Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет27/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Базалық құзыреттілік дегеніміз – оқушылардың ересек өмір сүруге, азаматтың рөлін атқаруға және білім алуды өмір бойы жалғастыруға дайындығы;
Түйіндік құзыреттілік – барлық әлеуеттік мүмкіндіктерді проблемалық жағдаяттарды шешуге жұмылдыру; алған білім, білік және дағдыны және өмірлік тәжірибені белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге шоғырландыруға қабілеттілік.
Сонымен, кәсіби білім берудегі құзыреттіліктер түйіні нәтижелерге жетуді көздейді. Мұны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда ескеру қажет деп есептейміз.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру мәселесі кәсіби даярлаудың құрамды бөлігі ретінде көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Республикада бұл бағытта Қ.А. Аймағамбетованың, С.Р. Рахметованың, Б.А. Тұрғынбаеваның, Ш.Х. Құрманалинаның, Ә.М. Мұқанбетжанованың, Т.Қ. Оспановтың, Ж.Т. Қайыңбаевтың, Б.М. Қосановтың және т.б. еңбектерін атауға болады. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығы өз алдына дербес, бір–бірімен тығыз байланысқан, ғылыми-теориялық, қоғамдық–саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы даярлықты біріктіретін біртұтас жүйе болып табылады.
Ғылыми–теориялық даярлық бастауыш сыныптағы оқу пәндерінің ғылыми негіздерімен таныстырып, олардан терең теориялық білім беруді көздейді. Қоғамдық–саяси даярлық болашақ мұғалімдерді қоршаған дүниені, табиғатты, өмірдің құбылыстарын тану әдіснамасына, әлеуметтік–экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым–қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді. Психологиялық–педагогикалық және арнайы даярлық бастауыш сынып мұғалімі ретінде қалыптасуға жағдай жасайды.
Мұғалімдердің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігі шынайы педагогикалық қызмет жағдайында дамып отыратын жеке кәсіби білім беру ретінде қарастырылады. Біз «кәсіби-дидактикалық құзыреттілік» ұғымын бірнеше түсініктер: «мұғалімнің дидактикалық біліктілігі», «мұғалімнің дидактикалық құзыреттілігі», «мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі», «мұғалімнің әдістемелік біліктілігі», «мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті», «мұғалімнің оқытудың технологиясын жүзеге асыруы» аясында қарастырамыз. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үдерістің сапасын арттырудың бай тәжірибесі жинақталған.
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне инновациялық білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім беру философиясы және білім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі білім керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет