Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Астана 2004.
Сейталиев Қ.Б. Педагогиканың жалпы негіздері .– Алматы: Өлке, 2009.
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б. Педагогика Алматы: Дарын, 2004.
Минажева Г.С. Система менеджмента качества в вузах Казахстана: теория, практика и концептуальные направления развития. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Алматы, 2010. -40 с.
Балыкбаев Т.О. Теоретико-методологические основы информационной модели формирования студенческого контингента вузов. Автореферат…дисс. д.п.н. – Алматы, 2003. -32 с.
Полонский В.М. Критерии и методы оценки качества научно - педагогических исследований. Автор. дисс. д-ра пед. наук.- М.: 1988. – 40 с.
Маханова П.Ш. Педагогическая диагностика обученности учащихся. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. - Алматы, 2010. – 24 с.
8. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
15-дәріс. Білім беруді басқарудың деңгейлері және Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы олардың арасындағы ақпараттық ағындар
Ұлттық бірыңғай тестілеу (орыс. Единое национальное тестирование; қысқаша ҰБТ) — Қазақстан Республикасында қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ-ның нәтижесі жалпы және орта білім ұйымдары бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы ретінде есептеледі, ал қабылдау емтиханы ретіндеколледждермен, ЖОО-мен есептелінеді.
Оқушының Қазақстан университеттеріне түсу мүмкіншілігі (грант және ақылы бөлім) және қорытынды аттестатының бағасы оның ҰБТ-да алған баллдардың санына байланысты болады. ҰБТ-ның баллдары тағы «Болашақ» атты президенттік шәкіртақы (стипендия) алуға мүмкіндік береді.
Өткен жылдары бітірген бітірушілер, колледж бітірушілері және кейбір талапкерлер үшін ҰБТ аналогтары кешенді тест (КТ) боп саналады.[1]
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі 5 лектен тұрады (кей жағдайда оқушы санына қарап қысқарады) және маусымның алғашқы күндерінен басталады (10 күн, 1 лек = 2 күн)[2]. ҰБТ бір кезеңнен өтеді және 125 баллдық шкаламен бағаланады. Оқушылар бір күннің ішінде бес пәннен тест тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі, қазақ тіліжәне таңдалған пән (шет тілі (ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі), биология,география, химия, физика, әдебиет) — әрбір пән 25 сұрақтан тұрады. ҰБТ-ның жүргізілуіне 3,5 сағат, яғни 210 минут беріледі. Жоғарғы оқу орындарына түсушілердің минималды өту балы 100 балл ішінен 60 (ұлттық университеттерге түсу үшін 70 балл), себебі қазақ мектептері үшін орыс тілі және орыс мектептері үшін қазақ тілі пәні ескерілмейді. ҰБТ сонымен бірге маңызды психологиялық сынау болып табылады.
Информатика пәнінің когнитивті сабақтарында оқушылардың білімін бағалау тәсілдері. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үдерісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Осындай технологияландыру мұғалімнің шығармашылығымен іске асырылады. Мұғалімнің шығарма-шылығымен, ізденпаздығымен білім беру барысында қалыптасқан жаңа сабақ түрлері төмендегі түрде ұйымдастырылып өткізіледі:
1. Оқушыға жеке дара білім беруде оны өз бетінше жұмыс жүргізуге баулиды.
2. Ізденіс іс-әрекетіне баулу жолдары арқылы оқу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын өңдеу және оқу барысы мен сабақ беру кезінде жаңа әрекеттерді ұйымдастырады.
3. Қажетті ұстанымдарды ізденіс іс-әрекеті теориясында пайдалану тәртібі оқушылармен сабақ өту барысында жобаланып, сабақ кезінде өңделіп қоданылады.
4.Оқушылардың ізденіс іс-әрекетін қалыптастыру әдісінің ең маңыздысы жеке тұлғаның оқу барысы кезінде қалыптасқан дағдыларды меңгерту және пәннің мазмұнын ғана емес, ғылыми өзектілігін, сонымен бірге оқу міндеті жүйесінде қалыптасқан оқу,білім алу іс-әрекеттерінің орындалу мақсатына талап қоя білу қажет.
Осындай шығармашылықпен ұйымдастырылған сабақтарды информатика сабағын өту барысында қарастырып өтуге болады. Информатика сабағында когнетивті сабақ түрлерін мұғалімнің шығармашылығымен ұйымдастырып өткізудің әдіс-тәсілдерін төмендегідей қарасырып өтемін. Когнитивті сабақ дәстүрлі емес сабақтың түрлеріне жатады. Когнетивті сабақ – қазіргі кездегі когнитивті схемалармен жаңа ақпараттық тәсілдерге бағытталып ұйымдастырылған сабақ. Когнитивті үлгідегі сабақтың түрлері: тәжірибе сабақ; бақылау сабақ; объектіні зерттеу сабағы; ізденіс сабағы; зертханалық-практикалық сабақ; проблема қою және оны шешу сабағы; түсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, болжамды); теорияны құрастыру сабағы; интегративті сабақ; пәнаралық сабақ; Информатика пәні бойынша сабақ түрінің сабақ жоспарын ұсынып отырмын:
Достарыңызбен бөлісу: |