Біз қалайша үйренеміз?
(үш көзқарас)
1. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң – үйренемін».
2. Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы
(Н.Сандерстың кестесі)
Оқу әрекеттері
|
Есте сақталу көрсеткіші
|
Лекция
|
5%
|
Оқу
|
10%
|
Аудио- және видео құралдарды, интерактивті тақтаны қолдану
|
15%
|
Көрсету (көрнекіліктер: жобалар, кестелер, схемалар, суреттер)
|
30%
|
Пікірталас
|
50%
|
Практикалық іс-әрекеттер
|
75%
|
Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету
|
90%
|
(«Бетель» лабораториясының зерттеуі негізінде, АҚШ, Мэн штаты)
3. Таным процесінің барысы
Біз білімнің
10% - тін оқығанда,
20% - тін тыңдағанда,
30% - тін көзбен көргенде,
50% - тін көзімізбен көріп, тыңдағанда,
70% - тін пікір таластырғанда,
80% - тін тәжірибе жасағанда,
95% - тін басқаларды үйреткенде
игереміз.
Вильям Глассер
Оқудың/оқытудың негізгі сұрақтары
Не нәрсеге
үйрену/үйрету
|
1. Қағидалық мәселелер
- өмір сүруге;
- адам болуға;
- ешкімге де тәуелді болмауға, өзіндік тұрғыдан әрекет жасауға;
- маман болуға;
- өмір бойы үйрене білуге.
2. Нақты білік пен дағды
- ақпаратты таңдап, оны өздігінше игере білу, өз мұқтаждығына пайдалана білуге;
- қандай да болмасын мәселе бойынша өзіндік түсінік, пікір, көзқарас, ой қалыптастыра білуге;
- тиімді қарым-қатынас құра білуге;
- дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдай білуге;
- өмірде туындаған проблемаларды шеше білуге.
|
Қалай
үйрену/үйрету
|
1. Өздігімен
«Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал» деген қағиданы ұстана отырып, өздігімен үйрену.
2. Белсенді әрекеттер арқылы
Білім тек белсенді әрекеттерді қолдану арқылы ғана игеріледі.
3. Бірлесе
Білімді жекелей емес, бірлескен (жұп, шағын топ, аудитория құрамында) жағдайда жасалған жұмыс пен әрекеттер арқылы игерген тиімді.
4. Рефлексия (ой-толғаныс) арқылы
Философиялық («Мен кіммін? Қандаймын? Қайда бара жатырмын? Менің өмірімнің мәні мен мақсаты қандай?») және танымдық
(«Мен не білемін? Мен не үйрендім?Бұл білім маған қаншалықты қажет болады?Мен бұл білімді қалайша қолдана аламын? Мен тағы да не білгім келеді? Мен оны қалайша білемін?) сұрақтар төңірегінде ой қозғау.
|
Не үшін
үйрену/үйрету
|
1. Адам болу үшін, тұлға болу үшін
Бұл - адамның ең басты міндеті мен мақсаты. Адам үшін басқалар да ең басты мақсат және құндылық болуы керек. Өмірдің басты заңдылығы «Кім болу?» емес, «Қандай болу?»
2. Азамат болу үшін
«Біз» есімдігі «Мен» есімдігінен анағұрлым жоғары, ал қоғам мүдделері жеке бастың мүдделерінен биік екендігін қабылдау керек.
3. Маман болу үшін
Өздігімен өмір бойы үйрене білу, жалпы адами құндылықтарды ұстану, фундаменталды және кәсіби білік, машық, дағды, құзырлылықтарды меңгеру.
|
РУБРИКА
Рубрика – шәкірттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлерін белгілеу) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.
Шәкірттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде шәкірт жұмыстарының сапасын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |