Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет9/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

2.Табиғат ресурстары. Ресей жері табиғат рсурстардың барлық түрлеріне бай, әсіресе минералдық ресурстардың құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40% астамы өндірісте игеріледі.

Ресей дүние жүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергтикалық қоры жөнінен 1-орында, ал өңдейтін жер үлесі жөнінен 3- орынды иеленеді.

Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар, құрайды. Минералдық шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖІӨ мөлшерінің 33% -дан астамы тиесілі.

Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзінде ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалдпы қоры – 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі – 11,5 га, бұл дүние жүзілік көрсеткіштен әлде қайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді.

Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінің ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10˚-тан астын) жиынтығы жергілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Рсейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады. Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қара бидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкеніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдарда өсіріледі.

Ресей жері ориан ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі – 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көсбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқанжапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштарыда басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында яғни Шығыс Сібірмен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.

Ресей жері су ресурсына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қар топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төменРесейдің ең ұзын өзені - Лена (4 400км), ең мол сулы өзені – Енисей. Сонымен қатар суменн қамтамасыз ету мақсатында Ресейде қырықтан астам су бөгендері салынған. Ең үлкені – Братск ( дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байкалда шоғырланған.

Ресейдің ормандары, өзендер мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл) , таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Красояр Бағаналары, Камшаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі өзен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.

Тарихи – мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған.

Ресейды табиғат ресрстарына тән мынадай ортақ белжгілер бар:1) ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі, 2) ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген, 3) ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған, 4) жақсы игерілген аудандағы ресурс қоры сарқылуға жақын.

Бақылау сұрақтары.


  1. Ресей табиғатының қолайлы және қолайсыз жағдайларын атаңдар.

  2. Ресей жерінде кең тараған табиғат ресурстарының аса маңызды түрлерін атаңдар.

3. Ресей жері су және су-энергетикалық ресурстармен қалай қамтамасыз етілген.
207 -сабақ

Тақырыбы: Халқы.

Жоспар:

1.Демографиялық көрсеткіштері.

2.Еңбек ресурстары.

3.Халқының ұлттық құрамы.



Сабақтың мақсаты: Ресейдің халқының демографиялық көрсеткіштерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады.Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай , Үндістан, АҚШ,Индонезия,Бразилия және Пәкістан, Бангладеш,Нигериядан кейін 9 –орын алады.Ресей ғалымдарының болжамы боынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қысқаруы одан әрі жалғаса береді.Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.



Демографиялық көрсеткіштер. Ресей аумағынада ХХ ғасырдың 90 –жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты.Қазіргі кездегі туу коэффициенті 12,1 ℅, өлім коэффициенті 14,6 ℅. Туудың азаюы мен өлім – жетімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке ие болды.Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді.Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия , Тува республикаларында,Ханты – Манси АО- де байқалды.Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды:1990 жылы бұл көрсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты құрайды.

Демографиялық көрсеткіштерге халықтың жас және жыныстық құрылымы, көші – қон сипаты да әсер етеді.Қазіргі кезде Ресей халқының 17 ℅- ы 14 жасқа толмаған балалар болса,19 ℅ -ын 60 – тан асқан егде адамдар құрайды.Ел халқының 53 ℅- дан астамын әйелдер құрайды.Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда туу көрсеткіші жоғары,өлім – жетім аз.Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.

2.Еңбек ресурстары.Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды.Олардың басым көпшілігі экономикалық белсенді халық болып табылады.Жалпы алғанда, ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2 ℅ деп есептеледі.Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды.Индугештия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның көрсеткіші кей жылдары 50 ℅ - ға жеткен.Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында,сондай – ақ ірі қалаларда жұмыссыздық деңгейі 4 -5℅ - дан аспайды.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өңдірістің емес салада (57℅), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

3.Халқының ұлттық құқрамы.Ресей көпұлтты елдер қатарында жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.100 – ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің байырғы халқына жатады.Саны жөнініен басымы – орыстар,олар Ресей халқының 80 ℅- ын құрайды.Орыс халқының ең басым аудан – Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95℅ - дан асады.Ресей аумағында 30- дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігіне байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық(халықтың 89℅- ы) алтай (7℅), кавказ (2℅)және орал (2℅) 4 тіл семьяларына жатады.Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен салт – дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген.Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады.Солтүстіктің басқа халықтары,негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса,якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлә қол үзген жоқ.Елдің солтүстігін,Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Орналасуы.Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан.Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км2 – ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 4 есе төмен.Ресей аумағының ¼ бөлігің ғана алып жатқан еуропалық бөліккте халықтың 79℅ - ы тұрады.Мұнда 1 км2 аумаққа 30 адамнан келеді.Ал елдің басым бөлігін (3/4) қамтитың азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21 ℅- ы ғана тиесілі.Халық тығыздығы мұнда 1 км2 –ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.

Экономикалық аудандар бойынша халықтың тығыздығы әртүрлі.Халық Орталық аудан мен Калиниград облысында орналасқан,ал Қйыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығ,ы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты.Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді.Мысалы,Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2 – ге шаққанда 80 адамды құраса,табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең.Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік – экономикалық жағдайымен түсіндіруге болады.Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2- ге 320 адамға жетеді.Еуропалық бөліктің солтүстіктен басқа аумағын қамтитын жолақта Ресей халқының 93℅- ы тұрады.Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстік және шығысқа қарай халық тығыздығы азая бареді.Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік аудан бүкіл халықтың 6℅ - ы ғана тұрады.Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады.Сібірдің оңтүстігінде де халық сирек қоныстанған,мұнда ел халқының 1℅ - ы ғана тұрады,бірақ ауыл халқының үлесі жоғары.Халықтың әркелкі орналасуы және көпшілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым.Жалпы алғанда , Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар.Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек.Көлік қатынасы және рекреациямен,сондай – ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдық елді мекендер де бар.Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55℅ - ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Ірі қалалары.Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50-100 мың адам), ірі (100-500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді.Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды.Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсірісе миллионер қалалардың маңызы зор.Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының ¼ бөлігі шоғырланған.

Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт – Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.



Бақылау сұрақтары:

1.Ресейдегі халық санының қысқаруына демографиялық жағдай қалай әсер етеді?

2.Ресейде халықтың орналасуының басты ерекшеліктері қандай?

3.Халықтың қоныстану түріне және қалалардың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

208 -сабақ
Тақырыбы: Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі.

Жоспар:

1.Шаруашылығына жалпы сипаттама.

2.Отын – энергетика кешені.

3.Өнеркәсібінің басқа салалары.



Сабақтың мақсаты: Ресей шаруашылығын. Өнеркәсібін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Шаруашылығына жалпы сипаттама. Ресей Федерациясы - өтпелі экономика тән индустриялы – аграрлы ел.Кеңес одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады.Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді.Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғаның білесіндер.Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды:1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі;2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы;3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі.Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, рның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.

1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан,шаруашылықтың салалық құрамында ала – құлалық сақталуда.Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өңдірістің шоғырлануы және монополиялану деңгейі жоғары.Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр.

Ресей шаруашылығының аумақтық орналасуы әркелкі.Табиғат ресурстарының басым бөлігі азиялық бөлікте өндірілгенімен, негізгі тұтынушылар, өндірістік – техникалық және ғылыми әлеует еуропалық бөлікте шоғырланған.Енді шаруашылықтың жеке салаларының орналасуымен және құрылымдық ерекшеліктерімен танысайық.

2.Отын- энергетикалық кешені. Ресей экономикасында отын – энергетика кешенінің маңызы өте зор,өйткені ел экспортының 40℅ - ын отын – энергетикалық шикізат құрайды.Кешен отынның барлық түрлерінің өндіру, тасымалдау және бастапқы өңдеу, электр энергиясын өндіру мен тасымалдауды қамтиды.

Отын өнеркәсібі отын түрлерін өндірумен және алғашқы өндеумен айналысады.Бұл салаға өнеркәсіпте жұмыс істейтіңдердің 6℅- ы және өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 20℅- ға жуығы тиесілі.

Ресей табиғи газдың барланған қоры жөнінен 1- орын алады,оның үлесіне әлемдік газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі.Табиғи газдың ең ірі алабы – Батыс Сібір, бұл алап Ресейде өндірілетін газдың 90 ℅- ын береді.Негізгі газ кен орындары Ямал- Ненец автономиялық округінде орналасқан.Табиғи газ өндірілетін басты орталықтар – Жаңа Уренгой мен Надым.

Мұнай құбырлары арқылы өндірілетін мұнайдың 95℅ - ы тасымалданады.Ресей мұнайының батыстағы бұрынғы социалистік елдерге теңіз порттары мен елдегі тұтыну аудандарына жеткізетін мұнай құбырларының аса ірі жүйесі жасалған.Қазіргі кезде Ресей мұнай өндіруден дүниежүзінде 1- орын алады.Елде өндірілетін мұнайдың 40 ℅- ы экспортқа жөнелтіледі.

Электр энергиясын өндіру жөнінен 4 –орын алады.Электр энергиясын өндіруде жылу электрстанцияларының үлесі жоғары.Еуропалық бөлікте олар, негізінен, газ бен мазутты,ал азиялық бөлікте көмірді пайдаланылады.Мұнай өндіретін аудандарда қосалқы электр орталықтары электр станциясын өндірумен қатар,қалаларда жылумен де қамтамасыз етеді.

Елдегі өндірілетін электр энергиясының 20℅- ға жуығын су электр станциялары береді.Жалпы,Ресейдің су – энергетикалық қоры аса мол болғанымен, оның4/5 бөлігі аз игерілген аудандарда шоғырланған.Қазіргі кезде осы қордың тек 20 ℅ - ы ғана пайдаланылады.Аса ірі Саян,Краснояр,Братск,Усть- Илим су электростанциялары елдегі ең қуатты Ангара – Енисей каскадын құрайды.



Металлургия және машина жасау.Металлургия кешені металл кендерін өндіру мен байытуды, металдарды балқыту мен прокат өндірісін қамтиды.

Қара металлургия, темір, марганец, хром сияқты қара металл кендерін өндірумен және оларды өңдеумен айналысады.Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен Ресей әлемде Жапония, Қытай, АҚШ- тан соң 4- орын алады.Қазіргі кезде Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді,47 млн т шамасында қара металдардың дайын прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады.

Елдің қара металургиясы жоғары деңгейде шоғырланған.Кеннің басым бөлігі аса ірі кеніштерде өндірілсе, дайын металдың жартысынан астамын толық циклді 8 комбинат береді.Темір қоры, негізінен, еуропалық бөлікте шоғырланған.Батыс және Шығыс Сібірдегі,Қиыр Шығыстағы кен орындарында да болашағы зор.Темірмен салыстырғанда қоры мардымсыз марганец Кемерово және Свердллов облыстарында, ал хром Пермь облысында өндіріледі.



Түсті металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5 ℅- ын береді.Түсті металдарды өндіру жөнінен Ресей АҚШ – тан кейін 2 – орын алады.Елде 70 – тен астам түсті металл түрлері өндіріледі.Олар ерекшеліктеріне қарай негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш және т.б.), легирлеуші (сапалы болат алу үшін қара металдарға қосылатын , мырыш және т.б.), бағалы (алтын, күміс, платина) және сирек металдар (цирконий, германий және т.б.) деп бөлінеді.Түсті металлургияда алюминий өндірісінің үлес салмағы жоғары, жылына Ресей металл күйінде 3 млн т алюминий өндіреді.Негізгі шикізат қоры Ленинград, Свердлов,Челябі облыстарында, еуропалық бөліктің солтүстік – батысында,Краснояр өлкесінде шоғырланған.

Ресей жылына 130 т алтын өндіреді, оның басты орталығы Қиыр Шығыс болып табылады.Алтын өндірісі жөнінен ел әлемде 5 – орын алады.Сирек металдар Оңтүстік Сібірде, Оралда және Кола түбегінде өндіріледі,өнімнің 80 ℅- ы экспотталады.Түсті металлургия саласында, әдетте, алмас өндірісін де жатқызады.Ресейдегі алмастың 99 ℅- ы Саха республикасында өндіріледі.Жалпы алғанда, түсті металлургияның негізгі дамыған аудандары Орал, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс болып табылады.Мұндағы кәсіпорындар өз шикізатымен қатар, Қазақстаннан әкелетін алюминий шикізатын (глинозем) , қорғасын мен мырыш концентраттарын пайдаланады.



Машина жасау – Ресейдің экономикалық даму денгейін анықтайтын маңызды саланың бірі.Оның үлесіне елдің өнеркәсіп өнімінің 20 ℅- ы тиесілі.Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнын астам кәсіпорын жұмыс істейді.1990 жылдары жеңіл автокөлік жасаудан басқалары өнім көлемін екі еседей қысқартты.Бұл шетелдік машиналар мен жабдықтарға қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының төмен болуымен түсіндіріледі.Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында тау – кен, энергетика, химия,орман, жеңіл жә»не тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал – жабдықтар,көлік құралдары мен электр техникасы,электрондық құралдар жасалады.Кейбір өнімдер тек бір ғана кәсіпорында шығарылады.

3.Өнеркәсіптің басқа салалары. Ресей өнеркәсіп құрылымында химия, орман, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің маңызы зор.Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мындаған түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар енеді.Кейбір химия өнімдерін шығаруда Ресей әлемде алдыңғы орында алады.Мысалы, күкірт қышқылын өндіруден- екінші, минералды тынайтқыш бойынша бксінші орынды иеленеді.Химия өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің табиғи баламасымен салыстырғанда асып түсетін жаңа материалдар жасалады.Химия өнеркәсібі шексіз шикізат базхасына ие болғандықтан, кәсіпорындарын барлық жерде бірдей орналастыруға болар еді.Біңрақ қазіргі кезде олардың басым бөлігі мұнай және газ өндірудің өнімдеріне негізделген.Сол се,бепті мұндай кәсіпорындар көбінесе шикізатты өндіретін және өндейтін аудандарда орналасады.Химиялық технологиялар алуан түрлі және күрделі болады.Кейде бір шикізаттан ондаған түрлі өнім алынады.Мұның өзі әртүрлі комбинаттардың қалыптасуына әсер етеді.Қазіргі кезде қоршаған ортаны ластайтын химиялық кәсіпорындарға қатысты экологиялық талаптар күшейтіліп келеді.

Ресей аумағының жартысына жуығын орман алып жатыр.Елдегі ағаш сүрегінің жалпы қоры 80 млрд м3 – ді құрайды.Сол себепті мұнда орман өнеркәсібін дамыту үшін шикізат қоры жеткілікті.Оның жеке салаларыгнаң орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді.

Жеңіл өнеркәсіп салалары арасында, әсіресе жергілікті шикізатқа негізделген тоқыма өнеркәсібінің маңызы зор.Шикізатты бастапқы өндеу өндірілетін аудандарда жүргізіледі.Ал тоқыма кәсіпорындары ірі қалалар мен олардың маңында орналасады.

Тамақ өнеркәсібі- ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты салалардың бірі.Бұл саланың кәсіпорындары барлық аудандарда бар.Шикізатты алғашқы өндеу барысында қалдық көп болады және кейбір ауыл шаруашылық өнімдері алысқа тасымалдауға жарамсыз.Сол себепті оларды өндейтін кәсіпорындар шикізат көзіне жақын орналасады.Бұл топқа май шайқау,қант,ұн – жарма өндірістерінен басқа, балық өнеркәсібі де жатады.Ресейде жылына шамамен 3 млн т балық ауланып өндіріледі.Алғашқы өндеуден өткен шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін кәсіпорындар тұтынушыларға жақын орналасады.Қалалар мен ірі елді мекендерде ет, сүт және макарон,кондитерлік өндірістер шоғырланған.

Бақылау сұрақтары:

1.Отын –энергетика кешенінің Ресей экономикасындағыорны қандай?

2.Электр станцияларының орналасуына қандай факторлар әсер етеді?

3.Қара және түсті металлургия кәсіпорындарының орналасуына қандай факторлар әсер етеді?

4. Химия өнеркәсібінің басқа салалардан ерекшелігі қандай?
209 -сабақ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.

Жоспар:

1.Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама.

2. Өсімдік шаруашылығы

3. Мал шаруашылығы

4. Көлік географиясы

Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылығын және көлік географиясын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты.Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады.Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық – түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай – ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіріледі.Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өндеп, дәл уақытында халыққа жеткізуде де қажет.Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым –қатынас орнатады.Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады.

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығы сендер білесіңдер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында , яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%- ы мал шаруашылығына тиесілі. Жоғарғы дамыған елдерде , керісінше мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

2.Өсімдік шаруашылығы. Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктеріне дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім,малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі . Жалпы жыртылатын жердің 56%- ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша , 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай,арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі.Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай,арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық көрсеткіштерге ие. Негізгі өсірілетін дақыл – бидай (жалпы өнімнің 50%), климат қаталдығына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.

Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20% -ын құрайды. Арпа сыыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзңмдң өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл бол ып саналады. Арпа негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдалагылады. Егіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топрақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең тараған.

Өнім көрсеткіші жөнінен 3- орында қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы), алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кезсдестіруге болады.

Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 9%-ы) да соншалықты күй талмайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалды сүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.

Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга- Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань,Волга,Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.

Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасмық және қытайбұршақ өсіріледі.

3.Мал шаруашылығы. Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылығы жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2-3 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының өркендеуінде мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқ ымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында , етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түмсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет