. (Үлгілі қиындықтар : Островский А.Л, Солвьев С.Н., Шокин В.П. “Сольфеджио” вып.2. № 31, 107/143,179.) Трио немесе квартамен үш дауысты немесе төрт дауысты мысалды нотамен оқып айту. (Үлгілі қиындықтар ; Сольфеджио (үш дауыс) Сост. Способин И.В. - № 125 (125).

  3. Альтерацияландырылған аккордтарды Д және ДД – ны дыбыс желісін сақтай отырып, диатоникалық (диатоникалық емес) туыстық тональдікте модуляцияны айту.

  4. Туыстық диатоникалық (диатоникалық емес) тональдіктегі “интонациялық жаттығулар

Бөліміндегі интервал мен аккордтарды есту арқылы анықтау.

  1. Қайталау кезеңін құру және оның оны топпен тақырып бойынша жұмыста пайдалану ;

    • мажор мен минорда қол белгілерін қол белгілерін пайдалана отырып, бір дауысты ладтағы белгілі біур әнді нота бойынша әнсіз буындап орындау;

    • мажор мен минорда қол белгілерін пайдалана отырып, екі дауысты ладтағы белгілі бір әнді нота бойынша әнсіз буындап орындау;

-“столбица” бойынша өтпелі және қосымша хроматикалық

дыбыстарды бір дауыста таза нота бойынша әнді буындап

орындау ;


    • “мелопласт” бойынша бір дауыста таза, модуляциямен нота бойынша әнді буындап үйрену;

    • 1-4 семестрден интервалдарды құру тақырыбында есту қабілеттерін байқау үшін ауызша диктант;

    • 1-4 семестрден аккордтық құрылым тақырыбында есту қабілеттерін байқау үшін ауызша диктант.

12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалай жүйесі.
Білім беру ісіндегі приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық ролі оқытушы емес, студентке берілу тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқу керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан,оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен-өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.

Студенттедің білімін бағалау жұйесі Sillabus /оқыту бағдарламасында/ міндеті элемент болып кіреді.

Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:




Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары

Бағалаудың -тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы

А

3.67

90-94

В

3.33

85-89

Жақсы

В

3.0

80-84

В

2.67

75-79

С

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2.0

65-69

С

1.67

60-64

D

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Пәннен F деген баға алаған студент деканат белгіленген мерзімді оны қайта тапсыру керек.



Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет.

13. «Сольфеджио» - пәні бойынша оқу процесінің картасы




Атаулар

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Ұпай саны




Бақылау түрі

1-3

6-10

13-17

20-24

27-1

4-8

11-15

18-22

25-29

1-5

8-12

15-19

22-26

29-3

6-10










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




І

Кіріспе бақылау

Кб











































10

ІІ

Ағымдағы бақылау













КР

1














КР 2













КР 3

40

1

СӨЖ тапсырма

лары








С1







С2







С3







С4




С5




20

ІІІ

Аралық бақылау






















РБ 1
















РБ 2




30




Барлығы














































100

Ең жоғары ұпай көрсетілген

КР (1,2,3) кредит 1,2,3......



РБ рейтинг бақылау







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет