Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет34/40
Дата09.10.2023
өлшемі431.82 Kb.
#480226
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Темперамент — дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.
Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлықтың қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.
Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерін атап өткен жөн:
— адамның психикалық іс-әрекетінің және құлқының жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде аңғарылады. Жалпы белсенділік әртүрлі адамдарда әртүрлі аңғарылады.
— қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, тездігінде аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында (немесе ұстамдылығында), сөзшеңдігінде (немесе үндемейтіндігінде) байқалады.
— эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде (эмоциялық әрекеттерге әсерленгіштік), эмоциялық қозғалғыштығында (көңіл-күйінің тез өзгеріп отыруы) т.б. көрінеді.
Темперамент адамның іс-әрекетіңде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
1) психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы және оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшкырлығы, зейіннің шоғырлануының ұзақтығы);
2) психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);
3) психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).
Осының барлығы, бірақ та, темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға, мысалы, түрткілер мен психикалық жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал, керісінше, қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады. Мысалы, студент сынақ немесе емтихан тапсырар алдында жүрексінеді, сонымен қатар практикант педагогикалық тәжірибе кезінде мектепте алғаш рет сабақ бергенде қатты қиналып, ерекше қобалжу жағдайында болады. Бұл жағдай темпераменттің қасиетіне байланысты.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет