Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


-дәріс. Білім беру сапасының көрсеткіштері



бет57/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

13-дәріс. Білім беру сапасының көрсеткіштері


Студенттердің білімін оқу–танымдық іс-әрекет барысында бағалау өлшемдері. Қазірге кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы Заңында» жаңа ақпарат хабарларды жастар өздігінен дұрыс қабылдау және бағалай білуді, кез келген теориялық және нақты жағдайды, нарықтық қатынастар жағдайын өз бетінше талдай білуді, өмірдің түрлі салаларында өз бетінше еңбек етуге даярлықты іске асырудағы алға мақсат етіп қойған.
Педагогтардың әрқайсысының алдына студенттерге сол немесе басқа пәндердің білімін үйрету ғана емес, сонымен қатар, оларды ғылымның категорияларын, ғылыми ізденістердің әдістерін пайдалануға, өздігінен жаңа ғылыми мәліметтерді табуға үйрету міндеті тұр. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігінің ерекшелігін анықтайтын оның ғылыми және педагогикалық әрекетінің бірлігі болып табылады. Оқытушылардың ғылыми зеттеу жұмысының мазмұны, ізденіс барысында жаңа міндеттерді қою мен шешудегі, ғылым мен техника дамуындағы бағыттардың оңтайлысын таңдау, ғылыми әдістерді кеңінен қолдану. Міне, сонымен қатар бұл әрекет білімнің, жоғары білім берудің негізін құрайды. Ғылымның мазмұны, әдістері мен практикасы оның нәтижесі оқу пәндеріне және барлық оқыту жүйесіне, ғылыми зерттеушілік әрекетке енгізілуде.
Оқыту үдерісінде студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Оқытушының сабақтар жүйесін дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие үдерісінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, оқытушы студенттің оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта студенттердің, сабақтар жүйесіндегі білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К. Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми еңбектерінде талданған. Осылардың негізінде студенттің білімін бағалаудың теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деген тұжырым айтылған. Дегенмен де, бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Педагогикалық бақылаудың үш қызметі бар: диагностикалық қызметі: бақылау арқылы студенттің білім деңгейін, қабілетін, дағдысын, тәртібін айқындайды. Студент те өз білімін саралап, өз деңгейін бағалайды. Білім беру қызметі: оқу материалын меңгеру деңгейін тексеру барысында білім беруді басқару іске асады.Тәрбиелеу қызметі: бақылау арқылы студенттің жұмысын ұйымдастыруға, шығармашылық жол іздестіруге, жеке басының ерекшеліктерін, өз бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бақылаудың бірнеше түрін біріктіре білу, педагог шеберлігінің белгісі. Уақытқа байланысты педагогикалық бақылау бірнеше түрге бөлінеді: ағымдық (студенттерді үлгерімі жақсы және үлгере алмайтын студенттерді сұрыптауға көмектеседі), тақырыптық (белгілі бір тақырып немесе бөлім бойынша білім деңгейін айқындау), аралық(келесі бөлімге өтер алдында өткізіледі, ол өткен білімді қорытындылау үшін қажет), бекіту(курстық емтихан, бұл өткен пәнді бекіту), қорытынды (мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын қорғау). Жоғары оқу орындарындағы оқу – танымдық жұмыстарды педагогикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктеуге болады: жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар; жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар; білік пен дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар; шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар; алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Дегенмен де студенттер жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және тексеруде әлі де көптеген кемшілік бар екенін көрнекті ғалым – педагогтердің зерттеулері көрсетіп отыр. Олар: оқытушылардың студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлауда айқын үйлесімділік көрсете алмауы, атап айтқанда, студенттердің аудиториядан тыс жұмыстарының белгіленген уақытта жасай алмауы; аралық тексеру мен студенттер білімін аттестациялаудың тиімсіз, әрі сапасыз жүргізілуі; студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және олардың өзіндік жұмыстарға дағдылануына жеткілікті көңіл бөлмеу; студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстарына аз жұмылдыру, оларды ғылыми жұмыстардың әдістемелерімен жеткілікті таныстырмау; студенттердің қабілеттерін байқау және дамыту жұмыстарының қанағаттанарлық болмауы.
Зерттеулердің авторлары аталған кемшіліктерді көрсете отырып, құнды ұсыныстар берген: обьективтік және субьективтік себептерді ескере отырып, студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау; студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлауда, ұйымдастыруда және іске асыруда оқытушыларға қойылатын талаптар мен міндеттердің мәні ерекше екендігін есте ұстау қажет.
Осыған байланысты оқытушылардың өз алдына қоятын міндеттері мынадай:
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын үздіксіз болуын қадағалау, яғни студенттер кейде ғана емес, күнделікті өз бетінше тиісті пәндер аумағында ізденімдік жұмыстар атқаруын ұйымдастыру. Жүйелі ізденімдер арқылы оқу танымдық біліктілікке қол жеткізуге болатынын студенттер санасына сіңіру.
2. Студенттердің өзіндік жұмыстары сан қырлы екенін ескеріп, оның мазмұны суденттерді қызықтыратын, мағыналы болуын ойластыру қажет. Тапсырмалар бір сарынды, студенттерді ойландырмайтын жаттанды түрінде берілсе, оқу–танымдық іс–әрекеттер толыққанды жүргізілмейді.
3. Оқытушылардың студенттерге берілетін тапсырмалар мазмұнының күрделілігі сатылап өсуі керектігін ұстанып, жүйе түзу арқылы студенттердің ойлау қабілетін дамытуы
4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына мән беріп, олардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
5. Дидактикалық құралдар (оқу-әдістемелері мен қамтамасыз ету) жүйесін жасау, яғни ақпараттар, құралдар арқылы сабақ кезінде және аудиториядан тыс уақытта студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқару (пәннің құрылымдық – логикалық сұлбасы, пәнді үйренетін мерзімнің өне бойына тапсырмалар беру және олардың орындалуын тексеру, тиіптік тапсырмалардың үлгілері, оларды орындау әдістері мен амалдары, іскерлік ойындардың қойылымдары, проблемалық есептер, проблемалық төтенше жағдайлар,т.б.).
6. Тапсырмаларды орындауға қажет анықтаушы материалдармен, ұсынылатын әдебиеттер тізімімен, танымдық іс-әрекетке баулитын дидактикалық есептер мен жаттығулар, дәріс конспектілері, зертханалық жұмыстар жасауға қажет жабдықтармен қамтамасыз ету.
7. Студенттердің өзіндік жұмыстар аумағында рефераттар жазуға жұмылдыру. Рефераттардың ғылыми әдебиеттер негізінде жазылуын, таңдап алған тақырыптарға сай патенттік зерттеулермен ұштастырылуын қадағалаған жөн.
8. Студенттердің өзіндік жұмыстарын қабылдағанда және тексергенде, студенттерге мейлінше әділ баға беріп, олардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейін төмендетпей, оларға серіктес екендігіңізді, әрі оларға құрметпен қарайтыныңызды жеткізу. Сондықтан да студенттердің дербестігін, белсенділігін арттыруда, білімдерін бағалауда оқытушылардың мейлінше оң баға беру арқылы студенттердің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі аса қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет