Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет42/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Жалпыадамзаттың даму эволюциясы мен өркендеуінің табиғи-биологиялық, мәдени-әлеуметтік қырларына негіз болған маңызды сала ақпараттар көзі болып табылады. Бұны тарихқа дейінгі уақыт пен тарихи үдеріске келіп жалғасқан тұтас рухани кеңістік айғақтап отыр. Алғашқы қауымдық дәуірдегі ақпараттардың ымдасу, мимика, жест түріндегі бастапқы көріністерінен бастау алған қарапайым хабар алмасудың түрі адамзат өркениетінің өн бойында тұтастай сақталып, белгілі бір даму, сұрыпталу, жетілу кезеңдерінен өтіп, бүгінгі заманға дейін сабақтасып келіп отырған дамудың қажетті мәдени құрылымы болып отырғандығы шындық.


Осыған орай, ақпарат – қоғамның мәдени, рухани, саяси, әлеуметтік саласын тұтас қамтып жатырған қарым-қатынас пен байланыстың негізгі құралы болып табылады. Демек, ақпарат осы салалардың орнығуы мен жетілуінің шарты екендігін түйсінген адамзат өзінің ақпараттық кеңістігін ұлғайта түсуді мақсат етті де, бүгінгі өркениеттің өркендеуінің ақпараттық негіздерін қалыптастыруға бет бұрды. Қоғам дамуы мен ілгерілеуін зерттеуші әлеуметтанушы ғалымдар қоғамдық-экономикалық формациялардың қазіргі таңдағы соңғы буыны ақпараттық қоғам екендігін алға тартып отыр. Дүниежүзілік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы мен орнығуы жаһандану үдерісінің негізгі бағыттарының бірі ретінде өзінің өміршеңдігін айқындап берді. Сондықтан ақпараттық кеңістікке ену мемлекеттік деңгейде ресми және бұқаралық аймақта ресми емес түрде қолға алынып, қоғамдық өмірдің барлық салаларының оңды талабына айналды. Олай болса, рухани мәдениеттің өзекті бөлігі білім беру мен ағарту да заманның өркениеттік шарттарынан қалыс қалмақ емес. Себебі, мәдени-әлеуметтік өмірде ақпараттар тасқыны енбейтін саланың болуы да мүмкін емес. Осыған орай, білім беру мен ағартудағы ақпараттардың орнығып, арнайы сала ретінде қалыптасу қажеттілігі ақпараттық қоғамның объективті, заңды мүмкіндігі болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі оны халықаралық деңгейге сай құруды, әлемдік ақпараттар ағымына ілесуді, өркениеттік талаптарға сай құрылған нормаларды мойындап, оны ұлттық және жалпыадамзаттық негізде жетілдіруді қажет етеді. Бұл –мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетті дамыту стратегиясына, алдағы уақытта экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің біріне ену жоспарына, біртұтас экономикалық және ақпараттық кеңістік құруға ұмтылу жүйесін қамтамасыз етудің мүмкіндіктерінің басты көзі болып табылады.


Біріншіден, ғаламдық ақпарат ғасырында өмір сүріп отырған қоғам дамуында адамзат білімінің құндылығы басты орын алады. Олай болса, әлемдік аймақтағы мемлекетіміздің орны оның білімі мен ғылымның дамуының бағыт-бағдарына, негізгі өркениеттік ұстанымдарды игеруіне және нақты жетістіктеріне тікелей байланысты. Екіншіден, білім беру – қазіргі қоғамдағы басты құндылық адам ресурсының толыққандылығын ұсыну мен оның сол мемлекеттің әлемдік деңгейде дамуына мүмкіндіктер ашатын интеллектуалдық, саяси т.б. элита қалыптастыруының алғашқы баспалдағы болып табылады. Үшіншіден, бүгінгі жалпыадамзатық ақпараттық қоғамның талаптарына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін еркін меңгеру, «ақпараттанған қоғамда ақпараттанған адам» дайындау да білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Демек, қазіргі таңдағы еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуінде ақпарат саласының алар орны ерекше. Әлеуметтік прогресс – интеллектуальдік саланың даму деңгейіне, ақпаратты құру, тарату және оны тұтыну негізінде шынайы өмірге енгізілуіне де байланысты болмақ. Қоғамның ілгерілеуіне, заттық мәдениет пен рухани мәдениеттің өркендеуіне сәйкес ақпарат саласының да үнемі даму деңгейін қажет ететіндігі әлеуметтік заңдылық. Қоғамдық өмірдің осы талаптарын қанағаттандыру мен жақын болашақтың үлгілеріне сай тұлға қалыптастыру білім берудің негізгі перспективті міндеттері. Олай болса, білім берудің жаңа парадигмасы контексіндегі ең негізгі міндеттердің бірі – кез-келген болашақ маманның ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын дағдыларын меңгеруіне, осы бағыт бойынша өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Ақпараттанудың арнайы мемлекеттік орталығы болып табылатын кітапханалар қоғамымыздағы кез-келген тұлғаның ақпаратпен сусындауына мүмкіндік ашады. Сондықтан оны қамтамасыз етудің басты шарты – білім беру саласы бойынша кітапхана және библиограф мамандардың ақпараттық мәдениетінің, соның ішінде ғылыми ақпараттың мәдениетінің озық үлгіде дамыған болуы қажеттілігі. Ұсынылған «ғылыми ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» ұғымының тұтасуы оның жеке элементтерін таразылап алуды қажет ете отырып, негізгі мәселемізді ашаудың әдіснамасын анықтайды [1].
Ал А.Я.Фридландтың пайымдауынша, ақпарат – бұл адамның ойлау аппаратында берілетін білім және ұғымдармен өзара ілесетін мәлімет қабылдағаннан кейін пайда болатын түсінік. Бұл анықтамадан түсінетініміз – ақпарат тек жанама түрде мәліметтер көмегімен таратылатындығы. Мәлімет дегеніміз – бұл не адамның сезу мүшелері, не құралдың көмегімен қабылданып, өңделетін кез-келген сигналдар. Бұдан ақпарат бүкіл әлемдік жүйе мен адамзат эволюциясында қамтамасыз етілген оның қалыптасуы, өмір сүру, дамуының алғышарты болып табылатындығын түйсінеміз. Сондықтан ақпарат ұғымы барлық қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ортақ объектісіне айналдырған. Біз ақпаратты әлемдік және әлеуметтік болып табылатын басты екі жазықтыққа бөлеміз де, әлеуметтік ақпаратты негізге ала отырып, мәдени-рухани қырларына басымдылық береміз [2]. Адамзаттың даму эволюциясының қазіргі соңғы сатысының «ақпараттық қоғам» деп аталуының өзі ақпараттық бірліктердің рухани-әлеуметтік және саяси-мәдени кеңістікті тұтас қамтып, өзінің орнықты жүйесін анықтауымен байланысты. Яғни, әлеуметтік болмыстың тұтас ақпараттануы немесе қоғамды ақпараттандыру дегенді білдіреді.
1940-жылдары австралиялық экономист К.Кларк жаңа бір өзгеше қоғамның орнап келе жатқанын ұсына отыра, оны экономикасы, технологиясы қарқынды дамыған ақпарат пен қызмет көрсету қоғамы ретінде атап өтеді. 1950-жылдары америкалық экономист Ф. Махлуп болашақта ақпараттың маңызды тауарға айналатыны және ақпараттық экономиканың дендеп енетіндігі туралы тезисін ұсынды. Бұл идея әрі қарай өрби түсіп, 1960 жылдардың соңында постиндустриалдық қоғам теориясымен үндесетін ақпараттық қоғам теориясын алға тартқан американдық әлеуметтанушы Д.Белл “Ақпараттық қоғамның әлеуметтік шеңбері” деген еңбегінде: “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үдерістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады”-дей келе, ақпарат пен теориялық білімді ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызады [3;4]. Осы түсіндірмелерге сүйенсек, егер де ақпарат қоғамдық өмірдің барлық саласына орнығатын болса, маңыздылықтан құндылыққа ауысса, теориялық білімді ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызса, қоғамдағы әрбір мүшенің өзіне қажетті ақпараттық өнімді алуға мүмкіндігі артатын болса, онда ақпарат адамның әлеуметтік өмірінің ажырамас тұтастығына айнала отырып, өзін ақпараттық кеңістікте еркін сезінуін қажет етеді. Адамзаттың ақпараттық кеңістікпен бірігуі, оған еркін енуі және игеруі үшін құрылған баршаға ортақ ережелердің, талаптардың, нормалардың, заңдылықтардың, қағидалардың жүйеленген жиынтығы деп анықтама бере аламыз. Ақпараттық мәдениет ақпараттық қоғам дамуының қажеттілігі және қазіргі заман үшін оның туындысы болмақ және керісінше ақпараттық ресурстар мен оның тасқынын игеруге ұмтылыстан туған ақпараттық сана сол қоғамды тудырады. Бұл қоғамның негізгі орталық түсінігі ретінде алынған «ақпарат» құбылысы рухани мәдениеттің дамуы мен өркендеуінің және таралуының негізгі құралы ретінде әлеуметтік өмірдің ажырамас қасиетін құрайды. Олай болса, ақпараттық қоғам мен ақпараттық мәдениет бірін-бірі қалыптастыратын және толықтырып отыратын, белгілері мен сипаттарын қайталайтын, өзара алғышарт ретінде қамтамасыз етілетін арналас, жарыспалы формалар болып табылады. Ал қоғамның құрылымын базис пен қондырма ретінде талдайтын дәстүрлі көзқарастарды басшылыққа алсақ, «ақпараттық қоғам – базис», «ақпараттық мәдениет – қондырма» деп анықтауымызға болады. Олай болса, ақпараттық қоғам ақпараттардың барлық арналарға тұтастай таралуымен байланысты болып шығады. Атап айтқанда, саясат, ғылым, өнер, спорт, экономика т.б. Осыған орай, кең мағынада алынған ақпарат ұғымынан «әлеуметтік ақпарат» түсінігін ажыратып алсақ, сәйкесінше, «саяси ақпарат», «экономикалық ақпарат» формалары жіктеліп шығады. Демек, «ғылыми ақпарат» ұғымы да ғылым деп аталған рухани мәдениеттің саласын тұтастай қамтитын кең көлемді мағлұматтарды жинақтайтын жалпы ақпараттық кеңстіктің маңызды бір бөлігі деп айтады. Жалпы ғалымдар мен педагогтардың ғылыми түссіндірмелерін сараптай келе, ғылыми ақпарат туралы төмендегідей анықтаманы ұсынамыз: ғылыми ақпарат дегеніміз – интеллектуальдік, жаңашылдық, креативтілік, танымдық, білімділік, ашықтық, жүйелілік, сабақтастық, құндылықтық, практикалық т.б. сапалармен айқындалатын рухани кеңістіктің концептуалды-теориялық деңгейдегі маңызды бірі саласы деп анықтауымызға болады.
Осыдан біз, ақпараттық мәдениеттің ғылыми ақпараттық мәдениет деңгейін ажырата аламыз. Егер ақпараттық мәдениет ақпараттық кеңістікке енудің арнайы заңдылықтарын ұсынатын болса, ақпараттық кеңістіктің ғылыми саладағы мазмұнының мәдениеттілік дәрежесі ғылыми ақпараттық мәдениетке айналады. Олай болса, ғылыми ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпараттардың ғылыми аймағына жалпылай енуге сәйкес келетін білімдер мен ол саладағы жан-жақты қарым-қатынас деңгейін қамтамасыз ете алатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Біз қарастырып отырған мәселенің негіздері барлық қоғамдық ғылымдар саласындағы маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, қоғамдық ғылымдар да ақпараттық қоғам аясынан тыс қалмағандықтан, ғылыми ақпараттар негізінде дамып, сабақтастық арнасын сақтағандықтан, олардың осы нұсқаларын басшылыққа ала отырып, ғылыми ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін біз оның жалпылама теориялық-әдіснамалық бағдарын ұсынып алуымыз қажет.
Сонымен қатар кітапханатану ілімінің – кітаптану, информатика, мәдениеттану, социология, педагогика, психология, экономика, математика т.б. ғылым салаларымен байланысты екендігіне де сүйене отырып бұл ғылымдардың жалпы ұстанымдары кітапханатану және библиография саласын зерттей түсуде маңызды қағидаларды бере алатындығын да негізге аламыз [5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет