Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет50/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Стратегиялық бағыттары:
- адамның өзіндік болмысын білімнің ақиқаттығының айғағы ретінде қабылдау;
- ұлттық мәдениет құндылықтарын құрметтейтін еркін адам тәрбиелеу;
- білімдік-тәрбиелік жүйенің абстрактілі-ғылыми бағытын оқу-тәрбие үдерісінің даралық деңгейіне бағындыру;
- баға құдіретін қоғамдық білім мен тәрбие «дөңгелегінде» еркін айналуға жағдай жасаушы тетік ретінде пайдалану;
- оқу-тәрбие үдерісінің сандық көрсеткіштерден сапалы көрсеткіштерге бағытталу үлгілерін жасау.
Мақсаты:Әлемдік өркениетке қосар өзіндік үлесімен бәсекеге түсе алатын, ұлттық мұраттыы ұран етер, құзырлы тұлға тәрбиелеу.
Білім мазмұнының элементтері: ірі тұлғалар тәжірибесі, тұлғалар тәжірибесін сараптаушы оқулық авторы, мәтін, мәтіннің ішкі мазмұны, мәтіннің сыртқы мазмұны. Білім мазмұнының міндеті кешегі өткен ірі тұлғалар тәжірибесін оқу материалына айналдыру. Білім мазмұнын мәтін авторының рухани жолдауы ретінде қалыптастыру.
Оқу мазмұнының элементтері: педагог түсінігі, ситуация, оқушының мәтіндегі тұлғамен байланысы, оқушы түсінігі. Қағаз бетіндегі жансыз білімнің, білім субъектілері арқылы жандануы. Педагог қызметі: білім мазмұнын мән деңгейінде жете түсіну. Оқушы қызметі: тұлғалар тәжірибесін бүгінгі күн талабына сай өзіндік жасау, жандандыру.
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру: «...адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болсын игі» (Абай.14сөз) дейтін дәрежедегі тұлғаның дамуына жағдай жасау. Оқушылардың өздік даму траекторияларына сай мақсатты бағдарлап қою, мақсаттың диагностикалылығын айқындау, әр оқушының құзырына сай іс-әрекет ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже компоненттері: Тұлғаның өзіндік білім,білік,дағдысы, тұлғалық қасиеттері, тұлғалық қабілеттері
Жеке-тұлғалық білім парадигмасы біріншіден, педагогикалық категория деңгейінде саяси, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық реттегі факторлармен сипатталады (детерменируется), екіншіден, тұлғалық және әлеуметтік сипаттарымен теңестіріледі (идентифицируется). Жаңа парадигма «бардың» негізін емес, болашақтың таңдауға тұратын болжамын жасауға негізделеді.
Жаңа философиялық деңгейдегі күтілетін нәтиженің стратегиялық болжамдалуына байланысты «сапа» ұғымына деген қажеттілік өзінен-өзі туындайды. Үшінші мыңжылдықта болмыс және адамзат қызметінің логикасы табиғи және әлеуметтік, тұрмыстық және іс-әрекеттік, материалдық және рухани, экономикалық және адамгершілік факторлардың сапалы синтезін қажет етеді. Кезінде сапа қоғамның, адамның жан-жақтылығымен өлшенген болса, ендігі бағыт «жан-жақтылықты» «бір тұтастыққа» жинай отырып, сапаны анықтау немесе «сапалы саннан» «сапалы тұтастыққа» көшу.
Ғалымдар ғаламшарлық деңгейдегі сапа мақсаттарын өмір сапасы, табиғат ортасының сапасы, денсаулық популяциясының сапасы, руханият сапасы, білім сапасы мен олардың арасындағы күрделі құрылымдық байланыстары арқылы айқындайды. Білімге қатысты сапа категориясын зерттеген ғалымдардың бірі А.И.Субетто адам сапасы мен білім сапасының изоморфтық ұстанымдарына сай білім сапасының адам сапасына айналатындығын, онда ол өзіндік із қалдыратындығын, адамға қойылатын талап «білім сапасы» ұғымын қалыптастырушы бастапқы материал екендігіне ерекше көңіл аударады.
Білім сапасы түсінігіне талдау оның құрылымдық элементтерін төмендегідей жіктеуге мүмкіндік береді: мектеп бітіруші түлектің сауаттылық сапасы, білімге қоғамның әсері мен білімдік орта сапасы ескерілетін білім жүйесінің сапасы.
Білім сапасы кіріктірілген сипаттама ретінде оқытудың барлық кезеңдерін, тұлғаның қалыптасуы мен дамуы және білім үрдісі нәтижелерін жүйелеуші кешенді көрсеткіш деген қорытындыға келе отырып, білім сапасы – бұл негізгі өнімі түлек сапасы болып табылатын, білім ұйымдары қызметтерінің тиімділігі деп пайымдаймыз.
Білім сапасына қатысты әдіснамалық амал негіздерімен айналысатын (1946 жылдан бері) халықаралық стандарттау ұйымдары (ISO - International Orqanization for Standardization) ISO- 9000 сериялы стандартында сапаға қатысты сапа саласындағы саясат, сапа жүйесі, сапа ілгегі, сапа спиралы, сапа менеджменті, сапаны қамтамасыз ету деген ұғымдар алғаш өндірістерге, басқару саласына ендіріліп, сапа жүйесін сертификаттау үдерістері деген жаңа бағыттың қолданысқа енуіне тікелей әсерін тигізді.
Қазақстанда білім сапасының саясатымен, білім сапасын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын, ҚР Үкіметінің қаулысымен (29.04.2005ж.) қабылданған «Білім сапасын бағалаудың Ұлттық орталығының» халықаралық деңгейдегі білім сапасын қамтамасыз етудің төрт деңгейлі үлгісін (ұлттық деңгейдегі білім сапасы (сапаны сертификаттау); ішкі өздік баға (өздік аттестациялау); сыртқы эксперт бағасы; сапа жөніндегі есеп) жүзеге асыру қызметі белгілі дәрежеде жолға қойылған
Білім сапасы бүгінде абстрактілі емес, пісіп жетілген практикалық мәселелерді шешудің негізгі кілті. Білім сапасын қамтамасыз етудің көптеген елдер үшін ортақ объективті бағыттарын ғалымдар төмендегідей топтастырады:
- ғылыми-технологиялық прогресстің жылдамдығы және қоғам дамуы екпінінің білім масштабтары мен деңгейлеріне тікелей бағыныштылығы.
- қоғамның, экономиканың индустриялық дамуынан білімдік және ақпараттық өркендеу экономикасына сатылы көшуі.
- экономикалық, мәдениеттік және саяси жаһандануға байланысты әр елдегі сапалы білім жүйесінің кіріктірілуі.
- шектеулі финанстық ресурстар жағдайы және оқытудың материалдық-техникалық базасының жылдам ескіруі.
Сапа категориясына қатысты зерттеулер көрсеткендей, білім беру үдерісінен күтілетін нәтиже, тұлға, сапа, арасындағы байланыс жүйелілік, тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, қозғалыстық ұстанымдарына сүйенетіндігін көрсетеді.
Педагогикалық категория ретіндегі «құзырлылыққа» сапа категoриясы тұрғысынан жасалған талдау, түлек сапасы ұйымдастыру деңгейінде емес, тұлға дамуының рухани аймағын қамтитын іргелі мазмұндық, мәндік деңгейде бағалаудың қажеттілігін ашып көрсетеді. Сондықтан да, біз квалиметриялық тұғырдың сандық сапа, сапалық сан ұстанымдарына сүйене отырып, құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуын сапа кеңістігі, сапа тасымалдаушысы, сапа өлшемі, сапаның мөлшері (А.И.Субетто) иерархияларына сай жіктейміз. Сапа кеңістігін қасиеттердің жан-жақтылығы, сапаны қалыптастыру факторлары, сапа тасымалдаушысының рөлін параметрлік маңызды қасиеттері, сапа өлшемін өлшенетін қасиеттердің китерийлік компоненттері, ал сапа мөлшерін сапа көрсеткіштерінің сандық мәндері құрайды.
Категория ретіндегі құзырлылық индикаторлары арқылы сапалық деңгейдегі дерексіз ұғымның сандық мәні, сапа мөлшері айқындалады. Мұндай талдауларымыз педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықтың сапалық мәннен сандық мәнге дейін жіктелу тетіктерін педагогиканың параметрлер, критерийлер, көрсеткіштері мен индикаторлар секілді өлшемдік иерархиясына салуға мүмкіндік берді.
А.И.Кочетов бойынша, параметр педагогикалық қызметтің тиімділігін; критерий педагогикалық қызметтің нәтижелілігін; көрсеткіштер мен индикаторлар алынған нәтиженің сандық белгілерін анықтайды. Категория ретіндегі «құзырлылық» сапа теориясына сәйкес сапа кеңістігін құрайды, ал оның маңызды қасиеттері (білім, білік, дағды, тұлға қасиеттері, тұлға қабілеттері) сапа тасымалдаушысының рөлін атқарады.
Сапа тасымалдаушысының белгілері (әлеуметтік көзқарасы, интеллектуалдығы, генетикалық қасиеттері) сапа өлшемі болып табылады. Сапалық деңгейдегі дерексіз «құзырлылық» көрсеткіштер арқылы сапа мөлшеріне, яғни сандық мәнге ие бола алады.
Төртінші шкалалар негізінде сапа мөлшері - дүниетанымы; адамгершілігі; эстетикасы; еңбексүйгіштігі; қабылдауы; эмоциясы; ерікі; ойлауы; дарыны; таланты т.б. көрсеткіштер арқылы құзырлылықты анықтау жолдарын болжамдайды. Педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықтың көрсеткіштері іс-әрекет, үдеріс барысында әркімнің өзіндік тәжірибесі негізінде айқындалады. Сондықтан да, «құзырлылықтың» көрсеткіштерін жіктеу жауапкершілігі бір емес бірнеше арнайы диссертациялық зерттеулерді талап етеді. Біздің зерттеу міндеттеріміз педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықтың педагогикалық өлшем аппаратын айқындау.
Сонымен, диалектика заңдылықтарына және сапа теориясы мен педагогикалық өлшем аппараты жөніндегі білімдерімізге сүйене отырып, «сапа» мен «сан» мазмұны бір заттың әр түрлі қырлары мен сырларын ашады, кез келген сапа оған тән сандық сипаттармен белгіленеді деген ой-пікірлермен жинақтаймыз. Яғни, құзырлылық - қасиеттердің тұтас бірлігі ретінде сапалық мәнге, ал қасиеттердің қарқындылығының мөлшері ретінде сандық мәнге ие болады.
Педагогикадағы өлшеудің мәні – зерттелуші объектінің, үрдістің сипаттамалары мен жеке белгілерін нақты сандық жүйе келтіру, бір немесе бірнеше белгілерді салыстырудың бастапқы нүктесін, салыстыру шкаласын табу. Өлшем туралы Абай 43 сөзінде былай дейді: «Ішпек, жемек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық, - бұл нәрселердің барлығының өлшеуі бар. ... »
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықтың өлшеу деңгейлерін (В.И.Звонников), өлшем аппараттары мен оларға сәйкес өлшем белгілері арқылы бір жүйеге келтіреміз. Құзырлылық – тұрақты педагогикалық өлшем аппараты: параметр, критерий, индикаторлар арқылы тиімділік, нәтижелілік, айнымалылық үш деңгейде қарастырылады. Құзырлылықтың параметрлері білім, білік, дағды,; тұлға қасиеттері; тұлға қабілеттері тиімділікті; критерийлері: әлеуметтік көзқарасы, интеллектуалдығы, генетикалық қасиеттері құзырылықтың нәтижелілігін, көрсеткіштері: дүниетанымы, коммуникативтілігі, адамгершілігі, еңбекқорлығы, ойлауы, қабылдауы, эмоциясы, еркі, дарыны, таланты өлшеудің айнымалылығын көрсетеді. Құзырлылықтың сапалық қасиет ретіндегі мұндай жіктелуі бағалау үдерісінің басты шарты. Бағалау мен өлшемнің мақсаты оқу материалын меңгергендігі жөніндегі объективті ақпаратты алу, оқушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты орнату, сонымен бірге қызметтің жүру барысы мен нәтижесін белгіленген эталонмен сәйкестендіру.
Сонымен, педагогикалық категория ретінде зерттеліп отырған құзырлылықтың әдіснамалық-теориялық негіздері мен өлшем теориясының тұжырымдамаларына сүйене отырып, «құзырлылық» тікелей өлшеуге және «құзырлылық» бағасы толық дәрежеде стандарттауға жатпайтын оқушының сапалы дайындығының көпсатылы, көпқұрылымды сипаты деген түйін түйеміз. Педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықты бағалау жүйесінің құрылымдық-мазмұндық үлгісін төмендегідей өлшем шкалаларына саламыз.
Құзырлылықтың көпсатылы, көпқұрылымды үлгісіне сүйене отырып, оның сандық мәнін алу, баға мәселесіне назар аударуды қажет етеді. Баға деген не? Бағалау үдеріс ретінде өздік бақылау мен тексеру негізінде оқушылардың жеткен білімдік деңгейін көрсетуге және оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыруда орындалатын арнайы қызмет ретінде түсінуді талап етеді, ал баға білімнің адамның реалды болмысында қалай қалыптасты, қандай субъективтік маңызы бар деген қатынасты көрсетеді. Педагогикада бағаның үш түрі ажыратылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет