Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы
«ReFrame» тұлғалық дамыту орталығы
«БЕС ТЕРЕК» ЖОБАСЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
Жұмыс дәптері
Қатысушының аты-жөні:
___________________________________________________________________
Жұмыс орны: ______________________________________________________
Өткізілген күні: ____________________________________________________
«БЕС ТЕРЕК» ЖОБАСЫ
Бұл жоба «Бес терек» ғылыми практикалық жұмысының аясында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына бағытталған.
Жоба концепциясы бойынша, жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу үшін білім беру ұйымдарына қарасты бес маман бірлесіп, белгілі бір алгоритммен жұмыс жасауы қажет.
Олар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог және мектеп инспекторы.
Осы мамандардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде кез келген оқушы өзінің қауіпсіздікте және психологиялық әлеуметтік тұрғыдан қанағаттанарлықтай сезініп деструктивті және аутодеструктивті әрекетке бару ықтималы төмендейді.
Жобаның мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Жобаның міндеттері:
Бес терек мүшелерінің өзара байланысын нығайтып, бірлескен жұмыс регламенті мен жоспарын анықтау;
Бес терек мүшелеріне оқыту курстарын ұйымдастырып жастар мен жасөспірімдер арасында жұмыс жасаудың заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету;
Жобаның тиімділігін арттыруға байланысты талдау жасап, ұсыныстар қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |