Портфолионы бағалау критерийлері
Критерийлер
|
Жоғарғы балл
|
Барлық бөлімдер келтірілген
|
2
|
Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу
|
5
|
Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану
|
10
|
Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік
|
10
|
Материалдарды безендіру
|
8
|
Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау
|
10
|
Бірге оқитын жолдастарының пікірлері
|
5
|
Ой-толғанысқа негізделген материалдар
|
10
|
Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)
|
10
|
Барлығы
|
70
|
«Өте жақсы» - 60 балдан 70 балға дейін
«Жақсы» - 50 балдан 60 балға дейін
«Қанағаттанарлық» - 40 балдан 50 балға дейін
«Қанағаттанарлықсыз» - 40 балдан төмен
Портфолио технологиясы арқылы студенттің өзін-өзі бағалау сипаты. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. (1). Қазіргі таңда мұндай өзекті мәселені шешуде тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесін жетілдіру маңызды мәнге ие бола бастады. Бұл дегеніміз бәсекеге қабілетті өзгермелі ортада өмір сүруге бейім жан-жақты тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Студенттің оқу барысында өз бетінше ізденуін, өзінің шынайы деңгейіне көз жеткізе білуін, өзін-өзі бағалай алуын портфолио технологиясы арқылы ұйымдастыру білім беру саласының жоғарыда айтылған басты міндеттерін жүзеге асыруға және сапалы нәтижеге қол жеткізуге зор үлес қосады деп ойлаймыз.
ЖОО-да портфолионы құру мен қолдануды ғылыми түрде жүйелеу білім беруді дамытуға байланысты мынадай тенденцияларға сай келеді:
Постиндустриялды қоғамда білімнің басты бағытымен сәйкес келеді;
Болон процесіне өткен ЖОО-ның білім беру жүйесіне негізделген;
Бағалау әдісінің жаңа формасын іздестіру, студенттің оқу және басқалай жетістіктерін дамыту құралы;
Тұлғаның сапа жағынан дамуын, еңбек нарығындағы өзіндік құзыреті мен кәсіби тұрғыдан дамуына тікелей әсер етеді.
С.Фоменко портфолионы – болашақ оқытушылардың кәсіби дайындығын бағалау құралы ретінде қарастырады.(2). Ал портфолио – студенттің оқу танымдық іс-әрекет өнімдері мен жұмыс жасау технологияларын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады және талдауға, өзінің іс-әрекеттер нәтижесіне баға беруге, жеке субъектілік позициясын саналы түсінуге арналған.
Білім – біртұтас процестің міндетті элементі. Ал бақылау мен бағалау оқу процесінің міндетті бөлімі болып табылады. (3). Портфолионың басты мақсаты – рефлексияны дамытуда, студенттің өз іс-әрекетін түсінуі мен бағалауында маңызды орын алады және жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау формасына айналады. Портфолио студенттің білім алу процесінде төмендегідей педагогикалық міндеттерді жүзеге асырады:
Жеке оқу әрекетін ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат қойып оқи білуін қалыптастыру, өз бетінше оқу мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыстарын жинақтау;
Жеке білім аясын қалыптастыру құралы ретінде әр субъектіге білім алудың жеке стратегиясын анықтауға, қажетті материалдар мен өзі қызығатын жұмыс түрлерін таңдауға мүмкіндік беру;
Үнемі жоғары оқу мотивациясының бағалануы, рефлексивтік және өзіндік бағалау әрекеті дағдыларын дамыту;
Өзінің білім алу және болашақ кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану стратегиясы мен тәсілдерін меңгеруге және жобалауға мүмкіндік беру;
Белгілі бір уақыт аралығында субъектінің өзгерісі мен өсуін тіркеу, анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау;
Оқу процестерінің сабақтастығын қамтамасыз ету, оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту;
Ақпараттық, коммуникативтік, проблема шешу құзыреттілігін жоғары деңгейде қалыптастыру.
Оқыту нәтижелерін бақылау, тексеру дидактикада педагогикалық диагностика ретінде қарастырылды. Студенттің өзіне-өзі диагностика жүргізуі өте маңызды. Портфолио – студентке тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға және жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалауды жетілдіруге мүмкіндік береді. студенттің өзін-өзі бағалауында портфолио мынадай мақсаттарда қызмет ете алады:
Өз-өзіне жауапты болып, білім алу процесін өздері бақылай алады;
Өзі үшін білім алу, өзін-өзі бағалау қағидаты жүзеге асады;
Өз-өзіне диагностика жүргізу арқылы шынайы деңгейіне, қабілетіне, тұлғалық сапаларына көз жеткізе алады;
Өзінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін анықтай алады, талдау жүргізеді;
Өз әрекетін тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастыруға дағдыланады;
Оқытушылар қай студентке көмек қажет екендігін анықтай алады.
Портфолио кез келген адамның жұмысына баса мән берумен қатар, оны талдау мүмкіндігінің болуымен құнды. Сондықтан, портфолиоға мәліметтерді жинау мен тапсырмаларды қалай орындау керектігін студент те, оқытушы да үнемі бақылап отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған портфолио студенттің өзін-өзі бағалауда, диагностикалауда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жасалып, ол үздіксіз әрі мағыналы білім алуға ықпал етеді. Портфолиода студенттің өзін-өзі бағалау сипаты мен даму динамикасын көру үшін алдын-ала жоспарлы түрде әрекеттер жүйесі құрылғаны жөн:
Мақсатты айқындау;
Бағалаудың мазмұны мен технологиясын анықтау;
Бағалау объектісін, қай деңгейде екенін айқындау;
Жиналатын материалдың мазмұны мен жинаудың жиілігін анықтау;
Студенттің оқу әрекетіне белсене араласуына ыұпал ету;
Бағалау тәртібін анықтау.
Қазіргі таңда портфолио технологиясын көбірек зерттеп жүрген ғалымдар Дж.С.Пейп және М.А.Чошанов портфолионың «жұмыс» және «бағалау» формаларын ұсынады, ал И.Л.Васюков және А.Н.Волков студенттердің білім рейтингін анықтау үшін портфолионың «кіріспе», «менің жетістіктерім», «мен адамдар әлемінде», «менің болашаққа көзқарасым», «қорытынды» сияқты бөлімдерден тұратын портфолионың үлгісін алға тартады. Алайда мақсат біреу ғана, яғни қандайда болмасын портфолио жеке студенттің жан-жақтылығын көрсете алатындай болуы шарт.
Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген портфолионың түрлеріне талдау жасай келіп, студенттің оқу барысында портфолиосын тиімді жасақтаудың құрылымын былайша көрсетуге болады.
Студент портфолиосының құрылымы
|
Құжаттар
|
Жұмыс
|
Жетістіктер
|
Пікірлер
|
Кәсіби дамуының негізгі дәлелдемелері: дипломдар, сертификаттар, грамоталар, курстық кітапшалар, табельдер, сынақ кітапшасының
көшірмесі т.б.
|
Күнделікті атқарылып отыратын жұмыстардың тізімі мен жұмыс барысын бақылау мен бағалау парақтары, шығармашылық және ғылыми жұмыстардың дәлелдемелерімен қоса көріністері.
|
Толық аяқталған, қандайда бір басылымдарда жария етілген немесе үздік деп танылған маңызды жұмыстардың топтамасы.
|
Топ жетекшісінің, психологтардың, оқытушылардың, өзге де студенттердің мінездемесі, пікірлері (мінезіне, жұмысына, тұлғалық сапаларына т.б. тұрады).
|
Студенттің күнделікті оқу әрекетінде өзінің деңгейін, сапасын шынайы түрде тануы, бағалауы, өзіне-өзі диагностика жүргізу процесі «жұмыс» портфолиосынан орын алады. Студенттің жинақы жұмыс жүргізуі үшін субъектінің шынайы бағалануы үшін жұмыс портфолиосына арналған бірнеше үлгілерге тоқталып өтсек:
Мақсат
|
Жоспар бойынша
|
Мерзімі
|
Атқарылғаны
|
Мерзімі
|
|
|
|
|
|
Міндеттер
|
|
|
|
|
|
|
Нәтиже
|
|
|
|
|
|
Студент портфолиомен жұмыс жүргізу барысында педагогтармен бірлесе отырып және жеке өзі мақсат қойып, оны жүзеге асыру әрекетін ұйымдастырып, оны тіркеу арқылы қаншалықты мәселені шеше алатындығын, соған сай жауапкершілігін бақылап отырады.
Күні
|
Жетістігі
|
Кемшілігі
|
Кемшілікті жою әрекетінің жоспары
|
Бағалау
|
Сабақтың түрі (дәріс, практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ т.б.)
|
|
|
|
|
Мақсаты
|
|
|
|
Студент әр сабақ сайын алдына жүйелі мақсат қойып, өзін-өзі бағалау парағын толтырып, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы өз мүмкіндіктері мен даму траекториясын анықтай алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қайталанған қателіктерді болдырмауға ұмтылады.
№
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақтар
|
СӨЖ
|
ОСӨЖ
|
|
|
|
|
|
Барлық баға
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
Пайыздық
|
Сандық
|
Әріптік
|
|
|
|
|
|
Семестр немесе жыл бойына өзіне-өзі жүргізілген диагностикалау парақтарына сүйене отырып пәнді игерудегі қорытынды нәтижені алады, оны оқытушының бағалауымен салыстыра отырып өз әрекетінің қаншалықты шынайы екендігіне көз ждеткізіп, ең бастысы өзін-өзі толық бағалай алады.
Сабақтың түрі
|
Негізгі құзыреттіліктер
|
Аспектілері
|
Бағалау
|
|
Ақпараттық
|
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
|
|
Алғашқы ақпаратты бөліп алу.
|
Қайталанған ақпаратты бөліп алу.
|
Ақпаратты алғашқы өңдеу және толық өңдеу.
|
Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану.
|
|
Коммуникативтік
|
Жазбаша қатынас.
|
|
Көпшілік алдында сөз сөйлеу.
|
Диалог.
|
Өнімді топтық қатынас.
|
|
Проблеманы шешу
|
Проблеманы сәйкестендіру (анықтау).
|
|
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.
|
Технологияларды қолдану.
|
Қызметті бағалау.
|
Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау.
|
Өзіндік қозғалысын бағалау.
|
Тұлғаға бағдарланған білім беруде оқу нәтижесі субъектінің білім, білік, дағдыларымен қоса құзыреттіліктермен өлшенеді. Студент түрлі міндеттерді шешудегі қабілетінің, яғни құзыреттілігінің деңгейін көрсетеді.
Студент деңгейі
|
Портфолионың сипаттамасы
|
І-өте жоғары
|
Студент өзінің шығармашылығымен толықтырып барлық бөлімдерді толығымен орындаған. Портфолиода студенттің жұмысында немесе әрекетінде ойлау, проблеманы шешу дағдыларын жетілдіру бағытындағы ұмтылыстары, қолданбалы және коммуникативтік ептілігін, өзін-өзі бағалай білу деңгейі және іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыруы жөніндегі мағлұматтардың болуымен ерекшеленген. Білімі, білік, дағды және құзыреттіліктердің барлық аспектілері игерілген, шыңдалған. Өзін-өзі бағалаудың шынайылығы мен жұмыс деңгейінің сәйкестігі.
|
ІІ-жоғары
|
Портфолионың барлық бөлімі орындалған. Алайда жұмыс жүргізуде және проблеманы шешуде шығармашылық белсенділігі төмен. Орындалған жұмыстардың деңгейі мен өзін-өзі бағалаудағы аз ғана келіспеушілік. Негізгі құзыреттіліктердің аспектілерінің қамтылуы толық еместігімен ерекшеленеді.
|
ІІІ-орташа
|
Студент барлық бөлім бойынша атқарылуға тиісті жұмыстардың жартысын ғана орындаған. Жинақталған жұмыстардың дәлелдемелері жеткіліксіз. Өзін-өзі бағалаудағы сәйкессіздік. Құзыреттіліктердің 1-2 аспектілері бойынша талдау жүргізілген.
|
ІҮ-төменгі
|
Студент портфолионың 30 пайызын орындаған. Атқарылған жұмыстардың дәлелдемелері мүлде аз. Өзін-өзі бағалауда анық мәліметтің жоқтығымен ерекшеленеді.
|
Студенттердің білім-білік дағдыларын есепке алуды, өзін-өзі бағалау мен бақылауды портфолио технологиясы арқылы жүзеге асыру, оны дұрыс ұйымдастыра білу білім беру мен оқыту процесінде табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін студент күнделікті оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Портфолио арқылы бағалаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа мен практикадағы көрсеткіш, тұлғаның бойындағы біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесінен айқындалады.
Оқыту сапасын тексерудің дәстүрлі жүйесі студенттердің білімдерінің нақты дәрежесін, яғни даму барысын, динамикасын айтарлықтай деңгейде көрсете алмады. Ондағы негізгі кемшілік, бақылау мен бағалаудың теориялық талдануы және практикада қолданылуы арасында байланыстың аздығы мен студенттің өзі білім алып, өзін бағалауға қызығушылығының төмендігінде болды. Сондықтан студенттің білім, білік, дағдыларын, тұлғалық құзыреттіліктердің нәтижесін есепке алып, оны шынайы түрде білу үшін бүгінгі таңда портфолио технологиясын қолданудың маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. Егемен Қазақстан, 18.06.2010.
Л.С. Колодкина. Портфолио студентов в условиях педагогической практики // Образовательные технологии. №3,2008.
А.Б. Воронцов. Педагогическая технология контроля и оценки учебной деятельности. Москва, 2002
Звонников В .И., Найденова Н.Н., Никифоров С.В., Челышкова М.Б. Шкалирование и выравнивание результатов педагогических измерений. Учебное пособие.-М.: Логос, 2003.-96 с.
Крокерь Л. Введение в классическую и современную теорию тестов: Учебник. Л. Крокер, Дж. Алгина; пер. С англ. Н.Н. Найденовой, В.Н. Семкина, М.Б. Челышковой, под общ. Ред. В.И. Звонникова, М.Б. Челышковой.-М.: Логос, 2010.-668 с.
Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
Найденова Н.Н. Формирование репрезантативной выборки: учебное пособие.-М.: Логс, 2003.- 152 с.
Михеев В.И. Методы теории измерений в педагогике: учебное пособие.- М.: Логос, 2003.- 64 с.
Савельев Б.А., Масленников А.С. Оцнека уровня обученности студентов в целях аттестации образовательного учреждения профессионального образования. учебное пособие. – М.: Логос, 2003.-136 с.
Достарыңызбен бөлісу: |