5-дәріс. Тестілеудің негізгі мақсаттары, қызметтері және міндеттері
Тестілеу (Тестирование; testing) — тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.
1 Альфа-тестілеу
2 Артығымен тестілеу
3 Бета-тестілеу
4 Кездейсоқ тестілеу
5 Құрылымдық тестілеу
6 Қызметтік тестілеу
7 Өрлемелі тестілеу
8 Дереккөздер
Альфа-тестіле
Альфа-тестілеу (Альфа-тестирование; а- testing) — арнайы жасалған тапсырмалар арқылы даяр программалық өнімді тестілеу.
Артығымен тестілеу
Артығымен тестілеу (Избыточное тестирование; redundancy) — күрделірек тестіні пайдаланып қайта тестілеу.
Бета-тестілеу
Бета-тестілеу (Бета-тестирование; (3- testing) — программалық өнімді келешек өзгертулерге тегін таратып, нақтылы тапсырмалармен тестілеу. Табылған қателер мен ескертулер жайлы программалаушыға хабарлайды.
Кездейсоқ тестіле
Кездейсоқ тестілеу (Стохастическое тестирование; stochastic testing) — құрылғыларды, программа]арды жөне жүйелерді кездейсоқ мөндерді тест ретінде қолдану арқылы тестілеу. Берілген мөліметтердің барлық мүмкін комбинацияларьін шолып шығу қиын болған жағдайларда күрделі жүйелерді тестілеу.
Құрылымдық тестілеу
Құрылымдық тестілеу (Структурное тестирование) — программаның ішкі құрылымын зерттеу арқылы тестілеу.
Қызметтік тестілеу
Қызметтік тестілеу (Функциональное тестирование) — программаның ішкі құрылымы қарастырылмастан, функционалдық мүмкіндіктерін тестілеу.
Өрлемелі тестілеу
Өрлемелі тестілеу (Восходящее тестирование; ascending testing) — программалық өнім төменнен жоғары тексеріліп жинастырылатын программаны тестілеу әдісі. Мұнда алдымен төменгі модульдер жеке-жеке тексеріліп, олардың интерфейстеріодан жоғарырақ деңгейдегі модульдермен бақыланады, сонан соң осы деңгейдің модульдері тексеріледі және т.б.
Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді.
Бұл орайда, блімнің эволюциялық дамуындағы ақпараттық қызметінен, адамды өмір бойы оқуға жетелеуші, дамытушы құралға айналуын, оқытудың белсенді формаларына көшуін, негізгі күтілетін нәтиже ретінде құзырлылықтың ендірілуін басым бағыттар ретінде атап өтуге болады.
Қазақстандағы 2002, 2003 жылдары шетел университеттерінің серіктестігімен ұйымдастырылған «Образовательная политика: диалог с обществом» жоба негізіндегі тренингтер мен Қазақстандағы Британдық Кеңес, Азиялық Даму банкі, ҚР Парламенті, Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізген («Стратегия развития сектора образования ТА3939-КАZ», 2004ж.) конференциялар Қазақстандағы білім нәтижесіне деген көзқарастың күрт өзгеруіне әсерін тигізбей қойған жоқ.
2002-2004 жылдар Қазақстанның білім саясатындағы құзырлылыққа деген бетбұрыстармен ерекшеленеді. ҚР «Білім туралы» заңында, ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» белгілеген пәндік білімнен нәтижеге бағытталған құзырлылыққа көшу міндетін қазақстандық ғалымдар (Н. Нұрахметов, М.Ж.Жадрина, У.Б.Жексембаева, К.Ж.Қожахметова т.б.) «білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білімі емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлылықтар деп тұжырымдайды. Құзырлылық ұғымы педагогика ғылымына және практикасына білім сапасын арттырудың, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың тәсілі, технологиясы деңгейінде енгізіліп отыр.
Білім сапасын арттыру Қазақстандағы білім саласының ғана мәселесі емес, әлемдік қауымдастықтың көтеріп отырған көкейкесті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені шешудің жолын білім мазмұнын өзгерту және білім нәтижелері мен мақсаттарын бірегей еуропалық білім жүйесіне бағытталған басымдықтармен кіріктіруден іздестіруде. Мұның бірден-бір дәлелі, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР Білімнің мемлекеттік даму Бағдарламасының – ЮНЕСКО, Еуропалық білімді бағалау ассоциациясы, Еуропа және Орталық Азия Әлемдік банкі білім секторы сарапшыларының сараптамаларынан өтуі.
«Құзырлылықтың» категория ретінде дамуын зерттеудің басты міндеттерінің бірі білім философиясының педагогикалық шынайылықтың нақты мән-мағынамен толықтырылған мәселелері мен қарама-қайшылықтарын өзгертудің мүмкін болатын тұжырымдамалық варианттарын зерделеу. Білім философиясы Платоннан бастап «ұлы философтардың» жүйелі ойлауының табиғи компоненті, олардың іргелі тұжырымдамаларының қосымшасы болып келген болса, бүгін білім беру философиясының әдіснамалық бағыттары П.С.Розов, Е.В.Бондаревская, В.С.Безрукова, А.П.Валицкая, Б.С.Гершунский, В.И.Гинецинский, Э.Н.Гусинский, В.И.Журавлев, М.Ж.Жадрина, В.Ф.Капустин, В.В.Краевский, В.В.Кумарин, Н.Д.Никандров, Н.Н.Нұрахметов, П.И.Образцов, И.П.Подласый, А.Қ.Құсайынов, К.Ж.Қожахметова, В.В.Сериков, Ш.Таубаева, Г.П.Щедровицкий, Н.Д.Хмель т.б. зерттеулерінде қарастырылады.
Әлемдік, отандық педагогикада біздің зерттеп отырған мәселе айналасындағы құзырлылық ұғымының мазмұны бойынша жинақталған тәжірибе жеткілікті. Құзырлылыққа ұғым ретінде жүргізілген зерттеулер оның категориялық сипатын ашудың әдіснамалық тұғырларын айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
Шынайылықтың байланыстары мен қасиеттері жөніндегі жинақталған білімнің мазмұнын құрайтын ғылымның іргелі түсінігі «категорияны» жалпы ғылыми білімнің таным формасы ретінде зерделеген философтардың (Әл-Фараби, Аристотель, Гегель, И.Кант, В.В.Нырков, А.Ф.Лосев, И.Д.Андреев, К.Әбішев, Ж.М.Абдильдин т б.) құзырлылықты абстарктілеуде, оның категориялық қызметін білім беру жүйесіндегі орнын анықтауда, зерттеу жұмыстарын жүйелеуде басты ұстаным болып табылды.
Құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының әдіснамалық негізін құрушы экзистенциалистік (Абай, Н.А.Бердяев, Ф.Бэкон, М.С.Орынбеков, В.С.Соловьев, Л.Фейербах, М.Хайдеггер, Дж.Наит т.б.) тұлғалық тұғырлары философтардың (В.Г.Афанасьев, И.В.Блауберг, М.С.Каган, Д.Кішібеков, Д.Н.Нұрманбетова, И.И.Резвицкий, В.Н.Сагатовский, В.Г.Черников т.б.), психологтардың (Ж.Аймауытов, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, М.Жұмабаев, А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, С.Л.Рубинштейн, П.Д.Успенский, Д.Н.Узнадзе т.б.), социологтардың (Б.Г.Ананьев, И.В.Бестужев-Лада, А.Маслоу, Д.И.Платонов, Ж.П.Сартр, У.В.Франкл, Э.Фромм т.б.), педагогтардың (Ю.К.Бабанский, А.А.Бейсенбаева, П.Ф.Каптерев, Я.А.Коменский, А.С.Макаренко, И.Г.Песталоцци, Р.Штайнер, С.Қ.Қалиев, И.С.Якиманская т.б.) еңбектерінде құзырлылықтың болмыс-мән-құндылық категорияларымен тұтас бір жүйе ретіндегі өзара байланысын ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |