Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет6/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.Картадан географиялық координаталарды анықтау.

Меридиан және параллель сызықтарының көмегімен картадан графикалық координаталарды оңай анықтауға болады. Ол үшін алдымен нүктенің қандай ендіктегі параллельдердің және қандай бойлықтағы меридиандардың аралығында орналасқандығын білу керек. Мысалы: нүкте 400 пен 450 солтүстік ендіктердің, 700 пен 750 шығыс бойлықтардың аралығында жатыр делік. Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғышпен екі параллельдің ара қашықтығын (АВ) және төменгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз.Картада АВ 50-қа тең.

АВ - 50

АН - х

АН қашықтығының градус мөлшерін 400-қа қосамыз.Егер картадан АН қашықтығының орнына ВН қашықтығын өлшесек,табылған шаманы 450-тан алып тастар едік. Бәрібір нәтижесі бірдей.

Бойлықтыда осы әдіспен есептеп табамыз,Сызғымпен СД және СН қашықтықтарын өлшейміз.

СД - 50



СН – х

Шыққан градус есебін 700-қа қоссақ. Н нүктесінің бойлығы шығады. Ендікті анықтағандағы сияқты СН қашықтығының орнында ДН қашықтығын да өлшеуге болады. Ондай жағдайда табылған шаманы 750-тан алып тастаймыз.



Бақылау сұрақтары:

1. Жарты шарлар картасынан орны координаталардың біреуімен ғана белгіленетін нүктені табыңдар?

2. Қазақстанның картасынан өздерің тұрған жердің географиялық координаталарын шамамен анықтаңдар ?
11 - сабақ

Тақырыбы: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу

Жоспар:

1.Карталардың мазмұнын қарай жіктелуі

2.Карталардың масштабына қарай жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеуді

қарастыру



Теориялық мәлімет:

1. Картаға түсірілетін жер бетіндегі денелермен құбылыстар оның мазмұнын құрайды (грекше карта-табақ).

Мазмұнына қарай карталар үлкен екі топқа бөлінеді.Олар: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.

Жалпы географиялық карталарда жер бетіндегі барлық обьектілер – жер бедері, жер бетіндегі сулар (өзендер,көлдер,теңіздер), өсімдіктер,елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т.с.с. бейнеленеді. Олардың ешқайсысы ерекше дараланып көрсетілмейді. Жалпы географиялық карталардың мысалына топографиялық карталар жатады.

Тақырыптық карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларды табиғат құбылыстарының, шаруашылық салаларының халықтық саяси-әлеуметтік жағдайларының жеке бір түрі басқаларынан арнайы ерекшеленіп көрсетіледі. Мысалы: атластарыңдағы дүние жүзінің саяси картасы, оқулықтағы техтоникалық тақталар картасы, климаттық белдеулер картасы- осындай тақырыптық карталар.



2.Карталардың масштабына қарай жіктелуі. Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты болып үш топқа бөлінеді. Масштабы 1:100 000 және одан ірілері – ірі масштабты, 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін орта масштабты, 1:1 000 000-нан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар – топографиялық, орта масштабтылары – топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады. Топографиялық карталар 1:100 000, 1:50 000, 1:25 000, 1:10 000 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабы жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді.

Пландар мен ірі масштабы (топографиялық) карталар тікелей жер бетінде жүргізілген өлшеулердің және ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады.Соңғы кездерде карта жасауда ғарыштан суретке түсіру барған сайын кеңінен қолданылуда.

Пландар мен топографиялық карталар жер бетін екжей-текжейлі бейнелейтіндіктен, дәл өлшеулермен есептеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланылады.

Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады.

Топографиялық шолу карталарының дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен. Сондықтан олар едәуір үлкен аумақтың жалпы көрінісін шолу мақсатында қызмет етеді.Мұндай карталар әсіресе ұшқыштар үшін қолайлы.

Шолу карталары жер бетінің үлкен бөлігінің (олыстардың, мемлекеттердің, материктердің, бүкіл дүнижүзінің) географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналған. Сондықтан оларды көбнесе географиялық карталар деп атайды.



Бақылау сұрақтар:

1. Жалпы географиялық караталардың ерекшеліктері неде?

2. Тақырыптық карталардың олай деп аталуы немен байланысты?

3. Топографиялық карталар қалай жасалады?

4. Қазақстанның физикалық қабырға картасы мазмұны жөнінен қай топқа жатады?Масштабы жөнінен ше?

5. Қандай тақырыптық карталарды білесіңдер?


12- сабақ

Тақырыбы: Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелеу ерекшеліктері.

Жоспар:

1. Жер беті көлемінің бейнелену ерекшеліктері

2. Жер бедерінің бейнеленуі

3. Елді мекендердің бейнеленуі



Сабақтың мақсаты: Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелеу ерекшеліктерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жер беті көлемінің бейнелену ерекшеліктері. Осыған дейін өткен тақырыптардан жердің мөлшері неғұрлым үлкен болса картада бейнеленетін аумақтың бұрмалану мөлшеріде соғұрлым арта түсетінін байқадық. Солдықтан ұсақ масштабты карталардан қашықтықта тек тұспалдап қана анықтауға болады. Ал дүние жүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықта өлшеу жұмыстары жүргізілмейді.



2.Жер бедерінің бейнеленуі. Жер бедері қатқабат бояулармен көрсетіледі (биіктікке оай бояудың реңі қалай өзгеретіні естеріңе түсіріңдер?).

Әр түрлі бояу сәйкес келетін биіктік сатыларының шекарасы горизонтальдармен белгіленеді. Бірақ олардың бір-бірінен биіктік айырмасы топогрпфиялық карталардағы сияқты тұрақты болмай өзгеріп отырады. Мәселен мектеп атласындағы жарты шарлар картасында горизонтальдар 0,200,500,2000,3000,5000 м сайын жүргізілген. 0метірден төмен жатқан жерлер қөю жасыл, 0 - 200 метр аралығы солғын жасыл, 200-500 м аралығы сарғыш түске, т.с.с бойалған. Әр түрлі бояудың қандай биіктіктерге сәйкес келетіндігі картаның төменгі жағындағы шекарасында көрсетілген. Биіктік шкаласын пайдаланғанда ерекше ескеретін жағдай – бір бояудың шетінде биіктік көрсетілетін барлық жерде бірдей болмайды – төменгі горизоталдан жоғарғы горизонталға қарай бірте-бірте өсе береді.

Тау шыңдары мен құрлықтағы терең ойыстардың теңіз деңгейінен биіктіктері циформен бөлек белгіленеді. Мәселен Тянь-Шандағы Хан тәңірі 6995м, Алтайдағы Ақтау (Мұзтау) 4506м, Маңғыстаудағы Қаракия ойысы – 132 м («-» таңба нүктенің теңіз деңгейінен төмен жатқандығын көрсетеді).

Жер беті суларының бейнеленуі. Жер беті сулар – мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады. Бояудың реңі тереңдікке байланысты өзгереді – тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Құрлықтың бедері сияқты теңіз түбінің бедеріде белгілі бір тереңдік сайын ерекшеленіп боялады. Тереңдік шамалары картаның түріне, қойған мақсатына оай түрлі мөлшерде алынады. Мектеп атласындағы жарты шарлар картасында бұл шама о,200,2000,4000,6000 м тереңдіктерге сәйкес келеді. Әр бір мұхиттағы немесе теңіздегі ең терең шұңғымалар анықталады. Өзендердің ұзындығы өзінің нақты мөлшеріне қарағанда қысқа болып тұседі. Өйткені шағын иілістері ұсақ масштаб бойынша белгілеуге келмейді.



3.Елді мекендердің бейнеленуі. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елдімекендер (мемлекеттердің астаналары, аса ірі өндіріс орталықтары,тарихи қалалар және т.с.с) түсіріледі. Елді мекендердің алып жатқан орнына дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарынан ең маңыздылары, солардың ішінде темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады. Мемлекеттік және саяси-әкімшілік шекараларды да табуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұсақ масштабты физикалық картадан биіктік шкаласының бояуына қарап, Каспий маңы ойпаты мен Сарыарқаның биіктіктерін анықтаңдар?

2.Жарты шарлар картасынан тереңдік шкаласы бойынша Солтүстік мұзды мұхиттың Еуразия жағалауындағы теңіздердің тереңдігін шамалаңдар.

3.Физикалық картадан өздерің тұрған жердің биіктігін шамамен біліңдер


13 -сабақ

Тақырыбы: Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру.Картаның маңызы

Жоспар:

1.План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2.Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыруды және картаның маңыздылығын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Алдымен жергілікті жердің планы мен географиялық картаның ұқсастықтарын байқастырайық. План да, карта да жер бетінің қағазға (жазықтыққа) кішірейтіліп түсірілген сызба бейнесі екендігі белгілі. Екеуінде де жер бетіндегі заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді. Олардың нақты пішінінің орнына шартты белгілер колданылады. Осындай жалпы ұқсастықтарымен қатар план мен география­лық карталардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың бастылары төменде айтылады.

1) Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады:


1 см - 5 м, 1 см - 10 м, т.с.с. Масштабының ірілігіне байланысты планда
жер бетіндегі заттар барынша егжей-тегжейлі көрсетіледі. Одан елді
мекендегі жеке шаршыларды, үйлерді, мектепті, мешітті, мәдениет сарайын және т.е.с. ажыратып ала аласыңдар. Мектеп ауласының, тіпті
өз бөлмелеріңнің де планын сыза аласыңдар.

Географиялық карта үлкен алқапты, яғни облыс, мемлекет, мате­рик, тіпті бүкіл Жер шарын қамтитындықтан, ұсақ масштабта сызыла­ды. Онда жер беті әлденеше миллиондаған есе кішірейтіліп түсіріледі. Жер бетін егжей-тегжейлі бейнелеуі және дәлдігі женінен топографиялық карталар ғана планға біраз жақын тұрады.

Қамтитын аумағының үлкен-кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады (олардың әр түрлі карталар да қандай сызықтар түрінде болатындығын естеріңе түсіріңдер). Меридиандар солтүстік-оңтүстік, параллельдер батыс-шығыс бағыттарды көрсетеді. Планда ондай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы -солтүстік, төменгі жағы - оңтүстік, со л жағы - батыс, оң жағы шығыс бағыттарына тура келеді.

Шағын ғана алқапты қамтитындыктан, планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық деп есептелінеді. Оның кез келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізе беруге болады. Үлкен алқап немесе бүкіл Жер шары түсірілгендіктен, картада Жердің шар тәріздес пішіні есепке алынады. Бейнеленетін жердің көлеміне қарай картадағы бұрмалау мөлшері арта түседі (дүние жүзі картасы мен жарты шарлар картасындағы бұрмалану жағдайларын естеріңе түсіріңдер).

Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардыя нақты мөлшерін анықтауға болады (жолдың, өзеннің ұзындығы, көлдің немесе бақшаның ауданы және т.с.с). Картада ондай мүмкіндік жоқ. Мәселен, планнан елді мекеннің қандай пішінде екендігін, көшелерінің қай бағытта созылып жатқандығын оңай анықтауға болады. Ал картада оның алып жатқан орны ғана белгіленеді.

2.Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы. Күнделікті өмірде географиялық картаның маңызы зор. Карта кез келген аумақтың жалпы ерекшеліктерін бірден көз алдыңа елестетеді. Одан жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне орай орналасуы, қасиеті айқын көрінеді.

Географиялық карта белгілі бір аумақты зерттеу және игеруге көмектеседі. Пайдалы қазбаларды іздеу, егіншілікке жарамды жерді есепке алу, су электр станциясын, зауыт, фабрикаларды, жол құрылысын жобалау бәрінен бұрын картаға негізделеді. Теңізде жүзу мен әуе қатынасында міндетті түрде карта пайдаланылады.

Карта Отан корғау ісінде өте қажет. Әскер басқару, шабуылға шығу, қорғаныс шебін құру картаның көмегімен жүзеге асырылады.

Әркім-ақ күнде теледидар мен радиодан алдағы уақытқа ауа райы қандай болатынын тыңдайды. Ауа райының алдағы өзгерісі, жай-күйін білу үшін алдын ала болжам карталары жасалады.

Географиялық картаның көмегімен түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жер бедерін, топырақты, өсімдікті, халықтың коныстануын, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісін және т.б. зерттеу картадан басталып, картамен аяқталады. Қарастырылатын аудан туралы

белгілі мағлұматтар алдын ала картадан алынады. Өз кезегінде зерттеу нәтижелері де картаға түсіріледі.

Осы айтылғандармен қатар карта мектепте география пәнін оқып үйренуде де баға жетпес құрал болып табылады. Ол - сендердің екінші оқулықтарың. Картаның түрлерін меңгерген жагдайда ғана географиядан тиянақты білім ала аласыңдар.

Бақылау сұрақтары

1. Не себепті планда жер беті бұрмаланбай бейнеленеді?

2. Географиялық картадағы бұрмалану дәрежесі қамтитын аумағына байланысты қалай өзгереді?

3. План мен географиялық картаның ұқсастықтары неде? Айырмашылықтары қандай?

4. Картаның күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы мысал келтіріңдер.


ІІІ тарау Жер қабықтары
14 - сабақ

Тақырыбы: Литосфера. Жер құрылысы

Жоспар:

1.Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары

2.Жердің ішкі құрылысы

Сабақтың мақсаты: Жердің сыртқы және ішкі құрылысын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары. Жердің ғарыштан түсірілген суретіне қарасақ оның шар тәріздес екендігін айқын көреміз. Шардың беті буалдыр, көп жерін ақ шарбы бұлттар жауып жатыр. Жер шарын ауа қабығы коршағандықтан ол буалдырланып көрінеді. Ал ақ шарбы - ондағы бұлттардың көрінісі. Ауа Жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны атмосфера деп атайды (грекше атмос - бу, сфера - шар). Ауа Жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.

Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін су алып жатқанын байқайды. Шынында да судың үлесіне жер бетінің жалпы ауданының 2/3-сі тиеді. Ауа сияқты су да жер бетін біртұтас жауып жатады. Оны гидросфера (грекше гидро - су), яғни Жердің су қабығы деп атайды.

Гидросфераның басым кепшілік бөлігін мұхиттар мен теңіздер құрайды. Сонымен қатар оның құрамына өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар кіреді.

Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап адамға дейінгі - түрлі ағзадар Жердің айрықша қабығы - биосфераға жатады (грекше био - тіршілік). Ол атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршілік ауада, суда және Жердің беткі қатты кабығында таралған. Жердің ішкі құрылысы. Адам Жердің сыртқы кабықтары - атмосфера, гидросфера және биосфераны тікелей зерттей алады. Ал Жер қабатының өзін мардымсыз, аз тереңдікке дейін ғана тікелей бақылай алады. Ең терең деген скважинаный өзі әзірге 15 км тереңдікке дейін ғана жеткен. Мұнан әрі қарай Жердін терең қабаттары қандай жыныстардан тұрады, олар қандай күйде деген сұрақтарға тек қосалқы белгілер бойынша, болжамды түрде ғана жауап беруге болады. Мөселен, жанартау атқылағанда Жердің терең қойнауынан түрлі жыныстар сыртқа шығады. Олар Жердің тереңірек қабаттарын құрайтын жыныстар туралы мәлімет береді.



2.Жердің ішкі құрылысын анықтауда, әсіресе жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы өте зор. Жер сілкінгенде пайда болатын толқындар Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығын өзгертетіндігі анықталған. Ғалымдар мұндай толқындардың таралуын колдан жарылыс жасап та бақылайды. Соның нәтижесінде Жер шарының ішкі құрылысы 3 қабаттан тұратындығы анықталған.

Жердің ең сырткы қабаты Жер қыртысы деп аталады. Оның материктік және мұхиттың түрлері ажыратылады. Олар қалыңдығы және тау жыныстарының құрамы жөнінен бір-бірінен айырма жасайды. Материктік жер кыртысының қалыңдығы жазықтарды 30-40 км, тауларда 70-80 км құрайды. Мұхиттардың астында қалыңдық 5-10 км-ге ғана жетеді. Мұхиттық жер қыртысы жұқа болғанымен тығыз тау жыныстарынан тұратындықтан материктік жер қыртысына қарағанда ауыр.

Жер қыртысында ұдайы тау түзілу қозғалыстары жүріп жатады. Оның беті құрлықтағы және мұхит табанындағы жер бедерінің ой қырына сәйкес келеді.

Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 км тереңдікке дейін мантия орналасқан (латынша мантия - шапан, жамылғы). Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп аталады (латынша литос - тас).

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы жағында +100-150°С-тан төменгі шекарасында +3800°С-ка дейін баратын болу керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады. Оның радиусы 3500 км шамасында. Ядро темір мен никельден тұрады. Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді. Сырткы ядро балқыған күйде, ал ішкі ядро қатты заттан тұратын болуы керек.



Бақылау сұрақтары

1. Атмосфера, гидросфера және биосфера неліктен Жер қабыктары депаталады?

2. Жердің өзі қандай қабаттардан тұрады? Олар қандай күйде?
15 -сабақ

Тақырыбы: Литосфералық тақталар туралы ұғым

Жоспар:

1. Литосфералық тақта деген не?

2.Литосфералық тақталардың қозғалысы.


Сабақтың мақсаты: Литосфералық тақталарды қарастыру



Теориялық мәлімет:

1.Соңғы кезде ғалымдардың арасында Жер кыртысы орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кеңінен таралған.

Бұл пікір бойынша, Жер бетіндегі материктер маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталар құрайды. Мәселен, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік-шығысы және Солтүстік Мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіреді. Африка тақтасы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының іргелес бөліктерін қамтиды. Тек Тынық мұхит және Наска тақталары ғана жеке-дара мұхитты алып жатыр.

Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Жер серіктерінің жәрдемімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталарды жылына 2-5 см ығысатындығын көрсетеді. Былайша қарағанда, бұл сан өте мардымсыз сияқты болып көрінеді. Дегенмен сол санды 10, 20, 100 жылға шағып қарағанда айтарлықтай мөлшерге жететінін байқау қиын емес. Ал Жер тарихының есебіне шаққанда қандай болмақ? Оны өздерің ойластырып көріндер.

Тақталар бір жерлерде бірінен-бірі алшақтайды, екінші бір жерлерде өзара түйіседі.

Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жарықтан жан-жаққа бытырап жылжи бастайды. Соның нәтижесінде жарықтың екі жағын ала су асты жоталары түзіледі. Оларды мұхит ортасы жоталары деп атайды. Мүндай жоталарға Атлант мцхитыныңорта жотасы, Үнді мұхитындағы Орталық Үнді жотасы және т.б. жатады. Су асты жоталары мұхит түбінен 2000-3000 м биіктікке көтеріледі, ұзындығы әлденеше мың км-ге барады.

Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған шатқалдар бар. Олардың ені жоғарғы жағында бірнеше ондаған километрден түп жағында бірнеше километрге дейін барады. Өдетте іпат-қалдардың түбінде жанартаулар мен ыстық бүлақтар шогырланады. ОКарықтан шықкан магма бір-бірінен алшактап бара жатқан тақта-лардың шеткі бөліктерін өсіріп отырады.

2.Тақталар қақтығысқан жерде магмалық ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық көбінесе шөгінділерден құралған материктік жеңіл қабықтың астына енеді.

Тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы (шүңғымасы) пайда болады, оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып кетеді (мысалы, Еуразия тақтасы мен Тынық мұхит тақтасы аралығындағы Куриль науасы мен Куриль аралдары тізбегі) немесе орасан зор тау жоталары түзіледі (мысалы, Наска мұхиттық тактасы мен Оңтүстік Америка тақтасы аралығындағы Анд таулары). Пайда болған терең науаларда шөгінді тау жыныстары жинақталады. Тақтаның жылжуынан пайда болатын қысым әрі қарай жалғаса берсе, науаға жинақталған тау жынысының қабаттары жиырылып қатпарланады да, таулар түзіледі.

Таулардың түзілуі бірыңғай материктік тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерлерінде де жүреді. Мәселен, Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығыс көп жерінде Жер шарындағы аса биік Гималаи таулары түзілген. Еуразияның орта тұсындағы Орал тау­лары да бұрынғы дербес тақталардың соқтығысуынан пайда болған.

Жер қыртысының тақталары көлденең бағытта жылжуымен қатар, жоғары-төмен бағытта да қозғалып тұрады. Осыған байланысты бұрын пайда болған таулар биіктейді, материктердің жеке бөліктері шөгеді.

Бақылау сұрақтары

1. Литосфералық тақта деген не?

2. Оқулықтағы литосфералық тақталар картасын жарты шарлар картасымен салыстыру арқылы Куриль, Жапон және Оңтүстік-ІПығыс Азия аралдары қандай тақталардың шекарасына орналасканын анықтаңдар. Бұл аралдар тақталардың қандай қозғалысының нәтижесінде пайда болған?

3. Орта Атлант жотасының тақталарға байланысты алатын орны қандай?


16- сабақ

Тақырыбы: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

Жоспар:

1.Тау жыныстары және минералдар.

2.Магмалық тау жыныстары.

3.Шөгінді тау жыныстары.

4.Метаморфтық тау жыныстары.

Сабақтың мақсаты: Жер қыртысын түзетін тау жыныстарының түрлерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Тау жыныстары және минералдар. Жер қыртысын толтырып жатқан табиғи денелердің тау жыныстары деп аталатынын білесіңдер. Олар қатты, сұйық және газ күйінде кездеседі. Өздеріңе жақсы таныс гранит, құм, әктас, тұз, көмір, мұнай - осының бәрі тау жынысы.

Тау жыныстарын құрайтын заттар минерал деп аталады. Мәселен, гранит өзара тығыз байланысты 3 минералдан тұрады. Олар кварц, дала шпаты және слюда. Түгелдей бір минералдан тұратын тау жыныстары да бар. Оған тас тұзы мысал бола алады.

Жер қыртысында тараған тау жыныстары мен минералдардың түрлері өте көп. Қазіргі кезде белгілі минералдардың түрі 3000 шамасында. Тау жыныстарының түрлері де 1000-ға тартады. Тау жы­ныстары мен минералдардың осыншама алуан түрлілігі олардың түзілу жағдайларына байланысты. Біз әзірге тау жыныстарымен танысамыз.

Жер қабатын құрайтын барлық тау жыныстары тегіне қарай үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: магмалық тау жыныстары, шөгінді тау жыныстары және метаморфтық тау жыныстары.



2.Магмалық тау жыныстары. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары магмалық тау жыныс­тары деп аталады. Магма (грекше магма- былғама, қойыртпақ),-Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат. Ол жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында орналасады. Үстіңгі тау жыныстары қабаттары оған ғаламат қысым түсіреді. Сондықтан Жер қыртысында жарық пайда болған жағдайда магма жоғары ұмтылады. Сөйтіп ол жер бетіне шығып төгіледі немесе жақындап келіп, кептеліп қатады. Үстіңгі қабаттардағы шөгінді тау жыныстарын жел мен судың алып кетуінің нәтижесінде кептелген магмалық жыныстар да ашылып жер бетіне шығып қалады.

Жер қыртысы негізінен магмалық тау жыныстарынан тұрады. 15-20 км тереңдікте олардын үлесіне бүкіл тау жыныстарының 95%-і тиеді. Одан әрі үлкен тереңдіктегі жыныстар - түгелдей дерлік маг­малық жыныстар.

Магмалық жыныстардың ішінде -базальт пен гранит өте көп таралған.

3.Шөгінді тау жыныстары. Жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді тау жыныстары деп аталады» Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді.

Жер қыртысы алғашқы қатайып құрылған кезден бастап оны құраушы магмалық жыныстар температураның, желдің және судың әсерінен өзгеріске ұшыраған. (Үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып көл, теңіз, т.б. су түбіне жиналған. Мұндай тұнба жы­ныстар кесек шегінділер деп аталады.

Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады (мысалы, тұз, т. б.). Мұндай жолмен химиялық шөгінділер пайда болады.

Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділер құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан бор құралады.

Әр түрлі жолдармен пайда болғанына қарамастан, шөгінді жыныстардың бәріне тән екі түрлі ерекшелік бар. Біріншіден, тұну арқылы түзілгендіктен олардың бәрі де қат-қабаттанып жатады. Екіншіден, шөгінді жыныстардың арасынан жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары немесе таңбалары ұшырасады. Мысалға, тас көмір қабаттарының арасынан ағаштың тасқа айналған қалдығы немесе жапырағының таңбасы жиі кездеседі.

Шөгінді жыныстар Жер қыртысының беткі қабатында таралған (неліктен деп ойлайсыңдар?). Олар мұндағы барлық тау жыныстарының 75%-ын құрайды, қалған 25%-ы магмалық және метаморфтық жыныстардың үлесіне тиеді.

Шөгінді тау жыныстары ұзақ уақыт жатып тығыздалса, қатты жыныстарға айналады. Осындай жолмен құмнан - құмтас, саздан - сазды тақтатас, бордан - әктас түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет