Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет11/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Басқарушылық жаңартулар енгізу. Олар өндірісті, ұйымды басқару әдістерін, құрылымын қарастырады және жеделдету, жеңілдету, қойылған мәселені шешуге, жақсарту мақсатымен бақару жүйесінің элементтерін ауыстыруға негізделген. Басқарушылық жаңартулар енгізудің мысалы ретінде федералды, аймақтық деңгейлерде білім жүйесін басқаруды игерген жұмыста көре аламыз.
Экономикалық инновациялар. Экономикалық инновациялар қаржы, төлем, бухгалтерлік салада жағымды өзгерістерді қамтиды.Сонымен қатар ол еңбек төлемін жоспарлау, ынталандыру білім беру әрекетінде нәтижелерді бағалауды қамтиды, олардың тікелей педагогикамен байланысы жоқ. Бірақ олардың ықпалы бүкіл білім беру жүйесіне әсер етеді.Сонымен Ресей Федерациясының үкіметінің 2001 жылдың шілдесінің 5 жұлдызындағы №505 жарлығына сәйкес мектепке дейінгі және жалпы білім беру саласында ақылы білім беру қызметі ережелері айтылған. Ақылы білім беру қызметіне қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту, арнайы курс бойынша білім беру, дайындау, сабақтарды терең оқыту, репетиторлық жатады.
Әлеуметтік жаңалықтар енгізу. Ол адам факторының кадрлық саясатын жетілдіру жүйесін ендірудің белсенді формасында білінеді. Сонымен қатар маман дайындау жүйесі қызметкерлері мамандығын көтеру, жұмысқа қайта қабылданған тұлғалардың әлеуметтік, кәсіптік бейімделу жүйесін, марапаттау жүйесін, яғни еңбек нәтижесін бағалауды қарастырады. Ол сонымен қатар жұмысшылар өмірінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын жақсарту, еңбек гигиенасында, қауіпсіздік жағдайын жақсарту сипатында болады. Бұл білім беру деңгейінің көтерілуіне, кәсіби дайындығын, қоғам өмірінде жағымсыз әсерлерді шектеуге, құқық бұзушылықты болдырмауға, ой және дене еңбегін тиімді етуге бағытталған.
Құқықтық инновациялар. Бұл білім беру мекемелеріндегі анықтаушы және реттеуші жаңа және өзгертілген нормативтік құқықтық актілер мен заңдарда көрініс табады. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының аттестациясына қатысты федералдық және аймақтық білім беру стандартына, басқарушы мамандар дайындығына байланысты көптеген заңдар шықты.
Инновациялардың әр түрлі топтарының тиімділігі қоғам сұраныстарын қанағаттандырумен және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында міндеттерді шешуімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет