Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


-дәріс. Білім берудің қазіргі әдіснамасы



бет48/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

8-дәріс. Білім берудің қазіргі әдіснамасы


Педагогикадағы жүйелілік тұғыры.Зерттеудің әдіснамалық негізі ретіндегі жүйелілік тұғыр. Біз бір нәрсені бөліп алғымыз келсе, ол басқа өалғандарымен байланысты болып шығады.
Еңбекке орналастыруға мүмкіндігі бар, жаранамалау ісі тұжырымдалған еңбек бүгінгі күні мамандарды даярлауды талап етеді. Жоғары оқу орындарының түлегіне кездесетін жағдайлар жаңдаяттың тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Яғни, ол маман ретінде мәселелерді көре білуге және оларды сауатты түрде шешуге: нақтылы және қол жеткізерлік мақсаттар қоя білуге, іс-әрекетіне кәсіби шешімдер мен тәсілдерді таңдай білуге тиіс. Бұл ақпараттарды жинақтай білуді, оларды сауатты пайдалануды және мәселелерді шешу технологиясын меңгеруді талап етеді, мұның мәнісі зерттеу қызметі болып табылады. Оның технологиясын меңгеру – осы заманғы маманның негізгі біліктіліктерінің бірі. Зерттеуші ғылыми кызметтің субъектісі ретінде оған бойлай отырып, білім алу үдерісіне қатысады. Оның қажеттіліктері, ұстанатын нормалары, қабілеттері жөнінен ішкі өзгерістері нақтылы нәтижеге айналады: ғылыми зерттеу саласындағы өз орнын, зерттелу жүйесінің тіршілік қарекетінің жаңа нормалары мен тәсілдерін өзінше анықтау (өзіне және жүйе үшін), жаңа мазмұн және оны сезінуге тиісті әдістер табу. Зерттеушілік қызмет басқаларына қарағанда технологиялық және шығармашылық тұғырдың үйлесім табуына көбірек сүйенеді. Технологиялық оңтайлылық, тиімділік, қарқындылықты қамтамасыз ететін осындай ерекшелікті қызметтің тәсілдерін білуді көздейді. Шығармашылықтың құрамдас негізінде жаңа ойлар тууының өнімді үдерісі, оларды дәлелдер мен қорытындылардың логикалық тізбегіне орналастыру жатады.
Дәлелділікке ұмтылысқа негізделген зерттеу жұмысы егер, теоремалық дәлелділік негізінде жүргізілетін болса, ойлау техникасы қабілеттерін дамытуға тренинг болады. Дәйексөз келтіру ой айтылған мәтінді зерттеу мазмұнына қатысын сыни пайымдауды талап етеді.
Дәлелділік талабын сақтау әрбір түйіні не бұған дейінгі талқылаудың қорытындысы ретінде немесе кейінгі пікірдің дәлелі ретінде тұжырымдалуға тиісті мәтінді оқығанда белгілі болады. Мәтіндегі бірде-бір үзінді ресми мәлімдеу, ұран, негізсіз пікір болмауы керек. «Түйінді пікір неге сүйенілген» және «одан қандай қорытынды шықты» («қайдан және қайда») – міне, бүкіл мәтіннің елегі, яғни, сіздің мәтініңізді оқитын маманның оны түйсінуге жәрдем беретін өзекті сұрақтары: «Бұл қайдан?», «Бұдан әрі не болмақ?». Егер зерттеушінің осы сауалдарға берген жауабы түсінуге қиын болып жатса – онда жұмыстың құндылығы маманның көз алдында төмендейді.
Зерттеу жұмыстары құндылықтарының бірі - жүйелік тұғырдың өалыптасқан дағдысы. Өкінішке орай, олардың тым көбі жүйелік тұғыр туралы теориямен, біліммен, оның пайдалылығымен практикалық маңыздылығымен шектеледі. Болмыспен (шындықпен) байланысты әрекеттер «тәртіп-бейберекеттік диапазонында көбінесе бейберекеттік» категориясына жақын тұрады. Зерттеу жұмысына формалды (немкетті) қарау, оның мазмұнына үңілмеу зерттеушінің өзіндік ғылыми қызметінің тәсілі ретінде жүйелік тұғырды меңгеруі даму үдерісінде болуына жол бермейді.
Мәселенің актуалдылығын түсінуден оның мәнін түсіну мәселесіне көшейік.
Жүйе мағынасында «өзара байланыста қарым-қатынаста болатын және белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы» түсінілетіні белгілі. Жүйеге кіретін әрбір элемент кіші жүйе, жаңа жүйе ретінде қаралуы мүмкін. Ол осы жүйенің басқа кіші жүйелерімен (элементтерімен) оған қатысында неғқрлым жоғары тәртіптегі және өз кезегінде басқа неғұрлым жалпы жүйеге кіретін жүйе болып табылатын қарым-қатынастар мен байланыстар болады. Осылай қарапайымнан күрделіге, жекеден жалпыға өту жүзеге асады, бұл ретте жалпының сипаттамасы жекеге де жарайды. Мысалы, ересектерге білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеулер логикасы, педагогикалық жүйеге қосымша кәсіби білім беруге сөзсіз жарамды. Ересектерге білім беру – қосымша білім беру жүйесіне қарағанда неғұрлым жалпы жүйе. Соңғы аталған жүйе ересектердің кәсіби қызметін көздейді. Білім алу өзіңді қоршаған ортада сезіну ретінде ешқашан аяқталмады, ол жалғаса береді және кейде «жалғастыратын» деп аталады, ол өзіндік іс-әрекетіңді танып білу үдерісінің үздіксіздігі сияқты үздіксіз болмақ. Бұған дейін кәсіпқойлыққа дейін тарылған ол өзіндік ерекшелікке, жүйенің барлық элементі сияқты нақтылыққа ие. Бұл ерекшелік егер, «кәсіби» ұғымы мамандандырылумен, мысалы, педагогикалық, ауылшаруашылық, әскери және т.б. нақтыланса, күшейе түседі.
Осы заманғы ғылымда жүйелік тұғыр объектілерді: жүйелерді, құрылымдарды, үдерістерді зерттеудің әмбебап әдісі ретінде қаралады. Зерттелуші объектінің үшкі байланысының көпбейнелілігін табу тұтас жүйенің қасиеттерін біріктіре қарауға мүмкіндік береді.
Ішкі байланыстарды зерттеу ішкі келісім, сәйкестік есебінен жабық, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйені қарауды көздейді. Ішкі қайшылықтарды, мәселелерді, қақтығыстарды игеру мүмкіндігі оның дамуын қамтамасыз етеді.
Жүйенің қызмет етуі оның ашықтығын, «кіру» және «шығу» басқа жүйелермен өзара әрекеті ретінде сыртқы байланыстардың бар болуын көздейді. Жабықтық пен ашықтық жағдайы осылайша, салыстырмалы нәрсе.
Байланыстарды барлық жағынан қамтитын зерттеу жағдаятты жан-жақты түсінуге, демек, оқиғалардың дамуын болжауға, үрдістерді басқаруға, қажет еткен нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Байланыстардың көпқырлылығын зерттеу мына анықтамаларға негізделген:

  • Үдерістер түрлері (тұрпаттары);

  • Әрекеттер бағыттылығы;

  • Детерминизм нысандары;

  • Нәтиже сипаты және т.б.

Олар жиынтықта есепке алу жүйенің тұрақтылығы мен бейімделушілігінің бірігу картинасын болжауға мүмкіндік береді.
Бүкіл әлемді белгіленген түрде жүйелердің тәртіпке келтірілуі түрінде елестетуге болатындықтан, ғылымдағы жүйелік тұғырға табиғилық (табиғаттың өзі осылай жаратылған), әмбебаптық (табиғатта бәрі жүйе), модельділік (зерттелуші жүйелер модельдерінің құрылысы), модульдік жүйенің құрылымында біріктіруші өзара байланысты қасиеттермен сапаларды анықтауға мүмкіндік беретін жүйеқұрушы анықтама.
Нақтылы жағдаятқа мүмкін байланыстарды әсерлерді, тәуелділіктерді, байланыстылықтарды анықтауға негізделген жүйелік тұғыр ерекше түрде элементтер арасындағы сәйкес қатынасты білдіреді. Сәйкес қатынасты сапалы үйлесімге қол жеткізуден болатын уақытша құбылыс, ал эволюциялық даму болса оның динамикасында сәйкессіздікке алып келеді.
Сәйкессіздік дәрежесі біресе азаяды, біресе көбейеді және сызба түрінде сәйкессіздік шәкілі, қақтығыс динамикасының шәкілі ретінде ұсынылуы мүмкін.
О сәйкессіздік А қайшылық В проблема С қақтығыс Д дау-жанжал Апат Е

ОА-сәйкессіздіктің ауытқуы, сәйкессіздік пайда болуы;


АВ-қайшылық туындады, дау-жанжал тууы (субъекті санасыз түрде);
ВС-субъектінің қайшылықты, шиеленістің психологиялық жай-күйін (ахуалын) ұғыну, проблеманы жанжалдың алдын-алу мүмкіндігі ретінде үғыну;
С-ішкі дау-жанжал қақтығысқа алып баратын проблеманың шешілмеген
ахуалы;
СД-шешілмеген дау-жанжалдың салдары ретіндегі қақтығыс;
ДЕ-дау-жанжалжың апатқа апарардай одан әрі дамуы.
Аталмыш шәкіл жағдаятты субъектінің субъективті түрде қабылдауын көрсетеді; яғни, ұғыну жай-күйін, субъектінің орын алған жайтты проблема дау-жанжал ретінде ұғынғанын, яғни сәйкессіздіктің психологиялық жай-күйін (ахуалын) көрсетеді:

  • Қажеттіліктер арасындағы (рухани және әлеуметтік, әлеуметтік және табиғи, табиғи және рухани);

  • Қабілеттер арасындағы (ойдың, сөздің және қимылдың);

  • Нормалар арасындағы (әлеуметтік: ғылыми, саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни және басқа, рухани және табиғи);

  • Қарама-қайшылықта байқалатын қажеттіліктер мен қабілеттер арасындағы (қарсы-сөзде, қарсы-айтуды «қалаймын-қолымнан келмейді», «қолымнан келеді-қаламаймын»);

  • Қарама-қайшылықта байқалатын қажеттіліктер мен нормалар: «қалаймын-міндетті емеспін», «міндеттімін-қаламаймын»;

  • Қарама-қайшылықта байқалатын нормалар мен қабілеттер арасындағы: «міндеттімін, керек-қолымнан келмейді», «қолымнан келеді-міндетті емеспін, қажет емес».

Сәйкессіздіктердің аталған алты тобы зерттелуші ішкі проблемалар мен дау-жанжалдардың жүйесіне қатысты бастаулар болып табылады. Олардың динамикасы сәйкестіктен басталып, сәйкессіздіктің, қарама-қайшылықтың туындауына өтеді және проблемалар шешілген жағдайда сәйкестікке, үйлесімге қайтып оралады.
Проблема ұғымы ғылымда түрліше: идеалдыдағы қайшылық, нақтылыдағы қиыншылық ретінде, бірінші мен екіншінің арасындағы сәйкессіздік ретінде анықталады. Қайткен күнде де сананың бұл субъективтілік ахуалы ол жердегі атмосфераға (менталитетке), ойлау үдерісінің сипатына (өнімді, репродуктивті), рухының күшіне, дүниетанымына және сеніміне байланысты болмақ. Әрбір субъектінің дүниеге, оның нақтылы жай-күйіне деген көзқарас біріншіні (идеалдыны) және екіншіні (нақтылыны) үғынушылығына, олардың өзара байланысы мен қатынастарын ұғынуына тәуелді болады. Осыған байланысты, Н.Бор (1927) дүниетаным негіздері ретінде қарама-қайшылықтар күресі қағидасына қарама-қарсы жарияланған қосымшалық (комплементарлық) қағидасының дүниетанымдық маңызын атап өткен дұрыс. Ойлаудың өзіндік үдерісіндегі қосымшалыққа қарсы қоюды ауыстырып, өз санасындағы проблемалар мен дау-жанжалдардың туу және шешілу үдерісін өзгертуге болады.
Осы заманғы ғылымда тәртіпсіздік пен бейберекеттіктен өзі ұйымдасатын тұрақты құрылымның туындауын негіздейтін тұғыр синергетикалық деп аталады. Оның психологиялық жүйеге тарауы тура тартпайтын (нелинейный) ойлаудың дамуын, «не....не...» диалектикасының үзілді-кесілдігін, қарым-қатынастағы төзімділік, басқаша пікірге шыдамдылық, қарама-қайшы пікірлердің толықтырушы ретінде қатар өмір сүруін, синергияны туғызатын олардың қызметтестігін, бірлескен шығармашылығын білдіреді.
Осы заманғы ғылыми зерттеулердегі жүйелі талдау:

  • Жүйенің тұтастай қызметін зерттеу (тұрақтылық дәрежесі, жүйенің жабықтық және ашықтық тағы басқа жалпы сипаттамасының жай-күйі);

  • Жүйе элементтерінің ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарын, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуші өзара сәйкестік талаптары ретінде қызмет ету қағидаларын зерттеу;

  • Неғұрлым жалпы деңгейдегі жүйедегі оның қызмет ету қағидасы ретінде басқа кіші жүйелерге сәйкестігінің байланыстары мен қатынастарын белгілеу;

  • Нақтылы жағдаяттарға модельдеу нәтижелерін бейімдеу.

Жүйелік талдау осы заманғы сипатында жағдаяттық тұғырмен үйлеседі. Нақтылы жағдаят анықтау үшін түрлі негіздер бойынша жүйені құрылымдау пайдаланылатын ішкі және сыртқы байланыстардың толық көптүрлілігімен нақтылы жүйе ретінде қаралады. Жүйені кіші жүйелерге бөлшектеу, ал оларды өз кезегінде жаңа кіші жүйелерге және талдаудың қажетті терең деңгейіне дейін бөлшектеу, неғұрлым актуалды байланыстарды анықтауды көздейді. Тап осы қағида білім беру мазмұнын модульді құрылымдаудың негізіне кіреді. Ол өзі үшін маңызды оқу пәнін оқудың бағытын таңдау ахуалын көп рет бастан өткізуге, жаңа байланыстарды іздеуге, яғни өз ойлары өндірісінің өнімді үдерісіне оларды басқаға ұсыну үшін тезис рәсімдеуге кірісуге мүмкіндік береді. Мұндай білім беру технологиялары қызғылықты безендірілген социумға қажетті тауар рыногында ұсынуды көздейтін кәсіпкерлік ойлауды қалыптастырады. Педагогикадағы басымдық алған оқушылардың (тіпті, «белсенді оқу» жағдайында) тұтынушылықтың таптаурын ұстанымына қарама-қарсы инновациялық технологиялар бірлескен қызметтің, қызметтестіктің, шығармашылықтың, тәрбиелеудің, оқытудың, дамудың мазмұн, әдістер бірлігі негізінде құрылады. Жүйелік талдау жолымен еркін таңдау жағдаятын туғыза отырып, маман ең алдымен басқарушы, қызметтің нормалары мен тәсілдерін таңдауда өзін-өзі анықтау, жауапкершілік пен шешім қабылдау құқығын өзіне алады. Тап қызмет тәсілінде ойлау сипаты іске асады. Адамның жұп категорияларымен қарсы қойып салыстыру мүлде жақындастырмайтын күрес ретінде түсіндірілетін ойлайтыны белгілі.Бір категорияны басқа категориямен толықтыру басынан оларды «бір модельдің екі жағы» ретінде ұсынуға, ал шындықты ортасынан іздеуге мүмкіндік береді. Бұл проблемаландыру жағдайын өзгертіп, дау-жанжалды, маргиналдық, апаттықты азайтады, әлеуметтік, экологиялық, рухани және оларды біріктіруші жүйенің тұрақтылығын жоғарылатады.
Тәрбие қызметін психологиялық қолдау, педагогтың тәрбиелеу құралдарын таңдауы және қолдануы, түрлі жастағы балаларға тәрбиелік ықпал ету психологиясы бола алады. Мектеп оқушысының даму психологиясы мен студенттің даму психологиясы практика жүргізуші педагогтардың ерекше қызығушылығын туғызады. Мектеп оқушысының жас шамасына қарай бөлінетін бір топтан екінші топқа (кішілер – ересек жасөспірімдер) өтуі кезінде жаңаша білім беру жүйесін дамыту тетіктерін немесе сапалы, мазмұнды жаңару динамикасын айқындайтын мұндай зерттеулердің пәні маңызды және мәнді екені шүбәсіз. Мектеп оқушыларының индивидуалдық-типологиялық дамуының динамикасын айқындайтын зерттеулердің актуалдылығы өсті (белгілі бір пән саласында қабілетті, үлгермейтін, тәртіпсіз, зейінсіз, ақыл-ой және дене дамуында ауытқушылығы бар, түрлі темпераменттегі және жүйке жүйесі түрлі және т.б.). Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қолдануға болатын шекараларын экспериментті түрде анықтайтын дамытушы бағдарламаларды жасаудың маңызы артты.
Пәнаралық зерттеулердің пайда болуы үшін қандай болмасын ғылымдардың пәндерінен ғалымдар зерттеуге күш жұмсайтын мейлінше нақты және біршама тар, бірақ жалпы аспектіні анықтап алу негіз болды. Мұндай аспект айналасына ғылыми білімдердің өзгеше жүйесін жинақтаған орталық ұғым түрінде белгіленуі мүмкін. ( Мысалы, «педагогтың жеке тұлғасы» ұғымы педагогтың жеке тұлғасының психологиясын дамытуға негіз болды, «кәсіби және жеке тұлғалық даму» ұғымы кәсіби жеке тұлғалық дамудың психологиясы мен педагогикасының пәндік саласын көрсетті және т.б.). Кіндік өзегі бойынша педагогика шеңберінде ғылыми білім дамитын, педагогика үшін де, психология үшін де жалпы, санаттық идея ғылыми бағыттың атауында бәрінен бұрын «педагогикалық» сын есімімен таңбаланады және бұл зерттеудің ерекше пәнін педагогикалық объектілі саласына телиді. Егер бұл үдеріс психология шеңберіне бұрылыс жасаса, онда бұл ғылыми бағыт «психология» немесе «психологиялық» сөздерінің қосылуымен бекітіледі.
Қолданыстағы біріктірілген сипаттағы психологиялық-педагогикалық бағыттар даму деңгейлерімен ажыратылады. Ғылым әлеміндегі неғұрлым ілгері тұрған және белгілі бір бағыттар және енді ғана өмірге келген немесе бола бастаған бағыттар туралы айтуға болады. Білімнің пәнаралық салалары ғылымдардың түйіскен жерінде бекерге тумайды. Олар аталмыш ғылымдардың (педагогиканың немесе психологияның) бірінің аясында туып, тиісті түрде олардың атауынан, сондай-ақ ғылыми-зерттеу құралдарынан (зерттеудің терминология, тұғырлары, әдістерінен т.б.) көрініс табады. Өсіп-даму кезеңіндегі адамның оның есею, әлеуметтену, даралану, кәсіби және жеке тұлғалық өсу сатыларында педагогика мен психологияның өзара байланысының жаңа жолдарын анықтау үшін пәнаралық мәселелердің алға қойылуы мен шешілуі объективті біріктіруші негіз болатындығы міне осыдан келіп шығады.
Біріктіру үдерістері жаңа ғылыми салаларын туғызудың көбінесе шекаралық немесе синтетикалық сипаттағы факторларына (мысалы, психопедагогика, нейропсиходидактика, андрогогика және т.б.) айналады. Бұл жағдайда адамтану ғылымы аясында жаңа пәнді анықтау мақсатымен педагогика және психология пәндерінің негізінен шығу проблемасы туындайды. Мысалы, психопедагогика пәнін ашып айқындауда Л.М.Фридман және Э.Стоунс педагогикалық психология шеңберінде, әдетте, оқушының жеке басының даму мәселелері қаралып, шешіледі. Алайда, зерттеушілер оқытудың немесе тәрбиелеу жүйесінің қандай түрінің нәтижесінде мұндай дамуға қол жеткізілді, бұл ретте оқытудың немесе тәрбиелеудің қай әдістерінің рөлі қаншалықты болғандығын әдетінше ескермейді. Тап осы проблемалар психопедагогтың оларды шешу жолдарын алға қояды және көрсетеді. А.З.Рахимов психодидактиканы біріктірілген психологиялық-педагогикалық пәнге жатқыза отырып, адамды оқыту және тәрбиелеу негіздерін жалпы, жас шамасына қарай және педагогикалық психология заңдарына сәйкес нақтылау қажеттігін айтты. Мұндай мағыналы ұсыныстармен тілектер аз емес, бірақ оларды ылғи да ғылыми негізделген деуге болмайды, өйткені олар көбіне қайшылықты немесе эксперименттік түрде расталмаған болып келеді.
Педагогика мен психологияны біріктірудің нәтижесі ретінде жаңа ғылыми пәннің концептуалды пішімін құру үшін, сондай-ақ, осы үдерісті оңтайландыру мақсатында, мынадай оның сипаттамасын ашу және негіздеу қажет: ғылыми танымның объектісі және пәні, аталмыш ғылыми пәнді, негізгі зерттеу мақсаттарын объективті түрде тағайындау; категориялдық (санатты) (ұғымдық-терминологиялық) аппарат; ғылыми білімді құрылымдау, ғылыми зерттеуді саралау; зерттеудің басымдықты бағыттарын анықтауды негіздері; зерттеу аппараты (ғылыми зерттеудің типологиясы мен әдістері); басқа ғылыми пәндермен және салалармен байланыс сипаты; практикамен байланыс.
Адамтану ғылымы аясында педагогика мен психологияны біріктірудің белгіленген түрлерімен қатар, педагогиканың қалыптасқан пәні шеңберінде жаңа ғылымы салаларды қалыптастыру үдерісі жөніндегі әдістемелік ережелерді басшылыққа ала отырып, онда туындаған және даму үстіндегі түрлі ғылыми салаларды бөліп атауымызға болады:

  • Интегративтік, педагогика мен психологияның ғана емес, сонымен қатар, басқа ғылымдардың (эдукология, андрогогика, акмеология, валеология және т.б.) жетістіктері мен ғылыми әдістеріне белсенді сүйенеді;

  • Ғылыми-эмпирикалық немесе инструменталды-қолданбалы, біз қарастырып отырған ғылыми облыстардың әрқайсысының құрылымдарына тек ішінара қатысады, бірақ, педагогикалық практиканың психологтардың жұмыс практикасымен байланысын қамтамасыз ету үшін қажет (кәсіби және жеке тұлғалық дамудың психологиясы мен педагогикасы, оқыту және тәрбиелеу психологиясы, табыс педагогикасы мен психологиясы және т.б.);

  • Пәнаралық (шекаралық), іргелік ғылым ретінде педагогика мен психологияның түйісуінде туындайды. Педагогика мен психология пәндері мен объектілерінің бірігуі үдерісінде жаңа ғылыми пәндер, мысалы, психодидактика, психопедагогика, андрогогика, нейропсихопедагогика, акмеология және басқа жаңа ғылыми пәндер пайда болды. Бұл жағадйда жаңа объекті мен пәнаралық сипаттағы өткізілетін зерттеулердің пәнін анықтау маңызды.

