Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады.
Репродуктивтік білімнің түрлері:
1) Сипаттаушы білім
- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады;
- негізгі сипаты: көрнекілік;
2) Түсіндіруші білім
- объективтік дәлелдемеге ұмтылады;
- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу).
2. Конструктивтік білім
Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе «бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, т.с.с.) өзіндік тұрғыдан өзгертсе, оның үйренген білімі шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді).
Сол себепті де конструктивтік білімді кейде түрлендіруші білім деп те атайды.
Неліктен «конструктивтік» деп аталады?
- Білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады;
- Конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады;
- Конструктивтік білім тұлғаға өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады.
Неліктен конструктивтік білім бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады?
Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы өзгере алады, яғни оқытуда басты назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне, оның қолынан келетін істерге аудару қажет.
Конструктивтік білімнің негізгі сипаты
Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты.
Сол себепті де конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады.
Адамның көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес.
Достарыңызбен бөлісу: |