Басқа ғылымдармен өзара байланыста педагогика білімі ғылыми білімнің жаңа сапаларын қалыптастыруда да, мысалы, педагогикалық менеджмент, педагогикалық конфликтология, педагогикалық валеология, әлеуметтану және білім беру философиясы және т.б. қолданыла алады.
«Педагогикалық» сын есімінің қосылуы зерттеу пәнінің педагогикалық ғылымның объектілік саласына байланыстылығын көрсетеді және педагогикалық білімнің басқа білімдермен олардың пәні шегінен шыға отырып бірігу үдерісін көрсетеді. Жаңа ғылыми саланың пайда болуы, мысалы, педагогиканың нақтылығы, атап айтқанда, білім беру саласымен байланысты білім беру психологиясы пәні психологиялық ғылымға және оның мақсаттарына қатысты болмақ. Зерттеу жүргізу аясында оъектіні таңдауға байланысты оның нәтижелері психологияға да, педагогикаға да жатқызылуы мүмкін. Мысалы, егер зерттеу педагогикалық ғылым объектісі шеңберінде, атап айтқанда, бастауыш мектеп үшін жаңа білім беру стандарттарын (үлгіқалыптарын) жасау мақсатында орындалса, онда алынған нәтижелер педагогикалық ғылым мен бастауыш білім беру практикасының тәжірибесін толықтырады. Егер зерттеу психология объектісінің аясында, мысалы, баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеуге арналған әдістердің жаңа жүйесін әзірлеу мақсатында орындалса, онда оның нәтижелері педагогикалық психология мен мектеп психологының жұмысын дамыту үшін құнды болмақ. Бұл мәселелерді педагогтар аз болсын, көп болсын ғылыми пайымдаулар немесе өздерінің педагогикалық жаңалықтарын түсіндіру мақсатында пайдалана алады.
Талқыланушы проблеманы шешудің жаңа тәсілдерін іздеу жолында пәнаралық зерттеулер мен оларды өткізудің технологияларының ерекшеліктерін түсіну ретінде стратегиялық бағыт жаңа объектімен пәнді педагогикалық және психологиялық ғылымдар пәндерінің объектілерімен және пәндерімен салыстыруға мүмкіндік беретін «жалпы ортақ бөлгішті» анықтауға тырысу болып табылады. Мұндай бөлгіш психология мен педагогиканың байланысы жөнінде Б.Г.Ананьев әділ атап көрсеткендей адамтану ғылымы болып табылады. Тап адамтану оның құраушы-педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесіне қатысты алғанда жоғары біріктіруші жүйе болып табылады.
Жүйелілік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес - жалпығылыми және философиялық зерттеулерінің тоғысу саласы; жүйелілік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе теориясын құру салалары жіктеледі (Э.Г.Юдин, В.Н. Садовский).
Жүйелілік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік тұғыр объектіні жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С.Каган, В.Г.Афанасьев және т.б.)
Жүйелілік тұғыры «жалпығылымилығы», «ғылыми білімнің көпсалалығы», «жалпығылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады А.Д.Урсул
Жүйелілік тұғыр нақты гносеологиялық ситуациялардағы диалектикалық әдістердің көрініс табуы

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы»- Алматы: Білім, 1997.- 176 б.

  2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 30 наурыз, 2010- 8б.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекетті бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.- 12б.

  4. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. М., 1993.- с. 294.

5. Наследов А. SPSS 19 –профессиональный статистический анализ данных. – СПб:Питер, 2011 – 400 с .
6. Сафонцев С.А. Образовательная квалиметрия как фактор повышения эффективности контроля качества процесса обучения. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Ростов-на-Дону, 2004. -36 с.
7. Минажева Г.С. Система менеджмента качества в вузах Казахстана: теория, практика и концептуальные направления развития. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Алматы, 2010. -40 с.
8. Балыкбаев Т.О. Теоретико-методологические основы информационной модели формирования студенческого контингента вузов. Автореферат…дисс. д.п.н. – Алматы, 2003. -32 с.
9. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
10. Полонский В.М. Критерии и методы оценки качества научно - педагогических исследований. Автор. дисс. д-ра пед. наук.- М.: 1988. – 40 с.
11. Маханова П.Ш. Педагогическая диагностика обученности учащихся. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. - Алматы, 2010. – 24 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет